Ақтөбе облысы бойынша
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған Бағдарлама қатысушылар туралы көрнекті ақпарат.
17 мамыр 2013 жыл. Ақтөбе қаласы
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 1-бағытының қатысушылары
Атөбе облысының Мұғалжар ауданынан «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасы аясында ағымдағы 2013 жылдың ақпан айынан бастап ауданның, шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлерімен бірлесіп келісім-шарт жасалып, әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды. Осы келісім-шарт жасалған шаруа қожалықтардың бірі «Жас-бағлан», басшысы Конысова Кенжегүл Айдаровна. Орналасқан жері -Қандыағаш қаласы 8 март көшесі 144А. «Жас-бағлан» тігін цехына 3(үш) жұмысшы, яғни Кеншимбаева М.И., Исамберлина Ә.Ж., Атантаева А.А. әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр. Әрқайсысының жасайтын өз міндеттері бар. «Жас-бағлан» тігін цехының негізі жұмысы қыз жасауын тігеді және қазақи көрпелер, сәнделген үстел жапқыштар, жамылғы көрпелер тігеді. Жұмысшылардың еңбекақыларын, сондай-ақ зейнетақы мен салық төлемдерін уақытында төлеп отырады.
Байланыс телефондары: Кеншимбаева М.И. - 87053970990, Исамберлина Ә.Ж. 87052234535, Атантаева А.А. -87715217754
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Е.Н.Дошаев «Жас-бағлан» тігін цехында.
«Жас-бағлан» тігін цехы.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 1-бағытының қатысушы Рысмагамбетова Кунжан Алибековна
«Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасы аясында ағымдағы 2013 жылдың наурыз айынан бастап Рысмагамбетова Кунжан Алибековна жеке кәсіпкер Султангереев Ғабит Озбанбаевичтің «AGFA» фото салонына әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жолданды. Күнжанға келісім-шартта көрсетілген 52000 теңгеден барлық зейнетақы мен салық төлемдерін төлеп, уақытында еңбекақысы беріліп отырады. «AGFA» фото салоны Қандыағаш қаласы Жастық мөлтек ауданы 7 А үйде орналасқан. Әлеуметтік жұмыс орны арқылы орналасқан жұмысшы Рысмагамбетова Кунжан Алибековна компьютерде отырып ескі суреттерді қайта жаңғыртып, әр түрлі монтаж арқылы сурет шығарады. Жұмысшылар алатын еңбекақыларына және жұмыстарына риза.
Байланыс телефоны: 87712925125, 8713 33 3 2325
Рысмагамбетова Кунжан Алибековна, AGFA» фото салоны
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 2-бағытының қатысушы Боранова Турганай Абыловна
Боранова Турганай Абыловна 1955 жылы 28 тамызда Байғанин ауданы Қараукелді ауылында туылған, тұрмыс құрған, 3 баланың анасы және 6 немере сүйіп отырған әже. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында тұрады. Байланыс телефоны: 8(71333)3-42-60. Білімі жоғары, мамандығы - физик. 1977 жылдан 1988 жылға дейін Байғанин ауданындағы Қопа мектебінде лаборант қызметін атқарған. 2010 жылы « Боранова Т.А.» ЖК тіркетіп, жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Білімі жоғары, мамандығы - физик. 2012 жылы Боранова Т.А. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жарияланған конкурсқа қатысып, жеңілдетілген өсіммен жылыжай ашу үшін 2 млн. теңге шағын несие алды. Бұл қаражатқа ол қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, жылыжай ісін бастады. Болашақта осы өнімдерін арзан бағамен тұрғындарға ұсынып, өз жылыжайын әрі қарай дамыту ойында. Оның жылыжайында 2 адам жұмыс істеп, қазіргі таңда жылыжай кешендерін отырғызуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен республика үкіметінің халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған сарабдал саясаттың арқасында өз кәсібімен айналысу мүмкіндігіне ие болғанына кәсіпкер Боранова Т.А. өте риза.
ЖК «Боранова Т.А.»
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының үшінші бағытының қатысушысының ұнамды мысалдары
Рахатов Берікқали Құрманбекұлы - 21.11.1976 жылы туған. білімі - орта. Бұрынғы Әйтеке би ауданы Тасқожа ауылының тұрғыны, телефон нөмірі - 8 777-505 24 30, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының үшінші бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша 2012 жылдың 1-желтоқсанында Облыс әкімінің құттықтауымен Батыс-2 ықшам ауданына отбасы мүшелерімен қоныс аударды. Бағдарлама қатысушысына аталған мекен-жайдан жалпы аумағы 58,3 шаршы метр, 8- қабаттан 2 бөлмелі пәтердің кілті тапсырылып, қоныс аударуға көмек ретінде 113 260 тг. көлемінде субсидия берілді.
Бағдарлама Ережесіне сәйкес, қоныс аударушыларға тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмысқа орналастыру қарастырылған. Осыған сәйкес, Орталық мамандарының ұсынған жолдамасымен «Ақбұлақ» АҚ-на слесарь болып тұрақты жұмысқа орналасты.
Бағдарлама қатысушысы өз сөзінде: қалада тұрамын деген ойымда болған жоқ, бірақ осындай Бағдарламаның арқасында қалаға көшіп келгеніме қуаныштымын. Қалада тұру балаларымның жарқын болашағы үшін үлкен септігін тигізетініне кәміл сенемін. Алдағы уақытта бағдарлама одан әрі жалғасын тауып, біз сияқты тұрмысы төмен адамдарға қамқорлық жасап, экономикалық әлеуеті төмен елді мекеннен, әлеуеті жоғары елді мекенге қоныс аударуға және тұрақты жұмысқа орналасуға қолдау жасаған Елбасымызға алғысымыз шексіз.
Достарыңызбен бөлісу: |