Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет247/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАЛҚАУ-ЖАМПОЗ зат. Керенау, самарқау. Үлкен жорыққа жолдан қосыла кетпек 
болып, жол тосып жүрген жалқау-жампоз қырт еркектер де бар екен (Ғ.Мүсірепов, Өмір.). 
352. 
ЖАЛМАУЫЗ ауыс. Қанағатсыз, обыр, аш көз. Сабырсыз, арсыз, еріншек. Көрсе 
қызар, жалмауыз. Сорлы қазақ сол үшін, Алты бақан алауыз (Абай, Тол. жин.). – Алтында 
басың қалсын, Қарынбай! Оңбаған жалмауыз, теңіз суында елу миллион тоннаға жуық 
алтын барын білесің ғой (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз). Жайшылықта жан қиған, жақын дүние, 
Талып тұрсам, назарың салмадың ба? Ортекедей орғытып, оққа жығып, Жалмауыз жауыз 
жалған, жалмадың ба? (М.Жұмабаев, Шығ.). Тым болмаса, көкемді аясайшы. Мені саған 
қолымен бермегенін біледі. Тәңірі жазасын бергір жалмауыз (М.Дулатов, Шығ.).  
353. 
ЖАЛПАҚШЕШЕЙЛІК зат. Көрінгенге жалпақтаушылық, көңілшектік. Бүгіннен 
бастап осы жалпақшешейлікпен қош айтысып, беті-жүзің демей нені болсын тура айтуға 
белімді бекем байлап отырмын (С.Шаймерденов, Өмір нұры). 


256
354. 
ЖАЛТАҚШЫЛ сын. Жалтаң, именшек. Жалтақшыл байлар, ә дегенде, үркіп қалса 
да, Оқпанбай тез ширап, кеудесіндегі патша медальдарын бір сипап қойды (Ж.Арыстанов, 
Таң.). Соңғы кездесуінде жалтақшыл жау самолетін прожектор сәулесінің найзадай ұшына 
қадап алды да, қайтып айрылмады (Ә.Сәрсенбаев, Офицер.). // Жалтаң, именшек адам. 
Композитор сөзбен емес, іспен, еңбекпен көрінуді ұнатады. Жалтақшылды жақтырмай, 
жақсыны жанымен сүйеді (“Қаз. әдеб”.). 
355. 
ЖАЛТАҢКӨЗ зат. 1. Жалтақ, тайсақ. Абрахмандікіне Әбіл деген бір жалтаңкөз, қыр 
мұрын қара жігіт келді (С.Сейфуллин, Тар жол.). 2. Тәуелді, жалынышты. Жақсылық 
бұрын нашар кедей күнінде маңындағы малды, жуан ауылдарға жалтаңкөз болушы еді 
(М.Әуезов, Таңд. шығ.). Қарағымның мойнына қарыз ғып, өзі жинаған азын-аулағын өзінің 
сауабынан аяйын деп отырғаным жоқ. Жалғыз-ақ дүниесі құрғырдың тарлығы жалтаңкөз 
қылып өлтіріп барады, – дейді кемпір (М.Әуезов, Таңд. шығ.).  
356. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет