4
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Курстық жұмыс – студенттің жыл бойына орындайтын оқу
жұмысының міндетті түрі.
Курстық жұмыс студенттің өзбетіндік зерттеу жұмысы боп табылады
және педагогика, психология немесе жеке
әдістемелер саласындағы бір
мәселенің мәтін түрінде рәсімделіп, логикалық аяқталған ғылыми зерттеу
түрін қамтиды.
Студентте
ғылыми-зерттеу
жұмыстарының
дағдыларын
қалыптастыру, оның кәсіптік (теориялық, практикалық) дайындық
деңгейін көтеру, оқу пәнін терең меңгеру,
ғылыми дәне анықтама
әдебиеттермен өзбетімен жұмыстану білігі мен қызығушылығы дамыту
мақсатында жүргізіледі.
Курстық жұмысқа дайындық кезінде студенттің алдында педагогика
және мамандық бойынша оқыту әдістемелері
саласындағы жаңа ғылыми
жетістіктерді ашу міндеті қойылмайды. Студентке тақырыпты баяндау
үрдісінде әдебиетті ғылыми пайдалану,
баяндалған материалдың
әдіснамасын түсіну, мәліметтерді жүйелей білу, жүйелеу мен қорытынды
шығару, теория мен практиканы қазіргі өмірмен байланыстыру
қабілеттерін көрсету керек.
Курстық жұмысты орындау студенттерден
тек қана педагогикалық
және арнайы білімдерін жетілдіру ғана емес, жекелеген педагогтардың,
білім беру ұйымының т.б. практикалық
жұмыс тәжірибесімен танысу,
тәжірибелік-практикалық немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
арқылы мектеп қушыларын тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін тиімді шешу
тәсілдерін жасақтау және сынақтан өткізуді талап етеді.
Курстық жұмыс студенттің оқу сабақтары мен оқу жұмысының
бақылау формасының негізгі түрін көрсетеді, бұл студенттердің теориялық
білімдерін және оларды қолданудың
практикалық дағдыларын, олардың
ғылыми бейімділігі мен қызығушылығының деңгейі анықталады.