БАҒдарламасы шымкент, 2011 ж. Қабылдау емтиханның бағдарламасы 6М020500-Филология:қазақ тілі



Дата22.06.2016
өлшемі423.97 Kb.
#153606
түріБағдарламасы
Ф.7.22-17

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Бекітемін

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

______________Ж. Бахов

(қолы, аты-жөні)

« » ______________ 20___ ж.




6D020500 ФилологиЯ

мамандығының Докторантураға қабылдау емтиханның


БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2011 ж.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы 6М020500-Филология:қазақ тілі мамандығының «Фонетика», «Лексикология», «Сөзжасам», «Морфология», «Синтаксис» пәндердің типтік бағдарламалары негізінде құрылған.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған



« 06 » 04 2011__, № _9__ хаттамасы
Кафедра меңгерушісі _________________________ Боранбаев С.Р. (қолы, ғылыми атағы, тегі, аты)

Қабылдау емтиханның бағдарламасы факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған « 15» 04 2011ж., № __8_ хаттамасы

(факультеттің аталуы)

Төрағасы _______________________Г. Жетпісбаева

(аты-жөні, тегі)

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген


ЖООКББО бастығы ________________________Ж. Изтаев

Кіріспе

6D020500-Филология мамандығы бойынша дайындалған докторлар мынадай кәсіби қызметтерді атқара алады: ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық, білім бері-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық. Докторантурада білім алу тек күндізгі оқу формасында жүргізіледі.


1. Пәндердің атауы және олардың негізі бөлімдері

1.1. Фонетика

ДЫБЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Тіл дыбыстарының жасалуы. Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалтқыш күш, онын ырғағы; ауаның жолы, қарқыны, күші, созылыңқылығы. Жаңғырық жасайтын (резонаторлык) қуыс орындар (көмей қуысы, тамақ қуысы, ауыз қуысы).

Ауаның түрлері: үнге айналған (фонациялык) ауа, тон, обертон, тембр. Дыбыстардың физикалық, анатомия-физиологиялык аспектілермен байланысы.

Дыбыстардың артикуляция-акустикалық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері, табиғаты.

Артикуляциялық дағды (артикуляционная база). Артикуляциялық дағдының бір тілде сөйлейтін адамдардың сөздерін не дұрыс, не бұзып айтуына (орфоэпияға) тигізетін әсері; орфографиямен қарым-қатынасы.

Дыбыс және фонема олардың ортақ жактары мен айырмасы. Фонеманың өзіндік қасиеті; фонеманың түрлері (аллофондары); аллофондардың вариант, ариациялык ерекшеліктері. Әріп, алфавит. Әріптің нақтылы фонемаларды таңбалау кезінде негізделетін принциптері.


ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері (артикуляциялык мүшелер); олардың актив, пассив түрлері және атқаратын қызметтері.

Қазақ тілі дыбыстарының кұрамы мен түрлері. Дауысты (вокализм) дыбыстар мен дауысссыз (консонантизм) дыбыстар. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан айырмашылығы.

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР (ВОКАЛИЗМ)

Дауысты фонемалардың кұрамы. Дауысты дыбыстардың жасалуы; олардың әр түрлі артикуляция-акустикалық тұрғыда топтастырылуы (классификациясы): а) жасалу орнына (тілдің қатысына) қарай - жіңішке (тіл алды), жуан (тіл арты) болып белінетін түрлер: қазақтың төл сөздеріндегі дауыстылардың тіл алды - жіңішке, тіл арты - жуан болып бөлінуінің жаңа мағыналы сөз жасаудағы негізгі қызметі (боз-бөз, тұз-түз, ал-әл т.б). а) жасалу жолына (жақтың қатысына) қарай ашық, қысаң болып бөлінуі; б) жасалу тәсіліне (ерін мен езудің катысына) қарай еріндік, езулік болып бөлінуі (бірақ ашық-қысаң, еріндік-езулік болып, жұптаса бөліну әрқашан тұрақты емес екендігі: олардың кейде мейлінше ашық немесе қысаң кейде орташа немесе қысаң болатындығы). Акустикасына қарай дауыстылардың ерекше айқын, көтеріңкі және бәсең, көмескі әрі аралық дыбыстар болып ерекшеліктері, в) үннің ішкі сапасына қарай қазақ тілінің төл дауыстыларының жалаң және дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонгоид дауыстылар: сөз басында «о,ө,е» дыбыстарының сапада, айтылуы «у,и» дауыстыларының (дифтонгоид сапада айтылуы) да кей жағдайда дифтонгоидқа айналуы.

Орыс тілінен енген сөздердегі дауыстылар. Олардың ерекшеліктері. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздердің жазылуындағы ю е (е)» әріптерінің қызметі: г) дауыстылардың сөз ішінде қолданылатын орындары (сөз ішінде орын талғамайтын жәнс талғампаз дауыстылар).

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР (КОНСОНАНТИЗМ)

Дауыссыз фонемалардың құрамы: қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздерден косылған дауыссыздар. Қазақ тілі мен халықаралық сөздерге ортақ дауыссыздар (к, т, с, л, т.б). Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. Дауыссыздардың әр түрлі тұрғыда топтастырылуы (классификациясы). Дауыссыздар:

Жасалу орнына қарай: 1) тіл тобы, 2) ерін тобы болып бөлінетіндігі. Актив, пассив сөйлеу мүшслерінің бір-бірімен карым-катынасына байланысты.

1) тіл тобына жататын дауыссыздар өз ішінен: тіл-тіс, тіл алды, қатты таңдай, тіл үшы - үстіңгі тіс, тіл арты - астыңғы тіс, тіл ортасы - орта таңдай, тіл арты - артқы таңдай сияқты тағы басқа түрлерге бөлінетіндігі.

2) ерін тобына жататын дауыссыздар өз ішінен: ерін мен ерін; ерін мен тіс болып түрленетіндігі.

Жасалу жолына қарай дауыссыздар: а) қабысыңқылар тобы, ә) жуысыңкылар тобы болып бөлінеді.

Жасалу тәсіліне қарай: а) қабысыңкылар тобындағы дауыссыздар өз ішінен (үзілмелі -шұғыл, бүйір, үзілмелі-сүзілмелі, діріл, айналмалы) 5 түрге бөлінетіндігі; ә) жуысыңқылар тобындағы дауыссыздардың жасалу тәсілі әрдайым сүзілмелі болатындығы; б) жуысыңқы сүзілмелі дауыссыздардың акустикасы шулы, ызың сыбысты болып естілетіні.

Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай: а) үнділер тобына және а) үнсіздер тобына бөлінетіндігі, үнділер тобындағылар жасалу жолына қарай ауыз жолды, мұрын жолды болатыны; акустикасына қарай ашық үнді, міңгір үнді болатыны. Үнсіздер тобындағылар үн мен салдырдың қатысына карай қатаң, ұяң болып бөлінеді.

Дауыссыздардың айтылуы: а) қатаң-ұяң болып және ә) тіл ұшының қызметімен байланысты жуан-жіңішке болып сыңар түзуі б) қазақтың төл сөзіндегі дауыссыз дыбыстардың бірде жуан, бірде жіңішке айтылуының (үн-ұн, от-от т.б) фонетикалық мәнінің жоқтығы (тек аллофон болатыны): халықаралық сөздердегі дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуы жаңа ұғымды сөз жасайтындығы (фонетикалық қызмет аткаратындығы). Халықаралық сөздердің жазылуына жуан, жіңішкс дауыссыздардың таңбалану тәсілі.

Дауыссыздар сөз ішінде қолданылуы (сөз шегін дыбыстар тіркесін талғамайтын және талғампаз дауыссыздар).

БУЫН (СИЛЛАБИЗМ)

Буын оның дауысты дыбыстың буын ішінде алып тұрған орнына қарай және буын құрайтын дауыстының акустикасына (жуан, жіңінкс, - бәсең, айқын, күңгірт т.б) қарай бөлінетін түрлері. Қазақтың төл сөздерінің. буын жөніндегі ерекшеліктері. Сөздерді буынға бөлудің жолдары , қажеттілігі. Сөз ішіндегі дыбыстардың орналасуына қарай буынның бөлінетін түрлері.

Сөздердің буын жігі мен морфемалык жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын

жылысуы, буын ығысуы т.б) оның себептері. Буын жігінің ауызекі тілде бөлінуі жазуда бөлінуінің кейде сәйкес келетіні, кейде сәйкес келмейтіні, оның себептері.

ДАУЫС ЫРҒАҒЫ (ИНТОНАЦИЯ)

Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылғаи пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі: дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөз таптарының басқа сөздерден бөлініп үздік-үздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны аркылы топталған фонетикалық бөліктер: сөйлеудің кідірістік, буындык жіктері (фраза, такт немесе синтагмалар).

Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындагы күшті соңғы буын.

Дауыс ырғағының грамматикалық мағыналарды білдірудегі

суперсегменттік қызметі. Дауыс ырғағының түрлері: сөз тіркестері, бірыңғай

мүшелер, айқындауыш мүшелер: төл соз бен автор сөздері сияқты түрлі категориялардың немесе хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің әртүрлі (біркелкі, тұтас, санамалы, көтеріңкі, бәсең, кідірісті т.б.с.с) дауыс ырғақтары.


ЕКПІН (АКЦЕНТУАЦИЯ)

Екпін, оның басты - басты түрлері: ой екпіні (логикалык екпін) және инверсия, көңіл күйі екпіні (эмфазалык скпін), сөз екпіні (словесное ударение) және олардын бір-бірінсн айырмалары. Сөз екпіні, онын түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екиін); лебізді (динамикалық, эксаираторлык) екпін. Лебізді екпіннін күшті лебізді, бәсең лебізді болып белінетіні: тіркес екпіні (фразалык немесе комплекстік); көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері.

Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тияиақсыз: тұрақты, тұрақсыз түрлері. Қазақ тіліндеғі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінінің атқаратын лексика -грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.

ДЫБЫСТАРДЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ

Дыбыс өзгерістерінің басты - басты түрлері: игерулі (комбинаторлык), шектік (позициялык), игерусіз (спонтанды).

Игерулі өзгерістердегі бір дыбыстың екінші дыбысқа тигізетін іргелес (контактное влияние), алшақ (дистактивное влияние), ілгерінді (профессивтік), кейінді (рсірессивтік), тоғыспалы (взаимное) ықпалдар. Дыбыстардың игерулі өзгерістердің сөз ішінде қолданылатын орындары. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері: 1) ассимиляция, оның түрлері: дауыстылардың ассимиляциясы иемесе үндесуі (созвучие гласных немесе сингармонизм), езулік немесе таңдай (палатальды) аттракция мен еріндік (лабиалды) аттракциялар. Дауыссыздардың қиюласуы. Ассимилияция мен сишармонизмнің ортак жақтары және олардың айырмалары. 2) аккомодация дауыстының дауыссызға немесе дауыссыздың дауыстыға әсері); 3) метатеза (сөз ішіндегі дыбыстардың орнын ауыстырып айтылуы); 4) диссимилияция , ұқсатпай өзгерту - расподобление); 5) орынбасар дыбпен алмастыру; б) айтуда дауыссыздарды үнемдеу, түсіріп тастау. Бұлардың кездесетін орындары.

Шектік (позициялық) өзгерістер, олардын игерулі өзгерістерден айырмасы. Шектік өзгерістердің басты-басть, түрлері: үстеліп айтылатын дыбыстар (протеза, эпентеза, эпитеза); дауыстының әлсіреуі редукция оның сандық, сапалық, элизиялық, гаплологиялық түрлері; ұяң дауыссыздардың сөз соңында кідірістің алдында тұрып қатаңдауы.
ИГЕРУСІЗ (СПОНТАНДЫҚ) ӨЗГЕРІСТЕР

Игерусіз өзгерістердің дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері (олардың игерулі өзгерістерден айырмасы, тарихи дэстүрмен байланыстылығы).

ГРАФИКА ЖӘНЕ ОРФОГРАФИЯ

Графика (жазу). Қазіргі алфавиттің құрамы. Қазақ алфаритіндегі әріптер

мен фонемалардың ара қатынасы.

Орфография (емле). Қазақ орфографиясы туралы қысқаша мәлімет: араб әліппесі тұсындағы емле; латын әліппесі тұсындағы емле; қазіргі емле.

Қазіргі кездегі қазақ орфографиясыныи негізгі (морфологиялык,

фонетикалық, тарихи дәстүрлі) принциптері; ол принциптерден ауытқитын

кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің (біріктіріп жазылатын, бөлек жазылатын, сызықша арқылы жазылатын) жазылуы; халықаралык сөздердің жазылуы; косымшалардың түрлері (алты вариант, төрт варианты, үш варианты, екі варианты және вианты жоқ), олардың емле ережесіне катысты.

Орфоэпия. Орфоэпия туралы қысқаша мәлімет. Орфоэпия мен орфография мәселелерінің ара қатысы. Фонетикалық транскрипция. Қазақ орфографиясыныи нормалары.


1.2. МОРФОЛОГИЯ

Сөздердің грамматикалық қасиеттері. Грамматиканың зерттеу объектісі тілдің грамматикалық құрылысы екені туралы. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры тілдің негізі екені. Тілдің сөздік қоры, оның өзіндік белгілері сөздік құрамнан айырмасы, тілдің негізіне жататын себептері, негізгі сөздік қоры жоқ ешбір тілдің болмайтыны.

Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері грамматикалық құрылыссыз ешбір тіл болмайтыны.
Грамматика және оның салалары
Грамматика сөздің сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде қандай тұлғада қалай қолданылатынын және олардың сөйлемді қалай құрастыратынын, яғни сөйлемнің қыры-сырын зерттейтіні. Осымен байланысты грамматиканың морфология мен синтаксис деген екі саласы болатыны туралы.

Морфология сөз, оның сөйлемде қолданылғанда, ойдың байланысына қарай бір-бірімен түрлі тұлғада байланысқа түсетіні. Сөздердің бір-бірімен байланысы үшін сөз тұлғаларын құбылтатын, тілдің қалыптасқан амал-тәсілдерін грамматиканың морфология саласы зерттейді. Сөз тұлғаларының түрленуінің сөз таптарына байланыстылығы.

Синтаксис сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылығын, сөз тіркестерінен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым екендігі.

Морфология мен синтаксис саласының бір-бірімен байланыстылығы. Морфология сөздердің түрлену жүйесін, заңдылығын зерттегенімен, сөздердің түрленген тұлғалары жеке қолданылмай, сөйлем ішінде қолданылып, олардың атқаратын өзіндік қызметі болатыны, ол қызметтің синтаксиске қатысынан морфология мен синтаксистің байланысы шығатыны.

Сөз тұлғаларының өзгерту, түрлену заңдылығы морфологияға қатысты болғанымен, әр сөз тұлғасының қызметі синтаксиссіз мүмкін емес екені. Керісінше, сөз тұлғалары түрленіп, бір-бірімен байланыспай, сөйлем жасалмайтыны. Бұлардың морфология мен синтаксистің тығыз байланысын білдіретіні.
Негізгі грамматикалық ұғымдар
Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы бар және сөйлемде түрлі тұлғада қолданылуына байланысты сөзге қосылатын түрлі мағыналар бар екені. Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы сөйлемге тәуелді болғанымен, оның орны сөздікте ғана деуге болмайтыны, сөздің сөздікте көрсетілетін лексикалық мағынасы сөйлемде де сақталатыны. Сөйлем мағынасының сөздердің лексикалық мағынасының негізінде берілетіні.

Сөздер сөйлемде қолданылғанда, грамматикалық құрылыстың қарамағына түсіп, оның заңдылығына сай түрленіп, оның мағыналарын білдіретіндігі. Оның сөйлемге қатысы. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма туралы түсініктер. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың байланысы. Грамматикалық мағынаның өзіндік белгілері., ерекшеліктері. Грамматикалық форманың белгілері, ерекшеліктері. Грамматикалық мағынаның түрлі тілдердегі әмбебаптық қасиеттері.

Грамматикалық категория, анықтамасы, белгілері, грамматикалық категорияның шарттары. Әр категорияның мағыналық құрамы, көрсеткіштері, жасалу әдістері болатыны. Грамматикалық категорияның мағынасы грамматикалық мағынаға жататыны, ол мағынаны білдіретін тұлғалардың грамматикалық формаға жататыны. Грамматикалық категориялардың сөз таптарына байланыстылығы. Грамматикалық категориялардың қолданылу аясының бір сөз табының құрамында қалып қоймай, кеңею мүмкіндіктері. Сөз таптарының бәрінің де грамматикалық категориялары бола бермейтіні.

Грамматикалық категориялардың туыстас тілдермен туыстас емес тілдермен де әмбебаптық қасиеті.


Сөз таптары

Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқаратын қызмет жағынан түрлілігі. Ғылымда сөз атауының үш үлкен топқа бөлуі: 1.атауыш сөздер, 2. көмекші сөздер, 3. одағай сөздер.Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасына айрылғаны, грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде қолданылуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет атқармауы. Көмекші сөздердің өзара ерекшелігісоған байланысты бірнеше түрге бөлінуі, көмекші сөздердің түрлері. Одағай сөздердің ақиқат өмірдегі зат, құбылыс, оның түрлі белгілерін, қимыл-әрекет білдірмейтіні, сондықтан да оның сөйлемдегі ойды білдіретін сөздердің қатарында қолданылмай, сөйлемнен оқшау қолданылатыны.

Бұл үлкен үш сөздер тобының іштей ерекшелікке толықтығы және әрқайсысының лексика-грамматикалық сипатының да сан алуандығы. Тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың сөз таптарына бөлінетіндігі. Сөздерді сөз таптарына бөлу олардың ұқсатығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері негізінде жасалатыны. Қазақ тілінде А. топтастыру принциптері: лексикалық (семантикалық), грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталатыны. Бұл үш принциптің ішкі мазмұны. Сөз таптарының бәрі бірдей бұл үш белгіге сай келе бермейтіні. Олардың ішінде грамматикалық категориялары жоқ, түрленбейтін сөз таптары болатыны. Одағай түрленбейді, сөйлемде синтаксистік қызмет атқармайды, үстеу мен еліктеу сөздер түрленбейді, бірақ сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Қазақ тілінде негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
Зат есім

Зат есімнің өте ірі, негізгі сөз таптарына жататын, ол тілдегі сөздердің қомақты тобын қамтумен бірге, грамматикалық құрылысы жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өте күрделі сөз табы екені. Зат есім өмірдегі адамды қоршаған заттардың, заттық ұғымдардың, түрлі құбылыстардың, уақиғалардың атын білдіретін сөз табы екендігі. Зат есімнің мағыналық сипаты. Зат есімнің мағыналық жағынан сыр-сипаттының молдығы. Деректі, дерексіз мағыналы зат есімдер, олардың арнайы көрсеткіш арқылы жасалатын қалыптасқан тұрақты үлгісі жоқтығы. Бұл мағыналардың сөздің лексикалық мағынасымен бірге берілетін мағына екені. Бірақ зат есім жасаушы кейбір жұрнақтардың көбіне дерексіз мағыналы зат есім жасайтындарының бары. Зат есімнің жалпы, жалқы мағынасы. Ол мағынаның лексикалық мағынаға қатысы. Жалпы мағыналы зат есімдер, оның өзіндік ерекшелігі. Зат есімнің жалқы мағынасы, оның ішкі топтары, олардың өзіндік ерекшеліктері.

Қазақ тілінде зат есімдердің кім? Не? Сұрақтарына жауап беруіне байланысты үлкен екі топқа бөлінуі. Кім? Сұрағына жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық топтары. Не? Сұрағына жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық тобы: 1) жанды заттардың атаулары; 2) жансыз заттардың атаулары.
Көмекші есімдер

Зат есім атаулының лексикалық мағынада дербес сөз ретінде қолданылатын негізгі тобымен бірге, осындай дербес сөздерге тіркесіп қолданылатын сөз табы бары. Мұндай сөздерге көмекші сөздер жататыны. Көмекші сөздердің мағынасы, оның жалпылығы, толық мағыналы сөздерге тіркесе қолданылып, оған мағына үстеуші тілдік нұсқалардың қызметін атқаруы. Тілдегі белгілі қосымшалардың көмекші есімдерді дербес сөзбен тіркесетін қызметті атқаратыны, оның тұрақтылығы. Қосымшалардың көмекші есімнің дербес сөзге тіркесе қолданылу қызметінің тұрақтылығына, әбден қалыптасқанына байланыстылығы.

Көмекші есімдердің ішкі мағыналық құрамы оның тіркесетін сөздің мағынасына байланыстылығы. Көмекші есім мағынасының зат есімге қатысы, зат есім мағынасына байланыстылығы.

Көмекші есімдердің түрлену қабілеті, ол арқылы шылаулардан ерекшеленетіні. Көмекші есімдердің зат есімдерше түрленуі, зат есім категорияларының қосымшалармен түрленуі.

Көмекші есімдердің түп төркіні туралы қалымдардың пікірі.

Көмекші есімдердің қолданыста кейде дербес сөзсіз жеке тұрып кездесетіні, оның себебі: 1) үстіне кигені, 2) сыртта тұр, 3) үсті-үстіне жатыр, 4) сырттағы адам. Бұлардың өзіндік ерекшеліктері, көмекші есімге жататыны, көмекші есімге жатпайтындары, себебі.


Сын есім

Сын есім заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түрін аумағын білдіретін сөз табы екендігі. Осы ерекшелік оның зат есіммен тіркесте қолданылуын керек ететіні. Сын есімнің өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бары.

Сын есімнің мағыналық жағынан үлкен: екі топқа бөлінетіндігі: сапалық сын есімдер, қатыстық сын есімдер. Сапалық сын есімдер заттың әр алуан белгілерінің сапасын, сипатын, түрі, түсін, аумағы мен салмағын т.б. да сындық белгілерін білдіретіндігі.Сапалық сындардың басым көпшілігі негізгі түбір болғанымен, тарихи жағынан туынды түбірге жататын сын есім сөздер де бар. Сапалық сындардың құрамы өте баяу болса да, толығып отыратындығы. Сапалық сын есімдердің мағыналық жағынан, түрлену жағынан өзіндік ерекшеліктері, белгілері. Қатыстық сын есімдер заттың сан алуан белгілерін басқа заттардың қатысы арқылы білдіретіні. Қатыстық сындардың морфемдік құрамы: негізгі морфема, көмекші морфемадан тұратыны, әрқайсысының атқаратын қызметі. Қатыстық сын есімдердің негізгі сөздердің басқа сөз таптарына қатысы. Қатыстық сын есімдердің сын есімнің категория көрсеткіштерімен түрленбейтін ерекшелігі. Сын есімдердің құрылымына қарай ерекшелігі: жалаң және күрделі түрлері бары. Жалаң сын есімдердің негізгі және туынды түбір сын есім болып бөлінетіні. Күрделі сын есімдердің ең кемі екі сөзден құралатыны, оның ішкі құрамының түрлілігі: 1) көк ала, қара шұбар, қара көк, ал қара көк; 2) ақ көйлекті, қара қалпақты; 3) жібек көйлекті, түлкі тымақты; 4) үлкен-кіші, таулы, таусыз.
Шырай категориясы

Шырай категориясы. Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін сын есімнің шырай категориясы екендігі. Шырай категориясының өзіндік мағынасы, ол мағынаның білдіретін көрсеткіштері бары. Шырай категориясының мағыналық құрамының түрлілігі. Шырай категориясының мағына түрлілігіне морфемдік көрсеткіштерінің сәйкестігі. Соған қарай шырайдың бірнеше түрлері бары. Шырай түрлері топтастыру, жіктеу туралы ғалымдар пікірі. Шырай түрлері: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейткіш шырай, 4) асырмалы шырай. Шырай түрлерінің әрқайсысының мағынасы, жасалу жолдары, әр шырайдың өзіндік тұлғасы. Сын есімнің синтаксистік қызметі.


Сан есім

Сан есім заттың сындық белгісін білдіретін заттық белгісін білдіруі жағынан сын есімге ұқсатығы, соған қарай сын есімнің де зат есіммен тіркестекөбірек қолданылуы. Сан есімнің зат есіммен тіркесінсіз қолдана алатыны. Сан есім сөздердің өзіндік ерекшеліктері, оның басқа сөз таптарына ұқсамайтын жақтары. Сан есімнің өзіндік грамматикалық категориясының жоқ екені, басқа сөз таптарының грамматикалық категорияларымен түрлену қабілеті. Сан есімнің құрылымы. Дара және күрделі сандар. Дара сандардың аз екендігі. Күрделі сандардың жасалу ерекшелігі. Күрделі сандардың көп екендігі.


Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан есімнің мағыналық топтары

Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан есімнің мағыналық топтары. Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше білдіре алатынына қарай, бірнеше мағыналық топқа жіктелетіні: есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан. Сан есімнің мағыналық топтарының әрқайсысының бір-бірінен мағыналық ерекшелігі, жасалу жолдары, зат есіммен тіркесте қолданылуы, түрлену мүмкіндігі.


Есімдік

Есімдік саны жағынан үлкен сөз табына жатпайтыны, бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарынан кем емес екені. Есімдік есімдер тобына жатқанымен, олардың ешбірінің нақтылы мағынасын (заттың атын, сындық белгілерін, санын) мағынаның жалпылығы арқылы сөйлемде білдірмейтіні. Есімдіктің бұл ерекшелігі сөздің сөйлемде қайталану қажеттілігінен құтқаратыны. Есімдіктердің түрленуі, оның қай сөз табының орнына қолданылуына байланыстылығы, есімдікке ғана тән сөз түрлендіруші қосымша, категория жоқ екендігі.


Етістік

Етістіктің сөз таптары ішіндегі ең күрделі сөз табы екендігі. Етістік сөз табының қазақ тіл білімінде зерттелуі. Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлілігі, өз ішінде қозғалыс, амалды білдіретін, өсіп-өну, бағыт-бағдар, көру-сес, мінез-құлық, бейнелеу мәнді, көңіл-күй мәнді, қалып етістіктері т.б. болып бөлінуі. Негізгі түбір етістіктер, туынды түбір етістіктер.

Дара және күрделі етістіктер. Күрделі етістіктер жүйесі, ол туралы қазіргі тіл білімнің жаңа пайымдаулары тең күрделі етістік, құрамды етістік, аналитикалық формалы етістік т.б.

Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрлері. Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы, аналитикалық форманттардың етістіктің грамматикалық категорияларына қатыстылығы.

Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары.

Салттылық және сабақтылық категориясы. Етістік категориясы субъекті мен объекті қимылға қарым-қатынасын білдіретін арнайы грамматикалық формалар жүйесі екендігі. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері. Өздік етіс, білдіретін грамматикалық қимылға қатысты субъект, оның грамматикалық тұлғасы, жасалуы, жұрнақтары. Ортақ етіс, мағынасы, жасалуы, жұрнақтары. Оны басқа сөз тұлғаларынан ажырату. Етістік жұрнақтарының бір сөзде қабаттаса қолданылу ерекшелігі. Етістіктің болымды-болымсыздық категориясы. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі, оның ғылымда танылуы мен зерттелуі, өздік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері. Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны.Модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер. Рай категориясы. Рай-мазмұн жағынан да, форма жағынан да бай грамматикалық категория. Етістіктегі грамматикалық мағынаға қос модальдік мағынаның жарыса көрінуі. Рай түрлері: Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалай рай.

Шақ категориясы. Шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан ерекшелендіретін негізгі грамматикалық категория екендігі. Шақ түрлері: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Шақ түрлері және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар пікірі. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ категориясы.

Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.


Үстеу

Үстеу-сөз табының бірі, оның семантикалық сипаты. Үстеудің қимылдың алуан түрлі күй-жайларын, түрлі белгілерін білдіретіндігін, өз алдына жеке сөз табы екендігін. Үстеу сөз қатарының тілдің түрлі тәсілдері арқылы тарихи қалыптасқаны. Сондықтан басқа да сөздер тобымен төркіндігі морфологиялық құрамы жағынан негізгі түбір, туынды түбір, үстеулер болатындығы. Дара және күрделі үстеулер болып бөлінетіндігі. Үстеулердің арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің жоқ екендігі. Үстеу грамматикалық категориясы жоқ сөз табы. Үстеу сөздердің мағынасына қарай мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, күшейту, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері болып бөлінетіндігі. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы ядәл мерзімін білдіріп, қашан,қашаннан сұрақтарына жауап беретіндігі, мезгіл үстеулердің қатары. Мезгіл үстеулер, олардың құрылысының біркелкі еместігі. Дара және күрделі болып келуі, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны, атқаратын синтаксистік қызметі. Мекен үстеулері, олардың қимылдың орнын, мекенін, бағытын білдіруі,сұрақтары қайда? Қайдан? Мекен үстеуіне жататын сөздер, олардың тұлғалары бірыңғай еместігі. Мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары, оларға жататын үстеу сөздер. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі. Пысықтауыш болуы, үстеулердің әрқашан өздері пысықтайтын сөздерінен бұрын тұратындығы, алайда мезгіл үстеулерінің сөйлемде орын талғамайтындығы. Кей жағдайларда үстеудің бастауыш, толықтауыш, баяндауыш қызметінде жұмсалуы.


Еліктеу сөздер

Еліктеу сөздердің лексикалық және тұлғалық жағынан өзгеше сөз табы екендігі. Еліктеу сөздердің еліктеу және бейнелеуіш сөздерге бөлінетіндігі. Олардың сипаттамасы, қатары, құрамы, еліктеуіш сөздердің сөйлемдегі қызметі. Олардың сөздермен тіркесу қабілеті туралы. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамының буын жігінің, айтылу қалыптасқан, әрі орнықты, әрі жүйелі заңдылықтарының бар екендігі. Еліктеу сөздердің құрылысына қарай дара және күрделі болып бөлінетіндігі. Дара еліктеу сөздердің негізгі және туынды болып бөлінетіндігі. Негізгі еліктеу сөздерге есту, көру арқылы қабылданған табиғат құбылыстары, көрініс бейнелерінің атауларының жататындығы, туынды еліктеу сөздерге жалпы сипаттама. Күрделі еліктеу сөздер.

Негізінен етістіктермен тіркесіп пысықтауыш мүше қызметін атқаратындығы, құранды мүшенің құрамында келіп бастауыш қызметінде қолданылуы. Зат есімдермен тіркесіп анықтауыштық қызметте келетіндігі.
Шылау

Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі. Шылаулардың дәнекерлік қызметінің және атаушы сөздермен тіркесу қабілетінің олардың қалыптасқан грамматикалық мағыналарының сипаттарына қарай жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып бөлінетіндігі.

Жалғаулықтар, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі. Жалғаулықтардың өзара тең дәрежесіндегі бірыңғай сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстыратындығы. Байланыстыру қабілетіне қарай салыстырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар болып бөлінетіндігі. Ыңғайлас, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдар, шарттық, ұштастырғыш жалғаулықтар, олардың қатары, сипаттамамалы. Септеуліктер, олардың өзі қатысты сөздің белгілі тұлғада тұруын талап tntnylu және тіркескен сөздерге себептік, бағыттық, мезгілдік грамматикалық мағыналарды үстейтіндігі. Септеулік шылаулардың жалғаулық шылаулармен қызметтерінің ұқсастығы мен айырмашылығы. Демеуліктер, олардың өздері тіркесетін сөздерге түрлі қосымша реңктер үстейтіндігі. Қосатын реңк мәндеріне сай сұраулық, күшейткіш, болжал, болымсыздық, қомсыну мәнді демеуліктері болып бөлінетіндігі.

Одағай

Одағай лексика-грамматикалық сипаты жағынан адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты ишараттар және төрт түлік малға арнайы айтылатын, сөйлемде басқа сөздермен басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, оқшау қолданылатын сөздер тобы екендігі. Одағайлардың зерттелуі. Одағайлардың түрлері: негізгі одағайлар, туынды одағайлар. Одағайлардың мағынасына қарай бөләнулері: көңіл-күй, ишарат одағайлары. Одағайлардың сөйлемде лепті, сұраулы сөйлемдердің құрамында келетіндігі. Екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы: 1) Көмекші етістіктермен тіркесіп, күрделі мүшенің құрамында келгенде; 2) Түрлі қосымшаларды қабылдау арқылы заттанып барып әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады.


1.3. СИНТАКСИС

Синтаксис морфология тәрізді грамматиканың өзекті саласының бірі. Грек тілінен алынған синтаксис термині о баста сөз бен сөздің бір қосақталу деген ұғымда болғандығы; біріншісі - сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада, екіншісі - тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылғандығы. Ғылым деген мағынада жұмсалғанда, әдетте, грамматика ғылымының морфология тәрізді өзекті саласы ретінде ұғынылатындығы.

Зерттеу обьектісінің сипатына қарай синтаксис ілімі төрт салаға бөлінетіндігі:


  1. Сөз және оның формасының синтаксисі.

  2. Сез тіркесі синтаксисі.

  3. Сөйлем синтаксисі.

Сөйлем синтаксисінің өзі іштей жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі болып бөлінетіндігі.

4. Мәтін синтаксисі.

Сөз және оның формасының синтаксисі белгілі бір тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі сияқты басқа бір сөзді бағындыра алатын қасиеттерін, олардың сөз тіркесі мен сөйлемнің сыңары не мүшесі бола алу мүмкіндіктерін зерттейтіндігі.

Сөз тіркесінің синтаксисі сөздердің тіркесімдік қасиетін, оларды тіркесу қасиеті мен түрлері, сөз тіркесінің құрамын, түрлері қарастыратындығы.

Сөйлемнің синтаксисі сөйлемнің құрылу принциптерін, сөйлемнің құрамын, олардың түр-түрлерін қарастыратындығы.

Мәтін сннтаксисі - тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты екендігі. Ол әртүрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сейлемдердің байланысу заңдылықтары мен қарай қатынастарын зерттейтіндігі.

Сөз тіркесі сөйлем құраудың материалды негізі, ал сейлем кісінің ойын айтудың негізгі формасы екендігі. Синтаксис сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бірімен-бірін қиюластырып тұратын морфологиялық, синтаксистік категория ретінде қарастыратындығы.

Сөз тіркесі мен сөйлем екі түрлі единица екендігі. Сөйлем қарым қатынас жасауды, пікір алысуды қамтамасыз етудің міндетін, ал сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болудың міндетін өтейтіндігі. Сөйлем сөз тіркесінен предикативтілік, коммуникативтілік, модальділік интонациялық қасиеттері арқылы ажыратылатындығы. Сонымен синтаксис сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, үйлесімді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым екендігі.

Синтаксис мәселелерін зерттеу тарихынан мағлұмат.



Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің зерттелу жайы. Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілері. Кез келген сөздердің сөз тіркесін құрай алмайтындығы. Сөз бен сөз тіркесінің ара қатынасы. Сөз тіркесі мен номинативті тіркестің ара қатынасы. Сөз тіркесі мен күрделі сөздің ара қатынасы. Сөз тіркесі мен сөйлемнің ара қатынасы. Сөз тіркесі сөйлем мүшелерінің ара қатынасы. Сөз тіркесімділік және оның мәні.

Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары туралы көзқарастар. Сөйлемдегі сөздердің өзара синтаксистік байланысқа енуінің екі түрлі тәсілі: 1) аналитикалық тәсіл; 2) синтетикалық тәсіл. Аналитикалық тәсіл мен синтетикалық тәсілдің мәні. Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.

Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері туралы.



Есімді тіркестер

Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде зерттелу жайы. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің табиғаты. Зат есімді тіркестер. Сын есім мен зат есімдерден қүралған сөз тіркестері. Есімдіктер мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің номинативті тіркестерге немесе күрделі сөздерге ұласуы.



Матаса байланысқан есімді сөз тіркестер

Матаса байланысқан сөз тіркестерінің зерттелуі. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің табиғаты. Изафеттің екінші, үшінші түрі, ара қатынасы. Изафеттің екінші түрін матасуға немесе қабысуға жатқызу туралы көзқарастар. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңары. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің атаулық тіркестерге ұласуы.


Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестер

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің зерттелуі. Меңгерудің түрлері: Етістікті меңгеру, ортақ меңгеру, есім меңгеру. Есім меңгердің қальштасуы, дамуы және оның ортақ меңгерумен арақатынасы. Есім меңгерудің ерекшеліктері және оның түрлері. Сын есімнің меңгеруі, зат есімнің меңгеруі, модальдық сөздердің меңгеруі т.б.



ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік. Қабыса байланыскдн сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сез тіркестерінің бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай үстелуі, еліктеуіш сөзді, көсемшелі, сын есімді, сан есімді, зат есімді сөз тіркестері болып бөлінетіндігі.



МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Меңгеріле байланысқан етістікті сез тіркестерінің дамуы. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік. Табыс септігіндегі сөздің ашық, жасырын қолданылу себептері. Меңгерудің қабысуға үласуы. Байланысу дәрежесіне қарай берік меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері, әлсіз меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің іштей жалаң берік меңгеру, қосарлы берік меңгеру болып бөлінетіндігі. Сабақты етістіктердің меңгеруі, салт етістіктердің меңгеруі, ара қатынасы, бірінен екіншісіне үласып отыруы. Етістіктердің меңгеруге тигізетін ықпалы. Қазақ тіліндегі меңгеру жүйесі жэне оның өзге түркі тілдерінен ерекшелігі.


ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ СӨЙЛЕМ МҮШЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары. Дара, кұрделі, үйірлі мүшелері, бұларды бір-бірінен ажырату жолдары, белгілері. Атқаратын қызметіне қарай сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз болып екі топқа бөлінетіндігі.



Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Тұрлаулы мүшелер – сөйлем құраудың негізі.



Бастауыш. Бастауыштың мағыналық, тулғалық белгілері. Бастауыш болатын сөз таптары. Бастауыштьщ құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінетіндігі. Кұрделі бастауыштың жасалу жолдары. Үйірлі бастауыштар, өзіқцік ерекшеліктері.

Баяндауыш. Баяндауыш туралы жалпы түсінік. Баяндауыштың қазақ тілінде зерттелуі. Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны. Баяндауыш болатын сөз таптары. Қандай сөз табынан болатындығына қарай есім баяндауыштар және етістік баяндауыштар болып бөлінетіндігі және олардың бір-бірінен ерекшеліктері. Етістік баяндауыштар. Етістіктен болған дара баяндауыштар. Етістіктен болған күрделі баяндауыштар, олардың жасалу жолдары. Күрделі баяндауыштардың қимыл кезеңдерін білдіруі. Есім баяндауыштар. Есім баяндауыштар туралы жалпы түсінік. Есім баяндауыштардың қалыптасуы мен дамуы. Зат есімдерден болған баяндауыштар. Сапалық есімдерден сын есім, сан есім болған баяндауыштар. Модальдық сөздерден болған баяндауыштар. Есімдерден болған күрделі баяндауыштар және олардың жасалу жолдары. Құрама баявдауыштар. Құрамы баяндауыштардың жасалу жолдары. Құрама баяндауыштардың есім баяндауыштарға ұласуы.

Баяндауыш пен бастауыштың қиысуы. Жалпы түсінік. Жат қиысу, сандық қиысу. Бастауыш пен баяндауыштың қиыспайтын түрлері. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшалар және олардың мәні мен атқаратын синтаксистік қызметі.


Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
Анықтауыш. Анықтауыштың жалпы сипаттамасы. Анықтауыш болатын сөз таптары. Анықтауыштың анықталушы сөзбен қабыса және матаса байланысуы. Сын есімдер мен сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштар. Сан есімдерден болған анықтауыштар. Есімшелеп болған анықтауыштар. Зат есімдерден болған анықтауыштар. Құрылысына қарай анықтауыштың дара және күрделі болып бөлінетіндігі. Күрделі анықтауыштың үйірлі анықтауыштан ерекшелігі. Күрделі анықтауыштың жасалу жолдары.

Толықтауыш. Жалпы түсінік. Толықтауыш тұлғалық және мағыналық белгілері. Толықтауыш болатын сөз таптары. Мағынасына синтаксистік қызметіне және түлғасына қарай толықтауыштың тура және жанама болып бөлінетіндігі жэне өзіндік ерекшеліктері.

Тура толықтауыш. Тура толықтауыштың табиғаты. Тура толықтауыштың табыс септік жалғаулы түрінде, сондай-ақ табыс септігі жалғаусыз түрінде қолданылуы және ол туралы көзқарастар. Тура толықтауыштың септік жалғаулы түрінде қолданылатын реттері.

Жанама толықтауыш. Жалпы түсінік. Тұлғалық жағынан толықтауыш болатын кейбір сөздердің магыналық жағынан пысықтауышқа жататындыңғы. Жанама толықтауыштың мағыналары. Барыс септікті толықтауыштар. Шығыс септікті толықтауыштар. Жатыс септікті толықтауыштар. Көмектес септікті толықтауыштар. Дара және күрделі толықтауыштар. Үйірлі толықтауыштар. Күрделі толықтауыштардың жасалу жолдары. Толықтауыш пен толықталу сөздердің арасындағы синтаксистік байланыстың түрлері.

Пысықтауыш. Пысықтауыш туралы жалпы түсінік. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер. Пысықтауыш мағынасына қарай бөлінуі: мезгіл, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыштар және олардың жасалу жолдары. Дара, күрделі және үйірлі пысықтауыштар. Күрделі пысықтауыштардың жасалу жолдары. Пысықтауыш пен пысықталушы сөздердің арасындағы синтаксистік байланыс.
Жай сөйлемнің күрделену жолдары.

Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы күрделенуі.

Бірыңғай мүше туралы жалпы түсінік. Бірыңғай мүшелердің өзіндік белгілері. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулықтар. Бірыңғай

тұрлаулы мүшелер. Бірыңғай тұрлаусыз мүшелер. Бірыңғай мүшелермен байланысты айтылатын жалпылауыш сөздер және оларға байланысты айтылатын тыныс белгілері.



Үйірлі мүше. Үйірлі мүшенің жалпы сипаттамасы. Үйірлі мүше туралы түркологиядағы және қазақ тіл біліміндегі көзкарастар. Үйірлі мүшенің өзіндік белгілері. Оның жай сөйлем мен күрделі мүшеге ұқсастық жақтары және олардан айырмашылығы. Үйірлі мүшелердің жасалу жолдары. Үйірлі сөйлем мүшелері туралы.

Айқындауыш. Жалпы түсінік. Айқындауыш мүшенің аткаратын қызметі, тұлғалық белгісі, сөйлемдегі орны, интонациясы. Айқындауыштардың құрылысына қарай қосалқы, қосарлы, оңашаланған айқындауыш болып бөлінетіндігі. Бұлардың бір-бірінен өзгешеліктері, тыныс белгілері.

ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ОҚШАУ СӨЗДЕР АРҚЫЛЫ КҮРДЕЛЕНУІ

Оқшау сөздер туралы жалпы түсінік. Қыстырма сөздер. Қыстырма сөздердің құрамы. Дара, күрделі қыстырма сөздер. Қыстырма сөздер мен қыстырма сөз тіркестерінің мағыналарына қарай топтастырылуы. Қыстырма сөйлемдер және оның жай сөйлемге ұқсастық жағы мен өзгешелік жағы. Қыстырма сөздердің тыныс белгілері.



Одағай. Одағайдың мағыналық, тұлғалық белгілері. Мағыналарына қарай бөлінуі. Одағайға тән интонациялар, тыныс белгілері.

Қаратпа сөздер. Жалпы мағлұмат. Қаратпа сөздің құрамы. Қаратпа сөздің қалыпты тілде және көркем әдебиетте қолданылуы. Қаратпалардың сөйлемдегі орны. Қаратпа сөздердің тыныс белгілері. Модальдық сөздердің кейде оқшау сөздер мәнінде қолданылуы, тыныс белгілері.

СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ ОРЫН ТӘРТІБІ

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Оның синтаксистік және стилистикалық мәні. Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі мен инверциялық түрі. Логикалық екпін түскен сөздердің сөйлемдегі орны. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі және оның қызметі. Бастауыштың сөйлемдегі орны. Толықтауыштың сөйлемдегі орны. Анықтауыштың сөйлемдегі орны. Пысықтауыштың сөйлемдегі орны.



СӨЙЛЕМНІҢТҮРЛЕРІ

Айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінуі.



Хабарлы сөйлем. Хабарлы сөйлем туралы түсінік. Хабарлы сөйлемге тән интонация. Хабарлы сөйлемнің құрылысы.

Сұраулы сөйлем. Жалпы түсінік. Сұраулы сөйлемдердің түрлері. Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Альтернатив сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Жоғарыда аталған сөйлемдердің жасалу жолдары.

Бұйрықты сөйлемдер. Жалпы түсінік. Бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары. Бұйрықты сөйлемдерге тән интонация. Бұйрықты сөйлемнің түрлері.

Лепті сөйлем туралы түсінік. Лепті сөйлемнің түрлері. Құрамы жағынан бейімделген лепті сөйлемдер. Баяндауыш мүшенің формасы арқылы қалыптасқан лепті сөйлемдер. Реплика ретіндегі лепті сөйлемдер. Ренішті, сесті білдіретін лепті сойлемдер.

ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИПТЕРІ

Жақты сөйлемнің сипаттамасы. Белгісіз жақіы және жалпылама жақты сөйлемдер. Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарының жасалуы. Баяндауышы етістіктің жекеше 3-жағында тұратын белгісіз жақты сөйлемдер.

Жақсыз сөйлем туралы жалпы түсінік. Жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдары. Күрделі баяндауыш қүрамына бол көмекші етістігінің қатысуы арқылы жасалған жақсыз сөйлемдер. Күрделі баяндауышы –У тұлғалы тұйық етістік пен керек сөзінің тіркесінен жасалған жақсыз сөйлем. Күрделі баяндауышы барыс септігіндегі тұйық етістікке тура келу сөздерінің 3-жағы тіркесіп жасалған жақсыз сөйлемдер. Күрделі баяндауышы -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары қалау рай арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер. Күрделі баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалған жақсыз сөйлемдер.

Жалаң, жайылма сөйлемдер. Олардың белгілері, ара қатынасы.

Толымды, толымсыз сөйлемдер. Жалпы түсінік. Толымды, толымсыз сөйлемдердің ара қатынасы, ерекшеліктері. Толымсыз сөйлемдердің қолданылатын орындары.

Атаулы сөйлем туралы түсінік. Атаулы сөйлемнің құрылымы. Атаулы сөйлемнің мағыналық түрлері.

Бір мүшелі сөйлем туралы. Бір мүшелі сөйлемнің табиғаты. Бір мүшелі сөйлемнің белгісіз, жакты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз және атаулы сөйлемдермен ара қатынасы, өзіндік ерекшеліктері.


  1. 6М020500 – Филология:қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі

  1. Тіл дыбыстарының жасалуы. Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалтқыш күш, оның ырғағы.

  2. Дыбыстардың физикалық, анатомия-физиологиялық аспектілермен байланысы.

  3. Дыбыстардың артикуляция – акустикалық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері, табиғаты.

  4. Дыбыс және фонема олардың ортақ жақтары мен айырмасы.

  5. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары.

  6. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері.

  7. Тілдің қатысына қарай дауыстардың жіктелуі.

  8. Дауысты дыбыстарды жасалудағы жақтың қатысы.

  9. Қазақ тіліндегі буындардың ерекшелігі.

  10. Екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметі.

  11. Графика (жазу). Қазіргі алфавиттің құрамы. Қазақ алфавитіндегі әріптер мен фонемалардың ара қатынасы.

  12. Буын, оның дауысты дыбыстың буын ішінде алатын орнына қарай бөлінетін және буын құрайтын дауыстының акустикасына (жуан, жіңішке, көтеріңкі, бәсең, айқын, күңгірт) қарай бөлінетін түрлері.

  13. Дауысты фонемалардың құрамы. Дауысты дыбыстардың жасалуы, олардың әр түрлі артикуляция-акустикалық тұрғыда топтастырылуы.

  14. Қазақтың төл сөздерінің буын жөніндегі ерекшеліктері. Сөздерді буынға бөлудің жолдары. Сөз ішіндегі дыбыстардың арналасуына қарай буынның бөлінетін түрлері.

  15. Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері (артикуляциялық мүшелер); олардың актив, пассив түрлері және атқаратын қызметтері.

  16. Әріп, алфавит. Әріптің нақтылы фонемаларды таңбалау кезінде негізделетін принциптері.

  17. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінінің атқаратын лексика-грамматикалық қызметтері.

  18. Сөздердің буын жігі мен мофемалық жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын жылысуы, буын ағысуы) оның себептері.

  19. Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи дәстүрлі) принциптері; ал принциптерден ауытқытын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы.

  20. Дауыссыздардың қиюласуы. Ассимиляция мен сингармонизмнің ортақ жақтары және олардың айырмалары.

  21. Кідірістің (пауза) дауыс ырғағымен байланысы. Дауыс ырғағығының суперсегменттік қызметі. Дауыс ырғағының түрлері.

  22. Дауыссыз дыбыстардың табиғаты. Қосарлы дауыссыздар, олардың емлесі. Африкат дыбыстар.

  23. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.

  24. Семасиология. Сөз және мағына. Сөз мағынасының түрлері. Сөздің лексикалық мағынасының түрлері. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері.

  25. Сөздің негізгі және туынды мағыналары, тура және ауыспалы мағыналары, нақты және дерексі, мағыналары, еркін және фразеологиялық байлаулы мағыналары.

  26. Сөздің көп мағыналылығы, олардың пайда болу жолдары: метафора, метонимия, синендоха.

  27. Лексикалық омонимдер, олардың көп мағынасы сөздерден айырмашылығы.

  28. Туынды сөздердің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалуы, туынды сөзінің тілде пайда болуы, қоғамдағы жаңалыққа байланыстылығы.

  29. Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.

  30. Сөздік құрамының тарихи арналары.

  31. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Бейтарап лексика. Сөйлеу тілінің лексикасы. Кітаби лексика. Экспрессивті – эмоционалды лексика.

  32. Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты.

  33. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер. Неологизмдерде жиі кездесетін лексикалық салалар.

  34. Этимологияның ғылыми және халықтық болып бөлінетін түрлері.

  35. Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары.

  36. Қазіргі қазақ тіліндегі көнерген сөздер. Олардың архаизмдер және тарихи сөздер (историзмдер) болып бөлінетіндегі.

  37. Лексикалық табу және эфемизмдер, олардың пайда болу жолдары.

  38. Тұрақты тіркестердің басты белгілері. Еркін және тұрақты сөз тіркестері. Тұрақты тіркестердің жеке сөздерге ұқсастығы және олардан айырмашылығы.

  39. Тұрақты тіркестердің түрлері: фразеологиялық тұтастық (идиома), фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемше, фразеологизмдердің стилистикалық қызметі және олардың зерттелу жайы.

  40. Этимологяның лексикология ғылымы үшін мәні. Этимологяның негізгі объектісі, зерттеу әдістері, өзіндік ерекшеліктері мен принциптері.

  41. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып, даму жолдары. Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдерінің қызметі. Сөздік құрамның толығу жолдарының зерттелу жайы.

  42. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы, олардың көп мағыналығы.

  43. Көнерген сөздердің стилистикалық қызметі. Актив және пассив сөздердің зерттелу жайы.

  44. Омонимдердің түрлері: толық омонимдер, туынды омонимдер, сөз қолдану процесінде пайда болып отыратын омоформалар, омографтар, паронимдер.

  45. Фразеологиялық синонимдер, антонимдер, варианттар. Тұрақты тіркестердің арналары.

  46. Омонимдердің стилистикалық мәні, зерттелу жолы, сөз варианттары.

  47. Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы.

  48. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.

  49. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы.

  50. Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы.

  51. Сөз жасамдық тәсілдер - сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары.

  52. Сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалуы.

  53. Туынды сөздердің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалуы, туынды сөзінің тілде пайда болуы, қоғамдағы жаңалыққа байланыстылығы.

  54. Сөзжасамдық ұяның құрымы, оған сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық жұптардың жабуы. Сөзжасамдық өнімді, өнімсіз ұялар.

  55. Сөз таптарының сөзжасамы.

  56. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы (морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ)

  57. Сын есімдердің құрылымына қарай ерекшелігі: жалаң және күрделі түрлері.

  58. Зат есімнің қосарлану тәсіл арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрінің жасалуы.

  59. Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі.

  60. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы.

  61. Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарын, етістіктің өзінің негіз болуы.

  62. Сын есім сөзжасамы (сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасауы).

  63. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы (үстеудің сөзжасамы). Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеудің түрлері.

  64. Аналитикалық тәсіл арқылы құранды етістіктің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің сыңарларының беретін шағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны.

  65. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы.

  66. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасамдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер.

  67. Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы.

  68. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын алуы, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары.

  69. Етістіктің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Етістіктің сөзжасам жүйесінде бұл тәсілдің үлкен орын алуы, етістіктің туынды түбір етістіктерге байланыстылығы.

  70. Есім сөздердің сөзжасамы (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеудің сөзжасамдарына жеке-жеке тоқталу).

  71. Сөзжасамдық талдаудың негізгі нысаны сөзжасамдық бірліктер, олардың сөздің мағынасын жасаудағы қызметі.

  72. Біріккен сөздер сөзжасамының аналитикалық тәсіл арқылы, оның ішінде сөзқосым түрі арқылы жасалуы. Біріккен сөздің емлесі, оған қатысты қайшылықтар.

  73. Тілдік сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік құбылыспен оны жүзеге асыратын сөзжасамдық заңдылықтар мен амал-тәсілдер.

  74. Синтетикалық тәсілдің сан есім жасауға қатысы, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы қазақ тіл біліміндегі түрлі көзқарастар.

  75. Зат есімнің тәуелдік категориясы.

  76. Грамматика және оның салалары.

  77. Зат есімнің жіктелуі.

  78. Зат есімнің құрылымы.

  79. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі.

  80. Сын есімдердің құрылымына қарай ерекшелігі: жалаң және күрделі түрлері.

  81. Зат есімнің қосарлану тәсіл арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрінің жасалуы.

  82. Етістіктің негізгі грамматикалық категориялары.

  83. Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрлері.

  84. Сан есімнің құрылымы. Дара және күрделі сан есімдер.

  85. Етістіктің рай категориясы.

  86. Сан есім сөздердің өзіндік ерекшеліктері.

  87. Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары. Салттылық және сабақтылық категориясы. Салт, сабақтылық мәннің етістіктің мағынасына, объект пен субъектіге қатыстылығы.

  88. Үстеу – сөз табының бірі, оның семантикалық сипаты.Үстеудің қимылдың алуан түрлі күй – жайларын,түрлі белгілерін білдіретін, өз алдына жеке сөз табы.

  89. Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі.Шылау сөздердің әуелгі дербестігінен айырылған көмекші сөздер ретіндегі қызметі.

  90. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы, өзіндік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері, берілу тәсілдері.

  91. Одағайдың сөз табы ретіндегі ерекшелігі. Одағайдың құрылымы. Одағайдың мағыналық түрлері. Одағайдың сөйлемдегі қызметі.

  92. Кіріккен сөздердің көне құбылыс болып саналуы, оның ерекшеліктері мен біріккен сөздердің ерекшеліктері. Бұлардың түрлі сөз табына қатысы, сөздік қордан алатын орны.

  93. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары.

  94. Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты. Есімдіктің мағыналық түрлері, ерекшеліктері, олардың түрленуі, сөйлемдегі қызметі, есімдікке ауысқан сөздер (проминалдану).

  95. Көсемше, білдіретін мағынасы, негізгі және жанама қимылды білдіруі, жасалуы. Көсемшенің жіктелуі, сөйлемде атқаратын қызметі.

  96. Сан есімнің лексикалық және грамматикалық сипаты. Сан есімнің мағыналық топтары, олардың сұрақтары, қатары, жасалуы, сөйлемдегі қызметі.

  97. Қос сөздердің анықтамасы, жасалу жолы, құрамы, сөз таптарына қатысы, сөздікте берілуі. Қос сөздердің құрамындағы сыңарларға қатысты заңдылық, қос сөздердің түрлері.

  98. Еліктеу сөздерге жататын сөздер. Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеу сөздердің құрамы, басқа сөздермен тіркесуі. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі.

  99. Тұйық етістік, білдіретін мағынасы. Тұйық етістіктің шақ категориясына қатыстылығы. Тұйық етістіктің қолданылу ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі.

  100. Етістер, етістің түрлері, етістердің білдіретін мағыналары, әрқайсысының жасалу ерекшелігі. Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылуы.

  101. Сөз тіркесінің зерттелу жайы. Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілері.

  102. Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері.

  103. Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері.

  104. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жеке түрлері оның бағыныңқы компоненттері арқылы ажыратылуы. Бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы.

  105. Жай сөйлем синтаксисі. Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары.

  106. Дара, күрделі, үйілі мүшелері, бұларды бір-бірінен ажырату жолдары мен белгілері.

  107. Тұрлаулы мүшелер – сөйлем құраудың негізі.

  108. Етістікті сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесінің барыныңқы сыңардың ыңғайына қарай үстеулі, еліктеуішсөзді көсемшенің сын есімі, сан есімі, зат есімі тіркестер жіктелуі.

  109. Айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінуі.

  110. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

  111. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің дамуы. Етістіктердің меңгеруге тигізетін ықпалы.

  112. Жақты сөйлемнің сипаттамасы. Белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер. Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарының жасалуы.

  113. Бастауыштың мағыналық, тұлғалық белгілері. Бастауыш болатын сөз таптары. Бастауыштың құрамына қарай дара, күрделі болып жіктелуі.

  114. Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны. Баяндауыш болатын сөз таптары. Баяндауыштың қазақ тіл біліміне зерттелуі.

  115. Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік айырылым белгілері. Оның жасалу жолдарына қарай түрлері (жалғаулықты салалас, жалғаулықсыз салалас сөйлемдер)

  116. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерініңграмматикалық табиғаты. Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері, оның салалас сөйлемнен негізгі айырмашылығы.

  117. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер. Пысықтауыштың мағынасына қарай бөлінуі және олардың жасалу жолдары. Дара, күрделі және үйірлі пысықтауыштар.

  118. Толымды, толымсыз сөйлемдердің ара қатынасы, ерекшеліктері. Толымсыз сөйлемдердің қолданылатын орындары.

  119. Үйірлі мүшенің жай сөйлем мен күрделі мүшеге ұқсастық жақтары және олардың айырмашылығы. Үйірлі мүшелердің жасалу жолдары. Үйірлі сөйлем мүшелері.

  120. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Оның синтаксистік және стилистикалық мәні. Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі мен инверциялық түрі.

  121. Анықтауыш болатын сөз таптары. Анықтауыштың анықталушы сөзбен қабыса және матаса байланысуы. Күрделі анықтауыштың үбірлі анықтауыштан ерекшелігі.

  122. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі.

123. Айқындауыш мүшенің атқаратын қызметі, тұлғалық белгісі, сөйлемдегі орны, интонациясы. Айқындауыштардың құрылысына қарай жіктелуі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиеттер

1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері., А,1993 ж.

2.Жұбанов Қ. Қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер. А.,1999ж.

3.Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің дамуы мен қалыптауы. А., 1997 ж.

4.Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А.,1999 ж.

5.Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. М.,1969 г.

6.Мырзабеков Д,Дыбыстар жүйесі. А., 1999 ж.

7.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 2007 ж.

8.Оралбаева Н. Сөзжасам. А.,2002ж.

9.Қордабаев Т.Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995ж.

10.Сайрамбаев Т.Брлақаев М. Қазіргі қазақ тілі А., 1997ж.

Қосымша әдебиеттер:

1.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А.,1999 ж.

2. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. А.,1987 ж..

3. Қордабаев Т. Түркология және тіл білімі. А., 1998 ж.

4. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселесі. А.,1995 ж.



5. Баранникова Л.И. Введение в языкознание. Саратов., 1973г.

6. Реформатский Ю.В. Введение в языковедение. М.,1996 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет