ЭСҚ дегеніміз не?



Дата17.07.2016
өлшемі25.73 Kb.
#205930
ЭСҚ дегеніміз не?

Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктер енді. Е-үкімет саласында басты терминдердің бірі – электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болды. Оның құжаттардың заңдық күші бар екенін сәйкестейтін және растайтын құрал ретінде пайдалану біздің өмірімізде қалыпты жағдай болып кетті.  

Электрондық сандық қолтаңба – бұл электрондық құжаттың жасанды түрінен қорғау үшін арналған реквизит. ЭСҚ қолтаңба иесін теңестіруге, сондай-ақ электрондық құжаттағы ақпаратта бұрмалау жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді.   


Электрондық сандық қолтаңба – бұл мағыналы құжаттамалармен алмасу үшін өте ыңғайлы қазіргі заман құралы, электрондық қолтаңба механизмін енгізу арқасында Қазақстан өңірінің шекарасы экономикалық қызметтер үшін шектеулі болмайды.

ЭСҚ қалай қолданады?

Қолтаңбаны қолдану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білімнің, дағдының және іскерліктің керегі жоқ. Электрондық құжаттамамен алмасуға қатысатын әрбір ЭСҚ пайдаланушыға ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер беріледі. 


Басты элемент құпия (жабық) кілт болып келеді, оның көмегімен электрондық құжаттарды шифрлеу жүргізіледі және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Сондай-ақ құпия кілт пайдаланушыда қалады және оған жеке тасымалдаушыда беріледі. Ол дискета, смарт-карта немесе флеш-карта болуы мүмкін. Оны басқа да жүйені пайдаланушылардан құпия сақтау керек. 
ЭСҚ шынайылығын тексеру үшін ашық кілтті қолданады. Қазақстан Республикасы Куәландыру орталығында ашық кілттің дубликаты бар, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған.  Куәландыру орталығы ашық кілттерге тіркеу және бұрмалау мен жасанды түрлерін жасаудан  сенімді сақтауды қамтамасыз етеді. 
Ашық кілт тек жабық кілтпен бірге ғана жұмыс істейді.

Электрондық сандық қолтаңбаның басымдылығы неде?

Электрондық сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сіз: 


- облыс ғана емес, сондай-ақ республика мемлекеттік органдар виртуалдық қабылдауына өтініштерді жүзеге асырасыз (бұл қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарына өз өтініштерін мемлекеттік органдарға тапсыруға мүмкіндік және өтініштің дәрежесін: мемлекеттік органға жеткізілгенін, орындалуға берілгенін, орындалғанын және т.б. тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік орган тарапынан жауапты әрекетке кепілдік береді);
- үйден шықпай тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттік қызметтерді ала аласыз.
- тауарлардың және қызметтердің электрондық саудада, аукциондарда және тендрларда ең тиімді баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз;
- Интернет арқылы қазіргі заман негізінде ең аз шығынмен аса тиімді қарым-қатынас жасай аласыз;
- Қазақстанның кез-келген облысы, қаласындағы серіктестермен алыстан жүргізу режимінде экономикалық операцияларды жасай отырып, өз бизнесіңіздің таралу шегін кеңейте аласыз.

Электрондық сандық қолтаңбаны қайдан алуға болады?

Электрондық сандық қолтаңбаны жеке, және де заңды тұлғалар ала алады. 


Халыққа ЭСҚ берумен Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы (ҰКО) айналысады. 
Біздің ауданымызда ЭСҚ беру жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс-жексенбі күні Халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылған, ол келесі мекенжайда орналасқан: Шемонаиха қ-сы. 3 ықшам аудан, 12 үй.

Электрондық қолтаңбаны Ұлттық куәландыру орталығында қалай алуға болады?

ЭСҚ (электрондық қолтаңбаны) алу – бұл Сіздің көп уақытыңызды алмайтын, өте оңай шара. Электрондық қолтаңбаны алу үшін Ұлттық куәландыру орталығыныңwww.pki.gov.kz «Қолтаңбаны қалай алуға болады» сайтына кіріп, нұсқаулықты орындау қажет.  


Ұлттық куәландыру орталығының сертификаты бойынша электрондық қолтаңба Сізге билікпен, барлық деңгейдегі кәсіпорындар және ұйымдармен аса пайдалы қарым-қатынастарға жол ашады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет