«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
Қозғала білу және сенімділік
|
Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара біледі (1a)
|
Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды (1ә)
|
Реакцияны, жылдамдықты, күшті, координацияны, тепе-теңдікті және ептілікті дамытады (1б)
|
Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды (1в)
|
Физикалық қызметтің әр түрлерінде сенімділікпен, жеке қабілеттерді жақсартуға дайын болады (1г)
|
Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды (1ғ)
|
Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін әрекеттерді, қарқынды, байланыс пен кеңістікті талдап, бағалай біледі (1д)
|
Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді (1е)
| Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау
|
Өмірдегі түрлі жағдайлар мен дене тәрбиесі жоспарындағы проблемаларды шешу және өзгерістер енгізу арқылы қоршаған орта мен байланыстарды зерттейді, түсіндіреді, шығармашылық қабілеттер мен сыни ойлауды қалай пайдалану керектігін біледі (2а)
|
Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдейді (2ә)
|
Өзгерістерге бейімделу, қиындықтарды жеңудің инновациялық стратегияларын пайдаланады және анықтайды (2б)
|
Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады (2в)
|
Дене жаттығуларын орындау үшін алға қойған мақсаттар жетістіктерінің стратегиясын, тактикасын пайдаланады және жоспарлайды (2г)
|
Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды (2ғ)
|
Әртүрлі жағдайларда шығармашылық қабілеттер мен идеяларды нақты қолданады (2д)
|
Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды (2е)
| Қозғалыс қызметі контекстіндегі қарым-қатынастар және әлеуметтік дағдылар |
Түрлі дене жаттығуларын жасау барысында жанашырлық пен түсіністікті көрсету арқылы қолдайды және бірін-бірі тыңдайды (3a)
|
Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді (3ә)
|
Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді (3б)
|
Кеңістікті, ресурстарды, идеяларды бөлісе отырып, өзінің және басқалардың қажеттіліктері мен көзқарастарын түсінеді және құрметтейді (3в)
|
Түрлі жағдайларға және бірқатар физикалық қызметтерге бейімделеді (3г)
|
Болашақта топ құрамында оқи алуы үшін дене жаттығуларындағы өткен тәжірибе мен жетістіктер бойынша қорытынды жасайды (3ғ)
|
Дене қозғалыстарының топтық, бірлескен немесе жарыс тапсырмаларын орындау барысында басқалардың көмегін қашан және қалай қолдану керектігін біледі (3д)
|
Физикалық қызмет кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында ұжыммен жұмыс істеп, әділ жарыса біледі, патриоттық сезімін оятады (3е)
| Денсаулық, жақсы дене дайындығы және өз-өзін сезіну
|
Физикалық, психикалық және эмоционалдық денсаулыққа ықпал етіп, оны қолдайтын шешімдер қабылдауда физикалық қызметтің денсаулық, дене шынықтыру және өз-өзін жақсы сезіну маңыздылығын түсінеді (4а)
|
Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді (4ә)
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі (4б)
|
Түрлі физикалық жүктемелердің қажет қарқындылығына қол жеткізу бағытында жұмыс істейді және түсінеді (4в)
|
Денсаулық жағдайы мен өзін-өзі сезінуін ескере отырып, дене жаттығуларын орындау кезінде жағдайы мен сезімін сипаттап, талдай біледі (4г)
|
Дене жаттығуларын жасау барысында қандай дене мүшелері мен бұлшық еттері белсенді екенін және мұның физикалық дайындыққа қалай әсер ететінін біледі (4ғ)
|
Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі (4д)
|
Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады (4е)
|
2 Оқу мақсаттарының жүйесі
Қозғала білу және сенімділік
|
|
Бөлімше
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара біледі (1а)
|
Қарапайым дене жаттығуларын орындауда негізгі қимыл-қозғалыс машықтарын біледі, жасай алады
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде негізгі қозғалыс машықтарының сапасын жақсартады
|
Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын біледі, түсінеді және жақсартып жалғастырады.
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және көрсетеді,
|
Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды (1ә).
|
Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі
|
Өз бетінше байланыстыруды үйреніп, негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және жақсартады
|
Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін біледі және түсінеді
|
Дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсінеді және көрсетеді
|
Реакцияны, жылдамдықты, күшті, координацияны, тепе-теңдікті және ептілікті дамытады (1б).
|
Реакция уақыты, жылдамдық, күш, координация, тепе-теңдік пен ептілік физикалық дене қасиеттерін, оны қалай дамытуын түсінеді
|
Реакция уақыты, күш, қозғалыс координациясы, тепе-теңдік, жылдамдық пен ептілік физикалық дене қабілеттерін дамыту керектігін анықтайды және көрсетеді
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде машықтарды (ептілік, күш, тепе-теңдік, қозғалыс координациясы, күш пен реакция уақыты) біледі және жетілдіріуін жалғастырады
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде машықтарды түсінеді және көрсете біледі (ептілік, күш, тепе-теңдік, қозғалыс координациясы, күш пен реакция уақыты)
|
Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды (1в).
|
Дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық түсініктері туралы біледі
|
Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді
|
Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамытады және жетілдіреді
|
Қимылды орындаудың уақыт, кеңістік және бір қалыптылық туралы түсініктерін көрсететін бірқатар тиімді машықтарды және жүйеліліктерді түсінеді және қолдана біледі
|
Физикалық қызметтің әр түрлерінде сенімділікпен, жеке қабілеттерді жақсартуға дайын болады (1г).
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде дербес біліктілігін және сенімділігін жақсарту маңыздылығын түсінеді
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде дербес біліктілігін және сенімділігін жақсарту қажеттілігінің себебін түсінеді
|
Қимылды орындай білу мен сенімділіктің арасындағы байланысты түсінеді, дербес дене машықтары мен шеберлікті жақсартуға бағытталғанын көрсетеді
|
Дене қимылдарын орындау икемін сақтайды, өзінің және басқаларының қозғалу машықтарын салыстырады
|
Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды (1ғ).
|
Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі
|
Қимыл кемшіліктерін түзету қабілеттілігін дамыту үшін қозғалу машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінеді және түсіндіреді
|
Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылайды
|
Дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстырады
|
Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін әрекеттерді, қарқынды, байланыс пен кеңістікті талдап, бағалай біледі (1д)
|
Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды біледі және орындай алады
|
Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістермен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі
|
Орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсетеді және анықтай біледі
|
Қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасады
|
Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді (1е).
|
Қарапайым, өзгертілген дене жаттығуларын орындау кезінде туындауға мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды біледі
|
Тәуекелдердің туындау мүмкіндігін түсінеді, қарапайым және өзгертілген дене жаттығуларын жетілдіру кезінде машықтар мен шеберлікті нығайтады.
|
Қозғалыс қызметін оқытудың түрлі кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқартады және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жетілдіреді
|
Жаттығулардың әр түрін орындау кезінде тәуекелдерді қысқарту және туындайтын қиындықтарды еңсеру қабілеттілігін көрсетіп орындалатын жаттығулардың күрделілігінің деңгейін тани біледі
|
Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау
|
|
Бағыт
|
1 сынып
|
2 сынып
|
3 сынып
|
4 сынып
|
Өмірдегі түрлі жағдайлар мен дене тәрбиесі жоспарындағы проблемаларды шешу және өзгерістер енгізу арқылы қоршаған орта мен байланыстарды зерттейді, түсіндіреді, шығармашылық қабілеттер мен сыни ойлауды қалай пайдалану керектігін біледі (2a).
|
Қарапайым орындалатын композициялық жаттығуларында және басқа да шығармашылыққа бағытталған дене жаттығуларында шығармашылық қабілеттілікті таниды.
|
Өзінің композицияларында және басқа да шығармашылыққа бағытталған дене жаттығуларында шығармашылық қабілеттіліктерді түсінеді және көрсетеді.
|
Дене жаттығулары аясында проблемаларды зерттеу және шешу үшін сыни тұрғыдан ойлау құралдарын және шығармашылық білімді пайдаланады және қолданады.
|
Жаңа идеяларды тұжырымдау және өзінің қозғалыс міндеттерін модификациялау үшін білімді пайдалана отырып алынған шығармашылық үдерістерін анықтайды және талдайды.
|
Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдейді (2ә).
|
Дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын атап өтеді.
|
Баламаларды түсінетінін көрсетіп, қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларды талқылайды және көрсетеді.
|
Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен және жоспарлармен эксперимент жасау және баламаларды талдау үшін проблемаларды жою әдістерін қолданады.
|
Баламаларды анықтап және жасап қозғалыс идеяларын, стратегияларды және жоспарларды анықтайды және ұйымдастырады.
|
Өзгерістерге бейімделу, қиындықтарды жеңудің инновациялық стратегияларын пайдаланады және анықтайды (2б).
|
Қозғалыс мәселелерін шешу кезінде енгізілген өзгерістерді және туындаған қиындықтарды бақылайды және қарайды.
|
Енгізілген өзгерістерді және қозғалыс мәселелерін шешу кезінде туындаған қиындықтарды түсінеді және жалпылайды
|
Қозғалыс мәнмәтінінде өзгерістерді енгізу үдерісін және қиындықтардың туындауын жеңілдету үшін бірқатар шешімдермен эксперимент жасайды
|
Қозғалыс мәселелерінің инновациялық (жаңа) шешімдерін табу үшін шығармашылық машықтарды пайдаланады.
|
Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады (2в).
|
Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады.
|
Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу қабілеттігін көрсетіп, өзінің композициялық идеяларын түсінеді және талқылайды.
|
Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасайды.
|
Белгілі бір тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін бірқатар композициялық идеяларды анықтайды және құрайды.
|
Дене жаттығуларын орындау үшін алға қойған мақсаттар жетістіктерінің стратегиясын, тактикасын пайдаланады және жоспарлайды (2г).
|
Алға қойылған мақсаттарға және нәтижеге қол жеткізу үшін тактика мен стратегияны атайды және пайдаланады
|
Алға қойылған мақсаттарға және нәтижеге қол жеткізу үшін тактика мен стратегияны түсінеді және көрсетеді
|
Алға қойылған мақсаттарға және нәтижеге қол жеткізу үшін тактика мен стратегияны қолданады және эксперимент жасайды.
|
Тактика мен стратегияны талдайды және алға қойылған мақсаттарға және нәтижеге қол жеткізу үшін оларды өзгертеді.
|
Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды (2ғ).
|
Таңдалған дене жаттығуларын орындау кезінде қарапайым ережелерді және құрылымдық тәсілдерді атап өтеді және пайдаланады.
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді талқылайды және көрсетеді
|
Бірқатар дене жаттығуларына қатысқан кезде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді білетінін қолданады және пайдаланады.
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде ережелер мен құрылымдық тәсілдерді жасайды және қолданады
|
Әртүрлі жағдайларда шығармашылық қабілеттер мен идеяларды нақты қолданады (2д).
|
Негізгі шығармашылық стратегияларды және идеяларды атайды және пайдаланады, оларды мұғалімге жеткізеді.
|
Шығармашылық қабілеттіліктерді және идеяларды мұғалімге және құрдастарына көрсетеді және жалпылайды.
|
Өзінің және басқаларының шығармашылық қабілеттіліктерін және идеяларын анықтайды және талдайды, оны мұғаліміне және құрдастарына жеткізеді.
|
Түрлі жағдайларда жеткізілетін жаңа элементтерді құру үшін өзінің шығармашылық қабілеттіліктерін және идеяларын басқаларымен біріктіреді
|
Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды (2e).
|
Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды
|
Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды.
|
Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады
|
Орындаушыларға конструктивтік ұсыныстар жасау үшін шығармашылық тапсырмаларға қатысты өзінің сыни тұрғыдан көзқарасы мен басқаларының көзқарастарын біріктіреді
|
3. Қозғалыс қызметі контекстіндегі қарым-қатынастар және әлеуметтік дағдылар
|
Бағыт
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Түрлі дене жаттығуларын жасау барысында жанашырлық пен түсіністікті көрсету арқылы қолдайды және бірін-бірі тыңдайды (3а).
|
Қарапайым дене жаттығуларын орындау кезінде бірін-бірі тыңдай біледі және тиісінше жауап қайтарады
|
Бірін-бірі тыңдаудың, тиісінше жауап қайтарудың маңыздылығын түсінеді. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде түсіне білетінін және бірге мазасызданатынын көрсете бастайды.
|
Басқаларына құрмет көрсетіп, бірқатар дене жаттығуларын орындайды.
|
Басқаларына құрмет көрсетудің маңыздылығын түсініп және мұны практикада көрсетіп, дене жаттығуларын орындау кезінде белгілі бір комбинацияны орындайды
|
Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді (3ә).
|
Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтейді
|
Айырмашылықтарды түсіндіре отырып, қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі және көрсетеді
|
Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде басқаларының рөлін түсінеді және көрсетеді, олардың айырмашылықтарын ұғынады.
|
Түрлі әрекеттерді орындау кезінде түрлі рөлдермен эксперимент жасайды және орындауға кіріседі, олардың айырмашылықтарын бағалайды.
|
Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді (3б).
|
Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі.
|
Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады.
|
Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастайды.
|
Көшбасшылық рөлдерімен кезектесіп алмасып, әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше және топта жұмыс істей біледі.
|
Кеңістікті, ресурстарды, идеяларды бөлісе отырып, өзінің және басқалардың қажеттіліктері мен көзқарастарын түсінеді және құрметтейді (3в).
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде өзінің және басқаларының қажеттіліктеріне құрмет көрсетудің маңыздылығы туралы біледі және кеңістікті бөлісе біледі.
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде өзінің және басқаларының қажеттіліктеріне құрмет көрсетеді және кеңістікті, ресурстарды алмасу туралы білімін жетілдіреді.
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде өзінің қажеттіліктерін ұғынып, басқаларының қажеттіліктерін құрметтеп, кеңістікпен, ресурстармен және идеялармен кезектесіп қалай алмасу керек екендігін түсінеді
|
Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде өзінің және басқаларының қажеттіліктерін құрметтеп, кеңістікпен, ресурстармен және идеялармен алмаса білетінін көрсетеді
|
Түрлі жағдайларға және бірқатар физикалық қызметтерге бейімделеді (3г).
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде қарапайым командалық жұмыстарға қалай бейімделетінін біледі.
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде түрлі командалық жұмыстарға қатысқан кезде бейімделу туралы білімін жетілдіреді.
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде бірқатар командалық қызметке қатысу үшін өзінің тәртібін қалай өзгертетінін түсінеді
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде бірқатар командалық жұмысқа қатысу үшін әрекеттің сәйкес модельдерін көрсетеді және қолданады
|
Болашақта топ құрамында оқи алуы үшін дене жаттығуларындағы өткен тәжірибе мен жетістіктер бойынша қорытынды жасайды (3ғ).
|
Дене жаттығуларын орындау тәжірибесінің болашақта топтық оқуға қалай әсер ететінін ұғынады
|
Дене жаттығуларын орындаудың өткендегі тәжірибесі мен жетістіктерінің болашақта топтық оқуға қалай әсер ететінін ұғынады және талдай бастайды
|
Дене жаттығуларын орындауда өткендегі табыстар мен тәжірибені талдау арқылы болашақта топтық оқу мен тәртіпті қалай жетілдіретініне шолу жасайды
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде өткендегі тәжірибенің болашақта топтық оқыту мен тәртіп құралына тиісінше қолданылуы мүмкін екендігін түсінеді және талқылайды.
|
Дене қозғалыстарының топтық, бірлескен немесе жарыс тапсырмаларын орындау барысында басқалардың көмегін қашан және қалай қолдану керектігін біледі (3д).
|
Топтық тапсырмаларды орындау кезінде басқаларынан көмекті қашан және қалай сұрау керегін біледі.
|
Топтық тапсырмаларды орындау кезінде басқаларының көмегін қалай және қашан тарту керек екенін түсінеді
|
Топтық, ұжымдық немесе жарыс қызметіне қатысу кезінде басқаларынан көмек сұрай білетінін көрсетеді
|
Топтық дене әрекеттерін орындау кезінде лайықты сәтте көмек іздеуге бағытталған бірқатар стратегияларды қолданады
|
Физикалық қызмет кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында ұжыммен жұмыс істеп, әділ жарыса біледі, патриотизм сезімін оятады (3е).
|
Дербес және топтық қызметті орындау кезінде өзара қалай әрекет етуді біледі. Патриоттықтың неге негізделгенін түсінеді
|
Патриоттық сезімнің не екенін біледі, бір бірімен әрекет ету, адал бәсекелестіктің мағынасын түсінеді
|
Патриотизмнің мағынасын түсіндіреді, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсетеді
|
Топтық және дербес дене қимылдарында патриоттық сезімін, өзара іс қимылдар мен адал бәсекелестікті көрсетеді
|
4. Денсаулық, жақсы дене дайындығы және өз-өзін сезіну
|
|
Бағыт
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Физикалық, психикалық және эмоционалдық денсаулыққа ықпал етіп, оны қолдайтын шешімдер қабылдауда физикалық қызметтің денсаулық, дене шынықтыру және өз-өзін жақсы сезіну маңызын түсінеді (4a).
|
Денсаулық пен өзін-өзі сезіну туралы жалпы түсінік алады, қимылдарға қатысады, және дене әрекеттерінің маңызын ұғынады.
|
Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын сипаттай біледі және талқылайды
|
Денсаулықтың жақсы ахуалына ықпал етуі мүмкін шешімдерді қабылдауды талқылап, дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын білетінін және түсінетінін көрсетеді
|
Денсаулық, дене формасы мен өзін-өзі жақсы сезіну үшін дене қимылдарының маңызын түсініп, денсаулықтың жақсы ахуалын қолдайтын және ықпал ететін шешімдерді талдайды
|
Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді (4ә).
|
Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып шынықтырудың маңызын сипаттайды. Дене қимылдарына қатысқанда денені ширатып шынықтыру қажеттігін түсінеді
|
Дене қызметін орындаған кезде денені қыздыру және босаңсыту үдерісін анықтайды
|
Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіреді
|
Дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсетеді және талқылайды.
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі (4б).
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді анықтайды.
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі.
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсетеді және түсіндіреді
|
Дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолданады
|
Түрлі физикалық жүктемелердің қажет қарқындылығына қол жеткізу бағытында жұмыс істейді және түсінеді (4в).
|
Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қажетті қарқындылықты анықтайды
|
Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қандай қарқындылық қажет екендігін біледі және оны сәйкестендіре бастайды
|
Осы мақсатқа жету үшін жұмыс істеп әлдеқайда кең көлемді қажетті қарқындылықты анықтайды
|
Түрлі дене қызметтері үшін әртүрлі болып табылатын қарқындылықты көрсетеді және ауыстырады
|
Денсаулық дайындығы мен өз-өзін сезінуін ескере отырып, дене жаттығуларын орындау кезінде жағдайы мен сезімін сипаттап, талдай біледі (4г).
|
Денсаулық туралы түсінікпен байланыстырып дене жаттығуларын орындау кезінде өз-өзін сезінуін есте сақтайды және сипаттайды
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде туындаған денсаулықпен байланысты өз-өзін сезінуін анықтайды
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын сезімдерді түсінеді және сипаттай бастайды
|
Жаттығуларды орындаудан кейін өз-өзін сезінуі туралы сұрақтар қою, оларды денсаулыққа және өз-өзін сезінуіне қатысты талдайды
|
Дене жаттығуларын жасау барысында қандай дене мүшелері мен бұлшық еттері белсенді екенін және мұның физикалық дайындыққа қалай әсер ететінін біледі (4ғ).
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде қандай дене мүшелері мен бұлшық еттердің қатысатынын анықтайды
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде қандай дене мүшелері мен бұлшық еттердің қатысатынын түсінеді және есте сақтайды
|
Жаттығуларды орындау кезінде қатысатын дене мүшелері мен бұлшық еттерді айырады және жағдайын белгілейді, және мұның жақсы дене дайындығына қалай әсер ететінін сипаттайды
|
Дене жаттығуларын орындау кезінде қандай дене мүшелері мен бұлшық еттердің қатысатынын көрсете біледі және бұл жақсы дене дайындығына ықпал етеді.
|
Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі (4д).
|
Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
|
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды
|
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсінеді және көрсетеді
|
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдайды және қолданады
|
Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады (4е).
|
Дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін анықтайды.
|
«Үй-мектеп» мәнмәтінінде дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және анықтайды.
|
Түрлі мәнмәтіндерде дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіреді
|
Дене қимылдарына қатысудың түрлі мүмкіндіктерін зерттейді және салыстырады, оларға қатысу мүмкіндіктерін алу жолдары
|
Достарыңызбен бөлісу: |