Курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау



Дата26.06.2016
өлшемі62.05 Kb.
#159355


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар факультеті



«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы

Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған қосымшалар құру

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау

Семей 2014



БЕКІТЕМІН


АКТ факультетінің деканы

___________Какимов А.К.

«_____» ____________ 2014 ж.

Құрастырған: аға оқытушы Жаксыгулова Д.Д.


«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы


Курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау

«Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған қосымшалар құру» пәні бойынша

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған
Кафедра отырысында ұсынылған 2014 ж. ________________ № 2 хаттама
Кафедра меңгерушісі____________ Смагулов С.К.
АКТФ оқу - әдістемелік кеңесінде мақұлданған
2014 ж «____»_____________№____ хаттамасы

ӨӘК төрайымы ______________________ Бекбаева Р.С.



1 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Курстық жұмыстар оқытушының студенттерге жеке тапсырмасы нәтижесінде орындалады. Студентке сұрақты толық, терең қарастыру үшін, тақырып бойынша белгілі бір зерттеулер және есептеулер жүргізу үшін алдын ала беріледі, сабақ басталғаннан кейін бірінші айда.

Студент курстық жұмысты өздігінен орындау кезінде теориялық және практикалық білімін қолдана білу керек. Сонымен бірге программалаудың жұмыс дағдысын меңгеру.

Курстық жұмыс «Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған қосымшалар құру» пәні бойынша білімді тереңдету мақсатында теориялық және практикалық білімді тәжірибемен ұштастыру. Курстық жұмыс тақырыптарын ашу үшін зерттеу нәтижесінде болған нәтижелерге көңіл бөлу керек.

Тақырыппен жұмыс мынандай бөлімдерден тұрады:

а) мақсатты анықтау және қалыптастыру;

б) курстық жұмыс жоспарын құрастыру;

в) зерттеудің дұрыс жүруін және әдістемесін оқу;

г) зерттеу нәтижесінде алынған қорытындыларды, қолданылған әдебиеттерді жалпылау;

д.) курстық жұмысты дайындау.




2 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ БӨЛІМДЕРІНІҢ ЖАЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
АҢДАТПА – курстық жұмысқа қысқаша түсінік беру.

МАЗМҰНЫ — тақырып бойынша курстық жұмыстың бөлімдері беттерімен беріледі.

КІРІСПЕ

Жалпы тақырып бойынша міндеттерді анықтау олардың маңызы мен алатын ролін және тақырыптың ерекшелігін ашу.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Әдебиеттерге шолу. Бұл бөлімде автордың атымен қолданылғен әдебиеттерге нұсқама жасайды.Қой шаруашылығы бойынша қазіргі кездегі ғалымдардың еңбектеріне шолу жазылады. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша практикалық және технологиялық үрдістерге көңіл бөлініп сипаттама беріледі. Сонымен бірге жұмыс мазмұны бойынша берілген тапсырмалар деңгейінде осыған дейін істелген зерттеу жұмыстарына шолу жасалынады.

Өз зерттеулері. Негізгі бөлімге кіретіндер: мақсаты, зертеу объектісі мен әдістемесі. Берілген жұмыстағы зерттеудің мақсатын айқындау, зерттеу объектісі туралы толық мәліметтер беру, программалаудағы қолданылған әдістерді сипаттау, программалау ортанын қолданғаны туралы мәлімет:

- бағдарламалау технологиясының негіздері, прогаммалау стилі (Delphi ортасыі негізінде);



  • программалау ортасының стандартты функциялары туралы жалпы мағлұматтар;

  • объекті-бағытталған бағдарламалаудың негізі (Delphi, Си++ Bulder).

  • әр түрлі алгоритмдердің құрылымдық сызбасын құрастыру;

  • есептің талабы бойынша қажет мәліметтер құрылымын ұымдастыру;

Зертеу нәтижелері және қорытынды: Студенттің өз зертеулеріне берілген тақырып бойынша жүргізілген зерттеулерге (программалауда) қорытынды жасау керек. Қорытындыларға талдау: алынған мәліметерді терең талдау және қазіргі кезде жүргізіліп жатқан зерттеулермен салыстыру.

Қорытынды

Бұл бөлімде студенттің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып беріледі.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ең бірінші үкмет орындарының үкімдері келтіріледі. Содан кейін алфавитті ретпен (автор тегі) әдебиеттер келесі формада жасалынады: тегі аты жөні; жұмыс аты; шыққан жері, шыққан жылы.



3 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ
Курстық жұмыстың мәтіні А-4 форматында, сол жағы 3 см, оң жағы 1см, төменгі және жоғарғы жағы 2 см. Бет номірі араб цифрымен жоғары он бұрышына қойылады. Беттің абзацы 1,25 см орын қалдырылады.

Сыртқы парағы белгілі бір талаптарға сәйкес жасылынады (қосымша А) орындаушы жазылады. Сыртқы парақтан кейін аңдатпа парағы қойылады. Мәтінде кесте келтірілгенде кесте нөмірленеді. Сонымен бірге кесте аты жазылады. Курстық жұмыс суретке сипаттама берілсе жақша ішіне сурет нөмірі, аты көрсетіледі.

Курстық жұмыс көлемі 25-30 бет. Жұмыс аяғында қолданылған әдебиеттер беріледі. Өз еркімен жасалынып белгілі бір талап бойынша жазылмаса жұмыс қабылданбайды. Мәтінде түзету болмауы керек.

Суреттер мен қосымшалар (егер болса) курстық жұмыстың аяғында кетіріледі. Олар нөмірленеді, міндетті түрде сурет немесе кесте аты және беті қойылады.

Орындалған курстық жұмыс топтың және комиссия мүшелерінің алдында қорғалады. Жұмыс талқыланғаннан кейін сапасы тексеріліп бағаланады. Курстық жобаны «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының мамандарының сарапшы комиссиясы алдында қорғайды. Әрбір жоба келесі критерилер бойынша бағаланады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРҒАУ БАРЫСЫНА ҚОЙЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Программаның интерфейсінің мәдениеті.

4 Сөз мәдениеті.

5 Қауымдық қорғау мәдениеті.

6 Курстық жұмысты қорғауда көрінетін білімділік.

7 Регламент немесе шектеу уақытың сақтау.



8 Автордың жеке үлесі.
Курстық жұмыс қорғалғаннан кейін студенттер емтиханға жіберіледі.


4 Курстық жұмыс тақырыптары


  1. Кітап қоймасы ДҚ құру

  2. Жоғарғы оқу орнының студенттері туралы мәліметтер.

  3. Кинотеатр ДҚ құру.

  4. Компьютерлік фирма қызметін есепке алу ДҚ құру.

  5. Аэропорт кассасы жұмысы.

  6. Оқытушылардың жүктемесiн есептеу ДҚ құру

  7. Автосалон қызметі ДҚ.

  8. Поликлиника дәрігерлері туралы мәліметтер.

  9. Кітапхана ДҚ құру.

  10. Аэропорт анықтамалық бюросының мәліметтері ДҚ құру.

  11. Стоматология ДҚ құру

  12. Талапкерлер ДҚ құру

  13. Теміржол бекеті ДҚ құру

  14. Кадрлық есеп ДҚ құру

  15. Автозаправка ДҚ құру

  16. Телефон анықтамамлығы ДҚ құру

  17. Турфирма ДҚ құру

  18. Жарнамалық агенттік ДҚ құру

  19. Коммуналдық төлемдерді қабылдау ДҚ құру

  20. Қонақ үй ДҚ құру

  21. МАИ ДҚ құру

  22. Дүкен ДҚ құру

  23. Материалдық құндылықтар ДҚ құру

  24. Дүкендегі тауарларды есепке алу құру

  25. Жиһаз сататын дүкен ДҚ құру

  26. Штаттық кесте ДҚ құру

  27. Кітап қоймасы ДҚ құру

  28. Банкте берілген несиелерді есепке алу ДҚ құру

  29. Студенттердің үлгерімін есепке алу ДҚ құру

  30. Электронды құжатайналым БҚ құру

  31. Аэропорт кассасында билеттер сату БҚ құру

  32. «Ақша айырбастау пункті» қызметін есепке алу ДҚ.

  33. Тағам рецептілері ДҚ құру

  34. Жылжымайтын мүлік агенттілігі ДҚ

  35. Автобаза ДҚ құру



5 Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Фаронов В.В. Delphi 7. Учебный курс- М.Нолидж, 2001.

  2. Культин Н.Б.Основы программирования Delphi 7. Санкт-Петербург. БхВ -Петербург 2003.

3 С.В.Глушаков, А.Л.Клевцов. Программирование в среде Delphi 7.0.,, Харьков ФОЛИО, 2003.

  1. Я.Н.Глинский, В.Е.Анохин, В.А.Ряжская. TURBO PASCAL 7.0 и DELPHI.Учебное пособие. Москва-Санкт-Петербург-Киев. 2001.

  2. Б.Д.Сыдықов Алгоритмдеу жэне Бағдарламалау негіздерін оқыту. Алматы,2002.

  3. Н.Культин. Delphi в задачах и примерах.-СПб.: БХВ-Петербург, 2004.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет