Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЕТЕКҚҰМАР сын. Жүргіш, нәпсіқұмар, әйелқұмар. Оның да намыссыз, етекқұмар  еркек атанғысы келмейді (Б.Нұржекеев, Шығ.)



Pdf көрінісі
бет245/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   348
18.08.2023 dis

ЕТЕКҚҰМАР сын. Жүргіш, нәпсіқұмар, әйелқұмар. Оның да намыссыз, етекқұмар 
еркек атанғысы келмейді (Б.Нұржекеев, Шығ.).  
336. 
ЕШ НӘРСЕДЕН [ЕШТЕҢЕДЕН] ХАБАРСЫЗ Қаннен қаперсіз, алаңсыз, бейқам. 
«Тұр, ұлым» деп дауыс бергенде ғана, ол еш нәрседен хабарсыз адамдай көзін уқалап, 
басын көтерді (Қ.Исабаев, соңғы .). Қадалып, аңдып жатқан қомағай көздер тіріліп, жана 
түсті. Ештеңеден хабарсыз бес-алты киік желе жортып, бұлаққа өтіп барады (С.Елубаев, 
Ойсыл қара).  
337. 
ЖАБАЙЫ МІНЕЗ Кісіге жұғымы жоқ дөрекі мінез. Кең дүниені тарылтып тұратын 
жабайы мінезін жұмсарту еді (Д.Досжанов, Кісі ақысы).  
338. 
ЖАБЫҚ ЖАН Ашылып сөйлемейтін, тұйық. Омардың байқауынша, бұл өзі 
жатбауыр, жабық жан көрінбейді. Қаржас ұрпағына тән тілі де бар (Ж.Жұмақанов, Үш 
бәйтерек). 
339. 
ЖАБЫСҚАҚ сын. Кісіні жалықтырып, қыр соңынан қалмайтын. Төргі үйдің есік 
жағындағы үстелді өзгертіп, хатшысы болып жабысқақ Мияш отыр (С.Сейфуллин, 
Әңгім.). Келесі сәтте басқарма әлгі сынды жабысқақ сұраушыдан мұнша оңай құтылғанына 
қуанды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Дүниесі құрғырдың жүзі ыстық қой. Ақыры Қали көнді
менің берген нәрселерімді алды да, үйге қайтты. Қызылкөз жабысқақ пәледен 
құтылғанымызға біз қуаныштымыз (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.). 
340. 
ЖАҒДАЙШЫЛ сын. Қошеметшіл, жағымпаз, жарамсақ. Осындай көркем сынды 
жасырмаймын, Жағдайшыл, жарамсаққа бас ұрмаймын. Ақын дос, мақтанудың реті де бар, 
Құр босқа даурықпаңа қосылмаймын (Айтыс). 
341. 
ЖАҒЫМПАЗ сын. экспр. Жағыну үшін жалбақтайтын қошеметшіл, жарамсақ. 
Көксеңгірге келген күннің ертеңінде қасына Сарманов, Данияр сияқты өзі құрбы, өзінің 
алдында құрдай жорғалайтын жағымпаз чиновниктерді, тілмаштарды ертіп алып, Оразбай 
аулына келіп түскен-ді (М.Әуезов, Шығ.). Губерниялық соттың қылмыс бөлімін 
басқарушы Жалмағамбет дейтін жігіт, тауқұдірет тұмсықтанған, қызыл шырайлы, тісінің 
бәрін алтынмен қаптаған, күлкішіл, кісіге жағымпаз адам болатын (Б.Майлин, Азамат.). Өз 
қабілетіне өзі сенбейтін, оңай жолмен пайда табуды немесе биікке қол жеткізуді мақсат 
тұтқан адамдар жағымпаз келеді (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Нұржанның бір бастығы 
болды, маңындағы жағымпаздары не айтса, соған құлағын тосып, соған сенетін де, 
солардың сөзімен жұртқа баға беретін (Ç.Шашкин, Өмір.).  
342. 
ЖАҒЫМСЫЗ сын. Сүйкімі жоқ, ұнамсыз. Сол Қоңқай өң жағынан кескінсіз, мінезі 
одан да жағымсыз адам бола тұра Алуаға ұдайы жабысумен жүретін (М.Әуезов, Өскен 
өркен). Айнаш өз-өзінен абдырап, не дерін білмеді, әрі мынау кісінің көзі жағымсыз екен 
(М.Сүндетов, Құмдағы.). Шорманның мінезіндегі жағымсыз жайлар Ақшатауға келгеннен 
кейін қорексіз қалған қурайдай солды (Ж.Жұмаханов, Шұбартау таңы). Мақтан күйшіл 


255
бүркіттей Бабын қалай табайын? Жағымсыз сөз әркімге Жұмсайтұғын малайын – Бәрі тегін 
жер тезек Қайсысын таңдап алайын? – Асыл сөзбен бұл кетті (Дулат Бабатайұлы, Замана.). 
343. 
ЖАҒЫНҒЫШ сын. Ұнауға тырысқыш, жарамсақтанғыш. Жағынғыш шығар ол 
менен, Беделдіні таныған. Арға біткен кеудемен, Қайтып кімге табынам (Қ.Бекхожин, 
Қайран жас.). 
344. 
ЖАҒЫНЫМПАЗ сын. сөйл. Жағымпаз. Шенқұмар, мансапқор топтың әмір иесіне 
жағынымпаз бір бейшара, мінезі де осы; күрессе жығылады, ойнаса ұтылады, қалжыңдасса 
жеңіледі (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). 
345. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет