Тұлғаның дивиантты мінез-құлығы дегеніміз не?



бет1/7
Дата12.04.2023
өлшемі35.31 Kb.
#472163
  1   2   3   4   5   6   7
Т л аны дивиантты мінез- лы ы дегеніміз не


  1. Тұлғаның дивиантты мінез-құлығы дегеніміз не?

Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды
те дін мәселелеріне қызыққан, алайда көбінесе сыни көзқарас тұрғысынан қараған.

  1. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы нені зерттейді?

Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының обьектісі - бұл адамдардың нақты әрекеті, шын мәніндегі мінез-құлқы, ол санада пайда болатын білім, тұжырым, құндылықтық қасиеттер ретінде бой көрсетеді. Ғылымның пәнін зерттелетін саладағы оьбектінің байланыстары, қатынастары құрайды. Девианттық мінез- құлық әлеуметтануының пәні әлеуметтік нормалардан ауытқитын адамдардың мінез-құлқы, олардың даму жағдайлары, нақты ауытқыған міне-құлықтың жүзеге асырылуы. Сондай-ақ зерттеу пәніне девианттық мінез-құлықты қалыптастыратын және дамытатын әлеуметтік факторладың өзара әрекеттесу тетігін де жатқызуға болады. Мұнда пәннің әлеуметтанулық талдауын теориялық-әдістемелік деңгейдегі сияқты ( әлеуметтік мінез- құлық факторларын тереңдете анықтайтын деңгей), эмпирикалық деңгейде де (жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқына ықпал ететін тікелей бақыланатын эмпирикалық түбегейлілікке куә болатын әлеуметтік факторларды қарастыратын деңгей) жүзеге асыруға болады. Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының пәні - оның пайда болуына ықпал ететін факторларды анықтай отырып, әлеуметтік патологияға, оның түрлеріне анықтама беру болып табылады. Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының міндеттері арнайы әлеуметтанулық теория ретінде: • Қазіргі қоғам нормаларынан, олардың таралу ауқымынан, олардың әрекеттерінің тікелей салдарынан әлеуметтік ауытқу сипатын табу; • жағымсыз әлеуметтік ауытқудың болу себептерін ашу; • ауытқыған мінез-құлықтың алдын алу және жоюға бағытталған түрлі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдық, моральдық және тәрбиелік шаралардың тиімділігін талдау; • теріс құбылыстарды жою, сол немесе басқа норма бұзушылықтың таралу және шиеленісуі мүмкін болуы туралы қоғамды алдын-ала ескерту жөніндегі қызметтін нәтижелерін саралау болып табылады. Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының міндеттері арнайы әлеуметтанулық теория ретінде: • Қазіргі қоғам нормаларынан, олардың таралу ауқымынан, олардың әрекеттерінің тікелей салдарынан әлеуметтік ауытқу сипатын табу;
• жағымсыз әлеуметтік ауытқудың болу себептерін ашу; • ауытқыған мінез-құлықтың алдын алу және жоюға бағытталған түрлі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдық, моральдық және тәрбиелік шаралардың тиімділігін талдау;
• теріс құбылыстарды жою, сол немесе басқа норма бұзушылықтың таралу және шиеленісуі мүмкін болуы туралы қоғамды алдын-ала ескерту жөніндегі қызметтің нәтижелерін саралау болып табылады. Сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік - нормалардан ауытқудың түрлерін зерттеу де осы девианттық мінез-құлық әлеуметтануының міндеттерінің бастысы. Ауытқаған мінез-құлық аясында белгілі бір қоғамда адамдардың қызметі мен өмір сүру салтында іс жүзінде қалыптасқан және ресми белгіленген әлеуметтік нормаларды бұзатын мінез құлықтық акт ұсынылады. Мұндай мінез-құлық заңдық және қоғамдық санкцияларға алып келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет