Баймбетова Эльмира Бейсенбайқызы



Дата01.07.2016
өлшемі41.57 Kb.
#170985
Баймбетова Эльмира Бейсенбайқызы,

Қазбек би атындағы №36 жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі.

ОҚО, Шымкент қаласы

Тақырыбы: Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті


Мақсаты:

а) жорғалаушылардың тіршілік ортасына дене құрылысы жайында мағұлымат беру.Олардың маңызы туралы шолу жасау.

б)тәрбиелік-оқушыны өз бетімен білім алуға дағдыландыру,өзара көмек көрсетуге және өз ісіне жауап кершілікпен қарауға тәрбиелеу.

в)дамыту-оқушылардың ой өрісін кеңейту , қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтиже: оқушылар жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысын , тіршілігін меңгереді.Логикалық ойлау арқылы салыстырмалы сипаттама бере алады.

Негізгі дерек көздері: оқулық ,ылғалды препарат,электронды оулық,интербелсенді тақта.

Әдіс тәсілдері:жұптық , стикердегі диалог, миға шабуыл.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару,топқа бөлу.

II.Үй тапсырмасымен жұмыс (стикердегі диалог бойынша сұрақ жауап)

1)Қосмекенділердің тіршілік ортасы?

2)Қосмекенділердің отрядтары?

3)Қанайналымдағы ерекшелік?

4)Терісіндегі ерекшелік неде?

5)Қаңқасы қандай сүйектерден құралған?

6)Алдыңғы аяқ сүйектерін ата?

7)Жақсы дамыған бұлшық еттерді ата?

8)Қалай тыныс алады?

9)Қазақстанда қанша түрі тараған?

10) Зәр шығаруы қалай жүзеге асады?


Жаңа сабақ:
I. Ой қозғау

Табиғаттағы бауырын жерге тигізіп жүретін жануарлар

(жылан ,қолтырауын,тасбақа,кесіртке)

II.Мағынаны тану (жұптық әдіс)




1

Тіршілік ортасы


Нағыз құрлықта тіршілік етеді ағаш басында,топырақ астында кейбіреулері суда.Олардың 8 мыңнан астам түрлері бар, герпетология ғылымы зерттейді.

2

Дене бөліктері

Бас,мойын,тұлға,құйрық,бес саусақты аяқтар.Жыландар мен аяқсыз кесірткелерде аяқтар жойылған.

3

Терісі

Құрғақ,бездер өте аз,сырты мүйізді қабыршақтармен қапталған,сауытпен қапталған.өсу кезінде терісі үнемі түлеп туүсіп отырады

4

Қаңқасы

5 бөлімнен тұрады.

1)бассүйек

2)омыртқа жотасы-мойын,арқа-бел,сегізкөз,құйрық,саусақ ұшында мүйізді тырнақ бар

3)иық белдеуі -алдынғы аяқтары

4)жамбас белдеуі-артқы аяқтары

5)кеуде қуысы-алғаш пайда болған.



5

Бұлшықеті

Аяқтарында,жақсүйектерінде,мойынында,кеуде қуысында жақсы дамыған.кеуде қуысындағы қабырға аралық бұлшық еті жиырылып босаңсуына сәйкес ауа өкпеге еніп қайта шығады.

6

Ас қорытуы

Қосмекенділерге ұқсас .Тілі-қорегін ұстауға,айналасын сипап сезуге көмектеседі,сілекей бездерінің өзегі ауыз қуысына ашылады.Ауыз-жұтқыншақ-өңеш-қарын-ішек-клоака.

7

Тыныс алуы

өкпе арқылы.Өкпе ұсақ ұяшықтардан тұрады.Жұп танау тесігі –жұтқыншақ-көмекей-кеңірдек-ауа тамырларынан тұрады.

8

Қан айналымы

Жүрегі 3 қуысты ,аралас қан тарайды,2 қан айналым шеңбері,тұйық жүйелі.

9

Зәр шығару

Жамбас аралығындағы 2 бүйрек-2 несепағар-қуық-клоака.

10

Жүйке жүйесі

Миы 5 бөлікті ,алдыңғы ми сыңарларында қыртыс пайда болған,мишығы ұлғайған.

11

Сезім мүшелері

3 қабақ-көзін ылғалдап,ластанудан қорғайтын,жыпылықтағыш жарғақ.Жыланның үшінші қабағы-бүкіл көзді жауып жұқа қабықпен қаптайды.

12

Көбеюі

Дара жынысты ,іштей ұрықтанып,жұмыртқа салып көбейеді.жұмыртқа саны- 6-16

III.Ой толғаныс

1) Бес жолды өлең стратегиясы

1.Не? жылан

2.Қандай? улы,аяқсыз

3. Не істейді? бауырымен жорғалап жүреді

4.Синоним жорғалаушы,улы,салқын канды

5.Идея медицинада уы алынатын өкілі бар


2)Бағалау

3)Үйге тапсырма: 54 оқу, сурет салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет