Байсалова жадыра әнуарқызы қызылорда суармалы алқабында мелиоративтік режимнің өзгеруі



бет2/3
Дата24.02.2016
өлшемі2.06 Mb.
#12647
1   2   3

Төртінші бөлімде суармалы жүйенің өңір ландшафттарына беретін әсерін талдау.

Сырдария өзенінің сол жағалауындағы орталық бөлігінде орналасқан көлемі бойынша ірі, аккумулятивті аллювиалды дөңес мүшеленген жазықтық-18 ландшафттың қазіргі жағдайын қарастырайық. Бұл жазықтықта негізінен ауданы бойынша ең үлкен Қызылорда сол жаға алқабының суармалы учаскелері орналасқан. Жазықтық ауданы 1980 км2, суармалы жерлердің ауданы - 462 км2, оның ішінде күріш егістігі - 153 км2 (13-сурет).

Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы 18 ландшафттың 1965 жылғы суармалы егістікке жаппай пайдалана бастаған кезеңіндегі гидрохимиялық жағдайы, ол жерлерді үдемелетіп игере бастағанға дейін ауылшаруашылық дақылдарын егуге, халықтың әлеуметтік жағдайына өте ыңғайлы болып келген. Жалпы аймақтағы топырақ қабатындағы су қорының табиғи тепе-теңдігі сақталған. Ал топырақтың тұздану кезеңі, эволюциялық заңдылықтарға және табиғи физика-географиялық жағдайларға байланысты.

6, 7-кестелерде 1965, 1995, 2012 жылдардағы ылғал және тұз баланстарының салыстырмалы есебі келтірілген. Есептеулерден көретініміз ландшафттың гидрохимиялық жағдайы 1965 жылы бірқалыпты болса, 1995 жылы 330 т/км2 тұз келіп түскен, 2012 жылы 285 т/км2 азайған (14, 15, 16, 17-суреттер), яғни қазіргі таңда ауыспалы егістіктің көлемінің азаюына байланысты бұл көрсеткіш 15 %-ға төмендеді.

Қызылорда сол жаға алқабының жобасын алғаш жасағанда мәселелердің ландшафттық - географиялық тұжырымдары қалып қойған. Бүтіндей Сырдария өзенінің төменгі ағысы, оның ішінде Қызылорда суармалы алқабы орналасқан орталық бөлігі, жобалаушылармен суармалы жерлерді орналастыруға қолайлы аумақ ретінде қарастырылған. Бұл жазықтықтың табиғи ландшафт ретінде жұмыс жасау факторлары, маңайындағы басқа ландшафттармен өзара байланысу және өзара әрекеттесу жағдайлары толық зерттелмеген. Ландшафттарға оптималды, шекті мелиоративтік жүктемелер жайлы сұрақтар қарастырылмаған. Оларды сақтағанда суармалы учаскелердегі қолайлы мелиоративтік жағдайларды ұстап түру, олардан экологиялық таза өнімдер алу, ландшафттың өзінің қалыпты жұмыс жасауы қамтамасыз етілген болар еді.

Ландшафттың экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсартудың жолы мелиоративтік жүктемені азайту.




13-сурет. Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттық-географиялық жағдайы (Г.В.Гельдыева, Т.Н.Будникова).



6-кесте. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы төменгі ағыстың орталық бөлігіндегі ауданы 1980 км2 аллювиальды дөңес мүшеленген жазықтықтағы 18 ландшафттың су балансы

Баланс бөліктері

Су балансының элементтері

1965

1995

2012

мм

м3/га

млн.м3

мм

м3/га

млн.м3

мм

м3/га

млн.м3

Кіріс

Суармалы сулар

122

1220

241,5

410

4095

810,8

375

3746

742

Атмосфералық жауын

109

1090

215,8

124

1240

245,5

133

1330

263,3

Жер бетіндегі ағыспен келетін су

30

300

59,4

-

-

-

-

-

-

Жер асты суының ағысымен келетін су

30

300

59,4

-

-

-

-

-

-

Барлығы

291

2910

576,1

534

5335

1056,4

508

5076

1005,3

Шығыс

Булану

231

2310

457,4

401

4010

794,0

380

3796

751,6

Жер асты суының ағысымен кететін су

35

350

69,3

48

478

94,6

46

459

90,8

Жер бетіндегі ағыстан болатын жер асты суларының кететін бөлігі

21

210

41,6

-

-

-

-

-

-

Кәріздік ағын

-

-

-

64

638

126,4

62

619

122,5

Барлығы

287

2870

568,3

513

5126

1015,0

488

4874

965




Үйлеспеушілік: абс.

4

40

7,8

21

209

41,4

40

400

40,3




%

1,4













4,1







4,0

7-кесте. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы төменгі ағыстың орталық бөлігіндегі ауданы 1980 км2 аллювиальды дөңес мүшеленген жазықтықтағы 18 ландшафттың тұз балансы



Баланс бөліктері

Баланс элементтері

1965 жыл

1995 жыл

2012 жыл

Судың минералдылығы, г/л

Тұздардың мөлшері, мың т.

Тұздардың үлесті мөлшері, т/км2

Судың минерал

дылығы, г/л



Тұздардың мөлшері, мың т.

Тұздардың үлесті мөлшері, т/км2

Судың минералдылығы, г/л

Тұздар

дың мөлшері, мың т.



Тұздардың үлесті мөлшері, т/км2

Кіріс

Суармалы сумен тұздардың келіп түсуі

0,4

96,6

48,8

1,55

1256,7

635

1,51

1120

566

Атмосфералық жауынмен тұздардың келіп түсуі

0,045

9,7

4,9

0,147

36,1

18

0,147

38,7

20

Жер беті ағын сумен тұздардың келіп түсуі

0,4

23,8

12,0

-

-

-

-

-

-

Жер асты суының ағысымен тұздардың келіп түсуі

1,5

89,1

45,0

-

-

-

-

-

-

Желменен тұздардың келіп түсуі










-

39,6

20

-

39,6

20

Барлығы




219,2

110,7




1332,4

673




1198,3

606

Шығыс

Жер асты суының ағынымен тұздардың шығарылуы

1,9

131,7

66,5

2,50

236,5

119

2,45

223,15

113

Жер беті ағыстан жер асты суы ағынымен тұздардыңшығарылуы

2,0

83,2

42,0

-

-

-

-

-

-

Кәріздік ағындармен тұздардың шығарылуы

-

-

-

3,50

442,4

224

3,36

412,4

208,3

Барлығы




214,9

108,5




678,9

343




635,5

321,3




Айырмашылығы




4,3

2,2




653,5

330




563

285

14-сурет. 18 ландшафттың су балансы

15-сурет. 18 ландшафттың тұз балансы



Бесінші бөлім бойынша жүргізілетін іс-шаралардың экономикалық тиімділігі қарастырылған. Қызылорда суармалы алқабы кәріздік жүйесін тереңдету үшін атқарылатын жұмыстар:

1.1гектар күріш егістігіне шаққандағы кәріздік жүйенің ұзындығы 85 м.

2. Қызылорда суармалы алқабының көлемі 70250 га.

3. Қызылорда суармалы алқабындағы кәріздік жүйенің ұзындығы- 5971200 м.

4. Кәріздік жүйені 1м тереңдіктен 1,2 м дейін тереңдеткенде қосымша жер жұмысының көлемі-3,5 м3.

5. Кәріздік жүйені тереңдетудегі жалпы жер жұмысының көлемі - 17913600м3.

6. ҚР ҚН 8.02-02-2002 сәйкес 1 м3 топырақты аудару үшін қажетті қаржы 240 теңге болды.

7. Барлық жер жұмысын орындауға қажетті қаржы 17913,0 мың м3 х 240 = 4299,0 млн.тенге.

Дақылдардың орналасқан жер көлеміне сәйкес және оның бүгінгі әрі жоспарлы өніміне сәйкес шаруашылыққа біздің ұсынысымызды еңгізгеннен кейінгі қосымша өнім және оның бағасын есептеп шығардық. Ыза су деңгейі 0,5-0,7 м-ге дейін төмендейді, топырақ сортаңдылығы тұрақтанады, күріш өнімділігі 1 гектарға 4,5 ц, жоңышқа өнімділігі 7 ц/га жоғарылайды. Қосымша өнімнің құны күріш дақылы үшін - 1432,8 млн. тенге, жоңышқа дақылы үшін - 63945,0 млн.тенге болды. Барлық қосымша өнімнің құны 1496,7 млн.теңгені құрады. Барлық есеп кесте түрінде жүргізілді.

Кәріздерді тереңдеткендегі жіберілген қаржының уақыттық қайтарымы 4 299,0/1496,7 тенге = 3 жыл.

Сонымен қатар күріштің тиімді суару режимін егіс алқабына енгізу үшін атқарылатын жұмыстар:

1. Күріш атыздарын ағымдағы тегістеуден өткізу үшін 39800 га жерге 388050,0 мың теңге жұмсалады.

2. Әрбір күріш атызына су өлшеуіш рейканы орналастыру жұмысына 2419,8 мың теңге.

3. Қашыртқылардағы қақпаларды жөндеуден өткізу үшін 1623,8 мың теңге жұмсалады.

Барлық шығын 392093,6 мың теңге, алынатын пайда 1,040 млн.теңге. Шыққан шығындар 4 жыл көлемінде өтеледі.

ҚОРЫТЫНДЫ
1. Қызылорда суармалы алқабында орналасқан күріш жүйелерінде қазіргі кезде су тапшылығы орын алған. Сонымен қатар ландшафттардың гидрогеохимиялық ағынды құрайтын факторлар толыққанды ескерілмеуі, ауылшаруашылық дақылдарының ғылыми негізделген суару режимі мен суару мөлшерінің жоқ болуы, кәріз жүйесінің техникалық деңгейінің төмендігі, минералдылығы жоғары жер асты ыза суының жер бетіне жақын орналасуы топырақтың құнарлылығын азайтып, суармалы жерлердің сортаңдануы.

2. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайына әсер ететін факторлардың бірі – күріш егісіне берілетін судың мөлшері. Күріштің маусымдық суару мөлшері 1 гектарға шаққанда 26-28 мың текше метр болған. Күріштің тиімді суару режимі судың сүзілуге, тастауға кететін шығынын барынша азайтады. Бұл жағдайда күріштің суару мөлшері – 22-24 мың м3/га дейін азаяды. Ғылыми ізденістерде анықталғандай күріш дақылы нақты өзіне жұмсайтын су мөлшері 1 гектарға шаққанда 8-9,5 мың текше метр болса, біз топырақтың тұздануына сәйкес ол көрсеткішті 3-4 мың текше метрге азайтамыз. Ол үшін су өлшеуші рейка қойылады, судың тереңдігі, судың минералдылығы, оның температурасы өлшенеді.

3. Күріштің өнімділігі 1982-1997 жылдар аралығында жоғары деңгейде болды. Әрбір гектар егістіктен 48 – 52 центнер күріш алынған. Соңғы жылдары күріш өнімділігі елеулі түрде төмендеген. 1997 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2012 жылы дақыл өнімділігі 15 центнерге азайған. Бұған себеп агротехникалық шаралардың талапқа сай орындалмауы, күріш атыздары бетінің тегістігінің нашарлауы, минералды тыңайтқыштардың толыққанды қолданылмауы.

4. Жоңышқа дақылы үшін маусымдық суару мөлшері 1 гектарға шаққанда 7-8 мың текше метр. Жоңышқа танаптарының мелиоративтік жағдайын жақсарту және жоғары өнім алу үшін суару мөлшері 600-800 м3/га болуы қажет. Топырақтың ең төменгі ылғал сыйымдылығын 75-80 пайыз аралығында ұстау үшін жоңышқаны 5-6 рет суару қажет. Сонымен қатар жоңышқаның өнімділігі де төмен. 1982-1990 жылдары 1 гектардан алынған жоңышқа шөбі 47-56 центнер болса, 2012 жылы ол 25 центнерге төмендеген. Шаруашылықтарда жоңышқаның суару мөлшері 2500-2800 м3/га шамасында болып отыр. Жаз бойы бұл дақылға 2-3 суарым ғана беріледі. Суару мөлшерінің жоғары болуы суару әдісінің кемшілігінде, өйткені бұл дақыл көлдетіп суару әдісімен ылғалданады.

5. Қызылорда суармалы алқабының мелиоративтік жағдайын жақсартатын іс-шаралардың бірі – кәріздік жүйелерін пайдалану екені белгілі. Суармалы алқаптағы ыза су деңгейі 1,5-2,5 м тереңдікте жатыр, ал жер асты суының булануынан суармалы алқап топырағында жиналған тұздың мөлшері есептеулер нәтижесінде 2006-2010 жылдар аралығында 0,56 пайыздан 1,15 пайызға дейін жоғарылаған.

Суармалы алқаптарды сортаңданудан сақтау және топырақтардың құнарлылығын жоғары деңгейде ұстау үшін кәріздік жүйені 1,0-1,2 м дейін тереңдету арқылы, ыза су деңгейі 0,5-0,7 м дейін төмендейді, топырақ сортаңдылығы тұрақтанады, күріш өнімділігі 1 гектардан 4,5 центнерге, жоңышқа өнімділігі 7 ц-ге дейін жоғарылайды.

6. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы 18 ландшафттың 1965 жылғы суармалы егістікке жаппай пайдалана бастаған кезеңіндегі гидрохимиялық жағдайы, ол жерлерді үдемелетіп игере бастағанға дейін ауылшаруашылық дақылдарын егуге, халықтың әлеуметтік жағдайына өте ыңғайлы болып келген. Жалпы аймақтағы топырақ қабатындағы су қорының табиғи тепе-теңдігі сақталған. 1995 жылы күшті минералданған жер асты суларының капиллярлық көтерілуі арқасында топырақ беттерінде тұздар жиналды. Суармалы алқапқа суармалы сулармен келіп түскен тұздың үлесті мөлшері 635 т/км2. Ал қазіргі таңда ауыспалы егістіктің көлемінінің азаюына байланысты бұл көрсеткіш 15 %-ға төмендеді. Ландшафттың экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсартудың жолы мелиоративтік жүктемені азайту.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі


  1. Қошқаров С.И., Байсалова Ж.А., Қазбекова Б.М., Нарынбетова Ж. Қызылорда облысы алқаптарының мелиоративтік жағдайы // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Хабаршысы». - №2 (24) 2007. – с.93-94.

  2. Қошқаров С.И., Байсалова Ж.А., Қазбекова Б.М. Сырдария өзені суының сапасы және суармалы жердің экологиялық-мелиоративтік жағдайы // Қазақстан аграрлық ғылымының «Жаршысы». – Алматы, 2008. – №8. – с.38-40.

  3. Қошқаров С.И., Сағаев Ә.Ә., Нұртазаева А.О., Әмишаева А.Ш., Баратова А.С., Байсалова Ж.Ә. Сыр өңірі егіс алқаптарындағы күріштің экологиялық тиімді суару режимі. // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдық жинағы. - Қызылорда, 2011 ж.


РЕЗЮМЕ

БАЙСАЛОВА ЖАДЫРА АНУАРКЫЗЫ

Изменение мелиоративного режима в Кызылординском массиве орошения

Специальность: 6М081000 – «Мелиорация, рекультивация и охрана земель»

Цель и задачи исследования – определить главные факторы влияющие на ухудшение мелиоративного состояния Кызылординского орошаемого массива и найти способы для их решении. Улучшение экологического состояния орошаемых земель, уменьшая норму орошения риса, повысить урожайность.

Чтобы исполнить цель поставленных задач, надо выполнить следующее:

- исследовать эффективность орошения риса;

- исследовать грунтовых вод массива и изменение ее минерализации;

- испарения грунтовых вод в Кызылординском массиве орошения;

- исследовать влияние оросительной системы Кызылординском массиве орошения на ландшафты региона;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет