Батыс Қазақстан облысының 2015 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары



Дата30.06.2016
өлшемі81.5 Kb.
#167848



Батыс Қазақстан облысының 2015 жылғы қаңтар-желтоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 1259,8 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 94,7% құрады, оның ішінде:

    • тау-кен өндірісі саласында – 1120,8 млрд. теңге, 96,8%;

    • өңдеу саласында – 95,5 млрд. теңге, 71,9%;

    • электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 38,4 млрд. теңге, 85,7%;

    • сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 5,1 млрд. теңге, 97,9%.

Газ өндіру көлемі 19842,1 млн. текше метр құрады, бұл 2014 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,3%-ға аз, газ конденсаты – 12514,8 мың тонна немесе 2,1%-ға аз.

Дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 5330,4 млн. теңге құрады, бұл 15,0%-ға есеге көп.

Өзге металл емес минералдық өнімдердің өндірісі 7,8%-ға азайды және 8934,3 млн. теңге құрады. Құрылыс мақсатына пайдаланатын бетоннан жасалған бұйымдар 22,9%-ға азайды.

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7401,8 млн. теңге құрады, бұл 6,5%-ға аз. Легірленбеген болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісі 12,2%-ға, түрлі диаметрдегі құбырлар - 0,2%-ға азайды.

Машина жасау саласында 18185,3 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 11,1%-ға аз.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 9857,1 млн. теңге құрады, бұл 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 63,7%-ға аз. Газойльдер өндірісі 62,4%-ға төмендеді.

Тамақ өнімдері 35501,7 млн. теңгеге өндірілді, бұл 9,8%-ға аз.

Дайындалған және консервіленген балық өнімдері – 1,5 есеге, жаңа піскен нан – 6,9%-ға, ұн – 5,8%-ға, макарондар, кеспелер және ұннан жасалған ұқсас өнімдер 11,6%-ға өсті. Ет және тағамдық қосымша өнімдері – 71,8%-ға, өңделген сұйық сүт және кілегей – 66,1%-ға, ірімшік және сүзбе – 34,5%-ға, еттен жасалған консервілер – 24,8%-ға, шұжық өнімдері 13,1%-ға төмендеді.

2015 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 73 жұмыс орны құрылуымен 17,1 млрд.теңгеге 2 жоба іске қосылды:

1. ГТЭС 200 Орал, бірінші іске қосу кешені, («Батыс Пауэр» ЖШС) - жобаның құны 17,1 млрд. теңге, қуаттылығы – 100 МВт, жұмыс орны – 70;

2. Сүт өнімдерін өндіру бойынша цех («Жұмағұлова Б. М.» ЖК), жобаның құны 20 млн. теңге, қуаттылығы тәулігіне - 500 литр, жұмыс орны – 3.

Сонымен бірге, 2016 жылы іске қосу мерзімімен 246 жұмыс орны құрылуымен 51,8 млрд.теңгеге 5 жоба іске асырылуда.


Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 354,8 млрд. теңге құрады, бұл 2014 жылғы тиісті кезең деңгейінен 28,0%-ға көп.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 26,2 млрд. теңге құрады, бұл 2014 жылғы тиісті кезең деңгейінен 20,4%-ға аз.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 11,2 млрд. теңге құрады, бұл 2014 жылғы тиісті кезең деңгейінен 17,1%-ға аз.

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 84,0% тиесілі немесе 298,2 млрд. теңге, бұл 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейінен 1,6 есеге көп.

Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар – 9,0 млрд. теңге (2014 жылдың тиісті кезең деңгейіне 72,8%), қарыз қаражаты есебінен 10,2 млрд. теңге (33,2%) құрады.

261,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2014 жылғы қаңтар- желтоқсан деңгейіне 101,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 84,5 млрд. теңге құрады немесе 2014 жылғы тиісті кезең деңгейінен 11,6%-ға көп.
Көлік. 39,5 млн. тонна жүк және 436,5 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2014 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 98,8% және 101,9%.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 91,8 млрд. теңге немесе 2014 жылдың тиісті кезең деңгейіне 96,1% құрады. Төмендеу өсімдік шаруашылығы өндірісінің төмендеуімен (14,7%-ға) байланысты, атап айтқанда ағымдағы жылдың құрғақшылығы салдарынан дәнді дақылдардың жалпы өнімінің жиналымы кеміді.

77,5 мың тонна ет (тірі салмағында) өндірілді немесе 2014 жылдың тиісті кезең деңгейіне 105,7% құрады, сүт – 225,9 мың тонна (100,9%), жұмыртқа – 149,7 млн. дана (95,9%).

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында мүйізді ірі қара мал саны -2,8%-ға (оның ішінде сиыр – 7,2%-ға), қой – 4,8%-ға, ешкі – 4,2%-ға, жылқы – 12,2%-ға көбейді.
Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 216,7 млрд. теңге, 2014 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,2% құрады.
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 112,4% құрады (республикалық көрсеткіш – 113,6%).

Азық-түлік тауарларының бағасы 10,2%-ға өсті, бұл республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,7 пайыздық пунктке төмен. Сүт, ірімшік және жұмыртқа бағасы - 8,4%-ға, шұжық, ет өнімдері - 8,9%-ға, макарон өнімдері – 11,1%-ға, қант, джем, бал, шоколад, кондитер өнімдері – 12,5%-ға, алкогольсіз ішімдіктер - 12,8%-ға, темекі өнімдері - 13,9%-ға, май және тоңмай -14,1%-ға, балық және теңіз өнімдері -16,6%-ға, бөлке және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері -17,4%-ға, жемістер мен көкөністер – 20,5%-ға, жармалар 23%-ға өсті.

Азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 121,4% құрады (республикалық көрсеткіш – 122,6%). Жуғыш және тазалағыш құралдар -15,5%-ға, автомобильдер - 16,5%-ға, өсімдіктер мен гүлдер- 25,8%-ға, газеттер, кітаптар, кеңсе тауарлары – 26,2%-ға, жиһаз және үй тұрмысына қажетті заттар – 28,0%-ға, шыны бұйымдар, асханалық құралдар - 28,3%-ға, киім мен аяқ киім бағасы - 31,8%-ға, тұрмыстық құралдар - 33,4%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдары 33,9%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 34,4%-ға, ойындар, ойыншықтар - 41,7%-ға, өзге де жеке күтім заттары бағасы 44,7%-ға өсті. Бензин бағасы 6,4%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 6,1%-ға өсті (республикалық көрсеткіш – 8,1%-ға), бұл тарифтердің электр энергиясына – 35,8%-ға, кабельдік телевизия қызметіне 95,0%-ға өсуімен белгіленген. Құқықтық қызметтер - 7%-ға, сақтандыру қызметтері - 7,1%-ға, көлік жуу - 13,9%-ға, киімдерді тазалау, жөндеу – 19%-ға, шипажайлар қызметі - 17%-ға, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамалар - 29,2%-ға, халықаралық қоңыраулар қызметі 39,1%-ға қымбаттады. Сұйылтылған газ 23,9%-ға арзандады.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 39,6 мың бірлікті құрады немесе 2015 жылдың сәйкесті кезең деңгейіне 94,6%.

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 108,1 мың адамды құрады, бұл 2014 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,9%-ға көп.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 737,3 млрд. теңгеге тауар (жұмыс, қызмет) өндірілді, бұл 2014 жылғы тиісті кезең деңгейінен 21,6%-ға аз.

2015 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен ҚР Ұлттық Қорынан қаражаттарды есептегенде 2,6 млрд. теңге қарастырылды.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттары шеңберінде Өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен жалпы сомасы 5,9 млрд. теңгеге 108 жоба мақұлданды. Мақұлданған жобалардың шеңберінде 125 жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге 465,7 млн. теңге қарастырылды.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың шағын несие ұйымдарымен 1021,4 млн. теңгеге 481 шағын несие берілді.
Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 186,3 млрд. теңге жиналды (болжамға 107,0%), бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 40,4%-ға аз.

Республикалық бюджетке түсімдер 124,7 млрд. теңгені құрады (болжамға 108,0%), бұл 2014 жылдың тиісті кезеңінен 50,3%-ға аз.

Жергілікті бюджетке 61,6 млрд. теңге түсті (болжамға 105,1%), бұл 0,2%-ға аз.

Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2015 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 342,8 млн. теңгеге азайды және 2896,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 2409,8 млн. теңге (304,8 млн. теңгеге аз), жергілікті – 486,3 млн. теңге (38,0 млн. теңгеге аз).

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалақы бойынша мерзімі өткен берешектері 4,7 млн. теңгені құрады (2015 жылғы 1 қаңтарға – 4,7 млн. теңге).


Еңбек нарығы. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 1695 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,5% құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезең деңгейінде.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9510 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 940, өнеркәсіпте – 419, құрылыста – 249, көлік және қоймалауда – 443, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 1503, білім беру – 476, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 125, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 1175, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 4180. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 5354-і (56,3%) – ауылдық жерде.



10637 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде жұмыспен қамту бөлімдері арқылы – 6312 адам, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 4325 адам. Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерлікте 5197 адам жұмысқа орналасты.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 7936 адам жіберілді.

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 1415 адам жолданды, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 818 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1266 адам орналасты, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында - 698 адам.

Кедей отбасылардың саны 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 729 отбасыны құрады және 2015 жылдың 1 қаңтармен салыстырғанда 23 отбасыға азайды.

2015 жылғы 3 тоқсандағы орташа айлық еңбекақы 116066 теңге құрады, бұл 2014 жылдың 3 тоқсанынан 6,1%-ға көп.


Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 401 мектепті құрады (92618 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 397 (92545 оқушы), мемлекеттік емес – 4 (73 оқушы). 389 күндізгі мектеп (91420 оқушы), 5 кешкі ауысымды мектеп (548 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (577 оқушы) жұмыс істейді.

Облыста 155 балабақша, 52 «мектеп-балабақша» кешені және 261 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 28,5 мың бала немесе 62,3%-ын 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 97,9%-ын 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.

57 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 55,3 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 60,5%-ын құрайды.

3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 11 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда 123 отбасында 160 бала патронаттық тәрбие алуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 20,5 мың адам оқитын 38 бірлік құрайды, соның ішінде 27 мемлекеттік, 11 мемлекеттік емес колледждер.

Білім беру саласының 2015 жылғы бюджетінің орындалуы 41,9 млрд. теңгені құрады (жоспарға 100%).

Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 12453 компьютер бар немесе бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.

2015 жылы 4581 мектеп бітірушісінің ҰБТ түрінде өткен орта мектеп курсының қорытынды аттестациясынан 3116 оқушы өтті, бұл жалпы мектеп бітірушілердің 68,02%-ды құрады. ҰБТ-дың орташа баллы 83,62 құрады (2014 жылы - 81,25 балл), республикалық көрсеткіш -79,4 балл.

«Алтын белгіге» 235 үміткерден ҰБТ-да өз білімдерін 120 оқушы немесе 51,06% (2014 жылы – 50,68%) дәлелдеді.

«Үздік аттестатқа» 98 үміткерден 32 оқушы немесе 32,65% (2014 жылы – 27,83%) өз білімдерін дәлелдеді.
Денсаулық сақтау. 2016 жылғы 1 қаңтарға облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 52 заңды нысанды құрады.

Облыста 1577 дәрігер және 5685 орта медицина қызметкері (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді.

3899 бюджеттік кереует орын, соның ішінде БҰДСЖ (бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі) аясында 2537 кереует орын жұмыс істейді.

Облыста дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 437 дәріхана ұйымдары арқылы жүзеге асырылады, соның ішінде ауылдық жерде – 215.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жіті вирусты респираторлы жұқпамен аурушаңдылығы 11,2%-ға, туберкулез аурушаңдылығы - 8,5%-ға (100 мың тұрғынға), жіті вирусты гепатит аурушаңдылығы 6 оқиғаға төмендеді. Тұмаудың 108 оқиғасы, ана өлім-жітімінің 1 жағдайы тіркелді.

Денсаулық сақтау саласының 2015 жылғы бюджетінің орындалуы 22,1 млрд. теңгені құрады (жоспарға 100%), соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 13,9 млрд. теңге. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемінің қаражаттары 20,6 млрд. теңгені құрайды.


Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 762 нысан құрайды, соның ішінде 396 кітапхана, 277 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 43 кинокондырғы, 19 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 4 мәдениет және демалыс саябағы, 8 кинотеатр (соның ішінде 4-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығырмашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.

Мәдениет саласының 2015 жылғы бюджетінің орындалуы 4,97 млрд. теңге құрады (жоспарға 100%).

Мәдениет саласының 2015 жылғы түзетілген бюджеті 4,9 млрд. теңге құрайды.

Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1553 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 5 жүзу бассейні, 11 спорт кешені, 276 спорт залы, спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 103 ату тирі, 970 жазықтық ғимарат, 152 бейімделген спорт залы, 20 теннис корты, 3 хоккей корты.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 10 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.

Дене шынықтыру және спорт саласының 2015 жылғы бюджетінің орындалуы 2,9 млрд. теңге құрады (жоспарға 100%).





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет