-
20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. –Алматы,1997
Студенттерге арналған Нысан
пән бағдарламасы ПМУ ҰС 7.18.2/10
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазіргі қазақ әдебиеті» (1920-1930) пәні бойынша 050117
«Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар 2010
Студенттерге арналған Нысан
пән бағдарламасына ПМУ ҰС 7.18.2/11
бекіту парағы
БЕКІТЕМІН
ФЖиӨ факультетінің деканы ________________ Ж.Т.Сарбалаев
«___»_____________20 ж
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Кажибаева __________
Қазақ филологиясы кафедрасы
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
«Қазіргі қазақ әдебиеті» (1920-1930) пәні бойынша 050117 « Қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін
Студенттерге арналған пән бағдарламасы «___»________20 жылы бекіген
жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.
Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___20 ж. мәжілісінде ұсынылды.
Хаттама №__
Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов
Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____20 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___
ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Жұманқұлова
Оқытушы туралы мәлімет:
ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Гүлден Кеңесқызы
Тел. (8-7182) 32-43-08
Қабылдау уақыты: жұма сағ.15.25, ауд.323
Пән туралы мәліметтер:
«Қазіргі қазақ әдебиеті» (1920-1930) пәні бойынша 050117 « Қазақ филологиясы» мамандығында 6 семестрде 15 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны –135 с, дәріс -45с, тәжірибешілік -15, СӨЖО-27,5с, СӨЖ-67,5с.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Қазіргі қазақ әдебиетінің 1917-1940 жылдардағы кезеңінде С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов шығармашылықтары оқытылады.
Пәнді оқыту мақсаты:
Қазақ әдебиетінің маңызды да күрделі кезеңі болып табылатын 1917-1940 жылдардағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.
Пәннің міндеттері:
1920-1930 жылдары жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді толық қамту болып табылады.
Студенттер білуі тиіс:
- ақын-жазушылардың шығармаларының мәтіндерін;
- образдар жүйесін талдау тәсілдерін;
- көркем шығарма тілін талдау тәсілдерін;
- оқыған шығармалары туралы зерттеулерді
Студенттер істей білуі тиіс:
-
көркем шығармалардың тақырып-идеясын анықтай білу;
-
көркем шығармалардың образдар жүйесін талдай білу;
-
шығармалардың сюжет-композициясын саралау;
-
поэзиялық шығармаларды тілдік жағынан талдау;
-
прозалық шығармалардан
Пререквезиттер:
- Әдебиет теориясы.
- Әлем әдебиеті.
-Шетел әдебиетінің тарихы
-Орыс єдебиетініњ тарихы.
Қолданылатын єдебиеттер
Негізгі:
-
Қазақ әдебиетінің тарихы . 3-том, бірінші кітап. – Алматы: Ғылым,1967.
-
Кәкішев Т., Дүйсенов М. Ұлы Октябрь шуағы.- Алматы, 1961
-
Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы.- Алматы, 1971
-
Ахтанов Т. Көкейтесті. Әдебиет туралы ойлар.- Алматы, 1980
-
Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. –Алматы,1969
Қосымша:
-
Әуезов М. Времен связующая нить.- Алматы,1972
-
Әшімбаев С. Сын мұраты.- А. 1974; Талантқа тағзым.-А.,1982; Парасатқа құштарлық.- А., 1985
-
Базарбаев М. Әдебиет және дәуір.- А.,1966; Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы.-Алматы,1973.
-
Бердібаев Р. Әдебиет және өмір.-А., 1964; Қазақ тарихи романы.- Алматы,1979
-
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры.-А.,1981;
-
Дүйсенов М., Рақымжанов Т. Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты. –Алматы, 1982.
-
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-А.,1981; Сөз жүйесі.-А.,1985.
-
Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. –А.,1989
-
Жақыпов Е. Дастаннан драмаға.-Алматы,1979
-
Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Білім, 1998.
-
Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін,2002;
-
Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар: Эко, 2000.
-
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.- Алматы: Санат,1996; Қазақ прозасындағы замандас бейнесі.-А.,1982; көркемдік нәрі.-А.1983
-
Серікқалиев З. Алтын жамбы.- Алматы:Жазушы,2001.
-
Жәмішев Ә. Жыр жанары.- Алматы,1970; Биік мәртебе.-Алматы,1974
-
Ибрагимов Т. Өлең өрісі. –Алматы,1979
-
Кәкішев Т. Дәуір суреттері.-А.,1967; Оңаша отау.-А.1982; Дәуір дидары.-А.,1985.
-
Қаратаев М. Эпостан эпопеяға.-А.,1968; Әдебиет және эстетика.-А.1970; Ізденіс іздері.- А.1984
-
Қирабаев С.; А.,1988; Жүсіпбек Аймауытов.-А.,1993; Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.-А.1995
-
Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары.-Алматы,1979
-
Мұстафин Ғ. Ой әуендері.-Алматы,1978
-
Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы.-Алматы,1970
-
Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар.-Алматы,1968.
-
Ордалиев С. Конфликт және характер.-А.,1970; Сөз зергері.-А.,1982
-
Тәжібаев Ә. Ойлар, толғаныстар-А.1977
-
Шалабаев Б. Қазақ прозасының тарихы.-Алматы,1968
-
Шәріпов Ә. Қазіргі дәуір және қазақ әдебиеті дамуының проблемалары.-А.,1974; Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық.-А.,1984;
-
20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. –Алматы,1997
Пәннің тақырыптық Нысан
жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
ҚТӘ-31
|
ҚТӘ-31қ
|
Дәріс
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
1
|
Ахмет Байтұрсынов
|
3
|
1
|
10
|
3
|
1
|
10
|
2
|
Міржақып Дулатов
|
3
|
1
|
10
|
3
|
1
|
10
|
3
|
Сәкен Сейфуллин
|
3
|
1
|
10
|
3
|
1
|
10
|
4
|
Бейімбет Майлин
|
3
|
2
|
10
|
3
|
2
|
10
|
5
|
Ілияс Жансүгіров
|
3
|
1
|
10
|
3
|
1
|
10
|
6
|
Жамбыл Жабаев
|
3
|
1
|
10
|
3
|
1
|
10
|
7
|
Иса Байзақов
|
3
|
1
|
10
|
3
|
1
|
10
|
8
|
Мағжан Жұмабаев
|
4
|
3
|
10
|
4
|
3
|
10
|
9
|
Жүсіпбек Аймауытов
|
5
|
4
|
10
|
5
|
4
|
10
|
|
Барлығы:
|
30
|
15
|
90
|
30
|
15
|
90
|
3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)
«Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Көпшіліктің мүддесін жеке бастікінен жоғары қоюы («Туысыма», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты»). Өлеңдеріндегі сатиралық сарын. Халыққа қызмет ету сарыны. Аудармалары. «Қырық мысал жинағы». Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты. Крылов мысалдарындағы уытты сатираны қазақ оқырмандарына жеткізудегі қазақ ақынының мақсаты. Елді түзеу, ояту сарыны. Түпнұсқаға өзіндік өзгерістер ментолықтырулар енгізу тәжірибесі және оның себептері. Оқиғаны қазақ оқырманына жақын, ұғымына лайық етіп баяндау шеберлігі.
2-тақырып. Міржақып Дулатов (1885-1935)
Шығыс пен Батыс әдебиеттерін жетік меңгергендігі. Ел ісіне, саяси қызметтерге араласуы. «Оян,қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашық көтеруі. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегі ақындық қуатының танылуы. Онда ақынның тамаша лирик, сергек публицист ретінде көрінуі. «бақытсыз Жамал» романы.
3-тақырып. Сәкен Сейфуллин(1894-1938)
Сәкен Сейфуллиннің қазақ кеңес әдебиетінің іргесін қаласқан көшбасшы екендігі. Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.
Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы. Алғашқы өлеңдеріндегі демократтық, ағартушылық сарындар және оның Абай дәстүрімен жалғастығы.
«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы. Оның жаңа заман, зымыран уақыт тынысын асау тұлпар арқылы бейнелеуі. Өзіне тән ақындық стилінің қалыптаса бастауы.
С.Сейфуллиннің төңкеріске белсене атсалысуы, оның «Асығып тез аттандық», «Кел,жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Кім де кімнің тасқын судай қайраты», «Біз» және т.б. өлеңдерінде көрініс табуы.
Сәкен поэзиясының тақырып, жанр жағынан байи түсуі. Өз туындыларында еңбек адамының бейнесін «Жұмыскерлерге», «Қара айғыр», «Маржан», «Бұлшық ет», «Біздің Сәуле» өлеңдерінде жасауы.
Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы.
Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны. «Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».
«Советстан» поэмасында ақынның өмір құбылыстарына таптық, социалистік идеология тұрғысынан қарап, жалаң үгіт-насихатқа ұрынуы.
«Қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің» авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, босқындыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдық образдар арқылы ишарамен білдіруі. Поэмадағы Қызыл аттың еңбекші шаруаның образы екендігі. Дастандағы ақын бейнесі. Атты сипаттаудағы ақынның өзіндік жаңалығы.
«Көкшетау»(1929) поэмасы. Шығарма оқиғасының ел аузындағы аңыз-әңгімелермен сабақтастығы. Автордың Абылай хан образын сомдауда тек таптық тұрғыдан келіп, оны қатыгез, жексұрын етіп суреттеуі. Тұтқындағы қалмақ қызының, Адақ батырдың бейнелері.
Сәкеннің «Бақыт жолында»(1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) пьесалары және олардың қазақ драматургиясының туып, қалыптасуына ықпалы.Бұл пьесаларда таптық, топтық күрес пен әйел теңдігі мәселелерін көтеруі. Тартыстың нанымды шықпауыцндағы олқылықтар.
«Тар жол,тайғақ кешу» романы(1927). Шығарманың шежірелік, өмірбаяндық, публицистикалық сипаттары. Автордың сол кездегі «Үш жүз», «Алаш» партияларының көсемдеріне деген біржақты көзқарасы. Сәкен образы. Романдағы автор тұлғасы мен орта, заман, уақыт құбылыстарының диалектикалық бірлігі.
«Айша» повесі. Шығармада махаббат, ар-ұждан бостандығы мәселелерінің қозғалуы. Айша бейнесі. Оның басқа әйелдер образынан айырмашылығы.
«Жер қазғандар» повесі. Идеялық, көркемдік маңызы.Хикаядағы Гүлия-Бұзаубақ- Әзімхан сюжеттік линиясы арқылы жазушының адамгершілік мәселесін көтеруі.
4-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938)
Қазақ әдебиетінен Бейімбет Майлиннің алатын орны. Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.
Қаламгердің жас кезінде жазған «Байлыққа», «Мал», «Жазғы қалып» өлеңдерінде кедей бұқараның мұң-мұқтажын жырлауы.
Ақынның жиырмасыншы жылдардың бас кезінде жазған «Рәзия қыы» (1920), «Зәйгүл» (1921), «Жігіт пен қыз», «Қашқын келіншек» өлеңдерінде әйел зарын паш етуі.
Бейімбет поэзиясындағы ауыл кедейінің бейнесі. Мырқымбай образы арқылы автордың кедейлердің басынан кешкен бүкіл өмір тарихын, олардың сана-сезіміндегі жаңа өзгерістерді сипаттауы. Бұл құбылыстардың «Мырқымбай», «Қазақ туралы кім не дейді», «Кедейдің кейістігі», «Әйт,шу,ала атым», «Қара сор» өлеңдерінде көрініс табуы. Осы жүйелі ойдың «Мырқымбай» атты пэмаға ұласуы.
Бейімбеттің лирикалық поэмалары. Олардың көлемінің шағын, оқиғасының тартымды келетіні.
«Сағындық»(1927), «маржан»(1923), «Кемпірдің ертегісі»(1927), «Қанай»(1928) поэмаларында әйел теңдігін , 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты , азамат соғысы жылдарының кейбір оқиғаларын суреттеуі.
«Шұғаның белгісі»(1915) повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығармасы екндігі. Повестің тақырыбы,идеясы. Шұға, Әбдірахман бейнелері.Кейбір ұнамсыз типтер.
«Талақ», «Естай ауылы», «Киелі сұлу» әңгімелерінде салт-сананың көрінісі.
Бейімбеттің қазақ аулын колхоздастыруға көзқарасы. «Күлтай болыс», «Қар шелек», «Көктеректің баурайында», «Қызыл әскердің семьясы» әңгімелерінде кедейлерді қоғамдық жұмысқа ұйымдастыру айтылса, «Арыстанбайдың Мұқышы», «онбес үй», «Қырманда» әңгіме, новеллаларында колхозға қарсы адамдарды сипаттауы.
«Раушан-коммунист» (1920) повесі. Раушан образы. Раушанның қоғамдық істерге араласуы.
«Азамат Азаматыч» (1934)романы. Романда қазақтығ оқыған зиялыларының суреттелуі.Реалист қаламгердің Азамат Азаматыч бейнесінен адам баласына кемшілік пен қателесу тән екендігін көрсетуі. Романдағы айнымалы, азғын әйел Мәриямның, Бұрынғы ақтың офицері Жүністің және Рахым Шегіров образдарының өмір шындығына сай суреттелуі. Романның толық аяқталмай қалғандығы.
Б.Майлиннің драматургиялық жанрда өнімді еңбек етуі. «Жалбыр»1916 жылғы қозғалыстың , «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповпен бірге жазған) , «Біздің жігіттер» туындыларында азамат соғысын суреттеуі.
«Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» драмалық шығармаларында колхоздастыру мәселесін көтеруі. Бұл шығармалар өткір тартысқа, сатираға құрылуы.
Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» комедияларында ескілікті сынауы.
5-тақырып. Ілияс Жансүгіров(1894-1938)
І.Жансүгіровтің әдебиеттің әртүрлі жанрына қалам тартып, барлық талант қырларының жарқырап көрінуі. Әсіресе поэзия саласындағы жетістігі.
Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.
Шығармашылық жолының басында әлеуметтік мәселені көтеруі. «Не күйде», «Ел шетінде», «Жау бетінде», «Арыным» өлеңдері.
Қазақ поэзиясында Абай дәстүрін ілгері дамытып, табиғат көріністерін «Күз», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде» өлеңдерінд суреттеуі.
Өндіріс туралы «Алтын қазан», «Заводта», «Жаңа дала» жырларын шығаруы.
«Қазақстан», «Мәскеу», «Ресей жері» өлеңдері арқылы достыққа үндеуі. Күншығыс халқының саяси-әлеуметтік санасын суреттейтін «Гималай» өлеңінің қысқа лирикалық өлеңнің озық үлгісі екендігі.
Өнер тақырыбына арналған өлеңдері: «Ән», «Әншіге».
І.Жансүгіровтің қазақ әдебиетінде поэма жанрының дамуына үлес қосып, «Байкал», «Рүстем қырғыны», «Жаңа туған», «Кәмпеске», «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» туындыларын жазуы.
«Күй»(1929), «Күйші» (1935) поэмаларында күй құдыретін, өнердің эстетикалық мәнін, сыры мен сипатын шабытпен өрнектеуі. Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері.
«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы.
Проза жанрындағы алғашқы қадамдары. «Құқ» атты фельетондар жинағы.
«Жолдастар» романы (1935).Онда төңкеріс қарсаңындағы қазақ кедейлерінің аянышты өмірі. Сатан, Мардан, Шалматай, Нәзипалардың кесек образ дәрежесіне жетпей қалуы. Сюжет құрудағы кемшіліктер.
«Кек»(1931), «Түрксиб»(1934), «Исатай-Махамбет»(1936) пьесалары. Махамбет бейнесін поэзия тілімен драмалық образ дәрежесіне көтерудегі шеберлігі. Исатай бейнесі.
Аудармалары. Пушкиннің «Гаврилиада», «Евгений Онегин» шығармаларын аударуы.
6-тақырып. Жамбыл Жабаев(1846-1945)
Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.
Қазақтың халық поэзиясындағы дәстүрлерді дамытудағы Жамбылдың орны. Қазан төңкерісінен кейіңн Жамбыл шығармашылығының қайта гүлденуі. Соған байланысты «Менің өмірім», «Менің бақытым» дастандары.
Жамбылдың жас кезінде қайым айтысқа түсіп, өнерін шыңдауы. «Кәмшат қызға», « Жаныс ақынға» және Айкүміспен, Бөлектің қызымен сөз қағыстырулары.
Жамбылдың Құлмамбетпен (1881), Сарыбаспен (1895),Досмағанбетпен (1904), Шашубаймен (1909) айтыстары.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінде көрінісі.
Жамбыл шығармашылығындағы қайта өрлеу. Ақынның 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысуы. Мәскеу сапарының әсерімен жазылған «Ленин мавзолейінде», «Туған еліме», «Халықтар сәлемі», т.б. өлеңдерінде халықтар арасындағы достықты жырлауы.
1938 жылы тойланған Жамбылдың 75 жылдық мерейтойы. Осы ұлан-асыр тойдың тұсында ақынның өткен өмірі мен қазіргі қуанышын салыстыра отырып «Тағы да бітті жаңа күн», «Қайта келген жастық», «Мәстек пен тұлпар», т.б. өлеңдерін шығаруы.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың «Ата жаумен айқастық», «Ленинградтық өрендерім» , «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат» өлеңдерін шығаруы.
«Өтеген батыр» дастаны. Тақырыбы мен идеясы. Өтеген батырдың малға өріс, халыққа жаңа қоныс, бақытты өмір іздеуінің қоғамдық мәні.Дастандағы ауыз әдебиетіне тән мифтік көріністер мен сюжеттер. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.
«Сұраншы батыр» поэмасы. Шығармадағы Сұраншы Хакімбеков бейнесінің ХІХ ғасырдағы тарихи шындықпен тонның ішкі бауындай байланысып жатуы. Поэмадағы ел қорғау проблемасы мен халықтар достығының сипаты.Тарихи деректің көркемдік шындықпен жалғасып жатқандығы..
7-тақырып. Иса Байзақов(1900-1946)
Иса Байзақовтың шығармашылық өмір жолы. Ақындық өнері.Өлеңді суырып салып та, жазбаша да шығаратыны. Яғни, Исаның талант қырлары мол екендігі.
Исаның «Қарталы», «Киров каналы», «Мақтандым бүгін, мақтандым», «Біздің еңбек», «Неге Алатау шаттанды», «Аэроплан» өлеңдерінде ауыз әдебиетінде орныққан бейнелеу құралдарын қолдана отырып, кеңес заманының әр түрлі жаңалықтарын көпшілікке паш етуі.
«Қордайдан өткенде», «Киров каналы», «Қарталы», «Горький» және т.б. өлең-толғауларында Түркістан-Сібір теміржолының іске қосылуына байланысты өндіріс, шаруашылық, мәдениет саласындағы жетістіктерге қатысы бар елеулі оқиғаларға ден қоюы.Исаның әншілік,сазгерлік, термешілік өнері. Оның «Жастар маршы», «Ақайша», «Жаңа өмір», «Ұлы заң», «Сұр желгенше» ән-өлеңдері.«Құралай сұлу» (1925) поэмасы. Поэма сюжетінің ауыз әдебиеті үлгісінде Құралай мен Келден бейнелері. Поэманың көркемдігі.«Алтай аясында»(1925-34) поэмасындағы Еркежан мен Балағаз бейнелері. Қалмақтың шонжарлары Кәпін мен Кәбіктерінің жағымсыз іс-әрекеттері.
«Ақбөпе»(1941) поэмасы. Поэмадағы тартыстың Ақбөпе мен Әміржан сезімдеріне құрылуы. Поэмадағы Ақажан, Әбіш, Құдияр образдары арқылы таптық қарама-қайшылықтың ашылуы. Оларға қарсы тұрған Ақбөпе, Әмірхан сияқты жасьар бейнелері.Поэманың қазақ поэзиясынан елеулі орын алатыны жәнекөркемдік ерекшеліктері, тілдік өрнектері.
«Он бір күн, он бір түн» (1938) поэмасының суырыпсалмалық талантының жарқын көрінісі екендігі. Дастанда Мәскеуден Қиыр Шығысқа дейін еш жерге қонбай ұшуға талаптанған Марина Раскова ерлігінің мадақталуы. Ұшағы апатқа ұшыраған М.Раскованың қалың тайгада адасып жүріп көрген қиындықтары. Ұшқыш қыздың табандылығы мен ержүректілігі. Поэманың сюжеттік желісі мен тіл көркемдігі.
Иса Байзақов шығармаларының қазақ поэзиясынан алатын орны мен көркемдік ерекшеліктері.Иса Байзақов шығармашылығының зерттелуі.
8-тақырып. Мағжан Жұмабаев(1893-1937)
Өмірбаянынан қысқаша мәлімет. М.Жұмабаевтың шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары.Қазақ поэзиясының ежелгі дәстүрін ілгері дамыта отырып, ағартушылық бағытта «Өнер-білім қайтсе табылар», «Сорлы қазақ», «Жазғы таң» , «Қазағым» өлеңдер жазуы.
Ақынның ағартушылық,үгіт-насихаттық бағыттағы сыншыл реализмге ден қойып, ескі әдет-ғұрыптың, қалыңмалдың құрбаны болған қазақ әйелдерінің бас бостандығын жырлайтын «Орамал», «Тілегім», «Алданған сұлу» өлеңдері.
Мағжан поэзиясының саяси-әлеуметтік сарынын күшейтіп, уақыт талабын, замана рухын бейнелейтін «Бостандық», «Күншығыс», «Жаралы жан», «Тұтқын», «Жауға түскен жанға» өлеңдерін жазуы.
Ақынның поэзия әлеміндегі ізденістері. Бальмонт, Брюсов, Мережковский, Сологуб, Блок сияқты символист ақындарға еліктеп өлеңдер жазуы. «Сарғайдым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Берниязға», «Өмір», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдеріндегі өмір мен өлім философиясы.
Мағжанның махаббат лирикасы. «Сүй, жан сәулем», «Н-ға», «Сен сұлу», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдеріндегі жан мен тән сұлулығының диалектикалық бірлікте жырлауы.
Мағжанның балаларға арнап өлеңдер, оқу құралдарын шығаруы. «Бастауыш мектептегі ана тілі»(Ташкент,1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту мәні»(Москва,1925) , «Педагогика» (Орынбор,1923) , «Сауатты бол»(Москва, 1926) оқулықтары мен «Аққала», «Әже», «Немере мен әжесі», «Қойшы бала мен күшік» өлеңдері.
Қазақ халқының тарихы, аңыз-әңгімелері негізінде «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларын жазуы.
«Батыр Баян» поэмасы. Поэмадағы Абылай хан, Баян батыр образдары. Махаббаттың трагедиялы хикаясы. Абылай ханның характеріндегі кейбір қайшылықтар. Баянның өлімі. Поэмадағы орыс әдебиетінің әсері.
«Жүсіпхан» поэмасы. Шығармадағы Аббасхан, Жүсіпхан, бейнелері. Жүсіп образының символдық мәні.Сол арқылы сталинизм дәуірінің сипатын әшкерелеу.
«Өтірік ертек» дастаны. Шығарма сюжетінің шарттылыққа құрылуы. Мысыққа қарсы тышқандардың көтерілісі. Поэмада байды байыту тәңірдің ісі деген философияны жоққа шығару.
«Тоқсанның тобы» дастаны. Поэмадағы тоқсан деген сөздің символдық мәні. Автордың еңбекші жарлыны мадақтап, туған халқын жақсы көретінін өлеңмен өрнектеуі.
Мағжан аудармалары. «Орман патшасы» (Гете), «Күннің батуы» (Гейне), «Сарғайып келген егін толқынданса», «Тұтқын»(Лермонтов) шығармалары арқылы көрінетін аударма саласындағы асқан шеберлігі. Ақынның Горький, Иванов, Мамин- Сибиряк тәрізді орыс қаламгерлерінің прозалық шығармаларын аударуы. Олардың өзіндік ерекшеліктері.
Мағжан поэзиясының өлең құрылысы. Қазақ өлеңін байытудағы жаңалықтары. Образдар өрнегі.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы қорытынды.
9-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)
Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.
Прозалық шығармалары.. «Қартқожа»(1926) романы. Шығармада қазақ аулының төңкеріс қарсаңындағы саяси- әлеуметтік тіршілігін, қоғамдық әділетсіздіктерді суреттеу.1916 жылғы оқиғаның 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы. Соның нәтижесінде сана – сезімі оянған қазақ кедейлерінің әлеуметтік күрес алаңына шыға бастауы. Қартқожа бейнесі. Романның көркемдік әлемі. Авторлық мінездеме, характер сомдау ерекшеліктері.
«Ақбілек»(1927-28) романы. Романдағы феодалдық- патриархалдық қоғам қалыптастырған ескі салт-сананың бұғауынан құтылып, мәдениетке, оқу-білімге ұмтылған Ақбілектің образы. Алтынай, Бозінген, Күмісай, Өрік сияқты қазақ әйелдерінің от басы, ошақ қасында қалып, етекбасты болған өмірлерінің суреттелуі. Шығармадағы Ақбала, Доға, Балташ, Жорғабек,т.б. қосалқы қаһармандар тағдырының суреттелуі
.Романның психологиялық роман екендігі. Шығарманың көркемдік әлемі. Автордың баяндау тәсілдері. Кейіпкерлер психологиясын сипаттаудағы шеберлігі.
«Күнікейдің жазығы» (1928) повесінің тақырыбы қазақ әйелінің тағдыры екендігі. Күнікей образы. Оның образын сомдап, толықтыра түсуге көшпелі тұрмыс тудырған салт- сананың әсер-ықпалы. Повестегі қосалқы кейіпкерлер Құлтума, Тұяқ,Шекер, Байман образдары.Шекер, Байман, Тұяқ бейнелері.
Ж.Аймауытовтың 20-30 жылдары жазылған «Өмір деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес», «Қойшы Тастамақ», «Жидебайдың баяндамасы»(1924), «Әнші», «Көшпелі Көжебай», « Жол үстінде»(1925), «Боранды болжаған әулие» (1926), «Ханамар тарихы»(1927), т.б. әңгіме-новеллаларының тақырыбы, идеясы.
Драмалық шығармалары: «Мансапқорлар»(1925), «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану»(1926), «Шернияз»(1926).
«Ел қорғаны» пьесасындағы оқыған кейбір қазақ зиялыларының еркіндік, бостандық үшін күресте қате көзқарастарының сыналуы. Ал «Қанапия- Шәрбану» пьесасының С.Сейфуллиннің «Бақыт жолына» атты шығармасымен тақырып жағынан үндестігі. Бірін-бірі ұнатқан екі жастың махаббат хикаясы, қосыла алмауы мен 1916 жыл шырғалаңының тұспа-тұс келуі. Елдегі әлеуметтік әділетсіздік пен тап тартысының көрінісі. Пьесадағы Шәрбану, Қанапия, Ынтықбай, Сазанбай, т.б. образдар.
«Мансапқорлар» пьесасы. Шығармадағы атақ, мансапқа таласып, өзара қырғиқабақ болған Қасқырбай болыстың, оның туыс інісі әрі тілмашы Мүсілімнің бейнелері. Пьесада ағайын адамдардың арасына жік салған іштарлықтың, көре алмаушылықтың қантөгіске, зұлымдыққа ұласуы.
«Шернияз» пьесасы. Шығармадағы Шернияз бейнесі. Рушылдық пен жікшілдік жайлаған ел ішіндегі айтыс- тартыс, дау- дамайдың Шерниязды күреске итермелеп ширатуы. Оның жеңісі мен жеңілісі. Пьесаның жалпы идеясы.
Ж.Аймауытов шығармашылығы жөнінде қорытынды.
3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1- тақырып . Ахмет Байтұрсынов
«Қырық мысал» жинағынан мысалдар талдау. «Әдебиет танытқыш» кітабын талдау.
2-тақырып. Міржақып Дулатов
«Елім-ай», «Алашқа» өлеңдерін талдау. «Бақытсыз Жамал» романын талдау.
3-тақырып. Сәкен Сейфуллин(1894-1938)
Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы.«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы.
Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы.
Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны. «Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».
«Қызыл ат» поэмасы. «Көкшетау»(1929) поэмасы. «Тар жол,тайғақ кешу» романы(1927).
4-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938)
«Шұғаның белгісі»(1915) повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығармасы екндігі. Повестің тақырыбы,идеясы. Шұға, Әбдірахман бейнелері.Кейбір ұнамсыз типтер.
«Талақ», «Естай ауылы», «Киелі сұлу» әңгімелерінде салт-сананың көрінісі.
«Күлтай болыс», «Қар шелек», «Көктеректің баурайында», «Қызыл әскердің семьясы», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Онбес үй», «Қырманда» әңгімелері.
«Раушан-коммунист» (1920) повесі. Раушан образы. Раушанның қоғамдық істерге араласуы.
«Жалбыр»1916 жылғы қозғалыстың , «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповпен бірге жазған) , «Біздің жігіттер» драмаларында азамат соғысын суреттеуі.
«Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» драмалық шығармаларында колхоздастыру мәселесін көтеруі. Бұл шығармалар өткір тартысқа, сатираға құрылуы.
Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» комедияларында ескілікті сынауы.
5-тақырып. Ілияс Жансүгіров(1894-1938)
«Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларындағы Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері.
«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы.
6-тақырып. Жамбыл Жабаев(1846-1945)
Жамбылдың жас кезінде қайым айтысқа түсіп, өнерін шыңдауы. «Кәмшат қызға», « Жаныс ақынға» және Айкүміспен, Бөлектің қызымен сөз қағыстырулары.
Жамбылдың Құлмамбетпен (1881), Сарыбаспен (1895),Досмағанбетпен (1904), Шашубаймен (1909) айтыстары.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінде көрінісі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың «Ата жаумен айқастық», «Ленинградтық өрендерім» , «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат» өлеңдерін шығаруы.
«Өтеген батыр» дастаны. Тақырыбы мен идеясы. Өтеген батырдың малға өріс, халыққа жаңа қоныс, бақытты өмір іздеуінің қоғамдық мәні.Дастандағы ауыз әдебиетіне тән мифтік көріністер мен сюжеттер. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.
«Сұраншы батыр» поэмасы. Шығармадағы Сұраншы Хакімбеков бейнесі 7-тақырып. Иса Байзақов (1900-1946)
«Құралай сұлу» (1925) поэмасы. Поэма сюжетінің ауыз әдебиеті үлгісінде құрылғандығы. Ел қорғау, отаншылдық идеясын көтеруі. Жастар махаббаты. Құралай мен Келден бейнелері. Поэманың көркемдігі.«Алтай аясында» (1925-34) поэмасындағы Еркежан мен Балағаз бейнелері. Қалмақтың шонжарлары Кәпін мен Кәбіктерінің жағымсыз іс-әрекеттері. «Ақбөпе»(1941) поэмасы. Поэмадағы тартыстың Ақбөпе мен Әміржан сезімдеріне құрылуы. Поэмадағы Ақажан, Әбіш, Құдияр образдары арқылы таптық қарама-қайшылықтың ашылуы. Оларға қарсы тұрған Ақбөпе, Әмірхан сияқты жасьар бейнелері.Поэманың қазақ поэзиясынан елеулі орын алатыны жәнекөркемдік ерекшеліктері, тілдік өрнектері.
8-тақырып. Мағжан Жұмабаев(1893-1937)
Ағартушылық бағыттағы «Өнер-білім қайтсе табылар», «Сорлы қазақ», «Жазғы таң» , «Қазағым» өлеңдер жазуы.
Саяси-әлеуметтік сарындағы «Бостандық», «Күншығыс», «Жаралы жан», «Тұтқын», «Жауға түскен жанға» өлеңдерін жазуы.
Ақынның поэзия әлеміндегі ізденістері. Бальмонт, Брюсов, Мережковский, Сологуб, Блок сияқты символист ақындарға еліктеп өлеңдер жазуы. «Сарғайдым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Берниязға», «Өмір», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдеріндегі өмір мен өлім философиясы.
Мағжанның махаббат лирикасы. «Сүй, жан сәулем», «Н-ға», «Сен сұлу», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдеріндегі жан мен тән сұлулығының диалектикалық бірлікте жырлауы.
Қазақ халқының тарихы, аңыз-әңгімелері негізінде «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларын жазуы.
«Батыр Баян» поэмасы. Поэмадағы Абылай хан, Баян батыр образдары. Махаббаттың трагедиялы хикаясы. Абылай ханның характеріндегі кейбір қайшылықтар. Баянның өлімі. Поэмадағы орыс әдебиетінің әсері.
«Жүсіпхан» поэмасы. Шығармадағы Аббасхан, Жүсіпхан, бейнелері. Жүсіп образының символдық мәні.Сол арқылы сталинизм дәуірінің сипатын әшкерелеу.
«Өтірік ертек» дастаны. Шығарма сюжетінің шарттылыққа құрылуы. Мысыққа қарсы тышқандардың көтерілісі. Поэмада байды байыту тәңірдің ісі деген философияны жоққа шығару.
«Тоқсанның тобы» дастаны. Поэмадағы тоқсан деген сөздің символдық мәні. Автордың еңбекші жарлыны мадақтап, туған халқын жақсы көретінін өлеңмен өрнектеуі.
9-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)
«Қартқожа»(1926) романы. Қартқожа бейнесі. Романның көркемдік әлемі. Авторлық мінездеме, характер сомдау ерекшеліктері.
«Ақбілек»(1927-28) романы. Ақбілектің образы. Алтынай, Бозінген, Күмісай, Өрік сияқты қазақ әйелдерінің өмірлерінің суреттелуі. Шығармадағы Ақбала, Доға, Балташ, Жорғабек,т.б. қосалқы қаһармандар тағдырының суреттелуі
Романның психологиялық роман екендігі. Шығарманың көркемдік әлемі. Автордың баяндау тәсілдері. Кейіпкерлер психологиясын сипаттаудағы шеберлігі.
«Күнікейдің жазығы» (1928) повесіндегі Күнікей образы. Повестегі қосалқы кейіпкерлер Құлтума, Тұяқ,Шекер, Байман образдары.Шекер, Байман, Тұяқ бейнелері.
Ж.Аймауытовтың 20-30 жылдары жазылған «Өмір деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес», «Қойшы Тастамақ», «Жидебайдың баяндамасы»(1924), «Әнші», «Көшпелі Көжебай», « Жол үстінде»(1925), «Боранды болжаған әулие» (1926), «Ханамар тарихы»(1927), т.б. әңгіме-новеллаларының тақырыбы, идеясы.
Драмалық шығармалары: «Мансапқорлар»(1925), «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану»(1926), «Шернияз»(1926).
«Ел қорғаны» пьесасындағы оқыған кейбір қазақ зиялыларының еркіндік, бостандық үшін күрестегі көзқарастары. «Мансапқорлар» пьесасы. Шығармадағы атақ, мансапқа таласып, өзара қырғиқабақ болған Қасқырбай болыстың, оның туыс інісі әрі тілмашы Мүсілімнің бейнелері. Пьесада ағайын адамдардың арасына жік салған іштарлықтың, көре алмаушылықтың қантөгіске, зұлымдыққа ұласуы.
«Шернияз» пьесасы. Шығармадағы Шернияз бейнесі. Рушылдық пен жікшілдік жайлаған ел ішіндегі айтыс- тартыс, дау- дамайдың Шерниязды күреске итермелеп ширатуы. Оның жеңісі мен жеңілісі. Пьесаның жалпы идеясы.
3.5 С¤Ж мазм±ны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
ҚТӘ-31
|
Сағат көлемі
ҚТӘ-21 (қ)
|
1
|
Дәріс сабақтарын өңдеу
|
|
Сабаққа қатысу
|
30 (1х30)
|
30 (1х30)
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
20 (1х20)
|
20 (1х20)
|
3
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
Конспект
|
Коллоквиум
|
36
|
36
|
4
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
РК1, РК2
|
4
|
4
|
|
Барлығы
|
|
|
90
|
90
|
Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» романы
¦сынылатын єдебиет: [1], 234-240 бет.
2. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы
¦сынылатын єдебиет: [1], 496-525 беттер; [7], 1-35 беттер.
3. М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі
¦сынылатын єдебиет: [10], 149-155 беттер; [3], 102-103 беттер ,[11], 144-156 беттер
4. М.Жұмабаевтың аудармалары
¦сынылатын єдебиет: [16], 240-246 бет.
5. І.Жансүгіровтің табиғат лирикасы
¦сынылатын єдебиет: [1], 246-250 бет, [17], 186-187 беттер, [15] 45-75 беттер.
6. Жамбылдың айтыстары
¦сынылатын єдебиет: [11], 116-118 бет,
7. Ж.Аймауытовтың драмалары
¦сынылатын єдебиет: [15], 5-36 бет, [24], 161-167 беттер
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
050117 -«Қазіргі қазақ әдебиеті» (1920-1930)» пәні
1 рейтинг (6 семестр)
|
Барлық
балл
|
Апта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Аптадағы максим. сағат
|
11
|
15
|
11
|
15
|
11
|
15
|
11
|
11
|
100
|
Дәріс сабағына қатысу
|
СӨЖ түрі
|
Д 1
|
Д 2
|
Д 3
|
Д 4
|
Д 5
|
Д 6
|
Д 7
|
Д 8
|
32
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Тәжірибешілік сабақтарға қатысу
|
СӨЖ түрі
|
ТС 1
|
ТС 2
|
ТС 3
|
ТС 4
|
ТС 5
|
ТС 6
|
ТС 7
|
ТС 8
|
16
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
СӨЖ түрі
|
ҮТ 1
|
ҮТ 2
|
ҮТ 3
|
ҮТ 4
|
ҮТ 5
|
ҮТ 6
|
ҮТ 7
|
ҮТ 8
|
40
|
Бақылау формасы
|
К1
|
К2
|
К3
|
К4
|
К5
|
К6
|
К7
|
К8
|
Макс. балл
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
СӨЖ түрі
|
|
ҚМ1
|
|
ҚМ2
|
|
ҚМ3
|
|
|
12
|
Бақылау формасы
|
|
Р1
|
|
Р2
|
|
Р3
|
|
|
Макс. балл
|
|
4
|
|
4
|
|
4
|
|
|
2 рейтинг (6 семестр)
|
Барлық
балл
|
Апта
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Аптадағы максим. сағат
|
17
|
11
|
17
|
11
|
17
|
11
|
16
|
100
|
Дәріс сабағына қатысу
|
СӨЖ түрі
|
Д 9
|
Д 10
|
Д 11
|
Д 12
|
Д 13
|
Д 14
|
Д 15
|
28
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Тәжірибешілік сабақтарға қатысу
|
СӨЖ түрі
|
ТС 9
|
ТС 10
|
ТС 11
|
ТС 12
|
ТС 13
|
ТС 14
|
ТС 15
|
14
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
СӨЖ түрі
|
ҮТ 9
|
ҮТ 10
|
ҮТ 11
|
ҮТ 12
|
ҮТ 13
|
ҮТ 14
|
ҮТ 15
|
35
|
Бақылау формасы
|
К9
|
К10
|
К11
|
К12
|
К13
|
К14
|
К15
|
Макс. балл
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
СӨЖ түрі
|
ҚМ 4
|
|
ҚМ 5
|
|
ҚМ 6
|
|
ҚМ 7
|
23
|
Бақылау формасы
|
Р
|
|
Р
|
|
Р
|
|
Р
|
Макс. балл
|
6
|
|
6
|
|
6
|
|
5
|
Пәннің оқытылған модулі бойынша семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкала бойынша ағымдық үлгерім (АҮ) шығарылады. Межелік бақылау бағасы (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады. Межелік бақылауға АҮ бойынша балдары бар студентте босатылады. АҮ мен МБ бағалары бойынша пән бойынша студенттердің рейтингілері (Р1 және Р2) анықталады: Р1(Р2)=АҮ1(АҮ2)х0,7+МБ1(МБ2)х0,3.
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі кафедра мәжілісінде бекітілді. Хаттама № «___» _________ 2010.
Кафедра меңгерушісі Н.Қ.Жүсіпов
Курс саясаты
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.
Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы ұпай 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:
- дәріске қатысу – 2 балл.
- тәжір. сабаққа қатысу – 1балл.
- тәжір. жұмысты орындау – 4 балл
Тәжірибешілік жұмыстарын орындау барысында
-
Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру -2 балл;
-
Жаттығу жұмыстарын орындау-1 балл;
-
Грамматикалық талдаулар жасау -1 балл.
Өздік жұмыстарын орындау және қорғау барысында:
-
материалды толық меңгеру -3 балл.
-
Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу-2 балл
-
Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы -2 балл.
- Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 2 ұпай.
Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
-
сабақты босату (себепсіз);
-
тапсырмаларды уақытымен орындамау;
-
тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.
Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
Пән бойынша қорытынды рейтингті есептеу әдісі
№
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Бақылау түрлері
|
¤лшемдік ‰лес
|
1
|
Емтихан
|
Емтихан
|
0,4
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,6
|
2
|
Сынақ
|
Сынақ
|
0,4
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,6
|
3
|
Емтихан К/Ж
|
Емтихан
|
0,4
|
Курстық жұмыс
|
0,3
|
Ағымдық үлгерімді
бақылау
|
0,3
|
4
|
Курстық жұмыс
|
Курстық жұмыс
|
0,6
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,4
|
Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж
мұндағы Р1, Р2, Е, С, КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ұпай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші
ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері.
Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100 болу керек.
Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ қарастырылған болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі.
КЖ ғылыми жетекші қатысуымен комиссия алдында қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.
Егер пән бойынша емтиханнан басқа курстық жұмыс қарастырылған болса, онда сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен Кж балына сай баға қойылады.
Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші
Балл түріндегі қорытынды баға
|
Балдың сандық баламасы
|
Әріп жүйесі бойынша бағалау
|
Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға
|
Емтихан, дифф. сынақ
|
сынақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
95-100
|
4
|
А
|
өте жақсы
|
Есептелді
|
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
Жақсы
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
Жақсы
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
Д+
|
50-54
|
1,0
|
Д
|
0-49
|
0
|
F
|
қанағаттанарлықсыз
|
есептелмеді
|
Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:
Қ= _Қ1*К1+Қ2*К2+...+Қn*Кn
К1+К2+...+Кn
Мұнда Қ1 ,Қ2 ,Қn – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға;
К1,К2,Кn – семестр бойынша пән сағаты
n – семестр саны
Достарыңызбен бөлісу: |