Байқауға қатысуға өтініш. Кокеева Амангүл Сабыржанқызы Қостанай қаласы №5 орта мектебінің тарих мұғалімі



Дата25.02.2016
өлшемі82.49 Kb.
#18956
Байқауға қатысуға өтініш.

Кокеева Амангүл Сабыржанқызы
Қостанай қаласы №5 орта мектебінің

тарих мұғалімі.
«Қостанай қала әкімдігі білім бөлімінің №5 орта мектебі» ММ.
Тел: раб.57-81-76, дом.90-14-55, сот.87776439402

Номинация: «Интерактивті жабдық қолданылған үздік сабақ»

Тарих.
Сабақтың тақырыбы: «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс»

8-сынып.
«Қостанай қала әкімдігі білім бөлімінің №5 орта мектебі» ММ
Кокеева Амангүл Сабыржанқызы
Қостанай қаласы №5 орта мектебінің тарих мұғалімі.

Тақырыбы:1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.

1-флипчарт

Мақсаты: 2-флипчарт

Білімділік мәні:“Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің”- демекші, туған жердің тарихын, , соның ішінде Кенесары Қасымұлының өмірі, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің себептері, сипаты, қозғаушы күштерімен таныстыру.

Дамытушылық мәні:Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, іздемпаздық қасиетін арттыру.

Тәрбиелік мәні:“Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз” – дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, “Бабалар ерлігі- ұрпаққа үлгі”,- деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас 3-флипчарт

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Қолданатын әдістер:Тірек-схема, таблица, тест, баяндау, сұрақ-жауап.

Жоспар:

1.Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.

2.Көтерілістің барысы

3.Кенесарының хандық билігі

4.Көтерілістің маңызы мен жеңілу себептері.
«Сүйетін аруақты Кене аға-сын, 4-флипчарт
Кененің кең пейіштей Са-рыарқасын.
Ол сүйген туған тауын, өскен жұртын,
Сол үшін жарқылдатқан көк найзасын»-осы өлен жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

"Ел қорғаған - ер бабаң" 5-флипчарт

Оқушылар өз ойларын айтып класстер құрайды.


Шыңғысханның 27-інші ұрпағы Абылай ханның немересі Әкесі Қасым

Көтерілістің басшысы

1802 жылы Көкшетау өңірінде Мемлекет қайраткері және дипломат

дүниеге келген.

1847 жылы қайтыс болды


Сонымен, бүгінгі сабақта біз не біліп, не үйренуге тиіспіз? 6-флипчарт

* Қозғалыстың себептерін,

* Мақсаттарын,

* Сипатын,

* Қозғаушы күштері кім

болды.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс 7 -флипчарт
Көтерілістің себептері: (Действия арқылы жасалған, қаламмен сөздердің үстінен түртсеніз келесі беті ашылады) 8-флипчарт

XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.

1836 жылы Қоқан ханы оңтүстікке қоңыс аударған Санжар Қасымұлын өлтірді

Орта жүз жерінде 1822 жылғы жарғы бойынша бұрынғы дәстүрлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтер, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.



Көтерілістің мақсаты: 9-флипчарт

Ресей отарлау саясатына шек қою. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтау, қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.



Көтерілістің қозғаушы күштері: 10-флипчарт

Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды.Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты.



1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған кім? (Оқушылар қозғау арқылы апарады, егер осы жылы көтеріліске қатыспаған хандар мен батырлар олар астында қалады, ал қатысқан үстінде қалады) 11-флипчарт


Суреттегі сөздерді рет-ретімен қою. (Оқушылар қалам арқыла қозғап апарады егер адам аты өз есімі болмаса онда үшып кетеді, егер өзінікі болса онда тұрады)
М.Өтемісұлы Абылай хан Әбілқайыр хан Кенесары хан Е.Пугачев И.Тайманұлы 12-флипчарт



"Цифрлар сөйлейді" ойыны. (Примечания и указатели ашу керек «Кене хан», болған сон қайтадан жабу керек және сақтамау керек) 13-флипчарт
1837 ж. К.Қасымұлы казак отрядына шабуыл

1838ж. Кенесары өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады.Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті.

1838 ж. тамыз Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.

1838 ж. 7 тамызында Кенесарының сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады.Бекініс өртке оралды.

1840 ж. Орынбор губернаторы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді.Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды.
«Кестені сәйкестендіру» 14-флипчарт

Оқушылар жылдар мен болған оқиғаларды сәйкестендіреді.(Қалам арқылы апарады)




Жыл

Болған оқиға

1841 ж.

Кенесары Қасымұлы хан сайланды.

1842 ж.

Орынбор губернаторы Перовскийді Обручев алмастырды.

1843 ж.

Ресей императоры қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды.

1844 ж.

Кенесары хан сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап,44 сұлтанды мерт қылды.

1845 ж.

Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.

1847 ж.

Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.



Картамен жұмыс 15-флипчарт



1842ж. 1843ж. 1844ж. 1845ж. 1847ж.

Көтерілістің жеңілуі, тарихи маңызы 16 -флипчарт

Көтерілістің жеңілу себептері (Действия арқылы жасалған, қаламмен сөздердің үстінен түртсеніз келесі беті ашылады) 17 -флипчарт

-Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады

-Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар,

руға жіктелу басым болды.

-Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары

аса қатты жаза қолданды.

-Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.

-Оңтүстікте Қоқан бектеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста әлсіреген

Кенесары қолы Ресей патша қарсы тұра алмады.

Тарихи маңызы 18 -флипчарт

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғасырдағы барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатын жүргізіп отырғанын дәлелдеді. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.

Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.
Құжатпен жұмыс 19 -флипчарт

1.Кенесарының жіберген елшілері Қытай шебінде қандай міндет атқарды?

2.Қытай Кенесарыны және оның әскерлерін өз жеріне жіберуден неге бас тартты?
Жаңа сөздер: (Сөздерді астынан тартасыздар және әр қайсын бөлек көрсетуге болады прожектор арқылы) 20 -флипчарт

Зекет - мал өсірушілер

Ұшыр - диқандардан алынатын салық

Жасауылдар - сенімді адамдары

Манап - қырғыздардың ақсүйек рубасылары

Номадтар - көшпелі қазақтар


Кітапхана мен жұмыс ( Қосымша материалды пайдалану үшін кітапхананы ашу керек) 21 -флипчарт

Бекіту: Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін осы кесте толтыру арқылы бекітеді. 22 -флипчарт

Білім

Білгім келеді

Білдім










Қорытындылау: 23-флипчарт

Тест (Тест (1-5) жауабын бірден лупа арқылы тексеруге болады, (6-10)келесі бетін штор жауып қою арқылы қолданасыз)

1.1837-1847ж.ж. көтерілістегі Кенесарының әпкесі?



А)Бопай В)Сапара С)Томирис

2.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды?

А)1827-1837ж.ж. В)1847-1857ж.ж. С)1837-1847 ж.ж.

3.1844 ж. К.Қасымұлы ірі жеңіске жетті.Жеңіліске ұшыраған топты кім басқарды?

А)Лебедев В)Дуниковский С)Жантөре

4.Қай жердегі шайқаста Кенесары жеңіліс тапты?

А)Жетісу В)Тоқмақ С)Майтөбе

5.Кенесары бастаған көтеріліс қандай сипатқа ие болды?



А)Отаршылдыққа қарсы

В)Қоқан хандығына қарсы

С)Феодализмге қарсы

6.К.Қасымұлы қай жылы хандық билікті қолына алды? 24-флипчарт

А)1837ж. В)1845ж. С)1841ж.

7.Кенесары көтеріліс барысында қандай мемлекет құрды?

А)Діни В)Феодалдық С)Олигархиялық

8.К.Қасымұлының көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды?

А)Тек қана Орта жүз В) ҰлыЖүз бен Кіші Жүзді

С)Бүкіл Қазақстанды

9.1841 ж. К.Қасымұлын хандыққа сайлауға қандай оқиға себепші болды?

А)Жаңтөре ұлын жеңу В)Қоқан бекінісін алу

С)Қырқызға жасалған жорық

10.Қай жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді?

А)1845ж. В)1846ж. С)1847ж.


Үйге тапсырма 25-флипчарт

1.-И.Тайманұлы мен С.Датұлы бастаған көтеріліс тарихын еске түсіріп, оларды К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыспен салыстырындар.






С.Датұлы

бастаған көтеріліс



И.Тайманұлы, М.Өтемісұлы

бастаған


көтеріліс

К.Қасымұлы

бастаған көтеріліс


Жылдар












Аумағы











Көтеріліс себептері











Негізгі себептері











Маңызы









2.Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы туралы әңгімелеп беріндер.



Ұрпаққа өнеге! 26-флипчарт

Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.Хан арманы, халық үміті орындалды - Қазақстан тәуелсіздік алды, Кенесары есімі егемендікке қолы жеткен халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.



Cау болыңыздар! 27-флипчарт

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет