Байқау!!!
Құрметті студенттер!
Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендиясына байқау жарияланады.
Үміткер студенттердің құжаттары 2015 жылдың 28 желтоқсан мен 2016 жылдың 12 қаңтар аралығында Академиялық мәселелер жөніндегі департаментке (бас оқу ғимараты, №314 кабинет) тапсырылуы тиіс.
Тапсырылатын құжаттар:
1) Барлық оқу кезеңдері бойынша транскрипт;
2) Жеке куәлік көшірмесі;
3) Үміткерлердің әр түрлі деңгейдегі табыстарын (ғылыми-еңбектерінің жинақтары, олимпиадалар, конкурстар, жобалар, конференциялар және басқа да жарыстардың (өнер, спорт) марапаттаулары, алғыс хаттары) дәлелдейтін құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері ;
4) Әлеуметтік жағдайын дәлелдейтін құжаттар (ата-анасының қамқорынсыз қалғандығы, мүгедектігі туралы медициналық анықтама);
5) Факультет деканы тарапынан қолдау хат.
Үміткер төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1. Мемлекеттік білім гранты немесе ақылы негізде тек «өте жақсы» (А,А-) бағаларына оқитын күндізгі оқу нысаны бойынша 2015-2016 оқу жылы бойынша 3-4 курс студенттері;
2.Республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
3. Ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
4.Табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
5. Білім беру ұйымның қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент
Внимание! Конкурс!
Уважаемые студенты!
Объявляется конкурс на присуждение стипендии, учреждённой Президентом Республики Казахстан.
Просим в срок с 28 декабря 2015 года по 12 января 2016 года сдать документы в Департамент по академическим вопросам (гл.корпус, 314 кабинет).
Перечень предоставляемых документов:
1) Транскрипт за все годы обучения;
2) Копия удостоверения личности;
3) Оригиналы и копии документов, удостоверяющих достижения в спорте, искусстве, научные статьи, грамоты, дипломы победителей конкурсов, проектов, олимпиад, конференций;
4)Документы, удостоверяющие социальное положение претендента (оставшийся без попечения родителей, инвалид);
5) Рекомендация декана факультета участнику конкурса.
Претендент должен соответствовать следующим требованиям:
1. В 2015-2016 учебном году студентом 3-4 курса очной формы обучения, имеющим оценки только «отлично» (А,А-), обучающимся как на основе государственного образовательного заказа, так и на платной основе.
2. Победителем республиканских и международных олимпиад, творческих конкурсов, спортивных соревнований, фестивалей или являющимся авторами открытий, изобретений;
3. Имеющим публикации в сборниках научных трудов, в республиканских и международных научных журналах;
4. Активно занимающимся научно-исследовательской работой, успехи которых подверждены дипломами, грамотами, сертификатами, свидетельствами;
5. Принимающим активное участие в общественной, культурной и спортивной жизни организаций образования.
Департамент по академическим вопросам
Достарыңызбен бөлісу: |