Бақылау 2015ж. 19. 03. ҚР Әділет министрлігінде 2006 жылы 1 қаңтарда №4361 тіркелді



Дата24.02.2016
өлшемі250.49 Kb.
#14159
Бақылау

2015ж.19.03.
ҚР Әділет министрлігінде

2006 жылы 1 қаңтарда № 4361 тіркелді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң

Қ А У Л Ы СЫ

Алматы қаласы 2006 жылғы 25 шілде № 65


Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы

(Өзгерістер мен толықтырулар:


1) ҚРҰБ БҚ № 49 2007ж. 30.04. (Тіркеу. №2348)

2) ҚРҰБ БҚ № 65 2008ж. 22.08. (Тіркеу. №2492)

3) ҚРҰБ БҚ № 6 2009ж. 28.01. (Тіркеу. №2542)

4) ҚРҰБ БҚ № 107 2009ж. 30.11.(Тіркеу. № 2634)

5) ҚРҰБ БҚ № 42 2010ж. 21.05.(Тіркеу. № 2679)

6) ҚРҰБ БҚ № 102 2010ж. 27.12. (Тіркеу. 2747) (ЖБҚ)

7) ҚРҰБ БҚ № 122 2011ж. 30.09.(Тіркеу. № 2835)

8) ҚРҰБ БҚ № 160 2011ж. 28.10.(Тіркеу. № 2896))

9) ҚРҰБ БҚ № 17 2012ж. 30.01. (Тіркеу. № 2930)

10)ҚРҰБ БҚ №161 2012ж.28.04.2012.(Тіркеу.№ 3027)

11) ҚРҰБ БҚ № 3 2013ж. 25.01. (Тіркеу. № 3170)

12) ҚРҰБ БҚ № 221 2013ж. 27.08. (Тіркеу. № 3265)

13) ҚРҰБ БҚ № 223 2014ж. 21.11. (Тіркеу. № 3395)

14) ҚРҰБ БҚ № 11 2015ж.28.01. (Тіркеу. № 3435)- алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Тіркеу. №2246

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.

 

 


Ұлттық Банк


Төрағасы Ә. Сәйденов

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі


№ 65 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1568 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1568 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2002 жылғы 24 қазандағы № 426 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2048 тіркелген).


3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №1568 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 1 қыркүйектегі № 322 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2518 тіркелген).


4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ««Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4032 тіркелген).

Бақылау

2015ж.19.03.
ҚР Әділет министрлігінде

2006 жылы 1 қаңтарда № 4361 тіркелді.




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Басқармасының

2006 жылғы 25шілдедегі

№ 65 қаулысымен

бекітілген


Тіркеу. 2246



Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі

(Өзгерістер мен толықтырулар:


1) ҚРҰБ БҚ № 49 2007ж. 30.04. (Тіркеу. №2348)

2) ҚРҰБ БҚ № 65 2008ж. 22.08. (Тіркеу. №2492)

3) ҚРҰБ БҚ № 6 2009ж. 28.01. (Тіркеу. №2542)

4) ҚРҰБ БҚ № 107 2009ж. 30.11.(Тіркеу. № 2634)

5) ҚРҰБ БҚ № 42 2010ж. 21.05.(Тіркеу. № 2679)

6) ҚРҰБ БҚ № 102 2010ж. 27.12. (Тіркеу. 2747) (ЖБҚ)

7) ҚРҰБ БҚ № 122 2011ж. 30.09.(Тіркеу. № 2835)

8) ҚРҰБ БҚ № 160 2011ж. 28.10.(Тіркеу. № 2896))

9) ҚРҰБ БҚ № 17 2012ж. 30.01. (Тіркеу. № 2930)

10)ҚРҰБ БҚ №161 2012ж.28.04.(Тіркеу.№ 3027)

11) ҚРҰБ БҚ № 3 2013ж. 25.01. (Тіркеу. № 3170)

12) ҚРҰБ БҚ № 221 2013ж. 27.08. (Тіркеу. № 3265)

13) ҚРҰБ БҚ № 223 2014ж. 21.11. (Тіркеу. № 3395)

14) ҚРҰБ БҚ № 11 2015ж.28.01. (Тіркеу. № 3435)- алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі – Қор) сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Ұлттық Банктің Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыруының негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Қор активтерінің сақталуы;

2) Қор активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;

3) бірқалыпты тәуекел деңгейінде ұзақ мерзімді болашақта Қор активтері кірістілігінің жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Қор активтері кірістілігінің ұзақ мерзімді болашақта жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету кірістіліктің қысқа мерзімді ауытқуларын көздейді.

3. Қорды сенімгерлік басқару бойынша қызметке қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited, Fitch Ratings Ltd және басқа ақпараттық жүйелердің қызмет көрсетулерін сатып алу кіреді.

4. Ұлттық Банк Басқармасы осы Ереженің қағидаларын жылына кемінде бір рет талқылайды.

 

 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Негізгі ұғымдар

 

5. Активтерді активтік басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан асуы мүмкін болатын басқару түрі.



6. Негізгі валюта - Қор активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін пайдаланылатын валюта.

7. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік - кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) пайызбен көрсетілген және бағалы қағазды (портфельді) ол өтелгенге дейін сатып алған және сақтаған жағдайда алынатын кірістілігі. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікті есептеу купон ставкасына, бағалы қағаздың (портфельдің) өтеу мерзіміне және нарықтық құнына негізделеді. Есептеу кезінде купондық төлемдерді бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікке тең пайыздық ставка бойынша қайта инвестициялау болжанады.

8. Кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы - бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік жоғарылаған/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны жуық шамамен қаншалықты төмендейтінін/жоғарылайтынын көрсететін көрсеткіш.

9. Кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) - портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатынасы бойынша портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқу өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіші (tracking error).

10.Алынып тасталды.ҚР ҰБ Басқармасының 2008.22.08  № 65 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 107 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 122 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

11.Алынып тасталды.

ҚР ҰБ Басқармасының 2009 ж. 28 қаңтардағы № 6 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.11. № 107 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.21.05. № 42 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 122 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011.28.10. № 160 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.30.01. № 17 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.28.04. № 161 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.01. № 3 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда

12.Алынып тасталды.ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Кредиттік рейтинг - қаржы құралдары бойынша кредиттік тәуекел деңгейінің Standard and Poor’s Financial Services LLC (бұдан әрі - Standard & Poor’s) және Moody’s Investors Services (бұдан әрі - Moody’s) халықаралық рейтингілік агенттіктер беретін көрсеткіші. Кредиттік рейтингілер кестеде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелдің ұлғаюына қарай орналастырылады.

14. Активтерді пассивтік (индекстік) басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан аспаған кездегі басқару түрі.

15. Өкілетті өкіл - Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіліктеріне Ұлттық Банктің атынан Қорды сенімгерлік басқару бойынша шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде).

16. Портфель - қаржы құралдарының жинағы, оның ішінде Қордың ақшасы бар.ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды

16-1. Туынды құралдар - форвард, своп мәмілелері, форвардтық пайыздық мөлшерлеме (ФРА) туралы келісім, опцион, фьючерс және осы мәмілелердің қиыстырылуынан тұратын басқа да операциялар.

16-2. Алтын портфелі – бұл мақсаты валютадағы активтердің халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығының ықтимал төмендеуінен сақтау және қорғау болып табылатын, ішкі және/немесе сыртқы алтыннан тұратын портфель.

17. Жинақ портфелі - бұл мақсаты активтердің кірістілігін ұзақ мерзімді болашақта ұлғайту болып табылатын портфель. Жинақ портфеліне түскен барлық түсімдер және жинақ портфелінен трансферттер тұрақтандыру портфелі арқылы жүзеге асырылады.

18. Тұрақтандыру портфелі - бұл мақсаты активтердің өтімділігін қамтамасыз ету және кірістілігін қысқа мерзімді болашақта ұлғайту болып табылатын портфель.

19. Құрылымдық өнім – әр түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын активтер мен міндеттемелердің жиынтығы.

20. Активтерді тактикалық бөлу (tactical asset allocation) – эталондық портфель және оның рұқсат етілген ауытқулары шеңберінде қаржы құралдарының түрлі кластарының үлесін қаржы құралдарының, оның ішінде туынды қаржы құралдарының портфеліне/портфелінен сатып алу/сату/аудару жолымен өзгерту. Портфель активтерін тактикалық бөлу портфельдің кірістілігін эталондық портфельмен салыстырғанда арттыру мақсатында жүргізіледі.

21. Портфельді валютаға қарсы хеджирлеу - портфельдің нарықтық құнының осы валютаның айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

22. Активтерге кепілге салынған бағалы қағаздар (ABS) - жылжымайтын мүлікті қоспағанда, активтер сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.

23. Жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздар (MBS) - жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.ҚР ҰБ Басқармасының 2008.22.08  № 65 Қаулысымен  24-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

24. Эталондық портфель - стратегиялық мүдделерді көрсететін құралдар жинағы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқарудың кірістілігін бағалау кезінде өлшем болып табылады. Эталондық портфель ретінде әлемдік жетекші қаржы компаниялары, не Ұлттық Банк әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады.

25. Дербес басқару - Ұлттық Банк басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.

26. Сыртқы басқару - Ұлттық қордың сыртқы басқарушылары басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.



26-1. Алтын депозит (салым) – келісілген пайыздық мөлшерлемеде белгілі бір кезеңге салынған металл шоттарындағы алтын салымы. 
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қордың портфельдерін басқару жөніндегі жалпы стратегия

 

27. Қордың активтері тұрақтандыру портфеліне, жинақ портфеліне және алтын портфеліне бөлінеді.



ҚР ҰБ Басқармасының 2007.30.04  № 49 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҰБ Басқармасының 2009 ж. 28 қаңтардағы № 6 Қаулысымен 28 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 28. Тұрақтандыру портфелінің нарықтық құны бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгемен ағымдағы шотындағы қаражаты ескеріле отырып тиісті жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекіткен ең жоғары айлық кепілдік берілген трансферттен аз болмайтын мөлшерде болуы тиіс.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.30.04  № 49 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҰБ Басқармасының 2009 ж. 28 қаңтардағы № 6 Қаулысымен 29 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 29. Егер күнтізбелік айдың соңғы күні тұрақтандыру портфелі осы Ереженің 28-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, онда Қор активтерінің бір бөлігін жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне өткізу жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органның ай сайынғы хабарламасына сәйкес алдағы айға кепілдік берілген трансфертті аудару талап етілмеген жағдайда, Қор активтерінің бір бөлігін жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне өткізу жүзеге асырылмайды.ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 221 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

30. Қордың активтерін портфельдер арасында аудару, олардың түрі мен көлемі Өкілетті өкілдің тапсырмасымен ғана осы Ереженің шеңберінде жүзеге асырылады. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 221 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

31. Қордың активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін оның негізгі валютасы АҚШ доллары болып саналады. ҚР ҰБ Басқармасының 2009 ж. 28 қаңтардағы № 6 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 221 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

32. Қордың активтері инвестицияланатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банкпен бірлесіп айқындайтын Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесімен бекітіледі.

Осы Ережеде көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің шешімдеріне сәйкес сатып алынған, кірістілік пен тәуекелдер көрсеткіштерін есептегенде ескерілмейтін қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 221 Қаулысымен 32-1-тармақпен толықтырылды  

32-1. Сенімгерлік басқару кезінде активтік және сол сияқты пассивтік басқару қолданылады.

33. Репо және кері репо операциялары А1 - Standard & Poor's/P1 - Moody's төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері бар және A- - Standard & Poor's/A3 - Moody's төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бар қарсы әріптестермен жүзеге асырылуы тиіс. Кері репо операцияларына арналған қамтамасыз ету ААА ең төменгі кредиттік рейтингі бар, нарықтық құны операция сомасының кем дегенде 100 (жүз) пайызын құрайтын бағалы қағаздар болуы тиіс.ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34. Шетел валютасындағы және алтын депозиттері (салымдар) A-1 (Standard&Poor’s)/(P1 Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингі бар және A (Standard&Poor’s)/A2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестерде орналастырылады. Шетел валютасындағы депозиттердің (салымдардың) ең көп мерзімі – 1 (бір) ай. Алтын депозиттерінің (салымдарының) ең көп мерзімі осы Ереженің 56-4 тармағында көзделген.

35. «Төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша мәмілелерді қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында активтерді бір мезгілде жеткізу кезінде олардың кредиттік рейтингіне шектеулерсіз жүзеге асыруға болады.ҚР ҰБ Басқармасының 2009 ж. 28 қаңтардағы № 6 Қаулысымен Ереже  35-1 тармақпен толықтырылды; ҚР ҰБ Басқармасының 2009.30.11. № 107 Қаулысымен 35-1-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

35-1. Валютамен операциялар, осы Ереженің 35-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жинақ және тұрақтандыру портфельдерінің эталондық портфеліне кіретін елдердің валюталарын сатып алумен және сатумен шектеледі.ҚР ҰБ Басқармасының 2009 ж. 28 қаңтардағы № 6 Қаулысымен Ереже  35-2 тармақпен толықтырылды  

35-2. Қолма-қол ақшаның қалдықтарын инвестициялау АААm - Standart & Роог's рейтингі бар ақша нарығының қорларына немесе Ааа - Moody's немесе АААm - Standart & Рооr's немесе Ааа - Moody's рейтингі бар қорларға қойылатын барлық талаптарды орындайтын ақша нарығының қорларына жүзеге асырылады.ҚР ҰБ Басқармасының 2009.30.11. № 107 Қаулысымен  Ереже  35-3-тармақпен толықтырылды

35-3. «Жаппай активтік акциялар» және «Активтерді жаппай тактикалық бөлу» мандатының үлгілері үшін акциялар портфелінің эталондық портфеліне кірмейтін акцияларға және валюталарға портфель активтерінің 10 (он) пайызын инвестициялауға рұқсат етіледі.

35-4. Мемлекеттік бағалы қағаздың кредиттік рейтингі (Standard&Poor's немесе Moody’s) болмаған кезде мемлекеттік бағалы қағаздың кредиттік рейтингі берілгенге дейін эмитенттің кредиттік рейтингі қолданылады. 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Тұрақтандыру портфелінің негізгі өлшемдері

 

36. Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексінің құрамы тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып саналады. Бұл индекс өтеу мерзімі алты айға дейінгі АҚШ-тың қазынашылық вексельдерінен тұратын Merrill Lynch компаниясының индексі болып табылады. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.



37. Тұрақтандыру портфелі АА - Standard&Poor’s / Aа2 - Moody’s төмен емес кредиттік рейтингі бар елдердің өтімділігі жоғары активтерінен тұрады.

38. Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлу осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.

39. Корпоративтік бағалы қағаздар эмитенттерінің тұрақтандыру портфелінде А1+ - Standard & Poor's/P1 - Moody's төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері және АА - Standard & Poor's/Aа2 - Moody's төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері болуы тиіс.

40. Бағалы қағазды өтеудің ең көп мерзімі 10 (он) жылдан жоғары болмауы тиіс.

41. Тұрақтандыру портфелінің дюрациясы 1 (бір) көрсеткішінен аспауы тиіс.

42. Тұрақтандыру портфелі активтерінің 50 (елу) пайыздан аспайтын мөлшерін сыртқы басқаруға беруге болады.ҚР ҰБ Басқармасының 2008.22.08  № 65 Қаулысымен  43  тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

43. Тұрақтандыру портфелі активтерінің валюталық бөлуге қатысты ең көп дегенде 50 (елу) пайызын жинақ портфелінің индекстеріне кіретін елдердің АҚШ долларынан басқа валюталарда деноминирленген активтерге инвестициялануы мүмкін.

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Жинақ портфелінің өлшемдері

 

1. Жинақ портфелінің негізгі өлшемдері

 

44. Жинақ портфелі кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфеліне және акциялар портфеліне бөлінеді.



45. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің нарықтық құнының және жинақ портфелінің құрамындағы акциялар портфелінің жол берілетін ауытқулары осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес айқындалады.ҚР ҰБ Басқармасының 2009.30.11. № 107 Қаулысымен  (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 122 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) 46-тармақ өзгертіліді

46. Жинақ портфеліне арналған эталондық портфель деп:

1) 80 (сексен) пайыз облигациялардың композиттік индексінен)

және


2) MSCI World Index индексінің 20 (пайызы).

Осы индексте эталондық бөлуге қайтару күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі.ҚР ҰБ Басқармасының 2008.22.08  № 65 Қаулысымен  47  тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

47. Жинақ портфелінің кірістілігі ауытқуының эталондық портфель кірістілігінен күтілетін өзгермелілігі (tracking error) 2 (екі) пайыздан аспауы тиіс. Нарық жағдайында, осы Ереженің 46-тармағында көрсетілген эталондық портфельден ауытқу 10 (он) пайыздан астам болған кезде, жинақ портфелінің кірістілігі ауытқуының өзгермелілік көрсеткіші Қордың Уәкілетті өкілінің рұқсатымен 2 (екі) пайыздан асуы мүмкін.

 

 



2. Жинақ портфелінің кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің өлшемдері

 

48. Әлемнің дамыған елдерінің мына:



Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) – 45 (қырық бес) пайыз;

Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) – 20 (жиырма) пайыз;

Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) – 10 (он) пайыз;

Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) – 10 (он) пайыз;

Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) – 5 (бес) пайыз;

Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) – 5 (бес) пайыз;

Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) – 5 (бес) пайыз

өтімділігі жоғары бағалы қағаздардан тұратын облигацияларының Композиттік Индексі жинақ портфелінің кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелі үшін эталондық портфель болып саналады.

Осы индекстегі эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Бағалы қағаздардың индекстегі құрамы ай сайын өзгереді. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.

49. Портфельдің дюрациясы эталондық портфель дюрациясының +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайыз шегінде болуы тиіс.

50. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің секторлық бөлінуі осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес айқындалады.ҚР ҰБ Басқармасының 2009.30.11. № 107 Қаулысымен Ереже 50-1-тармақпен толықтырылды

50-1. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің кемінде 20 (жиырма) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен 51-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

51. Бағалы қағаздың ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі – BBB (Standard&Poor’s)/Baa2 (Moody’s). Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі (Standard&Poor's/Moody’s) бойынша лимиттер белгіленеді.

Рұқсат етілген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі (Standard&Poor's/Moody’s) бар корпоративтік эмитенттің бағалы қағаздарына кредиттік рейтингі (Standard&Poor's/Moody’s) болмаған жағдайда, бұл корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешімді Ұлттық Банк Басқармасы қабылдайды.

Ақша нарығының корпоративтік бағалы қағаздар эмитентінің ең төменгі қысқа мерзімді кредиттік рейтингі – А3(Standard&Poor's)/P3(Moody's).

Эталондық портфельге кірмейтін АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан да төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері үшін жинақ портфеліндегі ең көп ауытқулар осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес айқындалады.

Жылжымайтын мүлікке (MBS) немесе активтерге (ABS) кепілге салынған бағалы қағаздардың кредиттік рейтингілері ААА-дан ВВВ – Standard&Poor’s дейін немесе Ааа-дан Ваа2 – Moody’s дейін болады. 

 

3. Жинақ портфелі акциялар портфелінің өлшемдері



 

52. Жинақ портфелінің акциялар пакеті (Global Equity) үшін MSCI World Index (MXWO) индексі - Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын, әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын индекс эталондық портфель болып табылады. Кірістілік көрсеткіші күн сайын есептеледі.ҚР ҰБ Басқармасының 2007.30.04  № 49 Қаулысымен 53 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара);  ҚР ҰБ Басқармасының 2009.30.11. № 107 Қаулысымен 53-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53. Жинақ портфелінің акциялары портфелінің активтері (бұдан әрі - акциялар портфелі) жай және артықшылықты акцияларға, акциялар портфелінің эталондық портфеліне немесе оның секторларындағы құрамдас бөліктерге негізделген индекстерге, туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ қолма-қол ақшаға инвестициялануы мүмкін.ҚР ҰБ Басқармасының 2008.22.08  № 65 Қаулысымен  54  тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

54. Жинақ портфелінің акциялар портфелінің дербес басқарудағы активтері осы Ереженің 53-тармағында аталған қаржы құралдарына инвестициялануы мүмкін, сондай-ақ өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарға, депозиттерге және репо операцияларына инвестициялауға жол беріледі.

55. Акциялар портфелінің активтік басқарудағы үлесі акциялар портфелінің 50 (елу) пайызынан аспауы тиіс.ҚР ҰБ Басқармасының 2009.30.11. № 107 Қаулысымен Ереже 55-1-тармақпен толықтырылды

55-1. Акциялар портфелінің кемінде 80 (сексен) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.

56. Алып тасталды.(бұр. ред. қара)

 

5-1. Алтын портфелінің өлшемдері


56-1. Алтын портфелі құйма түрінде және металл шоттардағы ішкі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында) (бұдан әрі – Орталық) орналастырылған) және сыртқы (Қазақстан Республикасынан тыс орналастырылатын) алтыннан тұрады.

56-2. Валютадағы активтерді сақтау және халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығын ықтимал төмендеуден қорғау алтындағы активтерді басқару мақсаты болып табылады. Үстеме кірістілік алу алтындағы активтерді басқарудың мақсаты болып табылмайды.

56-3. Алтын портфелінің көлемі аудару сәтінде Қордың көлемінен 5 (бес) пайыздан аспайды.

56-4. Активтермен қамтамасыз етілмеген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды. Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қамтамасыз ету ретінде осы Ережемен инвестициялау үшін рұқсат етілген, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан жоғары болатын мемлекеттік бағалы қағаздар болады.

56-5. Алтынды Орталықтағы шоттарға есептей отырып оны ішкі нарықта сатып алған кезде бұл алтын ішкі алтын позицияларына жатады, ал оны Қазақстан Республикасынан тыс ашылған шоттарға есептеген кезде Қордың сыртқы алтынының позицияларында есепке алынады.

56-6. Сыртқы алтынның көлемінен 25 (жиырма бес) пайызға дейін AAA(Standard&Poor's) немесе Ааа (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар және өтеу мерзімі 10 (он) жылдан аспайтын алтынның бағасына байланысты бағалы қағаздарға инвестициялауға жол беріледі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Сыртқы басқарушыларды таңдау кезіндегі шектеулер

 

57. Ұлттық Қордың сыртқы басқарушыларын таңдау тәртібін Ұлттық Банктің Басқармасы айқындайды.



 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7. Кастодиандарды таңдау кезіндегі шектеулер

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 221 Қаулысымен 58-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



58. Ауқымды кастодианның ең төменгі кредиттік рейтингісі A (Standard&Poor’s)/А2 (Moody’s).

ҚР ҰБ Басқармасының 2010.21.05. № 42 Қаулысымен 58-1-тармақпен толықтырылды

58-1. Кастодиан Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітіледі.

59. Бір кастодианда клиенттердің активтері ең аз сомасы 3 (үш) триллион АҚШ долларына тең сақтауда болуы тиіс.

60. Кастодиан Ұлттық Банкке Қор активтерінің мониторинг жүйесін ұсынады.

61. Алып тасталды(бұр. ред. қара)

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 122 Қаулысымен 62-тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

62. Қордың бір кастодианға өткізілетін активтерінің нарықтық құны 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасынан аспауы тиіс.

 

 



ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Құрылымдық өнімдерді пайдалану

 

63. Құрылымдық өнімдерді тәуекелдерді хеджирлеу және кірістілікті ұлғайту үшін пайдалануға болады.



63-1. Эмитент рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s)-тен төмен емес халықаралық қаржы ұйымдары және тәуелсіз агенттіктер шығарған құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етіледі.

63-2. Ақша ағындары және/немесе негізгі өтеу сомасы валюталық, шикізат нарықтарына және/немесе акциялар нарықтарына не кредиттік оқиғаларға байланысты құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етілмейді.

63-3. Егер құрылымдық өнім бойынша нарықтық қайта бағалау болған жағдайда, оны сатып алуға жол беріледі.

64.Алып тасталды.

65.Алып тасталды.

66. Алып тасталды.ҚР ҰБ Басқармасының 2008.22.08  № 65 Қаулысымен  67 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

67. Алып тасталды.

68. Алып тасталды.ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

69. Алып тасталды.ҚР ҰБ Басқармасының 2008.22.08  № 65 Қаулысымен  70 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

70. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер MBS-қа және ABS-қа қолданылмайды.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Есептілік

 

ҚР ҰБ Басқармасының 2009.30.11. № 107 Қаулысымен 71-тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)



71. Ұлттық Банк тоқсан сайын және жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық Банктің Басқармасы бекіткен Қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті ұсынады.

1) тоқсан сайын:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есептік тоқсанның аяғындағы валюта кластары және түрлері бойынша осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бөлу;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры портфелінің осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есептік тоқсанның аяғындағы құрамы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфелін басқарудың есептік кезеңдегі нәтижелерін осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талдау;

2) жыл сайын:

тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге тигізетін ықпалы жөнінде жазбаша есеп, экономикалық шолу;

стратегияға шолу және портфель құрылымындағы неғұрлым маңызды өзгерістерді түсіндіру, ағымдағы инвестициялау стратегиясы.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісім бойынша өзге де есептілікті және Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша есептілікке түсіндірмелерді ұсынады.

 

 



ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 161 Қаулысымен 10-тараумен толықтырылды

10. Кредиттік тәуекел лимиттері

 

72. Ұлттық Банк Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асырған кезде тізбесін Ұлттық Банк айқындайтын қарсы әріптестермен операциялар жүргізеді. Қарсы әріптестерге арналған кредиттік тәуекел лимитінің ең көп мөлшері Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленеді.



73. Қарсы әріптестерге арналған лимиттер қарсы әріптестердің кінәсінен жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысуларды аяқтаудың кешігуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде немесе мерзімді мәмілелерді жапқан күннен кейін келесі жұмыс күні Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленген шектеулерге сәйкес келтіріледі. Бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін, сондай-ақ туынды құралдармен аяқталмаған операциялар бойынша қарсы әріптестердің кредиттік рейтингісін осы Ережеде белгіленген деңгейден төмен төмендеткен жағдайда, рейтинг төмендетілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы ұстанымдар мен мәмілелерді осы Ереженің талаптарына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданады.

74. Сыртқы басқаруға берілген активтермен операциялар ең аз кредиттік рейтингісі осы Ережеде белгіленген шектеулерге сәйкес келетін қарсы әріптестермен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет