«Ерлікке тағзым!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Куратор: Әрқайсымыз үшін жақын да қымбат мереке-Жеңіс күні! Ұлы жеңістің мерекесіне арналған еркін тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Баршамызға белгілі 9 мамыр 4 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол жеңіске де 77 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Ұлы жеңіс күнінде отанымыз үшін өзінің жанын пида еткен, зардабы ауыр болған осы соғыста арманда кеткен ағалар, 20-дан жаңа асқан жастар, жер астында қартайған боздақтар, табыса алмай қалған бауырлар қаншама десеңізші.
Иә, жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Ұлы отан соғысына қатысқандар:
Әди Шәріпов,Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Алия Молдағұлова, Рақымжан қошқарбаев т.б есімдер аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті.
Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін ауылымыздан көптеген ер-азаматтар майданға аттанды. Осы ауылдан соғысқа 53 азамат аттанды, олардың 37-сі майдан даласынан оралмады.
Нұржанов Иса сияқты есімдер Отан үшін, ел үшін деп бейбіт өмір үшін жаумен соғысқан ағаларымыздың рухына тағзым етіп, 1 минут еске аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |