Сенімділік – қоғамға дұрыс ақпараттар және сенімді ақпараттық жүйелер қажет.
Кәсіптенгендік – қоғамда клиенттер, жұмыс берушілер және басқа да мүдделі жақтар бухгалтерлік есеп саласында кәсіптенген маман ретінде көрсете алатын тұлғаларға деген қажеттілік бар.
Қызметтердің сапасы – аудиторлар көрсететін барлық қызметтердің ең жоғары стандарттарға сай келетіндігіне кепілдік қажет.
Нанымдылық (көз жеткізгендік) – аудиторлардың кәсіби қызметін пайдаланушылар көрсетілген аудиторлық қызметтерді реттейтін кәсіби этиканың тұжырымдамалық негізі бар екендігіне көз жеткізген болуға тиіс.
Негіз болатын принциптер. Бухгалтерлік кәсіптің мақсаттарына қол жеткізу үшін кәсіби аудиторлар бірқатар ұйғарымдарды немесе негіз болатын принциптерді сақтауға тиіс.
Оларға төмендегілер жатады:
Адалдық – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметін адал атқаруға тиісті.
Әділдік (объективтілік) – кәсіби аудитор әділ болуға және қате түсініктерді немесе қате қарым-қатынастарды, мүдде қақтығыстарына немесе әділдікті ескермеуге бағытталған қандай да бір әсер етуші факторларды болдырмауға тиісті.
Кәсіби жетік білімділік және тиісті ұқыптылық – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметтерін тиісті ұқыптылықпен, жетік біліммен және зор зейінмен көрсетуге, сонымен бірге ол клиентке немес жұмыс берушіге өзінің кәсіби білімін іс-тәжірибенің, заңнамалардың, әдіснамалардың соңғы жетістіктеріне негізделген, жетік білімді кәсіби қызмет көрсетуді кепілдендіретін деңгейге дейін тұрақты түрде көтеріп отыруға міндетті.
Ақпараттардың құпиялығын сақтау – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметін көрсету кезінде алынған ақпараттардың құпиялығына құрметпен қарауға тиісті және кез-келген ондай ақпараттарды (заңдық немесе кәсіби құқық не болмаса міндет ондадай ақпараттарды жариялауды талап есетін жағдайларды қоспағанда) тиісті арнайы рұқсатсыз пайдаланбауға және жария етпеуге тиісті.
Кәсіби мінез құлық – кәсіби аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін мінез-құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне сай іс-әрекеттер мен әдістерге сәйкес болуға тиісті. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясына қатысушы ұйымдардан этикалық принциптерді жасау (құру) кезінде кәсіби аудитордың өз клиентерінің, үшінші жақтардың, аудиторлық кәсіптің басқа мүшелерінің, персоналдың, жұмыс берушілердің және қоғамның алдындағы жауапкершіліктерінің мөлшерін қарастыру талап етіледі.
Техникалық стандарттар – кәсіби аудитор техникалық және кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіби қызмет көрсетуге тиісті. Кәсіби аудиторлар клиенттердің немесе жұмыс берушілердің құсқауларын тиісті ұқыптылықпен және шеберлікпен орындауға міндетті. Одан басқа аудиторлар кәсіби бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жасап ұсынған (мысалы, халықаралық аудит стандарттары), бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет, басқа да реттеуші органдар жасаған, тиісті заңдарға сәйкес жасалынған техникалық және кәсіптік стандарттардың талаптарын сақтауға тиісті.