«Багратион ауылдық округі әкімінің аппараты»
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымды бос орындарға конкурс жариялайды.
1.Бас маман (Е-G-3 категориясы), лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін
Функционалдық міндеттері: Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу және жеке кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарымен жұмыс істеу, олардың жұмысы туралы мәліметтер, хабарлар беру; аудандық статистика бөлімінен түскен құжаттарды орындау; тұрғындар және шаруа қожалықтары жөнінде шаруашылық кітаптарын жүргізу; округке тіркелген, тіркеуден шыққан азаматтардың есеп шоттарын ашып–жабу; аудан әкімінің сайтына мақалаларды дайындап, жіберу; № 24 статистикалық форма бойынша есеп тапсыру; № 6ж, № 7ж, № 6р, № 7р статистикалық формалары және № 3 тіркелім бойынша есеп тапсыру; жолдардың қыс уақытында ұсталуына қатысты жұмыстарды атқару
Конкурсқа қатысушыларға кәсіптік талаптар: Жоғары кәсіптік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
2.Жетекші маман (Е-G-4 категориясы), лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін
Функционалдық міндеттері: Әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жұмыстарын жүргізу; соғысқа қатысқан мүгедектерге, қайтыс болған әскери қызметкерлердің жанұяларына, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және басқа көп балалы отбасыларына, 1,2,3 топқа жататын мүгедек азаматтарға қатысты жұмыстарды жүргізу; арнаулы әлеуметтік көмекке қатысты, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға қатысты құжаттарды ресімдеу; жалғызбасты, аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне сәйкес құжаттарды ресімдеу;
Конкурсқа қатысушыларға кәсіптік талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.
Конкурсқа қатысушыларға жалпы талап: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріе, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, конкурс өткізетін мемлекеттік органға, келесі құжаттарын ұсынады: белгіленген нысан бойынша өтініші, мөлшері 3х4 фотосуреті, толтырылған анкетасы, нотариалдық куәландырылған білімі туралы құжаттарының, еңбек кітабінің көшірмелері, 2010 жылғы 23 қарашадағы ҚР денсаулық сақтау Министрілігі бекіткен № 907 бұйрығы бойынша (2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 нормативті-құқықтық актісі мемлекеттік тіркеу Реестрде тіркелген). ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, құжаттарды ұсынған кезде нақты тестілеуден өткені туралы маңыздылығы тегінен төмен емес қорытындысының сертификаты.
Құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде конкурс өтетіні туралы соңғы хабарландырудан бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады. Мекенжайы: ШҚО, Ұлан ауданы, Привольное ауылы, Лут көшесі 1, Багратион ауылдық округі әкімінің аппараты, тел. 31 – 177, эл.пошта- alipova_bagration@mail.ru
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберілгені туралы хабарланғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Багратион ауылдық округі әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Айтылған қызметті иеленген тұлғаларға көмек қаражаты төленбейді, тұрғын үй, басқа жеңілдіктер көрсетілмейді. Конкурсқа қатысуға жұмсалатын шығындарды (конкурс өтетін жерге барып қайтатын шығындарды, үй жалдау және басқа шығындарды) қатысушылар өз қаражаттарымен өтейді.
Достарыңызбен бөлісу: |