БАҒдарламасы шымкент, 2010 ж. Қабылдау емтиханның бағдарламасы 6D072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы



Дата15.06.2016
өлшемі147.41 Kb.
#137682
түріБағдарламасы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

Мұнай, газ және полимерлер технологиясы кафедрасы




«Бекітемін»

ҒЗЖжХҚ жөніндегі проректор м.а.


_________________ Бажиров Т.С.
« » ______________ 2010 ж.

6D072100- Органикалық заттардың химиялық технологиясы

мамандығының докторантураға қабылдау емтиханның
БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2010 ж.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы

6D072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының ҚР МЖМБС негізінде құрылыған

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

«11 » 06 2010, № 11 хаттамасы
Кафедраның меңгерушісі ___________т.ғ.к.,доцент Сакибаева (қолы, ғылыми атағы, тегі, аты)

Қабылдау емтиханның бағдарламасы факултеттің әдістемелік комиссиясымен мақулданған _____ХТФ « « 2010____ж., № ___ хаттамасы

(факультеттің аталуы)

Төрағасы _______________________Мамытова Г.Ж.

(қолы, тегі, аты)

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген


ЖООКББО бастығы ________________________Қ.Сыпабек

Кіріспе

Докторантурада ғылыми кадрлерді дайындау 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша жүргізіледі, техникалық ғылым бойынша философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.

Философия докторын (PhD) дайындау білім бағдарламасы бойынша ғылыми –зерттеу мен педагогикалық бағытта жүреді және фундаментальды білімді, әдістемелік зерттеуге дайындауды болжайды және де жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылыми – зерттеу системасы ғылымның сәйкес бағыттарына терең түрде оқыту жүреді.

6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша докторларды дайындау білім беру бағдарламасы фундаментальды білім, методологиялық және зерттеу жұмыстарына дайындауды болжалау мен терең түрде химиялық технология бойынша пәндерді оқыту органикалық заттардың түрлі түрлерін,көмірсутекті газдарды, мұнай өнімдерін – отын, мұнай майларын, коксті,мономерлерді, полимерлерді, эластомерлерді, беттік – белсенді заттарды, химиялық талшықтарды, синтетикалық жуғыш заттарды, еріткіштерді, лакбояушы материалдарды және т.б. өндіру қарастырылған.

1. Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдері

Мұнай, газ және көмірдің химиясы мен физикасы. Органикалық заттардың химиясы мен физикасының тарихы мен негізгі даму бағыттары. Мұнайдың пайда болу гипотезалары, Д.И. Менделеев және органикалық гипотезлар.Мұнайдың химиялық құрамын зерттеу. Мұнай және мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін анықтаудың арнайы әдістері. Хроматография түрлері мен зерттеу әдістері.

Мұнай мен мұнай фракцияларындағы метанды көмірсутектер, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Мұнайдың газтәріздес, сұйық және қатты парафинді көмірсутектері.

Мұнайдың нафтенді көмірсутектері, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі қанықпаған көмірсутектердің жалпы сипаттамасы және оларды анықтау әдістері.

Мұнай құрамындағы ароматты көмірсутектердің жалпы сипаттамасы, қасиеттері мен бөлу жолдары. Мұнайдың гетероатомдық қосылыстары. Мұнай мен газдың оттекті қосылыстары. Нафтен қышқылдары, олардың құрамы, мұнай мен мұнай дистилляттарындағы мөлшері. Нафтен қышқылдарын бөлу әдістері мен олардың мөлшерін анықтау, қолдану. Фенолдар. Мұнайдың күкіртті қосылыстары, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Жалпы күкірт мөлшерін сандық және сапалық анықтау. Мұнай өнімдерінің қасиетіне күкіртті қосылыстардың әсері. Мұнайдың азотты қосылыстары, сипаттамасы. Жалпы азот мөлшерін сандық және сапалық анықтау. Мұнай өнімдерінің қасиетіне азотты қосылыстардың әсері. Қатты жанғыш қазбалардың органикалық массасының гетероқосылыстары.

Шайырлы заттар топтарының классификациясы мен зерттеу әдістері. Мұнайдың минералды компоненттері. Мұнай құрамындағы минералды тұздар мен органикалық қышқылдардың тұздары, феноляттар, микроэлементтер. Мұнайдағы су және оларды анықтау әдістері.

Қатты жанғыш қазбалардың түрлері. Торфтар, қоңыр және тас көмірлер, антрациттер, сапропелитті көмірлер, сланцылар. Олардың элементарлы құра-мы, ылғалдылығы, күлділігі, ұшпалы заттар шығымы, жылуөткізгіштігі. Көмірдің пайда болуының торфты, қоңыр көмірлі және тас көмірлі кезең-дері. Көмірге айналатын өсімдіктердің құрамы. Изучение структуры угля. Көмірдің классификациясы, құрылымы. Торф пен көмірдің битумоидтары, гумин қышқылдары.


2. Мұнай шикізаттарының құрылымын өзгертпей өңдейтін процесстердің химиялық технологиясы. Мұнай өңдеу өндірісінің даму тарихы мен қазіргі кездегі дамуының негізгі бағыттары. Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі отын-энергетикалық баланс. ТМД және шет елдердегі мұнай өндіретін және өңдейтін негізгі аймақтар. Мұнайдың және мұнай кен орындарының пайда болуы. Органикалық және бейорганикалық теориясы. Мұнай скважиналарын ұңғылау әдістері Мұнайдың фракциялық және химия-лық құрамы.Мұнай және мұнай өнімдерінің физикалық қасиеттері (тығыз-дық, молекулалық масса, тұтану, жану, өздігінен жану температуралары, қату температурасы, оптикалық қасиеті Мұнай және мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін анықтаудың арнайы әдістері. Мұнай және мұнай өнім-дерінің классификациясы мен тауарлық қасиеттері.Мұнай өнімдерінің клас-сификациясы мен тауарлық қасиеттері (дизельді, реактивті отындар, газотур-биналық қондырғыға арналған және қазандық отындар, мұнай майлары). Табиғи және ілеспе газдарды өңдеуге даярлау, оларды сақтау және тасымал-дау. Газдардан күкірт өндіру, химизмі мен процесстің негізгі факторлары, принципиалдық технологиялық схемасы. Зауыттың көмірсутек газдарының сипаттамасы, оларды бөлуге және өңдеуге даярлау.

Мұнай кенішінде мұнайды жинау және дайындау. Мұнайды тұрақтан-дыру.Мұнай эмульциясының түрлері және оларды бұзу әдістері Мұнай кенішінде мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру.

Мұнайды өңдеуге даярлау (тұзсыздандыру және сусыздандыру), технологиялық режимі, технологиялық схемасы Электртұзсыздандыру қон-дырғысының негізгі аппараты Жеңіл фракциялардың жоғалуымен күрес. Мұнайды тұрақтандыру және сорттау. Мұнайды алғашқы өңдеу. Оны айдау әдістерінің негіздері (мұнайды бір рет және біртіндеп буландыру арқылы, вакуумды айдау, азиотропты және экстрактивті ректификация). Мұнайды алғашқы айдау өнімдері. Мұнай мен газды алғашқы айдау қондырғыларының технологиялық схемасы (ЭЛСТҚ). Мұнай алғашқы өңдеудің аппаратуралық және технологиялық жабдықталуы. Ректификациялық колонналар мен қолда-нылатын табақшалар түрлері. Ректификациялық колонаның материалдық және жылулық тепе-теңдігі. Қысымы, температурасы. Табақша түрлері және колоннаның төменгі бөлігіне жылу беру әдістері. Колоннаның негізгі өлшемдерін анықтау. АВТ қондырғысының күрделі колонналары. Жылу алмастырғыш аппараттар, классификациясы мен түрлері. Жылу алмастырғыштың түрін таңдау. Жылуды регенерациялаудың көрсеткіштері. Құбырлы пештер, классификациясы, температуралық режимі, жылу тепе-теңдігі, жылу жасаудың негізгі көрсеткіштері. Мұнай мен мазутты алғашқы өңдеуге арналған өндірістік ( АҚ, ВҚ және АВҚ) қондырғылары. Бензинді екінші қайтара айдауға арналған қондырғылар және құрама қондырғылар. Өндірістегі техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, техника-экономикалық көрсеткіштері

3. Мұнай шикізаттарының құрылымын өзгертіп өңдейтін процестер-дің химиялық технологиясы. Мұнай шикізатын екінші қайтара өңдеу процесстерінің жалпы сипаттамасы кіріспе сабақ. Мұнай шикізатының құрылымын өзгертіп өңдеу технологиясының ерекшеліктері. Екінші қайта өңдеу процесстерінің жылу эффектісі. Мұнай шикізатының рециркуляциясы. Термиялық процесстердің аппаратуралық жабдықталуының ерекшеліктері. Термокаталитикалық процесстердің аппараттық жабдықталуының ерекше-ліктері.

Термиялық процесстер. Термодинамикасы мен кинетикасы. Термия-лық процесстердің химизімінің, механизімінің негіздері, негізгі факторлары және алынған өнімдердің жалпы қасиеті. Қысым әсерімен болатын термия-лық крекинг. Шығарылған реакциялық камералы екі пешті крекингтің схемасы. Висбрекинг. Вакуумды айдау. Ауыр мұнай шикізатының кокстеу процессінің технологиясы. Өндірістік кокстеу қондырғылары. Үздікті және үздіксіз кокстеу. Мұнай шикізатын пиролиздеу. Процесстің негізгі фактор-лары мен өндірістік рәсімдеу.

Каталитикалық крекинг. Катализаторлар, процесстің химизімінің, механизімінің негіздері мен кинетикасы. Каталитикалық крекинг процессінің негізгі факторлары. Каталитикалық крекинг процесінің материалдық және жылулық тепе-теңдігі. Каталитикалық крекинг процессінің өндірістік қон-дырғылары. Аппаратуралары мен жабдықтары. Технологиялық жүйелері мен алынған өнімдердің сапалары. Каталитикалық риформинг процессі. Теория-лық негіздері. Риформингтің катализаторлары. Процесстің негізгі факторла-ры. Каталитикалық риформингтің өндірістік қондырлары. Жеңіл Н-парафин-ді көмірсутектердің каталитикалық изомеризациясы: процестің негізгі фак-торлары мен технологиясы. Каталитикалық изомерлеу процессінің техноло-гиялық жүйесі мен теориялық негіздері. Гидрогенизациялық процесстер: жалпы сипаттамасы. Дистилляттарды гидротазалау процесстің катализатор-лары мен негізгі факторлары. Гидротазарту процесінің өндірістік қондырғы-лары. Мұнай қалдықтарын гидрокүкіртсіздендіру. Түрлі мұнай шикізатын гидрокрекингтеу. Процессті өндірістік рәсімдеу, өнімдердің сапасы.

Зауыт газдарының қасиеттері, компоненттерге бөлу және оларды қол-дану. Өндірістік ГФУ және АГФУ қондырғылар. Газ түріндегі олефиндерді полимерлеу. Изобутанды олефиндермен каталитикалық алкилдеу. Процестің мәні, негізгі факторлары мен технологиясы. Каталитикалық алкилдеу проце-сінің өндірістік қондырғылары. Отынды және комплексті әдістер бойынша мұнай өңдеудің ағымдық схемасы. Автомобиль бензиндерін алуға арналған процесстер. Мұнай өңдеу зауытына қоршаған ортаны қорғау. МӨЗ құрама және қосылған қондырғы-лары.. МӨЗ техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау.



4. Мұнай және газ технологиясы. Мұнайды және май шикізатын тазарту процессінің дамуы. Май фракцияларын тазарту әдістері Мұнай майларының класси-фикациясы және олардың сапасының негізгі көрсеткіштері. Мұнай майларының қасиетінің шикізат құрамына байланыстығы. Май фракция-ларын тазарту әдістері. Майдың оттегінің әсерінен тотығуға тұрақтылығы. Аро-матты көмірсутек пен оның қоспаларының тотығуы. То-тықсыздандырғыштар. Клас-сификация және әсер ету механизмі. Тотығу процессіне байланысты майлардың қасиеті. Қоспалар туралы түсінік. Қоспалар арқылы тұтқырлық қасиетін жоғарылату. Майлардың тұтқырлығы және тұтқыр-лықты- температуралық қаси-еті. Түрлі еріткіштердегі мұнай фракциясының көмірсутекте-рінің еруі. Пропан мен гудронды асфальтсіздендіру. Процестің негізгі факторлары, оның принципалды технологиялық кестесі. Гудронды пропанмен асфальтсіздендіру қондырғы-сының технологиялық схемасы. Майларды селективті тазарту. Сұйықпен экстракциялаудағы еріткіштердің таңдамалдылығы. Процесстің теориялық негіздері. Май фракцияларын фенолмен селективті тазартудың технологиялық схемасы. Май фракцияларын фурфурол мен селективті тазартудың технологиялық схемасы. Мұнай қалдықтарын (екі бірдей) қос еріткіш пен тазартудың технологиялық қондырғысы. Мұнайдағы қатты көмірсутектердің кристалдарының структурасы мен құрылысы.

Мұнай өнімдерін парафинсіздендіру. Процесстің теориялық негіздері. Тандамалы еріткіштерді қолдану арқылы парафинсіздендіру қондырғысының принциптік технологиялық схемасы. Карбамидпен парафинсіздендіру. Процесстің физикалық химиялық негіздері, оның негізгі факторлары мен принципиалдық технологиялық схемасы. Жаңа парафинсіздендіру процесстері (микробиология).

Мұнай фракцияларының химиялық әдістермен тазарту теориялық негіздері мен негізгі факторлары. Қышқыл және негіздермен тазарту. Химиялық тазартудың қалдықтары. Негіздермен тазарту. Принциптік технологиялық схемасы. Қышқылмен тазарту. Негізгі факторлар. Мұнай өнімдерінің адсорбциялық тазарту. Процесстің физикалық химиялық негіздері. Адсорбциялық кестесі.

Битум өндіру қондырғысының принциптері, технологиялық схемасы. Тауарлық мұнай өнімдерін даярлау. Мұнай өнімдеріне қойылатын талаптарға және есептеуге байланысты процесстің ерекшелігі. Олардың қасиетін, сапасын оптимизациялау. Битум, парафин, церезин, пласти калық майлағыштарды және басқа да тауарлы мұнай өнімдерін өндіру.

6D072100- Органикалық заттардың химиялық технологиясы

мамандығының докторантураға қабылдау емтиханның сұрақтарының ұсынылған тізімі

1. Мұнай өңдеу өндірісінің дамуының негізгі бағыттары.

2. Г-43-107 қондырғысының ағымдық жүйесі

3. Мұнай қалдықтарын өндеу процестерінің жағдайлары мен келешегі

4. Жай кокстеу процесінің сипаттамасы, ағымдық жүйесі

5. Майлардың тұтқырлық жэне тұтқырлықты - температуралық қасиеттері.

6. Мұнай мен газдың химиялық табиғаты мен көмірсутектік құрамы

7. Гудронды пропанмен асфальтсіздендіру процесінің негізгі факторлары.

8.Асфальтсіздендіру қондырғыларының технологиялық жүйесі мен жұмыс

істеу принципі.

9. ЭСТҚ-АҚ-6 қондырғысының технологиялық схемасы, сипаттамасы

10. Қазақстанда мұнай қалдықтарын терең өңдеудің келешегі

11. Жай кокстеу процессін жетілдіру жолдары

12. Мазутты вакуумды айдау технологиясы, алынатын өнімдер

13. Мұнай мен газды өңдеуге даярлау: жалпы тусініктеме

14. Атырау МӨЗ ағымдық жүйесінің сипаттамасы

15. Мазутты терең өңдеудің құрастырма КТ жүйелері

16. Отын мен майларды өндірудегі еріткіштердің таңдамалылығы. Еріткіштің еріту қабілеті қалай анықталады?

17. Мұнайды айдау түрлері. Азеотропты және экстрактивті ректификация.

18.Парафинсіздендіру қондырғыларының түрлері мен олардың сипаттамасы,
технологиялық жүйесі

19. Парафинсіздендіру қондырғыларының технологиялық жүйесі

20. Мұнай өндеу мен мұнай химия өндірісіндегі экологиялық мәселелер

21. Жоғары сапалы бензин өндіру жолдары

22. Мазутты терең өңдеудің құрастырма КТ жүйелері

23. Мұнай эмулсияларының түрлері, бұзу әдістері

24. Негізбен тазарту процесінің мақсаты мен негізгі факторлары,

технологиялық жүйесі

25. Шымкент МӨЗ ағымдық жүйесі

26. Мұнай қалдықтарын термиялық крекингілеудің келешегі

27. Висбрекинг процесінен шығатын өнім сапасы мен шығымы технологиялық процесс параметрлерінің әсері

28. Мұнайды айдау қисығын тұрғызу, айдаудың материалдық балансын

құрастыру.

29. Г-43-107 құрастырма қондырғысының ағымдық және технологиялық жүйесі

30. Қазақстанда мұнай мен газ өндірудің қалпы және келешегі

31. Жай кокстеу қондырғысын жетілдіру.

32. Инелік кокс өндіру технологиясын жетілдіру

33. Мұнайды ауыр бөлшектерін гидротазалау процессінің сипаттамасы

34. Мұнайдың пайда болуы: қысқаша түсініктеме

35. ЛК-6У кешенді қондырғысының ағымдық жүйесінің сипаттамасы

36. Мұнай қалдықтарын термолиздеудің негізгі заңдылықтары

Әлемдегі отын өндіруші елдер

37. Гидротазалау процесстерінің негізгі параметрлері олардың алынатын өнім сапасына және шығымына әсері

38. Мұнайды бір рет, көп рет және бірте-бірте буландырып айдаудың мәні.

39. Бір рет буландырып айдаудың қисығын тұрғызу әдістері.

40. КТ-1 қондырғысының ағымдық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

41.Флексикокинг процесімен сутек газын өндіру

42.АҚ және АВҚ қондырғыларының негізгі аппараттарын жетілдіру жолдары

43.Сапалы мұнай өнімдерін өндіру процесстері

44.ЭЛТҚ-АВҚ құрама қондырғының схемасы

45. Ауыр мұнай қалдықтарын гидротермиялық процесстермен өңдеу сипаттамасы

46.Мұнайды алғашқы өңдеу қондырғыларын жетілдіру бағыттары сипаты

47.Термиялық крекинг.

48.Висбрекинг және жаңа термиялық процестер

49.КТ-1У құрастырма қондырғысының ағымдық жүйесі сипаттамасы

50.Отын фракцияларын тазарту әдістері мен олардың негізгі мақсаты.

51.Парафинсіздендіру қондырғыларының түрлері мен олардың сипаттамасы,
технологиялық жүйесі 52.Каталитикалық крекинг қондырғылары технологиясының ерекшеліктері

53.Мұнай қалдықтарын кокстеу әдістері, олардың ерекшеліктері

54.КТ-1 құрама қондырғысын ағымдық жүйесі

55.Ауыр мұнай қалдықтарын висбрекинг процессінде өндеу, жетілдіру жолдары

56.Тұтқырлық дегеніміз не? Өлшем бірлігі қандай? Сұйық мұнай өнімдерінің

тұтқырлығы қалай өлшенеді?

57.Тұтқырлыққа температураның әсері қандай?Тұтқырлық индексі, тұтқырлықты-температуралық константа және тұт-құрлықтың температуралық коэффициенті дегеніміз не?

58.Мұнай өнімдерін гидротазалау катализаторларының сипаттамасы

59. МӨЗ отын өндіру бағытындағы ағымдық жүйесі

60.Ректификациялық колонаның төменгі бөлігіне жылу беру әдістері.

61.Буландыру колоналары (құрылысы мен жұмыс істеу жолдары).

62.Риформинг процессінің физика-химиялық негізі

63.Жылуалмастырғыш аппараттар: конденсаторлар және салқындатқыштар

64.Мұнай қалдықтарын гидрокүкіртсіздендіру технологиясы

65.Мұнай майлары, оның қасиетінің шикізат қүрамына байланыстылығы.

66.АҚ және АВҚ қондырғыларының сипаттамасы, оларды жетілдіру

67.Каталитикалық риформинг қондырғысын пайдалану, жетілдіру жолдары

68.Қазақстан МӨЗ мұнай дистиляттарын гидротазалау

69.Каталитикалық крекинг процесі, негізгі аппараттары

70.Мұнай қалдықтарын асфальтсыздандыру және металсыздау әдістері (УНИ, ГрозНИИ)

71.АҚ және АВҚ-дағы колонналар, вакуум түзуші жүйе, пештерді жетілдіру жолдары

72.Каталитикалық риформинг процессінің түрлері, химизмі мен механизмі Цетандық сан дегеніміз не, қалай анықталады? Дизель отындарының цетандық санының мәнін келтіріңдер

73.Дизель индексі дегеніміз не, оның цетандық санмен байланысы қандай?

74.Екі сатылы гидрокрекинг

75.Отын өндірудегі экологиялық мәселелер

76.КТ-1 құрастырма қондырғысының ағымдық жүйесі

77.Риформинг катализаторлары, құрамы, материалдық балансы

78.Мұнайдың элементарлық және топтық құрамы

79.МӨЗ қоршаған ортаны мұнай өнімдері мен ыластаудын қорғау

80.ГК-3 қондырғысының технологиялық жүйесі, алынатын өнімдер

81.Мүнай майларының классификациясы және олардың сапасының негізгі

көрсеткіштері




Ұсынылған әдебиеттер ТІЗІМІ
1. Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. 1-бөлім. Мұнай шикізатының құрлымын өзгертпей өңдеу процестері. Алматы.: Білім, 2001-395 б.

2. Серіков Т.П., Ахметов С.А. Мұнай мен газды терең өңдеу технологиясы.1- 3 томдары; Атырау: Атырау мұнай және газ институтының шығармашы-лық баспа бөлімі.,2005.-318 б.

3. Омаралиев Т.О. «Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы». 2-

бөлім. Мұнай шикізатының құрлымын өзгертіп өңдеу процестері.

Алматы.: Білім, 2001- 225 б.

4. Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайұлданов Қ.Н. Мұнай мен газды өндіріп, өңдеу. Алматы.: Өлке, 2000 – 512 б.

5. Надиров Н.К. Нефть и газ Казахстана. В 2-х частях. Ч-1.-Алматы: Ғылым,

1995.-320 б.

4. Сериков Т. «Перспективные технологии переработки нефти Казахстана»

Алматы.: Ғылым, 2001-276 с.



  1. Рябов В.Д.Химия нефти и газа.- М.: РГУ НиГ им.И.М.Губкина, 2004.- 288с.

  2. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. Уфа.:

Гилем, 2002. – 672 с.

  1. Вержичинская С.В., Дигуров Н.Г., Синицин С.А. Химия и технология

нефти и газа. М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2007. 399 с.

  1. Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного

газа: Учебное пособие для вузов. 2-е изд. М.: Химия, 2001. 586 с.

9. Каминский Э.Ф., Хавкин В.А. Глубокая переработка нефти: технологичес-

кий и экологический аспекты. М.: Техника:ООО«ТУМА ГРУПП»,2001.




10. Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы. т. 1-5. Алматы.:

Ғылым, 2001. – 2000 с.

11.Мановян А.К. Технология переработки природных энергоносителей. М.:

Химия, КолосС, 2004. 456 с.

12. Омаралиев Т.О. Отындарды өндірудің арнайы технологиясы. Алматы.:

Білім, 2002. 386 с.

13. Уильям Л., Переработка нефти.: ЗАО «Олимп Бизнес», 1999.223с.

14. Коршак А.А., Шаммазов Ф.М. Основы нефтегазового дела. Уфа: Дизаин

Полиграф Сервис, 2002.543.

15. Материалы с сайта http://subscribe.ru/catalog/hind.chem.neftegaz .

16. Гуревич И.Л. Технология переработки нефти и газа ч.1. М.: Химия. 1972.-

359с.


17. Смидович Е.В. Технология переработки нефти и газа ч.2. М.: Химия.

1980.-382с.



18. Черножуков Н.И. Технология переработки нефти и газа ч.3. -М.: Химия. 1978.-423с.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет