Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі (1948 – 1989 ж.ж.)
І. Израиль мемлекеті және Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастар. 1948 – 1949 ж.ж. бірінші араб – израиль соғысы және оның салдары. 1948 ж. 15 мамыр айында Израиль мемлекет деп жарияланған күні, 5 араб елі, яғни Египет, Сирия, Ирак, Иордания, Ливан оған елдері соғыс жариялайды. Бірақ Израиль күшінің басқа мемлекеттердің потен циалды әскерімен салыстыру оңай болар еді; араб мемлекеттерінің мақ саты әртүрлі болды, бірқалыпты басқару болған жоқ, шайқасқа қатысуларының деңгейлері әр түрлі болды.
БҰҰ араласуынан кейін 1948 ж. 15 маусымы мен 9 шілде аралы ғында бейбітшілік орнады; әскери қимылдар қайта жанданғаннан кейін израильдіктер шешуші жеңіске жетеді. Соғыс бірнеше рет тоқтатылғанмен, 1948 ж. аяғында толығымен аяқталады. 1949 ж. бірінші жартысында төрт Араб елдері арасында (Ирактан басқа) бейбітшілік келісімге қол қойылады. Палестинаны бөліп алу туралы сұрақ позиция күшімен шешілді. Израиль БҰҰ – ның белгілі резолюциясы қарастырғанынан тыс мөлшерде территорияларды жаулап алды. Араб мемлекеті сонымен құрылмады; Иордан оңтүстік жағалауын Иордания жаулап алса, ал Газа ширегін Египет басып алды.
Палестиналық арабтық қашқындарының саны арта түсті – 700 мың адам; басқа елдерден келгендер де болды, мәселен евреилер. Сондықтан да Палестина мәселесі 1949 ж. босқындар мәселесі ретінде қарастырылды. 1948 ж. 11 желтоқсанындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясына байланысты олар өз жеріне қайтып келуге құқығын алды, немесе қалдыр ылған мұрасына компенсация алды. Бірақ, Израиль бұл келісім шарт босқындарға екі жақты болсын деген талап қойды, арабтар болса ерте жеңіске жетуге үміт арты да, негізінде БҰҰ Таяу Шығыста мәселені шешу құқысынан бас тартты. Босқындардың дәрежесі халықаралық көмек ке үмітті болды, сондықтан араб елдері еш нәрсе істемеді, полестиндық босқындардың көпшілігі БҰҰ қаржысына лагерлерда өмір сүре берді. Арабтардың Израильден жеңілуі кездейсоқтық сияқты болды; аз уақыттан кейін Израиль жойылып, полестиндіктер өз жеріне қайтуға болады деген пікірлер болды.
Достарыңызбен бөлісу: |