3
Қазақстандағы білім беру реформаларының
жалпы мақсаты білім беру
жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.
Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің
қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы
мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами
капиталға,
атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен
қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.
Гимназия ұжымы стратегиялық даму жоспарын дайындау арқылы білім
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда үлкен
жауапкершілік алып
отыр.
3. Ағымдағы жай-күйді талдау
Стратегиялық даму жоспарында айқындалған мақсаттарды жүзеге асыруға
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы педагогикалық ұжымының әлеуеті мен
мүмкіндіктері толық жетеді.
Гимназияның ғылыми-зерттеу алаңы:
-
Республика деңгейінде – 2001 жылдан бастап 12-жылдық
оқу жүйесінің
ұлттық моделін құру экспериментіне енгізілген.
Ұлттық моделін құру
жолында алты сыныпта оқу бағдарламалары мен оқулықтарды сынақтан
өткізу және байқау жұмыстары жүргізілді.
-
Республика деңгейінде: 2004 жылдан Ы. Алтынсарин атындағы Білім
Академиясының базалық мекемесі болып тағайындалған.
-
Республика деңгейінде: 2006 жылдан бастауыш сыныптарда ән-күй пәні
шеңберінде профессор Райымбергенов басқарған “Мұрагер” атты
этнопедагогикалық бағдарлама сынақтан өткізілуде.
-
Республика деңгейінде: 2012 жылдан бастап «e – learning»
электронды
оқыту жүйесі енгізілді.
-
Облыс денгейінде: 2001 жылдан «Салауатты өмір салтын насихаттау
жобасының» тірек мектебі.
-
Облыс деңгейінде: 2014 жылдан бастап Назарбаев зияткерлік мектебінің
тірек мектебі ретінде бекітілді.
Гимназия педагогтерінің жалпы санынан жоғары
және бірінші санаты бар
біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі – 65 %-ды құрап отыр.
Дегенмен, мектептің педагогикалық ұжымында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар
мұғалімдердің үлесі – 34,2 %-ды құрайды. Алдағы жылдары мектеп ұжымының
негізін құрайтын білікті мұғалімдердің зейнет жасына кетуіне байланысты
тоқыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу
қажеттігі туындап
отыр.
Мектептің материалдық техникалық базасы төмендегідей: 41 кабинет, оның
ішінде паспорты бар – 37; 1 спортзал; 1 шеберхана; 2
компьютерлік кабинет,
1 мультимедиялық кабинет (9+1), 1 жаңа модификациялы физика және химия
кабинеті.
4
Гимназияның ғимараты 1972 жылы пайдалануға беріліп, 2018 жылы күрделі
жөндеу жасалды. Қазіргі кезде асхана жабдықтарын жаңарту жұмыстарын
атқару - күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: