Бағдарламасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық Әзірлеуші: bta card ендіру жөніндегі жобалық офис, «бта банкі» АҚ аф, Ақтөбе қ



Дата07.07.2016
өлшемі248.69 Kb.
#183765
түріБағдарламасы


«БТА Банкі» АҚ

TotalPay (5.3 нұсқасы)5.3.3.15

бағдарламасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Әзірлеуші: BTA Card ендіру жөніндегі жобалық офис,

«БТА Банкі» АҚ АФ, Ақтөбе қ.



Ақтөбе қ., 2009
Мазмұны


1. Жүйеге қойылатын талаптар




2. TotalPay бағдарламасын орнату




3. TotalPay бағдарламасын пайдалану («Анықтамалықтар», «Деректемелер», «Сервис», «Құжаттар»)




3.1. TotalPay іске қосу. Анықтамалықтар («Анықтамалықтар» «ТТК» және «Экономика секторлары»).




3.2. Ұйым туралы деректерді толтыру («Деректемелер-Ұйым»)




3.3. Алушы туралы деректерді толтыру («Деректемелер-Алушы»)




3.4. Бөлімшелерді құру («Деректемелер-Бөлімшелер»)




3.5. Қызметкерлердің кестесін толтыру («Деректемелер-Қызметкерлер»)




3.6. МТ102 форматындағы файлдан, TotalPay 4 ДБ-нан, MS Excel файлынан және WageClientMT бағдарламасының кестелерінен қызметкерлер туралы деректерді импорттау, IBAN нөмірлерін және ЖСН өзгерту




3.7. Бағдарламаның жалпы баптауларын тексеру және орнату («Сервис-Баптаулар»)




3.8. «Сервис-ЭСҚ қол қою…» қосымша бетінде жұмыс істеу




3.9. Құжатты құру және оны толтыру («Құжаттар-Құжаттарды құру»)




3.10. Файлдан (МТ102), DBF форматындағы файлдардан құжатқа деректерді импорттау




3.11. МТ102, төлемдік тапсырмаларды және басқа құжаттарды құру




4. «Ыстық» пернелер




5. Негізгі ұғымдар




6. Тех. қолдау




7. Толықтырулар мен түзетулер (new!)






  1. Жүйеге қойылатын талаптар

Операциялық жүйеге қойылатын талаптар:

  1. Windows XP (SP2), Server 2003 (SP1), 2000, Vista, Seven

  2. MS Office 97, 2003, 2007, 2010

  3. «Бастау-Басқару панелі-Тіл және Аймақтық Баптаулар» бөлімінде тілі «орысша»

Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар (кеңес етіледі):

  1. KAZWIN РК1048 (міндетті емес).

  2. Tumar CSP (ЭСҚ үшін)




  1. TotalPay бағдарламасын орнату

TotalPay_Setup.exe файлы қосылады. Орнатушы бағдарламаның нұсқауларын орындай отырып, Сіз TotalPay бағдарламасын C:\Program Files\TotalPay5 папкасына орнатасыз.




  1. TotalPay бағдарламасын пайдалану




    1. Бағдарламаны іске қосу

TotalPay бағдарламасын іске қосу үшін бағдарламаның белгішесін шерту қажет (жұмыс үстелінде және бағдарламалар тізімінде). Егер жүйе бағдарламаның талаптарына жауап берсе және оның барлық құрамбөліктері қатесіз орнатылса, TotalPay сипаттамасы бар терезе пайда болуы тиіс (1-сурет).

Осы бағдарлама base.mdb деректер базасымен жұмыс істейді. Осы деректер базасында (ДБ) ұйым, құжаттар және т.б. туралы барлық ақпарат сақталған. TotalPay бағдарламасы өзі орналасқан папкада оны автоматты түрде іздейді. ДБ болмауы TotalPay бағдарламасы үшін үлкен қателік болып табылады. Егер қандай да бір себепке байланысты base.mdb ДБ атауы өзгертілген немесе басқа папкаға ауыстырылған болса, онда TotalPay бағдарламасын іске қосу кезінде ДБ орналасқан жерін көрсету туралы терезе пайда болады (2-сурет). Бұл орайда қажетті ДБ (3-сурет) таңдап, «Жүктеу» пәрменін басу қажет. Егер ДБ біржола жоғалып кетсе, егер ол зақымданса немесе клиент оны қайдан табу керектігін білмесе, «Жабу» пәрменін басып (бағдарлама жұмысын аяқтайды), іздеу арқылы ДБ табуға тырысу керек. Үнемі base.mdb ДБ резервтік көшірмесін жасап тұру қажет (аптасына бір рет), бұл қандай да бір қателік туындаған жағдайда, оның жұмысын қалпына келтіру үшін қажет.

МАҢЫЗДЫ! 2-суретте сипатталған қате бағдарлама үшін дұрыс орнатылмаған аймақтық баптаулардың нәтижесінде де туындауы мүмкін. Егер клиент «base.mdb» ДБ дәл сондай атаумен бағдарламаның папкасында болғанына, атауы өзгертілмегеніне, басқа жерге ауыстырылмағанына көзі жетсе, онда ол «Бастау- Басқару панелі- Аймақтық Баптаулар» бөліміне кіріп, «тілді» - «орысша», ал «елді» «Қазақстан» деп белгілеуі қажет.

Ең дұрыс жолы – клиент өзі base.mdb ДБ тауып, оны TotalPay бағдарламасы бар папкаға салғаны және TotalPay іске қосқаны жөн.


1-сурет

2-сурет.

3-сурет.
1-суретте көріп тұрғаныңыздай, бағдарламада терезенің сол жағында бірнеше қосымша беттер қарастырылған:



  1. «Анықтамалықтар» - ТТК және экономика секторларының қарапайым анықтамалықтарынан тұрады әрі олар ішінара толтырылған және бағдарламаның жұмысында қолданылады.

  2. «Деректемелер» - ұйымның (ұйымдардың), алушы-банктің (банктердің), ұйым бөлімшелерінің, қызметкерлердің, ұйым банктерінің бірқатар ірі анықтамалықтарынан тұрады.

  3. «Құжаттар» қосымша бетінде құжаттарды құрастыруға, оларды редакциялауға, МТ102 және DBF форматтарындағы файлдардан деректерді импорттауға, құжаттарды құруға (МТ102, МТ100, төлемдік тапсырмалар, төлем шоттары) және оларды ЭСҚ қол қоюға болады.

  4. «Сервис-Баптаулар» қосымша беті опциялар жинағынан тұрады. Атап айтқанда, мұнда Деректер базасына (әдепкі күйі бойынша) және электрондық-сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) қалыптастыруға арналған кітапханаға жол көрсетілген.

  5. «Қосымша» қосымша бетінде осы нұсқаулыққа және бағдарлама туралы ақпаратқа сілтеме жасалған.

ЭСҚ алдын ала Tumar CSP БҚ, жазылушының сертификаты, түпкі сертификат және клиенттің жабық кілті орнатылған болғанда пайдалануға болады. Олай болмаған жағдайда, ЭСҚ қалыптастыру мүмкін болмайды. ЭСҚ төлем құжаттарын Қазынашылыққа жіберетін бюджеттік ұйымдар үшін ғана қажет.

Ұйым, алушы банктер, қызметкерлер, файлдардан импорттау туралы әр алуан деректерді енгізген жағдайда, бақылау тобына қатысты СТТН/ЖСН/БСН, бөтен және рұқсат етілмейтін символдардың бар-жоғына қатысты аты-жөні, банктердің IBAN шоттары қатаң тексеріледі, бұл ретте ондай опциялар «Сервис-Баптауларда» орнатылған болуы тиіс.




    1. Ұйым туралы деректерді толтыру («Деректемелер-Ұйым»)

Бағдарламада жаңа ұйымды қосу үшін «Деректемелер-Ұйым» жолына өту қажет (5-сурет). Ұйымды қосу үшін «Қосу» пәрменін басу керек. Қосылатын терезеде қажетті деректерді енгізу керек (6-сурет). Келесі жолдар толтыру үшін міндетті емес: ММ коды, бюджет түрі (бюджеттік ұйымдармен төленетін шоттарда ғана пайдаланылады).


5-сурет

6-сурет

Ұйым туралы деректерді толтырғаннан кейін және «Сақтау» пәрменін басқаннан кейін, ұйым ДБ енгізіледі және жалпы кестеде көрінеді (5-сурет).



МАҢЫЗДЫ! Әр ұйымның СТТН қайталанбайтын болып келеді – сондықтан СТТН бірдей екі ұйымды енгізуге болмайды.

Кейбір ұйымдардың деректерін өзгерту үшін жалпы кестеде (5-сурет) қажетті жолда тінтуірді екі рет шерту керек не болмаса қажетті жолды айрықшалап, «Өзгерту» пәрменін басу қажет. Пайда болған терезеде (7-сурет) қажетті деректерді өзгертуге болады, содан кейін оларды «Сақтау» қажет.

Кейбір жазбаларды жою үшін оны кестеде бөліп алып, «Жою» пәрменін басу қажет, жою туралы ескертумен келісіп, «Жазбаны жою» жолын таңдау қажет. Барлық жазбаларды жою үшін «Жою» пәрменін басу қажет, ескертумен келісіп, «Барлық жазбаларды жою» пәрменін таңдау қажет.

МАҢЫЗДЫ! Ұйымды жойған кезде онымен байланысты барлық жазбалардың жойылатынын ескеріңіз, яғни оның бөлімшелері, қызметкерлері, құжаттары және т.б. жойылады!

7-сурет.



    1. Алушы туралы деректерді толтыру («Деректемелер-Алушы банк»)

Алушы туралы деректер техникалық қолдау қызметінің мамандарымен толтырылуы мүмкін. Дегенмен осы жерде де деректерді жаңартуға, қосуға, жоюға болады.

Ол үшін «Деректемелер-Алушы банк» бөліміне өтіп, панельдегі түймешіктерді пайдалану керек. Бұл жерде шоттардың типтерін, аударымдарды және комиссия алушыларды енгізуге болады (8-сурет).

«Шоттың типі» - бірегей атау, сондықтан «Өзгерту» режимінде оны редакциялауға тыйым салынады. Мұнда барлық қажетті жолдар толтырылады. Мысалы, «КАРТА VISA» шотының типі солай толтырылған (8-сурет).

Бұл мысалда аударымдарды және комиссияларды алушы Ақтөбе филиалы болып табылады. Шот типіне арналған маскалар – міндетті емес параметр, олар шоттардың нөмірлері осы сандардан басталатынын білдіреді (бұл 16-мәнді шот нөмірлерінде солай болған), және қызметкерді импорттау немесе қосу кезінде қолданылған. «Комиссия шоттары» жолдары да толтыру үшін міндетті емес. Егер комиссия нөлге тең деп көрсетілсе, бұл жолдар пайдаланылмайды. Комиссия жолдары бөлшек бөліктің бөлгішіне сезімтал, кейбір жағдайларда ол нүкте болуы мүмкін, басқа жағдайларда үтір болуы мүмкін. Комиссияны енгізу үшін алдымен комиссияның пайызын енгізу қажет. МТ102 шаблонының файлы осы шоттың типі үшін МТ102 құжаты қалай қалыптасатынын көрсетеді.

Комиссияның валютасы - әрқашан ұлттық валюта (теңге). түймешігі шот типінің маскаларын толтыру бойынша қосымша анықтаманы көрсетуі мүмкін.

«Импорттау кезінде әдепкі күйдегі шоттың типі ретінде қолдану» параметрі импорттау кезінде шоттың таныс емес нөмірлері, егер қалғандары маскалар бойынша сәйкес келмесе, кем дегенде, әдепкі күйдегі тип бойынша жазылу үшін қажет.

Шоттың типін «Жою» пәрменін басып және «Барлық жазбаларды» жою немесе белгіленген жазбаны жою пәрмендерін басып, жоюға болады.



МАҢЫЗДЫ! Бірқатар қызметкерлерде бар шоттың типін жою кезінде осы қызметкерлер көрсетілген құжат құрастырылмайды.

8-сурет
Шаблонның МТ102 файлы қолданылатын шаблонды білдіреді.




    1. Бөлімшелерді құру («Деректемелер-Ұйымның бөлімшелері»)

Бөлімшелерді құру оңай - «Деректемелер-Ұйымның бөлімшелері» бөліміне өту қажет, «Қосу», «Өзгерту» және «Жою» түймешіктерін басып, қайсыбір ұйымның бөлімшесін қосуға, жоюға, деректерін жаңартуға болады, ол үшін ұйымды тізімнен таңдап алу керек (9-сурет). Бөлімшенің атауы бір ұйымның шегінде бірегей. Бөлімшені жойған кезде, бөлімшедегі қызметкерлер туралы барлық жазбалар және құжаттардағы клиенттер туралы барлық жазбалар жойылады. Бөлімшелерді жоймай, олардың атауын өзгерту немесе қызметкерлерді алдын ала басқа бөлімшеге ауыстырғаннан кейін ғана жою ұсынылады.


9-сурет



    1. Қызметкерлердің кестесін толтыру («Деректемелер-Ұйымның қызметкерлері»)

Қызметкерлер туралы деректерді толтыру және оларды редакциялау үшін «Деректемелер-Ұйымның қызметкерлері» тарауына өту қажет. Клиенттің СТТН бірегей мән болып табылады. Адамдар тек СТТТ арқылы ғана ерекшеленбейді, алайда бірдей СТТН/ЖСН бар жазбаларды жаңарту кезінде дәл сондай СТТН/ЖСН бар жазбаларды жаңарту қажеттілігі туралы сұрау пайда болады. Қызметкерді қосу ұйымның бөлімшесінде жүргізіледі, сондықтан қызметкерді қосу сәтінде кем дегенде 1 ұйым және оның 1 бөлімшесі болуы қажет.

Клиент туралы деректерді қосу үшін «Қосу» пәрменін басып, деректерді толтыру қажет (10-сурет). СТТН/ЖСН бақылау тобына қатысты, АТЫ-ЖӨНІ рұқсат етілген символдарға қатысты, IBAN шотының нөмірі тек сандардың болуына және ұзындығының дұрыстығына қатысты тексерілуі мүмкін. Рұқсат етілген символдар «А»-дан бастап «Я» дейінгі, «а»-дан бастап «я» дейінгі әріптер, «-» белгісі, KAZWIN(РК1048) ұлттық драйвері орнатылған кезде қазақ тілінің арнайы әріптерінің коды (13-сурет) және т.б. болып табылады. Қызметкер тиесілі бөлімшені көрсетуге болады.

10-сурет


Деректерді өзгерту үшін қажетті жазбаны бөліп алғаннан кейін «Өзгерту» түймешігін басуға болады немесе оны екі рет шертуге болады. Жазба белсенді, яғни тізілімде қолданылуы мүмкін немесе белсенді емес болуы мүмкін. Кестеде деректерді АТЫ-ЖӨНІ, СТТН/ЖСН және т.б. бойынша жіктеуге болады.

Тегін, есімін, әкесінің атын, СТТН не болмаса шоттың нөмірін білгенде, қандай да бір жазбаны табу үшін «Іздеу» түймешігін басуға болады, жолдарды толтырып, іздеу бағытын көрсетуге не болмаса ізделіп отырған мәтінді тікелей кестеде теруге болады.

Бір бөлінген жазбаны (Del) не болмаса барлық жазбаларды (Ctrl+Del) жоюға болады.

МАҢЫЗДЫ! Жою кезінде қызметкер туралы деректер ұйымның бөлімшесінен, сонымен қатар ол орналасқан барлық құжаттардан жойылатын болады. Ең дұрысы, егер қызметкер жұмыс істемейтін болса, жазбаны жоймау керек, оның орнына жазбаны белсенді емес ету қажет («Барлығын тізімде көрсету» жанында белгіні алып тастау қажет) және оны кейіннен пайдаланбау керек.

Шот типін таңдау кезінде клиент үшін валютасы ұйымның валютасымен сәйкес келетін шоттар типінің тізімі ұсынылатын болады.




    1. Қызметкерлер туралы деректерді импорттау («Деректемелер-Ұйым» және «Құжаттар-Құжаттарды құрастыру»)


МТ102 (txt)

(WAS формат ескірген болып саналады, сондықтан қолданылмайды)

Бағдарламада «Деректемелер-Ұйымдар»-да ғана емес, сонымен қатар «Құжаттарда» МТ102 форматындағы файлдан қызметкерлер туралы деректерді импорттауға болады.

Қызметкерлерді импорттау үшін «Деректемелер-Ұйымдар» бөліміне өтіп, «Импорт» пәрменін басу қажет. Берілген тізімде импорттаудың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде – МТ102 файлынан импорттау әрі ол dos-кодталуда (oem) немесе win-кодталуда (ansi) болуы мүмкін.

МТ102 файлынан «Деректемелер-Ұйымдарға» импорттау кезінде клиенттер туралы деректер сомасыз алынады және тек (!) қызметкерлердің тізіміне енгізіледі.

Импорттау үшін импорттау жүргізілетін кем дегенде 1 ұйым және 1 бөлімше болуы қажет. «МТ102 форматындағы құжаттан импорттау…» түймешігін басқан кезде файлды көрсету және импортталатын ұйымды/бөлімшені таңдау туралы терезе пайда болады (11-сурет).

11-сурет.


Терезеде – «файлдағы қателерді елемеу» опциясын белгілеуге болады (мысалы, СТТН, АТЫ-ЖӨНІ қате болған жағдайда) және/немесе «… жазбаларды жаңарту», файлдағы СТТН/ЖСН сәйкес келетін СТТН/ЖСН бар жазбалар ДБ ұйымда болуы мүмкін және оларды әрбір сәйкес келген жағдайда жаңартуға болады немесе өткізіп тұруға болады не болмаса ДБ бірдей СТТН/ЖСН бар жазбалар жаңарып тұру үшін осы опцияны белгілеуге болады.

Маңызды баптау – «СТТН орнына ЖСН пайдалану» тармағы. Бұл СТТН орнына ЖСН көрсетілген жаңа форматтағы құжаттан импорттау жүргізіліп жатқандығын білдіреді (МТ102 RNN орнына IDN). Осы тармақты 2012 жылдан басталатын құжаттардан импорттау кезінде қолдану қажет.

Қателер орын алған жағдайда файлда қате туралы хабарлама пайда болады. Импорттау терезесінде файлдың кодтамасын қолмен таңдаған жөн. Егер деректер «АВТОМАТТЫ» режимінде импортталған болса, бірақ оларды қалыпты оқу мүмкін болмаса, оларды жою керек және файлдың кодтамасын дербес таңдап, қайтадан импорттау қажет. Импорттау кезінде СТТН/ЖСН, АТЫ-ЖӨНІ, картаның нөмірі тексеріледі (Егер бұндай тексерістер «Сервис-Баптаулар» бөліміне енгізілген болса).

TotalPay 4.0 (mdb) және MS Excel (xls)

Сондай-ақ TotalPay v.4.0.1 бағдарламасының ескі нұсқасынан және еркін MS Excel файлынан қызметкерлердің деректерін импорттауға болады.



  1. 4-нұсқадағы TotalPay бағдарламасының ДБ-нан қызметкерлерді импорттау үшін «Деректемелер-Ұйым» терезесінде «TotalPay 4.0 бағдарламасының ДБ-нан импорттау…» түймешігін таңдау жеткілікті (TotalPay 4.0 белгісі бар). Содан соң қажетті деректерді толтыру қажет (12-сурет) (МТ102 файлынан импорттауға ұқсайды):


12-сурет.

Баптаулар МТ102 файлынан импорттау кезіндегі баптауларға ұқсас, бірақ бұл жерде импорт файлдан емес, ДБ-нан жүргізіледі. Импорт бір де бір ұйым болмаса да мүмкін болады, яғни ұйымның өзімен және оның бөлімшелерімен, бұны «Ұйым туралы деректерді импорттау …» деген белгі білдіреді. Егер оны алып тастасақ, деректерді қайда импорттау қажеттілігін көрсету қажет.


  1. Деректерді MS Excel файлынан импорттау үшін «Деректемелер-Ұйым» терезесінде «MS Excel файлынан импорттау...” түймешігін басу қажет (MS Excel белгісі бар). Қажетті деректерді (файлдың аты) толтырып, кітапта парақтың бетін және файлда бағандардың кезектілігін таңдап, АТЫ-ЖӨНІ деген жол тегіне, есіміне, әкесінің атына бөлінгенін және қандай белгімен екенін көрсетіп, деректерді импорттауға болады (13-сурет):


13-сурет.


Excel кестесі келесідей болуы тиіс (нұсқалардың бірі) (14-сурет):

14а сурет


14б сурет


Excel файлында 3 немесе 4 баған болуы мүмкін. Егер файлда 3 баған болса, онда бұл келесі бағандар – (АТЫ-ЖӨНІ, СТТН, Шоттың нөмірі) немесе (АТЫ-ЖӨНІ, ЖСН, Шоттың нөмірі), егер 4 баған болса – онда бұл келесі бағандар (АТЫ-ЖӨНІ, СТТН, ЖСН, Шоттың нөмірі). Бағандардың кезектілігі маңызды емес.
WageClientMT 1.0 (dbf)

Сонымен қатар WageClientMT 1.0 бағдарламасының кестесінен қызметкерлердің деректерін импорттауға болады.

Totalpay 4 файлдарынан көшірген сияқты әрекет ету қажет (жоғарыда сипатталған), алайда бағдарламасы бар бүкіл папканы таңдау қажет (15-сурет). Мұнда қателерге мән бермей, деректерді импорттауға болады және бірдей СТТН бар жазбаларды автоматты немесе қолмен жаңартуға болады.

МАҢЫЗДЫ! Импорттау кезінде «…қателерді елемеу» жолында қанат белгісін қоймау ұсынылады. Дұрысы қателерді байқап, оларды бастапқы күйде түзету керек (ДБ-да, файлда және т.б.).

15-сурет
IBAN шоттарының немесе ЖСН нөмірлерін ауыстыру (07/06/2010 және 01/01/2012 жылы шот нөмірлерін ауыстыру сәтінде қолданылады)

Қосымша мүмкіндік – IBAN шоттарының немесе ЖСН нөмірлерін ауыстыру. Ол жолда бір жазбасы бар табуляция белгісімен бөлінген екі бағаннан – ескі және жаңа нөмірден тұратын мәтіндік файлмен жұмыс істеуді қарастырады (Шоттың ескі нөмірі – Табуляция – Шоттың жаңа нөмірі немесе СТТН – Табуляция - ЖСН) (16-сурет). Ауыстыру «Деректемелер-Ұйым» қосымша бетінде сәйкесінше түймешікті таңдағаннан кейін жүргізіледі (17-сурет).

16, а сурет


16, б сурет


МАҢЫЗДЫ! Барлық нөмірлер ауыспайтынын ескеріңіз.

17-сурет.




    1. Бағдарламаның жалпы баптауларын тексеру және орнату («Сервис-Баптаулар»)

Жалпы опцияларды орнату үшін «Сервис-Баптаулар» бөліміне өту қажет. Осы жерде шығыс құжаттарды сақтауға (18-сурет) және қол қойылатын файлдарды кеңейтуге арналған папканы көрсетуге болады.


18-сурет.


Егер файлдарға арналған папка болмаса да, ол құрылатын болады. Ауыспалы папканы ($PATH) қолдануға болады әрі ол бағдарлама орналасқан папканы білдіреді. Тексеру баптауларының опциясы (қанат белгілер) СТТН/ЖСН/БСН, АТЫ-ЖӨНІ, БСК және IBAN шоттарының нөмірлерін тексеруге, қателердің хаттамасын жүргізуге, шығыс word’-тық құжаттарды мұрағаттауға және т.б. мүмкіндік береді.

Баптауларды сақтау үшін «Сақтау» түймешігін басу керек.



МАҢЫЗДЫ! Егер құжаттары бар папкаға жол болмаса, онда папка және оған апаратын барлық папкалар құрылатын болады. Егер папканы құру мүмкін болмаса, онда құжаттарды құрастыру кезінде сәйкесінше қате пайда болады.


    1. «Сервис- МТ102 және МТ100 форматындағы файлды ЭСҚ қол қою» қосымша бетінде жұмыс істеу

«Сервис» қосымша бетінде «МТ102 және МТ100 форматындағы файлды ЭСҚ қол қою» тармағы бар (19-сурет).

Файлға қол қою үшін алдын ала орнатылған Tumar SCP криптопровайдері, түпкі сертификат, жазылушының сертификаты және жабық кілт болуы керек. МТ102 немесе МТ100 бастапқы файлының форматын таңдауға болады. Қол қойылатын файлды таңдап, қол қойылған файлды қай жерге сақтау қажеттілігін көрсету қажет. Файлға қол қою «ЭСҚ қол қою» түймешігіне басқаннан кейін CryptoLib кітапхананың көмегімен жүргізіледі («Сервис-Баптаулар-ЭСҚ кітапханасы» бөлімін қараңыз).

19-сурет.




    1. Құжатты құру («Құжаттар-Құжаттарды құру»)

Құжатты төлемдік тапсырма, төлем шоты және т.б. файлдарды құрастыруға арналған тізім ретінде сипаттауға болады. Құжаттың айрықша белгілері: құру күнінің, валюталау күнінің және тағайындау күнінің, сонымен қатар есептен шығару шотының және басқа деректемелердің болуы. Құжат бойынша кейіннен МТ102, МТ100 файлдары (қаржылық қызметтер), төлемдік тапсырмалар (ТТ), төлем шоттары (ТШ) құрастырылатын болады.

Құжатты құру үшін – ол ұйым үшін жалғыз болмайды – мысалы, жалақыға арналған, алиментке арналған құжат және т.б. – «Құжаттар-Құжаттарды құру» бөліміне өту қажет (20-сурет).

Осы бетте құжатты қосуға, өзгертуге, жоюға, оны МТ102 форматындағы файлдардан импорттауға, құжаттан жазбаны жоюға және енгізуге (жазбаны қосуға), тізімде клиенттер үшін соманы көрсетуге, деректерді тексеруге және ақпаратты іздеуге болады. Әрбір ұйымда бірнеше құжат болуы мүмкін. Олардың барлығы жоғарыда тізімде көрінеді.

Жаңа құжат қосу үшін терезенің жоғарғы жағында ұйымды таңдау қажет (әдетте ол таңдалып тұрады) және «Жаңа құжатты қосу… пәрменін басу керек», содан кейін үлгінің жолдарын толтыру керек (21, а сурет). «Қызметкерлерді қосу» белгісі ұйымның барлық «белсенді» қызметкерлерін құжатқа қосуды білдіреді. «Барлығын қосу …» қанат белгісін қоюға болады (мысалы, жалақыны есептеу кезінде) және бәріне бірдей болатын соманы көрсетуге болады. Егер осы қанат белгілерді қоймаса, онда сақтағаннан кейін бос құжат құрылатын болады (мысалы, ақша 1-2 адамға аударылған кезде). Бұл ретте қажетті жазбаларды таңдап, оларды бір-бірден қоюға болады (22-сурет) және оларға кейбір сомаларды белгілеуге болады.

Сондай-ақ ұйым үшін есептен шығару шотын көрсету қажет.

Қосқаннан кейін жазбалар құжаттың тізімінде пайда болады. Бар құжатты жүктеу үшін жоғарыда ұйымды және тізімнен құжатты таңдау жеткілікті (олар нөмірленген). Редакциялау үшін құжат ашық болған кезде «Өзгерту» түймешігін басуға болады. Барлық жолдарды редакциялауға болады (сомадан басқа). Тағайындалу атауында символдарды енгізуге кейбір шектеулер қойылады.

«Құжаттың көшірмесін қосу…» тармағын пайдаланып, құжаттың көшірмесін құруға болады (21, б сурет). Мұнда кейбір жолдарды өзгертуге немесе бастапқы құжаттың абсолютті көшірмесін құруға болады.


20-сурет.


21, а сурет


21, б сурет



МАҢЫЗДЫ! Егер қызметкер туралы жазба “UNKNOWN” карта типімен жасалған болса, мысалы, импорттау кезінде немесе бұған дейін қолданылған тип жойылған болса және бағдарламада әдепкі күйі бойынша шот типі болмаса, импорттау кезінде «файлдағы қателерді елемеу» белгісі қойылса, 22-суреттегі терезеде ондай жазба көрінбейтін болады, өйткені оның шот типі, аудару және валюта шоттары жоқ.

22-сурет.


Бүкіл құжатты, құжаттағы барлық жазбаларды, сомасы бар жазбаларды немесе бөлініп алынған жазбаны жоюға болады (Ctrl+D).

Тегін, есімін, әкесінің атын, СТТН/ЖСН біле отырып, қандай да бір жазбаны табу үшін іздеу түймешігін пайдалануға болады және іздеу критерийі мен бағытын көрсету қажет. Құжаттағы деректердің дұрыстығын тексеру үшін (мысалы, импорттау кезінде «Қателерді елемеу …» қанат белгісі қойылған делік) тексеруді орындау түймешігін пайдалануға болады (23-сурет).

Белгілі бір тексерісті немесе барлығын орындауға болады (ұсынылады). Егер жазбалардың бірінде қате болса, олар тексеру нәтижелерінде көрінетін болады – қай қызметкерде қандай қателік бар екенін көрсетеді.

МАҢЫЗДЫ! Бұл тексеріс пайдаланушының қалауына байланыссыз құжатты құрастыру алдында автоматты түрде жүргізілетін болады («Құрастыру» түймешігі).

Жазбаның қасындағы сома оны құжатқа әдепкі күйі бойынша енгізу кезінде 0 тең. Егер жазбаның қасындағы сома 0 тең болса, ол ПП, МТ102 немесе СО кірмейді. Соманы соңғы бағанда беруге болады (20-сурет). Сондай-ақ қызметкерлер құжаттың тізіміне енуі үшін тек қана сомасын ғана көрсетпеу қажет, оның жолына қарама-қарсы 1-бағанда қанат белгісін қою қажет.



МАҢЫЗДЫ! Құжатта әр түрлі шот типтеріне ие қызметкерлер қатысуы мүмкін. Олардың бірге болуының басты шарты тізілім валютасының, ұйымның және аудару шотының сәйкес келуі. Құжаттарды құрастыру кезінде қызметкерлер шоттардың типтері бойынша бөлінеді және МТ102 файлдар әрбір тип бойынша жеке құрастырылады.

МАҢЫЗДЫ! 5.3.3.6(4) нұсқадан бастап IBAN форматына жатпайтын нөмір қате болып саналады.

МАҢЫЗДЫ! 5.3.3.12 нұсқадан бастап СТТН тексеру міндетті емес, өйткені 2012 жылдан бастап тек ЖСН қолданылады.

23-сурет.




    1. Файлдардан (МТ102, DBF) құжатқа деректерді импорттау


WAS форматындағы файлдан импорттау ескірген болып саналады, сондықтан ол жойылған.

Құжатқа МТ102 форматындағы файлдан деректерді импорттауға болады (24, а сурет). Ол «Деректемелер-Ұйымдар» бөліміндегі МТ102 импорттауға әбден ұқсас, тек бір айырмашылық бар, яғни мұнда сомасы бар жазбалар ағымдағы бос құжатқа келіп түседі және «Деректемелер-Ұйым қызметкерлері» бөлімінде қайталанады.



МАҢЫЗДЫ! Қайталанған кезде деректер жаңартылуы мүмкін не болмаса көшірме пайда болмас үшін құжатта емес, қызметкерлерде өткізілуі мүмкін. Құжатқа файлдағы барлық жазбалар келіп түседі.

МАҢЫЗДЫ! Тізімдегі жалпы соманың МТ102 құжатындағы 32A жиынтық сомасымен сәйкестілігін тексеру орындалмайды.

МАҢЫЗДЫ! 5.3.3.6(4) нұсқадан бастап DBF форматындағы файлдардан көшіру қол жетімді.

24, а сурет


Импорттау кезіндегі қателер «Деректемелер-Ұйым» бөлімінде қызметкерлерді импорттау кезіндегі қателерге ұқсайды, алайда мұнда, егер валюталар сәйкес келмесе немесе сома дұрыс берілмесе, қосымша қателер туындауы мүмкін. Импорттау кезінде маскалар бойынша автоматты түрде шоттардың типтерін орнату (егер маскалар болса) немесе «әдепкі күйі бойынша типін» пайдалану (қызметкерлерді импорттау жағдайына ұқсас) жүргізіледі. Импорттау кезінде қате орын алса және қателер тексерілетін болса, жазбалар толық импортталмауы мүмкін, пайдаланушы қатені байқайды және оны түзете алады. Импорттау сәтті аяқталған жағдайда, сәйкесінше хабарлама пайда болады.

Егер импортталатын файлдың форматы – DBF болса, пайдаланушы DBF файлын таңдау кезінде «Дайындық…» түймешігін байқайды:


24, б сурет


«Қарау» түймешігін басқан кезде, файлдың кодталуын тексеру үшін DBF кестесінен ерікті сұрыптауды көруге болады. Егер мәтінді талдау мүмкін болмаса, алдыңғы терезеде қате кодталу таңдалған болуы мүмкін, ол үшін артқа («Артқа») оралып, кодталуды ауыстыру қажет. Импорттау кезінде Сома, Тегі, Аты, Әкесінің аты, СТТН және Шот нөмірі (32B, FM, NM, FT, RNN, LA МТ102-де) бағандары пайдаланылатындықтан, сол жақтағы бағандарды оң жақ тізімге дұрыс кезектілікте және олардың рөліне сәйкестендіріп ауыстыру қажет. Мысалы, сол жақта DBF кестесінің жолдары көрсетілген: RNN, FM, LA және т.б.. Импорттау үшін LA «Шот нөмірі» жазбасына қарама-қарсы қою қажет, FM тегін «Текке» қарама-қарсы қою қажет және т.б.. Бағандардағы жолдарды бөліп алып, басқа тізімге көшіруге болады.


    1. МТ102, төлемдік тапсырмаларды және басқа құжаттарды құру («Құжаттар-Құжаттарды құру»)

МТ102 (аудару бойынша тізім), МТ100 (қаржылық қызметтер) құжаттарын, төлемдік тапсырмаларды, төлем шоттарын белсенді жазбалары бар және нөлдік сомалары көрсетілген толтырылған құжатқа құруға болады. Құжаттарды әзірлеу үшін «Құрастыру» пәрменін басу қажет.

Пайда болған терезеде (25-сурет) болашақтағы құжаттарға арналған кейбір параметрлерді көрсету қажет. Егер ұйымның валютасы ұлттық емес, мысалы USD болса, онда аталмыш терезе пайда болардың алдында, теңгеге қатысты ұйым валютасының бағамын енгізу ұсынылады.

Комиссия әрқашан енгізілген бағам бойынша теңгеде есептеледі.

Кестеде қызметкерлер шоттарының типтері бойынша топтастырылған құжаттардың «блоктары» келтірілген. Құжаттардың әрбір түрі үшін (шот типі) өзінің баптаулары енгізіледі (ТТК, құжаттың нөмірі және т.б.).

25-суретте басты жолдар көрінеді – «Құжат», «Сома» және «Комиссия». Мұнда құжаттар туралы негізгі деректер сипатталған.

Ақшыл түспен МТ102 құжаттары құралатын (әрқашан) жолдар айрықшаланған. Оған төлемдік тапсырманы (қанат белгісімен белгілеу қажет) және/немесе төлем шотын (қанат белгісімен белгілеу қажет) құруды қосуға болады. Сондай-ақ бюджеттік ұйымдарға МТ102 құжатын ЭСҚ қол қоюға болады (қанат белгісімен белгілеу қажет).

Ақ түспен пайдаланушының қалауы бойынша МТ102 ұқсас қаржылық қызметтер туралы МТ100 құжат құрылуы мүмкін. Оған да ЭСҚ қол қоюға болады (міндетті емес), ол үшін ТТ және/немесе ТШ құруға болады.

25-сурет.




МАҢЫЗДЫ! Егер төменде «Банктің комиссиясын МТ102 файлының соңында енгізу» қанат белгісін қойса, комиссия МТ102 соңына қойылуы мүмкін (сәйкесінше, төлемдік тапсырмадағы және төлем шотындағы сома қайта есептеледі). Бұл көбінесе VISA картасына сомаларды аудару кезінде қолданылады.

Міндетті түрде толтырылатын жолдар: құжаттың нөмірі (МТ102 үшін), ТТК (МТ102 үшін). МТ100 бойынша файлдар үшін баптауларды белгілеу мүмкіндігін алу үшін «Қар. қызметтер» жолында МТ100 құрғыңыз келетіндігі туралы қанат белгі қою қажет. Деректерді толтыру үшін «Құж. №» және «ТТК» үшін ұяшықтарда шерту қажет. Параметрді енгізу немесе таңдау терезесі пайда болады.

МАҢЫЗДЫ! Егер Сіз «Төлем шотын» кездейсоқ шертіп қалсаңыз, онда осы терезені жабу үшін КБК «0» енгізіп, «Сақтау» пәрменін басу жеткілікті.

«Тізім» құжатты карталардың типі бойынша құжатқа жүктеп шығаруды білдіреді. Бұл жол құрылмайды, бірақ оны қосуға болады.

Мысалы, егер «Құж. №» (МТ102) шертсе, ол құрылуы үшін нөмірді енгізуге болады (26-сурет), «Төлем. тапсыр.» және/немесе «Төлем шотын» қанат белгімен белгілеуге болады. Төлем шоты үшін КБК енгізу және төлем мәртебесін таңдау талап етіледі (27-сурет). Егер Сізде оратылған сертификат пен кілт болса, МТ102 үшін «ЭСҚ» тармақтарын белгілеуге болады. Егер қар. қызметтері бар МТ100 файл қажет болса, «Қар. қызметтер» қанат белгімен белгілеуге болады (қанат белгі қойылмаған жағдайда, төменде «Комиссияны енгізу …»), және дәл солай барлық қажетті параметрлерді көрсетуге болады. Кейбір параметрлерді өшіру үшін ұяшықты тағы бір рет шертсе жеткілікті, және пайда болған терезеде ESC пернесін (пернетақтада) басып, қанат белгішені алып тастау қажет немесе «0» енгізу қажет. Мысалы «Қар. қызмет» тармағына қатысты қанат белгісін алып тастаса, МТ100 барлық параметрлері өшіп қалады.

МАҢЫЗДЫ! Құжаттарды құрастыру кезінде әдетте «Төлем.тапсыр» не болмаса «Төлем шотында» қанат белгі қойылады (бухгалтердің қарауы бойынша).

26-сурет

27-сурет.
Құжаттарды құрастыру үшін параметрлер жеткіліксіз болған жағдайда, ескертулері бар хабарлама пайда болады. Келесі құжаттарды құрастыруға талпынып көруге болады (28-сурет).

28-сурет.


Мұнда мыналар құралады: «КАРТА SMART» карталары үшін - МТ102, төлемдік тапсырма, төлем шоты, МТ100 комиссиялық файлы, тізім.

«Құжаттарды құрастыру» түймешігін басқаннан кейін бағдарлама осы құжаттардың барлығын құруға тырысып көреді. Егер құру барысында қателік орын алса – пайдаланушы хабарламаны көреді. Олар төлем тағайындалуының атауы бар папкадағы «Сервис-Баптауларда» көрсетілген папкада сақталатын болады. Нәтижесінде пайдаланушы құрастырылған құжаттардың тізімі бар хабарламаны көреді (29-сурет).


29-сурет.


«Ок» басқаннан кейін жаңадан құрылған файлдары бар папка ашылады.

29-суреттегі жолдарда қателіктер орын алған жағдайда, жақшаның ішінде қателік туралы қысқаша хабарлама беріледі.

Енді оларды ашып, мазмұнын тексеру қажет. Қарапайым МТ102 және МТ100 txt кеңейтімдеріне ие мәтіндік форматта сақталады және Блокнот арқылы ашуға болады. Файлдардың атауы құжат типінің қосымшасы бар шоттар типінің атауларынан қалыптасады. Барлық ТТ және ТШ шаблондардың негізінде құрылады («Сервис-Баптаулар-Шаблондары бар папкаға жол» қараңыз).

ЭСҚ қол қойылған МТ102 және МТ100 файлдар кеңейтімінің алдында __signed қосымшасымен sls және sal форматында сақталады («Сервис-Баптаулар» қараңыз). Олар да Блокнот арқылы ашылуы мүмкін. Төменде «5» блокта олардың ЭСҚ бар.



МАҢЫЗДЫ! Қол қойылған ЭСҚ ішіндегісін өзгертуге болмайды!

Төлемдік тапсырмалардың және төлем шоттарының файлдары rtf форматында сақталады және олардың соңында _PP немесе _SO қосымшалары бар, тізімнің _LT қосымшасы бар.



МАҢЫЗДЫ! МТ102, МТ100 файлдары әрқашан WIN-кодтауда сақталады!

Енді тексерістен кейін осы файлдарды дискетке, дискіге немесе флешкаға сақтап қоюға болады және қазынашылықтың қабылдау орнына немесе банкке жіберуге болады не болмаса қосылған ANSI-кодталуы бар «SWIFT-шлюз» арқылы «Банк-клиентке» импортталуы мүмкін (WIN-кодтау).


4. «Ыстық» пернелер
Пернетақтада ESC пернесін басу – операцияны тоқтату, терезені жабу;

Көптеген кестелердің жолдары бойынша тінтуірдің оң жақ түймешігін басу – кестенің сыртқы түрін жою немесе өзгерту операциясы үшін мәтіндік мәзірді шығару.



Ctrl+[D,R,S,A] нұсқалары – кестелердегі жолдарды жою комбинациялары.

Кестелердің көбісінде Del пернесін басу – бөлінген жазбаны жою.



Ctrl+F – «Қызметкерлер», «Құжат» және «Құжатқа жазбаны енгізу» кестелерінде іздеу терезесін шақыру.

Кестеде тінтуірдің сол жақ түймешігін екі рет шерту – жазбаны редакциялау үшін терезені шақыру.



Tab – терезеде жолдар арасында өту.

Кестеде тікелей мәтінді теру – кейбір жағдайларда кестедегі баған бойынша лезде іздеу.

5. Негізгі ұғымдар
Төлемдік тапсырма (ТТ) – бұл шот иесінің (төлеушінің) оған қызмет көрсететін банкке осы немесе басқа банкте ашылған қаражаттарды алушының шотына белгілі бір ақша сомасын аудару туралы есеп айырысу құжатымен ресімделген өкімі.

Төлем шоты (ТШ) – компанияның кредиторларға берешек сомасын танытатын міндеттемелер шоты; әдетте қысқа мерзімді кредит және алдын ала уағдаластық бойынша міндетті төлем жүргізу күнінің болмауы (яғни вексельмен расталмайтын компанияның сәйкесінше берешегі) шарттарында тауарларды, шикізатты немесе материалдарды сатып алу жағдайында туындайды, бұл жеткізуші компания мен тапсырыс беруші компанияның арасында тұрақты байланыс кезінде немесе жеткізушінің сенімділігі және клиенттің төлем қабілеттілігі мен сенімділігінде орын алады, баланста әдетте ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелер ретінде жіктеледі.

Электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) – электрондық сандық қолтаңбаның құралдарымен құралған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық сандық символдардың жинағы.

Куәландыру орталығы (КО) – электрондық сандық қолтаңба кілтінің электрондық сандық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сонымен қатар тіркеу куәлігінің шынайылығын растайтын заңды тұлға.

ЭСҚ қалыптастыру – бастапқы деректер ретінде хабарлама, жабық кілт және электрондық сандық қолтаңба схемасының параметрлері қолданылатын процесс, ал оның нәтижесі электрондық сандық қолтаңба болып табылады.

ЭСҚ тексеру – бастапқы деректер ретінде электрондық құжат, ашық кілт және электрондық сандық қолтаңба схемасының параметрлері қолданылатын процесс, ал оның нәтижесі электрондық сандық қолтаңбаның дұрыстығы немесе қателігі туралы нәтиже болып табылады.

Тіркеу куәлігі – электрондық сандық қолтаңбаның Заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға арналған куәландыру орталығымен берілетін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат. Контекстте «ашық кілттің сертификаты» ұғымының синонимі қолданылады.

ЭСҚ ашық кілті – кез келген тұлғаға қол жетімді электрондық сандық символдардың реттілігі әрі ол электрондық құжатта электрондық сандық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған.

Криптопровайдер Tumar(Тумар) CSP – ақпаратты криптографиялық қорғау құралы.

Сертификат (ашық кілттің сертификаты, ЭСҚ сертификаты) — ашық кілт және кілт иесін сәйкестендіретін ақпарат арасында сәйкестікті растайтын сандық немесе қағаз құжат. Кілт иегері туралы ақпараттан, ашық кілт, оның тағайындалуы және қолданылу саласы, сертификаттау орталығың атауы туралы мәліметтерден және т.б. тұрады.

ЭСҚ жабық кілті – электрондық сандық символдардың реттілігі, ол тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық сандық қолтаңбаның құралдарын пайдаланып, электрондық сандық қолтаңбаны құруға арналған.

Деректер базасы (ДБ) – қандай да бір физикалық немесе виртуалды жүйелердің сипаттамаларын сипаттайтын құрылымдалған ұйымдастырылған деректер жинағы. Үлкен ауқымдағы деректерді сақтауға арналған.

МТ102 – банкаралық ақша аудару жүйесіндегі хабарламалармен алмасу схемасындағы «жиынтық төлем» типіндегі хабарлама.

МТ100 – банкаралық ақша аудару жүйесіндегі хабарламалармен алмасу схемасындағы «клиенттік аударым» типіндегі хабарлама.

Ұлттық драйвер KAZWIN (РК1048) – 8-биттік кодтық кестеде қазақша әріптерді мемлекеттік кодтау стандарты.
6. Техникалық қолдау
Филиал: «БТА Банкі» Ақтөбе филиалы

Аты-жөні, тел.:

Афанасьев Евгений, т. 8 (7132) 956-378,

Бермагамбетов Арстан, т. 8 (7132) 956-383



E-mail:
7. Толықтырулар мен түзетулер (new!)
5.3.3.5 нұсқасы (08/08/2010)

  1. Бір ұйымда бірнеше шоттар мен банктерді жүргізу мүмкіндігі жасалған. Ол үшін «Деректемелер» қосымша бетінде «Ұйымдардың банктері» тармағы қосылған.

  2. Құжат сәтті құрастырылуы үшін кем дегенде бір 1 банк және онда бір ұйым болуы қажет.

  3. Қызметкерді қосу кезінде үш мәннің біреуін көрсетуге болады: тегі, аты немесе әкесінің аты.

5.3.3.6(4) нұсқасы (26/08/2010)

  1. «Қызметкерлер», «Құжаттар» және «Құжатқа жазбаны енгізу …» кестелерінде мәтінді енгізу кезінде іздеу және бағандар бойынша сұрыптау қосылған.

Мысалы,




  1. «Құжаттар» және «Қызметкерлер» кестелерін басқару үшін қосымша мәзір (бағандардың ені, автотегістеу, деректерді экспорттау) және «Құжаттар» кестесінде барлық тармақтарды айрықшалау үшін мәзір.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет