ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СБЖ 3 деңгей құжаты
|
ПОӘК
|
УМКД 042-18.38.105/01-2014
|
ПОӘК
«Молекулалық физика»
пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы
|
№ 2 басылым
25.06.2014 жыл.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В060400 - «Физика»
мамандығы үшін
«Молекулалық физика»
ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей 2014
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы – 25.06.2014 ж. Рахимбердина Анаргуль Турысбековна
аға оқытушысы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Физика» кафедрасының отырысында
№ 10 хаттама, 25.06. 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С. Маусымбаев
2.2. Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
№ 6 хаттама, 26.06. 2014 ж.
Төрайымы К.А. Батырова
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында мақұлданып және баспаға ұсынылды
№ 1 хаттама,11.09. 2014 ж.
ОӘК төрағасы Г.К. Искакова
4 11.09.2013ж. № 1 баспаның орнына енгізілген.
МАЗМҰНЫ
-
Қолданылу аумағы
-
Нормативтік сілтемелер
-
Жалпы мағлұматтар
-
Оқу пәнінің мазмұны (модуль бойынша)
-
Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптар тізімі
-
Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтылу картасы
-
Әдебиеттер
1. ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрамына кіретін «Молекулалық физика» пәнінің бағдарламасы 5В060400 - «Физика» мамандығы үшін оқитын студенттерге арналған.
2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Аталған «Молекулалық физика» пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы төмендегі құжаттарға сүйене отырып жасалынып, осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру талаптарын тағайындайды:
- Білім деңгейіне сәйкес келетін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;
- Мамандықтың типтік оқу жоспары - 5В060400 – «Физика»;
- СТУ 042-ГУ-4-2013 университет стандарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар»
- ДП 042-1.01-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұны»
3. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
Кіріспе. Негізгі бөлім. Тепе-теңдік макропараметрлері. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдық бойынша Максвелдік үлестірілуі.
Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Нақты газдар. Сұйықтар. Қатты денелер. Тасымалдау процестері. Фазалық ауысулар.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты: күйлері мен процестері молекулалық қозғалыс пен молекулааралық әсерлесумен анықталатын жүйелердің физикалық қасиеттерін зерттеу.
3.3 Пәнді оқытудың негізгі мақсаты:
- пәнді физикалық эксперимент пен практикалық тәжірибе нәтижелеріне негізделген физикалық теория ретінде көрсетіп, өте көп бөлшектен құралған жүйенің өзіндік ерекшеліктерін молекулалық физиканың заңдарының статистикалық сипатымен таныстыру.
- Молекулалық физиканың мәселелерін шешетін әдістер туралы қазіргі көзқарастарға сай жеткілікті мәліметтер беру және олар физикалық денелердің құрамындағы бөлшектердің қозғалысы мен өзара әрекеттесуісен байланысты болатынын көрсету.
- Қозғалыстың молекулалық түрінің экологияда маңыздылығын және экожүйелерді зерттеу үшін молекулалық физиканың әдістерін қолдануға болатынын көрсету.
3.4 Пәнді оқытудың нәтижелері:
Пәнді оқыған соң студент игеруі қажет:
- молекулалық физиканың негізгі заңдарын, тепе-теңдік термодинамиканың негіздерін, әртүрлі процестердегі кейбір физикалық параметрлердің өзгерісін туғызатын екінші параметрлердің өзгеріс заңдылықтарын және молекулалық физикада қолданатын математикалық аппаратты білуі қажет;
- элементар бөлшектер мен Әлем дүниесінің әртүрлі реттелу деңгейлеріндегі табиғаттың объектілерінің (нысандарының) құрылымы мен қасиеттерін зерттеу үшін молекулалық физика заңдарын қолдануы қажет;
- ғылыми-зерттеулерді және орта оқу орныдарында білім беру процесін ұйымдасытруға дағдылануы қажет;
- ұйымдардағы адамдарды басқару іс-әрекеті ретінде менеджмент туралы түсінігі болуы қажет;
- өз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыруды білуі қажет.
3.5 Курс пререквизиттері: механика, математикалық анализ;
3.6 Курс постреквизиттері: Электр және магнетизм, Оптика, Атомдық физика, Электродинамика.
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме 1-кесте
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс
|
Зерт. (сағ)
|
Машық
сабағы
|
БОӨЖ (сағ)
|
БӨЖ
|
Барлығы (сағ)
|
Қорытынды бақылау түрі
|
1
|
2
|
3
|
15
|
15
|
15
|
22,5
|
67,5
|
135
|
Емтихан
|
4. ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (модуль бойынша)
2-кесте
Тақырыптын аты және мазмұны
|
Сағаттар
саны
|
1
|
2
|
Дәріс сабақтары
|
Модуль № 1 Кіріспе. Тепе-теңдік макропараметрлері, қысым мен температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдық бойынша Максвелдік үлестірілуі.
|
Дәріс № 1 Кіріспе. Молекулалық физика пәні. Материялық денелердің молекула-кинетикалық үлгісі(моделі). Атом және молекула массасы. Құрылымдық элемент. Зат мөлшері-моль. Феноменологиялық, термодинамикалық және молекула-кинетикалық зерттеу әдістері. Зат қасиеттерінің оның құрылымы мен құрылымдық элементтерінің жылулық қозғалысымен байланысы. Заттың үш фазасы: газ, сұйық және қатты дене. Идеал газ үлгісі. Молекулалық физиканың тарихи дамуына қысқаша шолу. Микропроцестердің қайтымдылығы мен макродеңгейде байқалатын құбылыстардың қайтымсыздығы арасындағы қатынастар проблемасы. Молекулалық физикада аппараттық технологияларды пайдалану. Экологиялық проблеманы шешудегі молекулалық физиканың әдістерінің алатын орны.
Негізгі бөлім. Тепе-теңдік макропараметрлері. Қысым мен температура. Термодинамикалық тепе-теңдік, Локалдық термодинамикалық тепе-теңдігі. Тепе-теңдіктің және локалды тепе-теңдіктің макропараметрлері. Тығыздық. Қоспада анықталатын компоненттің салыстырмалы мөлшерін сипаттайтын шама- концентрация. Қысым. Температура. Қысым мен температураның өлшеу тәсілдері, өлшемдері және өлшеу бірліктері.
|
1
|
Дәріс № 2 Менделлев-Клапейрон теңдеуі. Дальтон заңы. Паскаль заңы. Барометрлік формула. Идеал газдың ішкі энергиясы. Энергияның еркіндік дәрежелері бойынша тең үлестіру принципі. Мольдік және меншіктік жылу сиымдылық.
|
1
|
Дәріс № 3 Статистикалық әдіс. Математикалық статистиканың негізгі түсініктері. Молекулалық жүйедегі кездейсоқ оқиғалар мен кездейсоқ шамалар. Броундық қозғалыс және оны молекулалық физикада байқалатын кездейсоқ шамалар мысалы ретінде қарастыру. Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы. Термодинамикалық жүйелердің статистикалық ансамблі туралы түсінік. Ансамбль бойынша орташа мен уақыт бойынша орташаны анықтау. Эргодикалық гипотеза. Флуктуация. Биномдық үлестірілуі. Пуассон үлестірілуі. Гаусс үлестірілуі. Микрокүй мен макрокүй. Термодинамикалық ықтималдықты (статистикалық салмақ) белгілі бір макрокүйге алып келетін микрокүйлер саны ретінде қарастыру.
|
1
|
Дәріс № 4 Молекулалардың жылдамдық бойынша Максвелдік үлестірілуі. Газдағы молекулалардың сипаттауыш орташа жылдамдықтары. Берілген жылдамдық интервалындағы молекула саны. Әр түрлі температураларда және зат қоспасындағы әртүрлі химиялық компонентттер үшін Максвелл үлестірілуі. Максвелл функциясының өлшемсіз түрі.
|
1
|
Дәріс № 5 Газдың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Тепе-теңдік күйдегі газ молекулаларының жылулық бей-берекет қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші – температура. Больцман үлестірілуі. Перрен тәжірибесі. Максвелл-Больцман үлестірілуі. Молекулалық шоқтармен жасалған тәжірибелер Максвелл үлестірілуінің эксперименттік дәлелі.
|
1
|
Модуль № 2 Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы.
|
Дәріс № 6 Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың зерттеу пәні. Термодинамиканың негізгі заңдары. Термодинамика бастамалары – энергия түрленуімен өтетін құбылыстарды тәжірибелік қорытындылау нәтижесі. Күй функциялары. Термодинамиканың нолдік бастамасы. Температура. Термодинамиканың бірінші бастамасы және оның физикалық мәні. Термодинамиканың бірінші бастамасының бірінші текті мәңгілік қозғалтқыш жасауғы тиым салуы. Ішкі энергия-күй функциясы. Термодинамикадағы жұмыс және жылу ішкі энергияның өзгерту түрлері. Қайтымды және қайтымсыз процестер.
|
1
|
Дәріс № 7 Жылу сиымдылық. Жылу сиымдылық арасындағы қатынастар және оларды идеал газ молекулаларының еркіндік дәрежелері саны арқылы көрсету. Жылу сиымдылықтың классикалық теориясының жетімсіздігі. Жылу сиымдылықтың кванттық теориясы жөніндегі түсінік. Термодинамиканың бірінші заңын және идеал газ күй теңдеуін изобаралық, изохоралық, изотермалық және адиабаталық процестерді сипаттау үшін қолдану. Әртүрлі процестердегі термодинамикалық жүйенің жылу сиымдылығы. Әртүрлі координаттардағы процестер графиктері: жұмыстық диаграмма, жылулық диаграмма. Политроптық процесс. Изотроптық процестің жылу сиымдылығының политроп көрсеткішіне тәуелділігі.
|
1
|
Дәріс № 8 Термодинамиканың екінші бастамасы. Циклдік процестер. Цикл жұмысы. Карно циклі. Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК). Карно теоремалары. Клуазиус теңсіздігі. Энтропия. Термодинамиканың екінші бастамасы. Кельвин тұжырымдамасы. Клуазиус тұжырымдамасы. Термодинамиканың екінші заңының басқа тұжырымдамалары және олардың эквиваленттілігі. Термодинамиканың екінші бастамасының екінші текті мәңгілік қозғалтқыш жасауға тиым салуы. Циклдердің техникада қолданылуы. Идеал газдың энтропиясы. Жылулық ластаудың көзі мен оны азайту тәсілдеріне қоршаған ортаны жылулық машиналарының тоңазытқыш ретінде пайдалануы. Оқшауланған жүйелерде энтропияның өсу заңы. Қайтымсыз процестердегі энтропияның өзгерісі. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаты. Негізгі термодинамикалық теңбе-теңдік.
|
1
|
Модуль № 3 Нақты газдар. Сұйықтар. Қатты денелер. Тасымалдау процестері. Фазалық ауысулар.
|
Дәріс № 9 Нақты газдар. Идеал газдар қасиеттерінің нақты газдар қасиеттеріне ауытқуы. Эндрюстің эксперименттік изотермалары. Нақты газдар изотермаларын талдау. Молекулааралық өзара әрекеттесу күштері мен потенциалдары. Ван-дер-Ваальс күштері. Молекулалардың өзара әрекеттесуінің эмпирикалық потенциалдары, қатты сфералар, Леннард-Джонс потенциалы, Сэзерлэнд потенциалы. Нақты газдардың ерекшеліктерін ескеретін күй теңдеулері. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермолары.
|
1
|
Дәріс № 10 Метастабилді күйлер. Критикалық (сындық) температура. Критикалық күй. Сәйкес күйлер заңы. Ван-дер-Ваальс газының ішкі энергиясы. Джоуль-Томсон эффектісі. Газдағы кластерлер. Төменгі температуралардағы заттардың қасиеттері.
|
|
Дәріс № 11 Сұйықтар. Сұйық күйдің ерекшеліктері. Сұйық бетінің еркін энергиясы. Беттік керілу. Беттік керілу коэффициенті беттің еркін, энергиясының меншікті тығыздығы ретінде қарастыру. Екі сұйықтың және сұйық пен қатты дененің арасындағы шекаралық тепе-теңдік шарттары. Майысқан беттің астында туатын қысым. Лаплас формуласы. Капиллярлық құбылыстар. Плато тәжірибелері. Капиллярлық құбылыстардың табиғи процестердегі алатын орны. Сұйықтың құрылымы. Жуық және алыс тәртіп. Осмостық қысым. Вант-Гофф заңы.
|
1
|
Дәріс № 12 Қатты денелер. Заттардың кристалдық және аморфтық күйлері. Кристалдардың физикалық типтері. Қатты денелердің жылу сиымдылығы. Жылу сиымдылықтың классикалық теориясы. Дюлонг және Пти заңы. Қатты денелердің жылу сиымдылығының кванттық теориялары. Жылу сиымдылығының температуралық тәуелділігі: теория және эксперимент. Сұйықтық кристалдар.
|
1
|
Дәріс № 13 Тасымалдау процестері. Макропараметрлердің градиенті (концентрация, температура немесе ағын жылдамдығы градиенті) байқалатын жүйелер – бір текті емес жүйелер. Тасымалдау процестерінің түрлері: тұтқырлық, жылу өткізгіштік, диффузия. Тасымалдау процестерін зерттеудің эксперименттік әдістері. Импульс, энергия және заттың байқалатын ағындары. Феноменологиялық конститутивтік қатынастар: Ньютонның үйкеліс заңы, Фурье заңы, Фик заңы. Тасымалдау коэффициенттері.
|
1
|
Дәріс № 14 Газдағы тасымалдау процестерінің кинетикалық теориясы. Соқтығысудың орташа жиілігі. Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығы мен орташа уақыты, көлденең газкинетикалық қимасы. Диффузия, тұтқырлық, жылуөткізгіштік. Молекулааралық өзара әрекеттесуін сипаттайтын шамалар арқылы тасымалдау коэффициенттерінің өрнектері. Теория нәтижелерін экспериментпен салыстыру. Сиретілген газдағы физикалық құбылыстар. Сұйық пен қатты денедегі тасымалдау құбылыстарының ерекшеліктері. Молекулалық динамика әдісін тасымалдау процесін компьютерлік үлгілеу үшін қолдану.
|
1
|
Дәріс № 15 Фазалық ауысулар. Бірінші және екінші текті фазалық ауысулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Қалыпты және аномальды заттар үшін газ-сұйық-қатты зат күйлерінің диаграммасы. Үштік нүкте. Екінші текті фазалық ауысу. Сұйық гелий қасиеттері. Гелий күйлерінің диаграммасы. Асқын аққыштық..
|
1
|
Практикалық сабақтары
|
Модуль № 1 Кіріспе. Тепе-теңдік макропараметрлері, қысым мен температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдық бойынша Максвелдік үлестірілуі.
|
Практикалық сабағы № 1 Атомдар мен молекулалардың массаларын есептеу. Жүйенің құрылымдық элементтерін анықтау. Зат мөлшері – моль. Әртүрлі молекулалық жүйелердің моль санын анықтау.
|
1
|
Практикалық сабағы № 2 Идеал газ күйінің теңдеуі. Менделлев-Клапейрон теңдеуі.
|
1
|
Практикалық сабағы № 3 Дальтон заңы. Паскаль заңы. Барометрлік формула. Идеал газдың ішкі энергиясы. Энергияның еркіндік дәрежелері бойынша тең үлестіру принципі.
|
1
|
Практикалық сабағы № 4 Мольдік және меншіктік жылу сиымдылық.
|
1
|
Практикалық сабағы № 5 Молекулалардың жылдамдық бойынша Максвелдік үлестірілуі.
|
1
|
Практикалық сабағы № 6 Газдың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Тепе-теңдік күйдегі газ молекулаларының жылулық бей-берекет қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші – температура. Больцман үлестірілуі. Перрен тәжірибесі. Максвелл-Больцман үлестірілуі.
|
1
|
Модуль № 2 Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы.
|
Практикалық сабағы № 7 Термодинамиканың бірінші бастамасы.
|
1
|
Практикалық сабағы № 8 Термодинамиканың бірінші заңын және идеал газ күй теңдеуін изобаралық, изохоралық, изотермалық және адиабаталық процестерді сипаттау үшін қолдану. Әртүрлі процестердегі термодинамикалық жүйенің жылу сиымдылығы.
|
1
|
Практикалық сабағы № 9 Изопараметрлік процестер.
|
1
|
Модуль № 3 Нақты газдар. Сұйықтар. Қатты денелер. Тасымалдау процестері. Фазалық ауысулар.
|
Практикалық сабағы № 10 Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермолары.
|
1
|
Практикалық сабағы № 11 Заттың сұйық күйі. Беттік керілу. Капиллярлық құбылыстар.
|
1
|
Практикалық сабағы № 12 Қатты денелердің жылу сиымдылығы. Жылу сиымдылықтың классикалық теориясы. Дюлонг және Пти заңы.
|
1
|
Практикалық сабағы № 13 Тасымалдау процестері. Тасымалдау процестерінің түрлері: тұтқырлық, жылу өткізгіштік, диффузия. Ньютонның үйкеліс заңы, Фурье заңы, Фик заңы. Тасымалдау коэффициенттері.
|
1
|
Практикалық сабағы № 14 Газдағы тасымалдау процестерінің кинетикалық теориясы. Соқтығысудың орташа жиілігі. Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығы мен орташа уақыты, көлденең газкинетикалық қимасы.
|
1
|
Практикалық сабағы № 15 Фазалық ауысулар. Бірінші және екінші текті фазалық ауысулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Қалыпты және аномальды заттар үшін газ-сұйық-қатты зат күйлерінің диаграммасы. Үштік нүкте. Екінші текті фазалық ауысу.
|
1
|
Зертханалық жұмыстар
|
№ 1 Больцман тұрақтысын анықтау.
|
|
№ 2 Ауаның меншікті жылу сиымдылығының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау.
|
|
№ 3 Құмның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау.
|
|
№ 4 Сұйықтың тұтқырлық коэффициентін Стокс әдісімен анықтау.
|
|
№ 5 Сұйықтың көлемдік ұлғаю коэффициентін Дюлонг және Пти әдісімен анықтау.
|
|
№ 6 Қатты дененің сызықтық ұлғаю коэффициентін анықтау.
|
|
№ 7 Сұйықтың беттік керілу коэффицентін тамшы әдісімен анықтау.
|
|
№ 8 Қалайының меншікті балқу жылуын анықтау.
|
| 5. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ |
Өздік жұмыс № 1 Температура.
|
|
Өздік жұмыс № 2 Микро- және макрокүйлер. Күйлер ықтималдылығы. Жиілік және уақыттық анықтамалар.
|
|
Өздік жұмыс № 3 Статистикалық орташалар. Флуктуация.
|
|
Өздік жұмыс № 4 Абсолюттік температура.
|
|
Өздік жұмыс № 5 Жұмыс және жылу.
|
|
Өздік жұмыс № 6 Изопараметрлік процестер.
|
|
Өздік жұмыс № 7 Универсал газ тұрақтысының физикалық мәні.
|
|
Өздік жұмыс № 8 Политроптық процесс.
|
|
Өздік жұмыс № 9 Нақты газдар изотермалары.
|
|
Өздік жұмыс № 10 Джоуль-Томсон эффектісі.
|
|
Өздік жұмыс № 11 Сұйық күйдің ерекшеліктері.
|
|
Өздік жұмыс № 12 Осмостық қысым.
|
|
Өздік жұмыс № 13 Қатты заттардың жылусиымдылығы.
|
|
Өздік жұмыс № 14 . Термодиффузия.
|
|
Өздік жұмыс № 15 Сұйық гелийдің ерекшеліктері.
|
|
6. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
3кесте
Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың атаулары | Экзем-пляр саны | Студент | Қамтылу
пайызы
| Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 | 190 | 5 | 100 |
Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.
| 50 |
5
| 100 | Асқарова Ә.С., Молдабекова М.С. Молекулалық физика: Оқулық. Алматы. Қазақ университеті, 2006-246 б. | 5 |
5
| 100 | Савельев И.В. Жалпы физика курсы. І том. Механика, тербелістер мен толқындар, молекулалық физика. Орыс тілінен аударма.- Алматы, Мектеп, 2003 -508 б. | 20 |
5
| 100 | Матвеев А.Н. Молекулярная физика: Учеб. Для физ. Спец. Вузов-2-е изд.,М.:Высш. Шк., 1987 – 360 с. | 5 |
5
| 100 |
Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж.
| 15 |
5
| 100 |
Сивухин Д.В. Общий курс физики. Термодинамика и молекулярная физика.-Изд.второе, испр.-М.:Наука, 2002 -552 с.
| 10 |
5
| 100 |
Мұқышева М.Қ., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы, 1 бөлім:Механика. Молекулалық физика. Электр және магнетизм. Семей, 2009.
| 25 |
5
| 100 |
7. ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі әдебиеттер
7.1.1. Матвеев А.Н. Молекулярная физика: Учеб. для физ. спец. вузов-2-е изд.,М.:Высш. Шк., 1987 – 360 с.
7.1.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы. І том. Механика, тербелістер мен толқындар, молекулалық физика. Орыс тілінен аударма.- Алматы, Мектеп, 2003 -508 б.
7.1.3. Мұқышева М.Қ., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы, 1 бөлім:Механика. Молекулалық физика. Электр және магнетизм. Семей, 2009.
7.1.4 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.
78.1.5 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..
7.1.6. Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж.
|
7.1.7 Асқарова Ә.С., Молдабекова М.С. Молекулалық физика: Оқулық. Алматы. Қазақ университеті, 2006-246 б.
7.2. Қосымша әдебиеттер
7.2.1. Румер Ю.В., Рывкин М.Ш. Термодинамика. Статистическая физика и кинетика: Учебное пособие.-Новосибирск: НГУ, 2000-608 с.
7.2.2. Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 – 1978.
7.2.3. Косов Н., Саметқызы Молекулалық физика. І бөлімі.-Алматы: Рауан, 1993 -104 б.
7.2.4 Косов Н., Саметқызы Молекулалық физика. ІІ бөлімі.-Алматы: Рауан, 1997 - 96 б.
Достарыңызбен бөлісу: |