Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
«Қоршаған ортаны қорғау, Тау-кен ісі,Құрылыс кафедрасы»
Бақылау жұмысы
«Теодолиттік жүріс нәтижелерін математикалық өңдеу»
Орындаған: Әмірғожа Медет
Тексерген: Кауметова Д.С.
Тобы: ГДК-221
Көкшетау-2023
Мазмұны:
Кіріспе 3
Теодолиттік түсіріс мәні 4-5
1.2. Теодолиттік түсіріс нәтижелерін камералдық өңдеу 6-9
1.3 Координаталарды есептеу ведомосі 13
Теодолиттік түсірістің планы 10
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиет 12
КІРІСПЕ
Теодолиттік түсіріс деп- жер бетінің тек контурлық планын жасау үшін теодолит пен өлшеу таспасының немесе қашықтық өлшегіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды айтады. Теодолит пен горизонталь және көлбеу бұрыштар өлшенеді. Теодолиттік түсірістер жазық жер бетінде, елді мекенді аймақтарда, құрылыс, тау-кен өндіріс алаңдарында, теміржол тораптары, т.б. жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі.
Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын түсіру дәлдігіне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолда бар барлық картографиялық, құжаттарды ( планды, картаны, профильді ) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.
Далалық жұмыстарға:
Жергілікті жерді рекогносцировкалау (байқап қарау) және пункттерді бекіту;
Бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;
Жердегі заттарды, контурларды түсіру;
Жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек аункттеріне байланыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |