Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет11/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   348
18.08.2023 dis


МІНЕЗ 
АТАУЛАРЫНЫҢ 
ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 Адам табиғатының темпераменті, ерік-жігері 
Академик Ә.Қайдар «... Адам мен ұлы табиғат өзара тығыз байланысты: 
Адам да сол Табиғаттың өзінен жаралған, сол Табиғаттың өзінде өтіп жатқан 
саналы өмірдің, ондағы қалыптасқан рухани, заттық мәдениеттің ұйтқысы, 
барша өркениеттің зиялы иегері. Ол бұл дәреже-деңгейге өзін-өзі де, өзін 
қоршаған табиғат құбылыстарын да, өзі қауымдасып жасап отырған қоғамдағы 
қарым-қатынасты да – бәрі-бәрін тегіс біліп, тереңнен түсінуі арқылы ғана жетіп 
отыр... Демек, Адамның ең басты, ең қымбат, ең абзал, ең құнды қасиеті – оның 
Адамдық қасиеті. Ал, бұл қасиет ақыл-парасаттан бастау алып, жер бетіндегі 
барша саналы өмірдің ұйтқысы болып отыр» [3, б.12] деп айтқандай, қазақ халқы 
адамның құнын адамдық, яғни гуманистік сипаты жағынан бағалаған. Сол 
себепті қазақ тіліндегі мінез сипаты атауларына зерттеу жасамас бұрын алдымен, 
адам мінезі негізгі нысан болып табылатын психология ғылымындағы мінез 
бірлігіне қолда бар әдебиеттерді пайдалана отырып, сипаттама жасап көреміз.
«Мінез» ұғымының шекарасын анықтауға байланысты туындайтын 
маңызды мәселе – бұл тек салыстырылып қана қоймай, кейде бірін екіншісімен 
алмастыратын мінез-құлық пен темперамент арақатынасы. Адам эмоционалды, 
рухани, адами болмысына қатысты ғылымда анықталған темперамент, ерік-
жігер және мінез психологиясы бар. Алдымен темпераментке тоқталайық.
В.Д.Небылицын өзінің «Темперамент» мақаласында бұл ұғымды 
«адамның психикалық әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық 
процестер мен күйлердің осы қызметін құрайтын қарқын, жылдамдық, ырғақ, 
үдемелілік жағынан сипаттамасы» деп анықтайды [4, б. 238]. Психиканың 
мұндай қасиеттері оның мазмұнына, мақсатына, мотивтеріне қарамастан әр 
алуан іс-әрекетте бірдей көрінеді. Сонымен бірге адам есейген кезде тұрақты 
болып қалады және өзара байланыса отырып, темперамент типін сипаттайды. 
Тұлға туралы ілімнің тарихында темперамент мәселесіне байланысты үш 
негізгі көзқарас қалыптасқан. Осылардың ішінде темперамент ұғымын денедегі 
кез келген сұйықтықтың қасиеттерімен байланыстыратын гуморальдық 
теориялар ең ежелгі көзқарас болып табылады. Ежелгі Грецияның белгілі 
ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз 
пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен 
жауарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: 
денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырыш, құрғататын – 
бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін – қара өт (талақ). Осы төрт 
түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал 
латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен [5, б. 343-353]. 
Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әртүрлілігі 
организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты 
деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол 
сангвиникалық (латынша “сангиус” – қан), ал шырыш басым болса (грекше 


13
“флегма” – шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым 
болса меланхолик (грекше “мелай – нехоле” – қара өт), организмде сары өт 
басым болса, холерик (грекше “холе” – өт) темпераменті деп аталған. Осы 
теорияға сүйене отырып, ағзадағы басым болатын сұйықтыққа байланысты 
темпераменттің төрт түрі туралы ілім қалыптасты: сангвиник, холерик, 
меланхолик және флегматик. Темпераменттің бұл түрлерінің психологиялық 
сипаттамаларын неміс философы И.Кант жүйелеген [6]. 
Екінші топқа темпераментті морфологиялық белгілердің жиынтығымен 
байланыстыратын теориялар кіреді. Бұған, ең алдымен, неміс психологы 
Э.Кречмердің ілімдері жатады [7]. Ол белгілі бір психикалық ауруларға 
бейімділік пен дене құрылысының арасындағы байланысты анықтады. Кречмер 
дене құрылымының кең тараған үш түрін анықтап, сипаттады. Осыған сүйене 
отырып және полюстердің бір-біріне тартылу (көңілді – мұңды көңіл-күй немесе 
сезімталдық – салқындық) көрсеткіші бойынша Кречмер темпераменттің алты 
тобын анықтады. Американдық психолог Р.Шелдонның тұжырымдамасы да 
темпераменттің морфологиялық теорияларына жатады. Ол Э.Кречмер сияқты 
тұлғаның әртүрлі психикалық қасиеттері соматикалық түрде анықталады деген 
идеяны ұстанды [8, б. 242].
Үшінші топтағы темперамент туралы теориялар жануарлар мен адамның 
жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері туралы И.П.Павлов іліміне 
негізделген [9, б. 11]. Жүйке жүйесінің үш негізгі қасиетін (қозу және тежеу 
процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) бөліп көрсете отырып, Павлов 
жоғары жүйке қызметінің негізгі, типтік комбинацияларының төрт түрін 
анықтады. Павлов осы төрт түрді темперамент типтерінің ежелгі 
классификациясымен тікелей сәйкестендірді. 
Мінез және темперамент ұғымдарының арақатынасына келетін болсақ, 
қазіргі уақытта 4 негізгі көзқарас бар [10]:
1) мінез бен темпераментті сәйкестендіру (Кречмер, Ружицкий); 
2) мінез бен темпераменттің қарама-қайшылығы, олардың арасындағы 
антагонизмге баса назар аудару (Викторов, Вирениус); 
3) темпераментті мінез элементі, оның өзегі, өзгермейтін бөлігі ретінде 
тану (Городецкий, Кейра, Гундобин); 
4) темпераментті мінездің табиғи негізі ретінде тану (Выготский, Ананьев, 
Рубинштейн). 
Көптеген зерттеушілер үшін мінезді темпераменттен ажырату мәселесі 
ерекше маңызға ие. Мәселен, В.Д.Небылицынның пікірінше, «темперамент 
ешқашан тұлғаның өзіне ғана тән даралық қасиеттерін (дүниетанымы, 
көзқарастары, сенімдері, қызығушылықтары және т.б.) сипаттамайды, ол тек 
қана адам әрекетінің динамикалық жағымен, ал мінез тұлғаның индивидтік 
қасиетімен тығыз байланысты» [4, б. 242]. Ю.Б.Гиппенрейтер темперамент пен 
мінездің негізгі айырмашылығын «темперамент негізінен ағзаның туа біткен 
қасиеттерімен, ең алдымен оның жүйке жүйесімен байланысты» деп санайды, ал 
мінез туа біткен және жүре пайда болған қасиеттердің «қорытпасы» ретінде 
беріледі деген қорытынды жасайды [11, б. 19].


14
В.С.Мерлин темпераменттің айрықша белгілері туралы айта келе, оның 
қасиеттеріне «жеке ерекшеліктерді» жатқызуды ұсынады. Олар:
«1) жалпы психикалық іс-әрекеттің динамикасын реттейді; 
2) жекелеген психикалық процестер динамикасының ерекшеліктерін 
сипаттайды; 
3) тұрақты және қалыпты сипатқа ие, ұзақ уақыт бойы дамуды сақтайды; 
4) темперамент түрін сипаттайтын қатаң әрі тұрақты қатынаста болады; 
5) жүйке жүйесінің жалпы типімен анықталады» [12, б. 165].
Сонымен темпераменттің мінез-құлық ерекшеліктерінен айырмашылығы – 
темперамент кез келген жағдайда көрінуі мүмкін, өйткені ол жалпы 
динамиканың сипаттамаларын анықтайды. Ал мінез темперамент негізінде 
қалыптасады, темперамент мінездегі кейбір белгілерді анықтайды (мысалы, 
жаңа 
жағдайларға 
бейімделудің 
жеңілдігі/қиындығы, 
реакцияның 
қозғалғыштығы/инерттілігі, мінез-құлықтың тепе-теңдігі/теңгерімсіздігі). Бірақ 
адамның темпераментіне байланысты оның мінезіне алдын ала болжам жасауға 
болмайды. Мысалы, темперамент қасиеттері бірдей адамдардың мінезі әр түрлі 
сипатқа ие болуы мүмкін, тіпті кейбір мінез қасиеттері темпераментке қайшы 
келуі де ықтимал. Тұтастай алғанда, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың 
түсіндіруінше, «темперамент тұлғалық қасиеттердің дербес түрі емес, ол мінез 
ерекшеліктерінің белгілі бір эмоционалды бағытынан, психикалық процестер 
мен олардың жылдамдығынан, жеке тұлғаның экспрессивті қозғалыстары мен 
әрекеттерінің сипаттамасынан тұратын динамикалық жағы» деп қорытынды 
жасауға болады» [5]. «Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он 
үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, темпераменті 
күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл 
секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, 
тәжірибеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз 
нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді» деп айқындайды осы 
еңбегінде ғалым [5, б. 343-353]. 
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық 
заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент 
организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы 
жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты 
деген пікірлер де тарады. Неміс философы И.Кант (1724-1804) өзінің 
“Антропология” деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық 
психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-
біріне балама ретінде қарастырды. 
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс 
алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке 
жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н.Л.Зеланд (1833-1902) 
ми 
қабықшасындағы 
молекулярлық 
қозғалыстың 
жылдамдығы 
мен 
біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт (1837-
1909) темпераменттердің қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне 
байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін 


15
ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П.Павловтың ілімі 
темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді [5, б. 343-353]. 
И.П.Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі 
болады. Мәселен, күшті типтердің бірі – ұстамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті 
күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да 
басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет