IBAN - International Bank Account Number
Банктік шоттың халықаралық нөмірі
Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың тиімді үдерісі үшін банктік шот нөмірінің бірыңғай стандарттары қажет. 2009 жылғы 2 қарашадан бастап Қазақстан Республикасында ISO 13616:1997 IBAN халықаралық стандарттарына негізделген клиенттердің банктік шоттары нөмірлерінің жаңа бірыңғай құрылымы пайдаланылатын болады.
IBAN дегеніміз не?
IBAN (International Bank Account Number) – бұл Стандарттау жөніндегі Халықаралық Ұйым жəне Банктік стандарттардың Еуропа комитеті əзірлеген, ISO 13616:1997 IBAN халықаралық стандартына сәйкес берілген клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік шотының нөмірі. Қазіргі уақытта ол əлемнің 40 елінде, оның ішінде Еуропа одағы елдерінде және олардың аумағында, сондай-ақ Түркияда, Қырғызстанда, Тунисте және Маврикияда пайдаланылады.
IBAN елдің және алушы банктің белгісі бар әріптер мен цифрлар жиынтығынан тұрады, бұл кез келген елдің кез келген банкінде, егер осы елде IBAN стандарты пайдаланылса клиенттің шотын бірегейлендіруге мүмкіндік береді.
Қазақстандық IBAN және оның құрылымы
Қазақстан Республикасында клиенттердің барлық банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы (банктер) шоттарының нөмірлері IBAN стандарттарына сәйкес елдің ішіндегі төлемдер үшін, сол сияқты халықаралық төлемдер үшін бірыңғай қағидат бойынша қалыптастырылады. Осылайша олар банктік шоттың осы стандартын пайдаланатын бүкіл Еуропа бойынша және басқа елдерде жеңіл танылатын болады, бұл төлемдерді өңдеуді анағұрлым жеңілдетуге мүмкіндік беретін болады.
Клиенттің банктік шоттың жаңа нөмірінің құрылымы жиырма разрядтан тұратын болады жəне былайша көрінеді:
K Z С С Б Б Б Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х
Қазақстанның
коды
бақылау разряды
банктің коды
банк клиенті шотының банкаралық нөмірі
IBAN халықаралық стандартының талаптарына сəйкес, IBAN-ды берудің айрықша құқығына тек шот иесінің банкі ғана ие болады. Екі таңбалы цифрлы бақылау разрядын сол банк қана есептейді. IBAN бақылау разрядының есеп айырысу формуласы IBAN барлық нөмірлері үшін барлық елдерде бірыңғай болғандықтан, шоттың дұрыстығын төлемнің бастамашысы болатын банкте, ақша аударуға тартылған корреспенденттік банктерде (егер алушы басқа банктің клиенті болса да) тексере алады.
Көзбен қараған кезде қабылдауды оңайлату мақсатында қағаз тасымалдауыштағы төлем жəне басқа құжаттарда шоттың нөмірін əрбір төрт таңбадан кейін ашық орын қалдырып көрсетуге рұқсат етіледі:
KZСС БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ
Алайда, электронды нысандағы төлем жəне басқа құжаттарды толтырған кезде банктік шоттың нөмірі бос орын қалдырылмай енгізілуі тиіс. Сондай-ақ бұл жағдайда банктік шот нөмірінің алдына ешқандай да басқа қысқартуларды қосуға болмайды (мысалы, IBAN, A/C, Account No жəне т.б.).
Банктерге не істеу керек?
Барлық банктер банктік шоттың жаңа құрылымын күшіне енгізгенге дейін өз клиенттерінің бұрынғы шоттарының нөміріне IBAN бірыңғай құрылымына сәйкес банкттік шоттардың нөмірін, оны төлем құжаттарында нақты пайдаланбай беруі тиіс.
Жаңа құрылым күшіне енген күннен бастап (2007 жылғы 2 қараша) банктер нөмірлерді тек IBAN банктік шотының бірыңғай құрылымына сәйкес беретін және көрсетілген төлем құжаттарында IBAN дұрыс қойылуын тексеретін болады.
IBAN банктік шотының нөмірі ел ішіндегі төлемдерді жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ халықаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын болады. Бұл ретте банктік бірегейлендіру кодын көрсету қажет.
Клиенттерге не істеу қажет?
Клиент IBAN өз нөмірін алу үшін өзінің шоты ашылған банкке баруы тиіс. Егер клиенттердің бірнеше банктерде шоттары болса, онда нақты шотқа сәйкес келетін IBAN нөмірін ол осы шот ашылған банкте алады.
Іскер әріптестерін IBAN банктік шотының берілген нөмірі және өз банкінің коды туралы хабардар етуі, сондай-ақ өз әріптестері банктерінің кодтары мен IBAN шоттарының нөмірлерін білуі тиіс.
Төлем құжаттарын қабылдай отырып, Сіздің банк құжатта көрсетілген алушы шоты нөмірінің (IBAN) тиісті мемлекеттің IBAN құрылымына сәйкестігін тексеруге көмек береді.
Кейбір елдердің IBAN мысалдары
Ел
|
IBAN мысалы
|
Германия
|
DE89 3704 0044 0532 0130 00
|
Ұлыбритания
|
GB29 NWBK 6016 1331 9268 19
|
Финляндия
|
FI21 1234 5600 0007 85
|
Швеция
|
SE35 5000 0000 0549 1000 0003
|
Нидерланд
|
NL39 RABO 0300 0652 64
|
Туркия
|
TR33 0006 1005 1978 6457 8413 26
|
Достарыңызбен бөлісу: |