БАҒдарламасы шымкент, 2011 ж. Қабылдау емтиханның бағдарламасы пәндердің Педагогика, педагогик а тарихы



Дата23.02.2016
өлшемі212.62 Kb.
#8367
түріБағдарламасы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

«Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасы




«Бекітемін»

ҒЖжХБ жөніндегі проректор


_________________ Бахов Ж.К.
« » ______________ 2011 ж.

6М010300 – Педагогика және психология мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның


БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2011 ж.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы пәндердің (Педагогика, педагогика тарихы, этнопедагогика, психология) типтік бағдарламалары негізінде құрылыған

Қабылдау емтиханның бағдарламасы «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының мәжілісінде талқыланған



« » 2011__, № ___ хаттамасы
Кафедраның меңгерушісі

п.ғ.д., профессор А.А.Қалыбекова


Қабылдау емтиханның бағдарламасы педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақулданған «___»______________ 2011___ж., № ___ хаттамасы

Төрағасы _______________________ Садыкулова С.С.


Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген
ЖООКББО бастығы ________________________Ж.Изтаев

Магистратураға кіру емтиханының міндеті - ізденушілердің кәсіптік-педаогикалық дайындық дәрежесін тексеру.

Ізденушілер сұрақтарға жауап бергенде мәселеге терең және саналы түрде төмендегі мәселелерді ескере отырып жанасулары қажет.

1.Халыққа білім беруді жетілдіру міндеттерін, оқыту және тәрбие мәселелерін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы тұрғысынан түсіну, білім беру саласына тиісті негізгі мемлекеттік құжаттарды білу.

2.Берілген сұрақтарды теориялық-педагогикалық, психологиялық және әдіснамалық тұрғыдан қарастыру.

3.Теориялық қағидаларды қазіргі күнпрактикасы тұрғысынан, жеке педагогикалық іс-тәжірибеге негізделе отырып дәлелдеу.


Бағдарлама мазмұны

1-бөлім

Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері

1-тақырып. Қазіргі заманғы педагогика ғылымы. Оның практикамен байланысы.

Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым. Тәрбиенің тарихилық және сыныптық сипаты, оның қоғам дамуының қазіргі кезеңдегі көрінісі. Педагогика пәнінің предметі, оның негізгі ұғымдары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс), олардың өзара байланысы.

Педагогика пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі күнгі педагогиканың негізгі әдіснамалық қағидалары. Жеке тұлға теориясы. Тұтас педагогикалық процесс теориясы.

Педагогика курсының құрылымы. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.



2-тақырып. Тұтас педагогикалық процесс педагогика пәнінің предметі және мұғалім іс-әрекетінің объекті ретінде.

Педагогика пәнінің предметі және мұғалім іс-әрекеттің субъекті екендігіне тарихи шолу. Педагогикалық процестің мәні, компоненттері. Педагогикалық процестің қозғаушы күштері.

Іс-әрекет педагогикалық процесс қызметінің құралы ретінде. Іс-әрекеттің негізгі түрлері (еңбек, оқу, ойын). Педагогикалық процеске жетекшілік ету.

3-тақырып. Тәрбиенің ролі. Оның әлеуметтік негізі. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихында тәрбие мақсаттары мәселесі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары және жастарды өз бетінше өмір сүруге дайындау. Тұлғаның шығармашылық потенциалы және тәрбие мақсаттары. Тұлғаны жан-жақты, үйлесімді тәрбиелеу жайлы түсінік.

4-тақырып. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыру. Тұлға - әлеуметтік құбылыс ретінде. Тұлға дамуы, оның қозғаушы күштері, заңдылықтары. Тұлғаны қалыптастыру жайлы түсінік. Тәрбие жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруда жетекшілік фактор ретінде. Қоршаған орта жеке тұлғаны дамыту факторы ретінде.

Балалардың жас ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде ескеру. Қоғам дамуының қазіргі кезеңін де жеке тұлғаны қалыптастыру ерекшеліктері.


2-бөлім

5-тақырып. Тәрбие процесінің мәні, оның мақсаты мен мазмұны.

Тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. Тұлғаның жан-жақтылығы оның дамуының мазмұндық сипаттамасы ретінде, дүниетаным тұлғаның өз-өзіне, адамдарға, дүниеге деген көзқарастарының жиынтығы ретінде. Тәрбиелілік түрлері:

А) тұлғаның ақыл-ой мәдениеті, оның мәні;

Ә) адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру;

Б) еңбекке дайындығын қалыптастыру, саналы түрде кәсіп таңдай алуға дайындау;

В) қоғам идеологиясының көрінісі жағдайында тұлғаның саяси, құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

Г) оқушылардың эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу. Эстетикалық мәдениеттің мәні, міндеттері және мазмұны;

Д) оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу;

Дене тәрбиесінің міндеттері және мазмұны, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу.

6-тақырып. Тәрбиенің заңдылықтары және қағидалары.

Тәрбие жұмыстарына қойылатын талаптар жайлы мемлекеттік құжаттар.

Тәрбиенің заңдылықтары: тәрбиенің қоғам қажеттіліктері мен жағдайларына байланыстылығы.

Тәрбие қағидалары тәрбие процесі заңдылықтарының бейнеленуі ретінде. Тәрбиенің негізгі қағидалары.

Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие қағидаларының бірлігі және өзара байланыстылығы.

7-тақырып. Тәрбие формалары, әдістері және құралдары жүйесі.

Тәрбие формалары, әдістері және құралдары жайлы жалпы түсінік, олардың өзара байланысы. Тәрбие әдістерін жіктеуге түрлі жанасулар. Оқыту және тәрбие әдістерінің өзара байланысы. Тәрбие әдістерінің сипаттамасы. Жеке тұлға санасын қалыпсатыру әдістері: түсіндіру, әңгімелесу, сендіру, мысал келтіру.

Жағымды тәжірибе мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері.

Ынталандыру әдістері. Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері. Тәрбие формалары, әдістері, құралдарының өзара байланыстылығы тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың шарты ретінде.



8-тақырып. Ұжымды қалыптастыру және оның жеке тұлғаға әсері.

Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектерінде ұжым теориясын қалыптастыру мәселелері.

Оқушылар ұжымының белгілері, құрылымы, негізгі түрлері. Ұжым органдары, олардың қызметтері және тиімді еңбек ету шарттары. Ұжымның даму динамикасы мен кезеңдері.Перспектив линиялар (сызықтар) жүйесі. Ұжым педагогикалық тұрғыдан басшылық ету. Ұжымды ұйымдастыру және онда қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.

Ұжымдық тәрбиені әрбір оқушыға жанасу әдістерімен үйлестіре алу.



9-тақырып. Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.

Мемлекеттің балаларды оқыту және тәрбиелеуге тиісті құжат талаптары негізінде сынып жетекшісінің қызметтері.

Оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан үйрену. Жанұя және мектептің педагогикалық процестегі өзара бірлескен іс-әрекеті. Сынып оқушыларының өмірлік іс-әрекет формаларының сипаты. Сынып жетекшісі тәрбиелік жұмысын жоспарлау және оның нәтижелерін есепке алу. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргілетін тәрбиелік жұмыстарының ерекшеліктері.

10-тақырып. Мектептен, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары. Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны. Мектеп, күні ұзартылған топтар, аз жабдықталған ауыл мектептеріндегі тәрбие жұмыстары. Мектептен тыс тәрбие жұмыстары, оның міндеттері мен мазмұны. «Атамекен» бағдарламасы.


4-бөлім

Дидактика

11-тақырып. Оқыту процесі, құрылымы. Оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздері. Дидактика жайлы түсінік. Дидактиканың негізгі ұғымдары. Қазіргі күнгі дидактиканың мәселелері. Оқыту процесінің мәні. Әдіснамалық негіздері. Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту процесінің құрылымы, негзгі кезеңдері. Оқытудың заңдылықтары мен қағидалары. Оқыту қағидаларының сипаттамасы.

12-тақырып. Қазіргі мектепте білім беру мазмұны. Білім беру мазмұнының ғылыми-педагогикалық негіздерінің анқтамасы: білім беру, оның мазмұны жайлы жалпы түсінік.

Педагогикалық ой-пікірлер және мектептер тарихында білім беру мазмұны проблемалары. Жалпы, политехникалық және кәсіптік білім берудің өзара байланыстылығы. Ұлттық мектепте білім беру мазмұнын жаңалаудың негізгі бағыттары. Оқу жоспарлары, бағдарлама, оқулық, оқу құралдарының сипаттамасы. Шетел мектептерінде білім беру мәселелері.

13-тақырып. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі заманғы сабақ. Оқытуды ұйымдастыру формалары жайлы түсінік. Оқытуды ұйымдастыру формаларының дамуы және қалыптасуына қысқаша тарихи шолу. Қазіргі мектепте оқу жұмысын ұйымдастыру формалары: сабақ, экскурсия, практикум, семинарлар т.б.

Қазіргі күнгі сабақ теориясы. Сабақ - логикалық жағынан уақыт жағынан шектелген педагогикалық процестің бөлегі ретінде.

Мектептер тарихында оқытудың сынып-сабақ жүйесінің дамуы.

Сабақтардың дидактикалық міндеттері, мазмұны, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық негіздеріне қарай бейімделгіш және жылжымалы болуы.

Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың фронталды, топтық, жеке формалары. Сабақты ұйымдастырудың стандартсыз формалары. Жаңашыл-педагогтардың «авторлық» сабақтары. Мұғалімнің сабаққа дайындығы: күнделікті тақырыптық сабақ жоспары. Оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі формасы ретінде. Сабақты талдау. Сабақты талдау түрлері (толық, дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік).

Оқушылардың үй тапсырмасы. Шет ел мектептерінде оқытуд ұйымдастыру формаларының сипаттамасы.

14-тақырып. Оқыту әдістерінің сипаттамасы. Оқыту әдістері жайлы жалпы түсінік. Оқыту әдістерінің қызметі. Оқыту әдістерінің алуан түрлілігі. Оқыту әдістерін жіктеудегі түрлі жанасулар.

Оқыту әдістеріне сипаттама: баяндау, әңгіме, байқау т.б. Оқытуда бақылау, өзін-өзі бақылау әдістері. Оқытудың негізгі құралдары. Оқыту процесінде компьютерді қолдану.

Шет ел мектептерінде оқыту әдістері.

15-тақырып. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу және бағалау. Оқу-тәрбие жұмысы есепке алу және бағалау қызметтері: ынталандыру, дамыту, білім беру, оқыту, бақылау, тәрбиелеу.

Оқу жұмысы нәтижелерін бақылау және есепке алудың теориялық негіздері. Оқу нәтижелерін бақылау және есепке алу түрлері. Оқу жұмысы нәтижелерін бақылау және есепке алудың теориялық негіздері. Оқу нәтижелерін бақылау және есепке алу әдістері жүйесі. Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын бақылау және бағалау. Оқушылар білімін бағалауға қойылатын талаптар. Баға өлшемдері. Сабақтан тыс іс-әрекет нәтижелерін бақылау және есепке алу ерекшеліктері.


5-бөлім

Мектептану

16-тақырып. Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығы. Басқару қағидалары. Мектеп басшыларының қызметі. Мектептің педагогикалық процесін басқаруда әріптестік ұйымдардың қызметтері. Мектептің педагогикалық кеңесі, педагогикалық кеңес жұмысының мазмұны және оны ұйымдастыру.

Әдістемелік кеңес-мұғалімнің әдістемелік жұмысын ғылыми ұйымдастыру органы ретінде. Мектеп ішінаралық бақылау. Мектеп ішінаралық баөылау формалары мен әдістері. Мектептегі әдістемелік жұмыс. Озат тәжірибе мен ғылым жетістіктерін ендіру жұмыстарының негізгі формалары. Мектептің әдістемелік жұмыс формалары. Перспективалық және жылдық жоспар.
6-бөлім

Педагогика тарихы

Алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық қоғамдарда педагогикалық ой-пікірлер мен мектептердің дамуы. Монополистік капитализмге дейінге кезеңдегі педагогика мен мектептің дамуы: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,И.Г.Песталоцци, К.Маркс пен Ф.Энгельстің тәрбие жайлы ойлар.

Россиядағы мектеп пен педагогика тарихы.М.В.Ломоносовтың ағарту саласындағы қызметі. Москва университетінің құрылуы. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский.

СССР-дегі педагогика мен мектеп тарихы. Кеңес педагогикасының дамуы. Оның өкілдерінің іс-әрекеті. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.АСухомлинский. Қазақстанда педагогика ғылымы мен мектептердің дамуы. Ұлы ақын және ағартушы А.Құнанбав, ағартушы демократ, Ш.Уәлиханов Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов сынды тұлғалардың педагогикалық көзқарастары мен қызметі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жайлы мемлекеттік құжаттар.
7-бөлім

Этнопедагогика

Орта Азия және Қазақстан халықтарының ағартушылық идеялары. Халықтықпедагогика-халықтық педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесінің жиынтығы. Халықтық педагогика концепциясының қалыптасуы және оның өзіне тән ерекшеліктері. Балаларды оқыту мен тәрбие мәселелеріне халықтың педагогикалық көзқарастары.Жанұяда бала тәрбиесі.


8-бөлім

Психология

Психологияға кіріспе. Психологияның предметі, мақсаты және міндеттері. Психология тарихы дамуының негізгі кезеңдері. Психология ғылымының салалары, зерттеу әдістері. Жеке тұлға психологиясы. «Жеке тұлға» ұғымы және оның құрылымы.Тұлғаның биологиялық және әлеуметтік арақатынасы мәселесі.Жеке тұлға теориясы. «Сана» ұғымы. Қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы. Іс-әрекет жайлы түсінік. Адам іс-әрекетінің құрылымы. Іс-әрекет түрлері және олардың сипаттамасы.Қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрлері. Қарым – қатынастың құрылымы, құралы, қызметтері. Топ психологиясы. Топ жайлы түсінік. Топтың түрлері. Топтың құрылымы. Зейін. Зейін жайлы түсінік. Зейіннің жалпы сипаттамасы мен анықтамасы.Зейіннің түрлері, зейіннің ерекшеліктері, сезіну және қабылдау. Сезіну және қабылдау жайлы түсінік. Сезіну және қабылдаудың түрлері. Сезіну және қабылдаудың жалпылама белгілері. Есте сақтау.Ес жайлы ұғым. Естің түрлері. Естің қызметі. Естің негізгі процестері. Естің негізгі заңдылықтары. Пікірлеу. Пікірлеу жайлы түсінік, оның анықтамасы. Пікірлеу формалары, түрлері. Пікірлеу операциялары. Пікірлеу және тіл. Елес. Елес жайлы түсінік. Елес түрлері. Елетету жолдары. Пікірлеу мен елестетудің байланысы. Адамның эмоционалды жігерлік сферасы. Эмоционалды жағдайлардың түрлері. Тұлғаның жоғары сезімдері. Эмоция және сезім қызметтері. Жігер. Жігерлік акт құрылымы. Темперамент. Темперамент түрлері. Темперамент теориясы. Темперамент және іс-әрекет. Мінез. Мінездің жалпы сипаттамасы. Мінездің анықтамасы. Мінез құрылымы. Қабілет. Қабілет жайлы түсінік. Нышан және қабілет. Қабілеттерді дамыту.



2. 6N0103 – Педагогика және психология мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі

  1. Тәрбие өнері және технологиясы.

  2. Жағымды тәжірибе мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері.

  3. Мектептің педагогикалық процесін басқаруда әріптес органдардың қызметтері.

  4. Эмоция және сезім жайлы түсінік. Пропатикалық және эпикритикалық эмоциялардың физиологиялық негіздері.

  5. Тәрбие әдістері мен тәсілдері жайлы түсінік, олардың жіктемесі және мектепте қолдану ерекшеліктері.

  6. Мектепте білім мазмұнын анықтайтын құжаттар.

  7. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты.

  8. Қиял процесінің жалпы сипаттамасы. Қиял түрлері және олардың психологиялық сипаттамасы.

  9. Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін үйрену, қорытындылау және жою.

  10. Мұғалімнің қоғамдағы әлеуметтік ролінің артуы және оның кәсіптік шеберлігін шыңдау мәселелері.

  11. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық көзқарастары.

  12. Тұлға қажеттіліктері жайлы түсінік. Қажеттіліктің түрлері. Қажеттіліктердің иерархиясы (А.Маслау бойынша).

  13. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу әдістемесі.

  14. Пәнаралық және ішкі пәнаралық байланыстар және оларды сабақтарда жүзеге асыру жолдары.

  15. Кәсібі және оның қоғамдағы қызметі.

  16. Қабылдау жайлы түсінік. Қабылдаудың нейрофизиологиялық негіздері. Қабылдаудың құрылымдық компоненттері және олардың сипаттамасы.

  17. Оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.

  18. Педагогикалық қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы.

  19. Мектептің ішінаралық бақылау міндеттері, оның мазмұны мен әдістері.

  20. Түйсіктер туралы түсінік. Түйсіктердің жалпы психофизиологиялық заңдылықтары.

  21. Балаларды эстетикалық тәрбиелеу мазмұны, формалары және әдістері.

  22. Оқушылардың дара ерекшеліктері және оларды зерттеу әдістері.

  23. Қазіргі мектептегі басқару және оған жетекшілік ету.

  24. Тұлғаның күйзеліс жағдайы. Тұлға трансформациялануы (бір жағдайдан екінші жағдайға көшуі) жайлы түсінік.

  25. Оқуда және оқудан тыс жұмыстарда оқушыларды отансүйгіштік және интернацияналдық рухта тәрбиелеу.

  26. Психологиялық - педагогикалық диагностика. Оқушы тұлғасын үйрену әдістері.

  27. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов сынды репрессияға ұшыраған ағартушылар мен қоғам қайраткерлерінің педагогикалық идеялары.

  28. Қазіргі заманғы ғылыми психологияның құрылымы және негізгі методологиялық қағидалары.

  29. Экологиялық білім беру және тәрбиелеу.

  30. Педагогикалық техника – педагогикалық шеберлік элементі ретінде.

  31. Мектептің педагогикалық процесін басқаруда әріптес органдардың қызметтері.

  32. Мінез жайлы түсінік. Мінез бітістерінің жіктемесі. Мінез құрылымы.

  33. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесінің мәні мен міндеттері.

  34. Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формалары.

  35. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту мәселелері – оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде.

  36. Қабілет жайлы ұғым. Қабілеттің түрлері және олардың жіктемесі.

  37. Педагогика ғылымының құрылымы мен салалары, оның басқа ғылымдармен байланысы.

  38. Қазіргі күнгі дидактиканың әдіснамалық негіздері. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.

  39. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыдан басқару. Басқару қағидалары. Мектеп басшыларының қызметтері.

  40. Психолог кеңесінің жеке жұмысын ұйымдастыру. Психологиялық кеңес беру техникасы.

  41. Жеке тұлға санасын қалыптастыру әдістері.

  42. Оқыту әдістері және олардың жіктемесі.

  43. Педагогикалық шеберлік, оның әлеуметтік мәні компоненттері.

  44. Психиканың мәдени тарихи даму теориясы (Л.С.Выготский).

  45. Оқушылар ұжымы. А.С.Макаренконың ұжым жайлы.

  46. Оқу процесінің мазмұны.

  47. Методикалық кеңес - мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын басқару ұйымы ретінде.

  48. «Тұлғаның бағытталғандығы» жайлы түсінік. Әлеуметтік бейімдеу барысында тұлға бағыттылығының ролі.

  49. Өзін-өзі мен қайта тәрбиелеудің педагогикалық мәселелері.

  50. Халық педагогикасы құралдары арқылы тұлғаға әсер етудің негізгі аспектілері.

  51. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы».

  52. Психика және ми. Адам психикасының нейрофизиологиялық негіздері.

  53. Оқушыларды тәрбиелеу мақсаттары, міндеттері және мазмұны.

  54. Дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу.

  55. Жаңашыл мұғалімдер. Мектептерді дамытудың қазіргі жағдайында ынтымақтастық педагогикасы идеялары.

  56. Мінез-құлық және іс-әрекет. Адам іс-әрекетінің маңызды ерекшеліктері. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы.

  57. Тұлғаны тәрбиелеу, дамыту, қалыптастырудағы педагогикалық проблемалар.

  58. Мектепте оқушылардың еңбек тәрбиесінің мазмұны, формасы және әдістері.

  59. Білім саласындағы мемлекет саясатының принциптері.

  60. Психикалық образ жайлы түсінік. Бірінші және екінші психикалық образдар механизмі.

  61. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Оның негізгі ережелерінің мектептің іс-әрекетінде жүзеге асырылуы.

  62. Мектепте оқыту әдістері мен құралдары. Оқытуды компьютерлеудің дидактикалық қырлары (аспектілері).

  63. Педагогикалық-психологиялық диагностика. Мектеп оқушысының жеке тұлғасын зерттеу әдістері.

  64. «Ес» ұғымы жайлы түсінік. Ұзақ және қысқа мерзіді есте сақтаудың нейрофизиологиялық негіздері. Ес құбылыстарының жіктемесі.

  65. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, формасы және әдістері.

  66. Оқытудың көрнекілік принципі.

  67. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.

  68. Ойлау жайлы ұғым. Ойлау құбылыстарын жіктеу. Пкірлеу заңдылықтары.

  69. Жеке тұлған дамыту және қалыптастыруда тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортаның ролі.

  70. Оқытудың көрнекілік принципі.

  71. Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесі тәжірибесінде демократиялау, ізгілендіру мәселелері.

  72. Іс-әрекет тұлғаны және оның психикасын дамыту шарты ретінде.

  73. Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері.

  74. Сабақ мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде.

  75. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру жолдары.

  76. Ырықсыз, ырықты және екінші ырықсыз зейіннің нейрофизиологиялық негіздері.

  77. Іс-әрекетті және мінез-құлықты ынталандыру әдістері.

  78. Мектептегі сабақ түрлері мен құрылымы.

  79. Мектепте дене тәрбиесі және салауатты тұрмыс салтын қалыптастыру жүйесі.

  80. Шығармашылық ойлау компоненттері және олардың сипаттамасы.

  81. Педагогикалық процесс жүйе ретінде, оның компоненттері және негізгі сипаттары.

  82. Оқушылардың белсенділік және саналылық принципі.

  83. Мектеп жасындағы балалардың жастық ерекшеліктері және олардың сипаттамасы.

  84. Зейін психофизиологиялық процесс ретінде. Зейіннің қызметтері. Зейін және сананың өзара байланысы.

  85. Тәрбие тұлғаны дамыту және қалыптастыру ретінде негізгі факторы ретінде.

  86. Мектепте білім беру мазмұны және құрылымы. «Білім беру» ұғымы жайлы түсінік.

  87. Мұғалім тұлғасы, оның педагогикалық процестегі ролі.

  88. Жоғары психикалық қызметтер жайлы түсінік. Адамдағы негізгі жоғары психикалық қызметтер және олардың спецификалық ерекшеліктері.

  89. Оқушылар тәрбиесінде жанұя, мектеп және қоғамдық ұйымдардың тәрбиелік әсерлерінің координациялау.

  90. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

  91. Оқушылардың еңбек іс-әрекетінің негізгі түрлері және олардың тәрбиелік мәні.

  92. Темперамент жайлы түсінік. Темпераменттің негізгі түрлері және олардың психологиялық сипаттамасы.

  93. Балалардың жастық және даралық ерекшелітері. Акселерация.

  94. Оқытудың ғылымилық және жүйелілік қағидалары.

  95. Мұғалімнің педагогикалық этикасы және такты.

  96. Қызығушылық бейімділік және олардың педагогикалық мәні.

  97. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен оқу іскерліктерін дамыту.

  98. Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын тексеру және бағалау әдістемесі.

  99. Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы.

  100. Қарым-қатынас жасаудың синтоникалық моделі. Адамның жетекші репрезентатив жүйесін анықтау әдістері.

  101. Педагогика ғылымының пайда болуы және дамуы.

  102. Сынып жетекшісі жұмысының жүйесі. Мектептер дамуының қазіргі жағдайында сынып жетекшісі жұмысының ерекшеліктері.

  103. Оқыту процесінің мәні, оның құрылымы.

  104. Сөйлеудің жүйелі психоневрологиялық бұзылуы. Мектеп жасындағы балалардың сөйлеудегі кемшіліктерін психокоррекциялаудың негізгі стратегиялары.

  105. Оқушылардың ғылыми дүниенатымын қалыптасрыу.

  106. Мектепте оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларының өзара байланысы.

  107. Халық педагогикасында тәрбие әдістері және құралдары.

  108. Оқушылардың қабілет және дарындылық дәрежелерін үйрену.

  109. Жалпы білім беру мазмұнын дамыту болашағы. 12 жылдық жалпы білім беретін мектептерді құрудың моделі.

  110. Оқытудың өмірмен және тәжірибемен байланыстылығы принципі.

  111. Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесі тәжірибесінде демократиялау, ізгілендіру мәселелері.

  112. Темперамент индивидтің тума психикалық өзін-өзі реттеу типі ретінде.

  113. Тәрбие заңдылықтары: тәрбиенің қоғам қажеттіліктері мен жағдайларына байланыстылығы.

  114. Сабақты тақырыптық және күнтізбелік жоспарлау.

  115. Оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың фронтал, топтық, жеке формалары.

  116. Ерік жайлы ұғым. Еріктің нейрофизиологиялық негізі. Іс-әрекеттің жігерлік реттелу құрылымы.

  117. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.

  118. Дидактика білім беру және оқыту теориясы ретінде.

  119. Халық педагогикасының дидактик потенциалы.

  120. Тұлғаның ерік сапалары және олардың адамдар арасындағы қатынастарды реттеудегі рөлі.

Ұсынылған әдебиеттердің тізімі

Негізгі


  1. Абильдин Ж.М., Нысанбаев А.Н. Диалектико-логические принципы построения теории. – Алма-Ата, 1973.

  2. Абдильдин Ж.М. О методологической роли целостного рассмотрения социальных явлений //Материалистическая диалектика как методология. – Алма-Ата, 1981.

  3. Абдильдин Ж.М., Абишев К.А. Формирование логического строя мышления в процессе практической деятельности. – Алма-Ата, 1981.

  4. Абдильдин Ж.М. Диалектика как методология научного познания. – Алма-Ата, 1982.

  5. Амонашвили Ш.А. Размышление о гуманной педагогике. – М.:Роспедагенство, 1996.

  6. Архангельский С.П. Лекции по теории обучения в высшей школе. – М., 1995.

  7. Ахметов Н.К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителя. – Алматы, 1995.

  8. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. – Алма-Ата, 1989.

  9. Бим-Бад Б.Л. Антропологические основания теории и практики современного образования. – М., 1994.

  10. Буева Л.П. Человек: деятельность и общение. – М., 1978.

  11. Вульфов Б.З., Харькин В.Н. Педагогика рефлексии. Взгляд на профессиональную подготовку учителя. – М., 1995.

  12. Габай Т.В. Учебная деятельность и ее средства. – М., 1988.

  13. Дидактика средней школы. Некоторые проблемы современной дидактики /Под ред. М.Н.Скаткина. Изд. 2-е перераб. и допол. – М., 1982.

  14. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. – М., 1988.

  15. Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. Психология высшей школы. – Минск, 1978.

  16. Загвязинский В.И. Дидактика высшей школы. Текст лекций. –Челябинск. 1990.

  17. Зиновьев С.И. Учебный процесс в советской высшей школе. Изд. 2-е, перераб. – М.. 1972.

  18. Кан-Калик В.А. Педагогическая деятельность как творческий процесс. – М., 1977.

  19. Кобыляцкий И.И. Основы педагогики высшей школы. – Киев, 1978.

  20. Кузьмин Е.С., Никандров Н.Д. Основы социальной психологии и педагогики высшей школы. – Л., 1970.

  21. Кузнецова В.А. Теория и практика много уровневого университетского педагогического образования. – Ярославль, 1995.

  22. Кумбс Ф. Кризис образования в современном мире: Системный анализ./ Пер. с анг. – М., 1970.

  23. Лихачев Б.Т. Воспитательные аспекты обучения. – М., 1982.

  24. Методы педагогических исследований /Под ред.В.И.Журалева. – М., 1972.

  25. Низамов Р.А. Педагогика высшей школы. – Казань, 1972.

  26. Никандров Н.Д. (Под ред.) Педагогика высшей школы. – Л., 1974.

  27. Общие основы педагогики/ Под ред. Ф.Ф.Королева, В.Е.Гмурмана. – М., 1967.

  28. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М., 1990.

  29. Основы дидактики /Под ред. Б.П.Есипова. – М., 1967.

  30. Основы педагогики высшей школы /Отв. Ред. Н.В. Кузьмина. – Л., 1972.

  31. Основы педагогики и психологии высшей школы /Под ред. А.В.Петровского. – М., 1986.

  32. Особенности современного развития высшего образования в ведущих странах мира /К.Н.Цепкович, ЛюН.Тарасюк, Н.И.Давыдов и др. – М., 1994.

  33. Раченко И.П. Научная организация педагогического труда. – М., 1972.

  34. Реформы образования в современном мире. Глобальные и региональные тенденции. – М., 1995.

  35. Рогинский В.М. Азбука педагогического труда. – М., 1990.

  36. Рогов Е.И. Личность учителя: теория и практика. – Ростов на Дону, 1996.

  37. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. – М., 1980.

  38. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. – М., 1984.

  39. Талызина Н.Ф., Печенюк Н.Г., Хихловский Л.Б. Пути разработки профиля специалиста. – Саратов, 1987.

  40. Хазова Л.В. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования (гуманитарный аспект). – Красноярск, 1994.

  41. Хмель Н.Д., Иванова Н.Д. Организация самообразовательной работы студентов. – Алма-Ата, 1971.

  42. Хюсен Торстен. Образование в 2000 году /Пер. со швед. – М., 1977.

  43. Фарбер И.Е. Очерки вузовской педагогики. – Саратов, 1984.

  44. Философско-психологические проблемы образования /Под ред. В.В.Давыдова. – М., 1981.

  45. Харькин В.Н. Педагогическая импровизация. Теория и методика. – М., 1992.

  46. Формирование модели специалиста с высшим образованием. – Томск, 1984.

  47. Янушкевич Ф. Технология обучения в системе высшего образования /Пер. с польск. – М.. 1986.

  48. Безрукова В.С. Педагогика проективная. – Екатеринбург: “Деловая книга”, 1996.

  49. Психология и этика делового общения. Под ред. проф. Лавриненко В.Н.. М., “Культура и спорт”, 1997.

  50. Харламов И.Ф. Педагогика. М., 1999.

  51. Мицич П. Как проводить деловые беседы. М., 1983.

  52. Павлова Л.Г. Спор, дискуссия, полемика. М., 1991.

  53. Андреев В.И. Конфликтология. Искусство спора, ведения переговоров, разрешения конфликтов. М., 1995.

  54. Мастенбрук У. Управление конфликтными ситуациями и развитие организации. М., 1996.

  55. Ворожейкин Н.Е., Кибанов А.Я., Захаров Д.К. Конфликтология. М., 2000.

  56. Пиз А. Язык телодвижений: Как читать мысли людей по их жестам. Новгород, 1992.

  57. Лабунская В.А. Невербальное поведение. Ростов, 1986.

  58. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 1997

  59. .Вайенцвайг П. Десять заповедей творческой личности. М.1990.

  60. Крылова Н.Б. Формирование культуры будущего специалиста. М.1990

  61. Кларк Ли. Техника быстрого чтения. Мн.1999

  62. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М.1995

  63. Елканов С.В. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. М.Просв.1989

  64. Дебольский М. Психология делового общения. М., 1992.

  65. Жолобов Ю.В. Путь к диалогу. Психология делового общения. Саратов, 1989.

  66. Подласый И.П. Педагогика М. “Владос”, 2000.

  67. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика. Учебник для вузов. С.-П., М., Харьков, Минск, 2000.

  68. Леднев В.С. Содержание образования. М., ВШ, 1989.

  69. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975.

  70. Ковалев А.Г. Психология личности. М., 1970.

  71. Бодалев А.А. Психология личности. М., 1988.

  72. Волков Г.Н. Прогнозируя развитие личности. //Сов.педагогика, №12, 1989.

  73. Психология и этика делового общения. Под ред. проф. Лавриненко В.Н.. М., “Культура и спорт”, 1997.

  74. Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., Инфра-М, 1999.

  75. Самоукина Н.В. Психология и педагогика профессиональной деятельности. М., 1999.

  76. Лихачев Б. Педагогика. М.: Прометей, 1997.

Психология и педагогика. Учебное пособие / Под ред. К.А.Абульхановой, Н.В.Васиной, Л.Г.Лаптева, В.А.Сластенина.- М.: “Совершенство”, 1998.

Қосымша:

  1. Волков Г.Н. Прогнозируя развитие личности. // Советская педагогика,1989.

  2. Зеленина Л.М. Многообразие организационных форм учебного процесса. // Советская педагогика,1987.

  3. Зарецкая И.И., Ломидзе Л.З. Формирование личности. Цель воспитания. // Сов. Пед., 1989.

  4. Измайлов А.Э., Машкевич Т. Педагогические идеи ученых-энциклопедистов Востока эпохи раннего средневековья .// Сов.пед. 1986.

  5. Макаренко А.С. Педагогическая поэма. М. Физкультура и спорт, 1982, 510с.

  6. Мудрик А.В. Учитель.Мастерство и вдохновение. М. Просвещение ,1986.

  7. Охитина Л.Г. Психологические основы урока. М. - Просвещение, 1977.

  8. Педагогический поиск. / Сост. И.Н.Баженов., М. Педагогика.1987.-543

  9. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., Педагогика, 1980.

  10. Сластенин В.А. Формирование личности учителя советской школы в процессе профессиональной подготовки. М. Просвещение,976.-160 с.

  11. Сухомлинский В.А. Методика воспитания коллектива. М., Просвещение,1981.

  12. Сухомлинский В.А. Павлышская средняя школа.-М. Просвещение, 1969,-398 с.

  13. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. Киев. Радьянская шкоола.1974.-288 с.

  14. Тиллашев Х.Х. Общепедагогические и дидактические идеи ученых-энциклопедистов Востока. Т.Фан,1989.-176 с.

  15. Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович Л.А. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. М. Просвещение, 1988.-207 с.

  16. Шубинский В.С. Философские подходы к педагогической теории.

// Сов.пед. 1990 г.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет