Бағдарламасына негізделіп, 1513000- «Ветеринария» мамандығының 1513032- «Ветеринарлық санитар»



бет1/2
Дата14.11.2022
өлшемі24.77 Kb.
#464787
түріБағдарламасы
  1   2
вет хирургия


  1. Түсіндірме жазба

Осы оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 10 шілдеде №268 бұйрығына 350 қосымшасына сәйкес бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп, 1513000- «Ветеринария» мамандығының 1513032- «Ветеринарлық санитар» біліктілігі бойынша оқытылатын мамандарды даярлауға әзірленген.
Пәнді оқыту тәжірибелік бағытта және жалпы кәсіби пәндермен тығыз байланыста ұйымдастырылған. Оқыту үрдісінде меңгерген теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бекіту және тереңдету үшін әрбір тақырып өткен сайын зертханалық сабақтар өткізіледі.Оқу сабақтарын өткізу түрлері сабақтың дидактикалық мақсаты мен мазмұнына қарай таңдалды.
Бағдарламаға енгізілген өзгертулер арнайы пәндер бірлестігі отырысында талқыланып, директордың өндірістік оқу ісінің орынбасары бекітті.
«Ветеринарлық хирургия: акушерлік іс және қолдан ұрықтандыру» ауру тануды және ішкі аурулардағы болатын өзгерістерді білгенде ғана малға жақсы да, тимді ашық және жабық әдістермен ота жасауды, жануарларды қолдан ұрықтандыра білуге, дауалау және емдеудің тәсілдері туралы оқытып-үйрету мәселелері көзделген.
Бағдарламада оқытушының әрбір тақырыптық бөлімдерді оқытуда алдына қойылған мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Бағдарламада зертханалық-тәжірибелік сабақтарда қарастырылған, мақсат - алған білімдері төмендегі талаптарға сай келуі: болжау, анықтау, салыстыру, түсіндіру, қолдану.
Жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу барысында, білім беру ұйымы үлгілік оқу бағдарламасындағы пәнді оқыту уақытының жалпы көлемін сақтай келе, айналымға бөлінген сағат көлемін қазіргі заманғы оқыту технологиясын пайдалана отырып, 10-25% өзгертуге құқылы.
Бұл жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру үшін:

  • сабақ осы пәнге арналған кабинетте өтуі тиіс;

  • кабинет пән мазмұнына сәйкес жабдықталуы тиіс;

  • көрнекті құралдар, схемалар, плакаттар, үлгілер, аспаптарды қолдану;

  • «аудивизуальды және электронды есептеуіш техникалар» оқу – әдістемелік бірлестігінде талдаған, әрі келісілген оқу бейнефильмдерін және оқу – әдістемелік құралын пайдалануды ұсынады.

Пәнді оқыту барысында оның бағдарламасы және әдістемелік нұсқауларға сәйкестендірілуін қадағалау қажет етіледі.
Бағдарлама материалын оқу нәтижесінде оқушы міндетті:
білуге тиіс:
- малды бекіндіру;
- малға жақындау;
- қауіпсіздік техникасын;
-жарақаттарды таңуды;
-несеп-жыныс ағзаларына ота жасай білуді;
-хирургиялық инфекциялардың алдын-алу;
-қан ағу, оны тоқтату;
-аналық және аталық малдардың жыныс ағзаларының құрлысын;
- жануарларды қолдан ұрықтандыру әдістерін;
-буаз малдың ауруларын;
- Ветеринариялық – санитариялық ережелерді;
- Зертханалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу;
- пәнаралық байланыстарды қалыптастыру.
- биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу.
меңгеруі қажет:
-ветеринариялық хирургиялық шараларды;
- аурулардың экономикаға нұқсанын;
- ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру әдістерін;
- жануарларға ота жасап пішуді;

Кәсіптік білімнің коды мен саласы 1513000


Біліктілігі: 1513032 Ветеринарлық санитар
Оқыту түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 жыл 10 ай
Базасы: Кәсіптік арнаулы білім



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет