Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата03.11.2022
өлшемі143.02 Kb.
#463951
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
165503 (1)

ТАҚЫРЫП 13 XX ғ. өнері
1. Сюрреализмнің пайда болу негіздері: Творчестволық процестің
көркемдік тұжырымдары.
2 С. Дали-сюрреализмдік бағыттың көрнекті өкілі.
3. Абстракционизм және оның екі түрі: оның негізін қалаушылар: В.
Кандинский және П. Мондриан. Абстракционизмдік тұжырымдардың
көркемдік ерекшеліктері.
4. Постмодернизм көркемөнерлік ағым және оның бағыттары: поп-арт,
гиперреализм, хепенинг.
ТАҚЫРЫП 14 Орыс өнерінің тарихы
1 XVIIIғ. өнер. Сәулет өнері, оның жаңа талаптары мен жаңа белгілері.
Радиальды-дөңгелек жобадан-ретті жобаға көшу. Орыс дәстүрлерінің қайта
қаралуы және XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасыр басындағы Москва
сәулетіндегі еуропалық өнердің ықпалы. 
2 Москва мен Петербург сәулет өнеріндегі екі стилдің бірлігі: барокко
және классицизм. 
3 XIXғ. өнер. XIXғ. Орыс сәулет өнерінің даму ерекшеліктері. Қалалық
ансамбльдердің құрылуы; А.Д. Захаров, А.Н. Воронихин, Тома де Томон
творчествосындағы сәулет өнері мен мүсін өнерінің синтезі. 
4. Бейнелеу өнері. Ф.Ф. Щедриннің, В.И. Демут-Малиновскийдің, С.С.
Пименовтың, П.К. Клодтың монументальды-декоративті жұмыстары. И.П.
Мартос творчествосы. 
5 Кескіндеме О.А. Кипренский, В.А. Тропинин, К.П. Брюллов, И.Н.
Крамской творчествосындағы портреттік өнер. Крамскойдың “жылжымалы
көркемсурет көрмесінің серіктестігі”. К.А. Савицкийдің, В.Е. Маковскийдің,
Н.А. Ярощенконың, В.Г. Перовтың, И.Е. Репиннің және тағы басқалардың
шығармалардың халықтық және реалистік белгілерінің дамуы. 
6. XIXғ. аяғы мен XXғ. басындағы өнер тарихы. Ресейдің
көркемөнерлік өміріндегі күрделі кезең; өнердің көпқырлылығы. Дәстүрлер
және жаңа бағыттар. Көркемөнерлік мектептер.
ТАҚЫРЫП 15 Қазақ өнері
1 Социализм кезеңінің өнері. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
Қазақстан суретшілерінің патриоттық шығармашылығы. Соғыс тақырыбына
арналған көркемсурет көрмесінің өткізілуі. 


2 Соғыстан кейінгі суретшілер творчествосының белсенділік
танытуы.Жылжымалы 
көркемсурет көрмелерінің ұйымдастырылуы. Бейбіт әлем тақырыбы: А.
Исмаиловтың индустриялық пейзаждары, А. Қастеевтің портреттері, А.М.
Черкасскийдің Жамбыл Жабаев, Дина Нұрпейсовалардың образдарын
жасауы. 
3. Л.П. Леонтьевтің еңбек тақырыбына, коллективизмге арналған
жанрлық композициялары және оның қоғамдық-әлеуметтік мәні (“Түнгі ору”,
“Кілем тоқушылар”, 1949ж). М.С. Лизодуб творчествосындағы камералық-
тұрмыстық сценалар. К. Тельжанов творчествосы. Оның полотнолары:
“Алғашқы рет”, “Әмина әже”, “Жамал”, “Бабалар топырағында”, Қазақ
әдебиеті мен өнерінің Москвадағы декадасына арнап салынған (1958)
“Көкпар” (1960) және т.б. 
4. М. Кенбаев және К. Шаяхметов творчествосындағы дала
тақырыбы. 
5. М. Мәмбеев творчествосы, оның жұмыстары: “Киіз үй”, “Көш”,
“Менің қаламда”, “Студенткалар”. 
6. Қазіргі Қазақстан өнерінің жаңа бағыттары, оның ерекшеліктері. 
3.4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет