Бақылау:
2012ж.05.04.
ҚР Әділет министрлігінде
2001 жылы 17 наурызда №1428 тіркелді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң
Қ А У Л Ы С Ы
-
Алматы қаласы
|
2001 жылғы 3 наурыз
|
№ 57
|
ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы
(Өзгерістер мен толықтырулар:
-
ҚРҰБ БҚ № 38 2011ж. 29.04. (Тіркеу.№ 2785)
2) ҚРҰБ БҚ № 41 2012ж. 24.02. (Тіркеу. № 2922)
Тіркеу. № 1097
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001жылғы
7 ақпандағы № 549 Жарлығын орындау үшін және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (бұдан әрі – Қазақстан Президентінің Жарлығы) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін;
3) Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесінің жеке және заңды тұлғалардың мүддесіне қатысты тармақтарын республикалық газеттерде (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) жариялайтын болсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Бақылау
2012ж.05.04.
ҚР Әділет министрлігінде
2001 жылы 17 наурызда №1428 тіркелді.
-
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 3 наурыздағы
№ 57 қаулысымен
бекітілген
|
Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесі
(Өзгерістер мен толықтырулар:
-
ҚРҰБ БҚ № 38 2011ж. 29.04. (Тіркеу.№ 2785)
2) ҚРҰБ БҚ № 41 2012ж. 24.02. (Тіркеу. № 2922)
1-тарау. Жалпы ережелер
Тіркеу. № 1097
1. Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (бұдан әрі – Қазақстан Президентінің Жарлығы) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Ереже қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу, қолма-қол тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау тәртібін белгілейді. Осы Ереженің нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) үшін орындауға міндетті.
3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қолма-қол тиындар – құны 2, 5, 10, 20 және 50 тиын 1993 жылғы үлгідегі металл тиындар;
2) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі – Ұлттық Банктің орталық аппаратының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі;
3) Ұлттық Банктің филиалдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ( бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалдары мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).
2-тарау. Қазақстан Республикасының ақша айналымынан
қолма-қол тиындарды алу тәртібі
4. Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу, көрсету және тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі өзгеріссіз қалады.
5. Қазақстан Президентінің Жарлығы жарияланған күннен бастап тек қана Ұлттық Банктің филиалдары және екінші деңгейдегі банктер айырбастау, сондай-ақ Ережеде көрсетілген тәртіппен банктік есепшоттарға есептеу үшін қолма-қол тиындарды қабылдайды.
6. Екінші деңгейдегі банктер:
1) заңды және жеке тұлғаларға операциялық кассалардан қолма-қол тиындар беруді тоқтатуға;
2) клиенттерден ешқандай шектеусіз банктік есепшоттарға есептеу үшін операциялық кассаға қолма-қол тиындарды кедергісіз қабылдауды қамтамасыз етуге;
3) заңды және жеке тұлғалардан бір теңгеге дейінгі қолма-қол тиындарды айналымдағы ақша белгілерінің басқа түрлеріне ешқандай шектеусіз қабылдауға және айырбастауға міндетті;
4) қолма-қол тиындар сомасы теңгемен айырбастау үшін жеткіліксіз болған кезде қолма-қол тиындар клиенттің банктік есепшоттарына есептелуі мүмкін. Күмәнді және төленбейтін тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады;
5) операциялық кассадағы қолма-қол тиындардың қалдығын Ұлттық Банктің филиалдарына тапсыруға міндетті.
7. Ұлттық Банктің филиалдары:
1) екінші деңгейдегі банктерге, заңды және жеке тұлғаларға айналым кассасынан қолма-қол тиындар беруді тоқтатады;
2) Ұлттық Банктің эмиссия-кассалық операцияларын жүргізу және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолма-қол ақшасыз баламаны екінші деңгейдегі банктердің тиісті банктік есепшоттарына кейіннен аудару арқылы екінші деңгейдегі банктерден және Ұлттық Банкте банктік есепшоттары бар заңды тұлғалардан қолма-қол тиындарды айналым кассасына шектеусіз қабылдайды.
8. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу қоса алғанда 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
3-тарау. Алынып тасталды.
4-тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ақша белгілерін айналымнан алу бойынша қорытынды шығару тәртібі
12. Алынып тасталды.
13. Қолма-қол тиындардың айналымнан алынуына қарай Ұлттық Банктің тиісті нормативтік құқықтық актілері негізінде Ұлттық Банк оларды жойып (балқытып) отырады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Достарыңызбен бөлісу: |