Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу ережесі Жалпы ережелер



Дата13.06.2016
өлшемі72.25 Kb.
#132558


жоба

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi
аккредиттеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бала асырап алу жөнiндегi агенттiкттердi аккредиттеу ережесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және өз бөлімшелері және (немесе) өкілдіктері арқылы Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік агенттіктерді аккредиттеу тәртібін анықтайды.

2. Аккредиттеу — Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердiң өз қызметін жүзеге асыруға құқықтарын ресми тануы.

3. Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктер - өз мемлекетінің аумағында бала асырап алу жөнiндегi қызметті жүргізетін және осындай қызметті Қазақстан Республикасының аумағында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген тәртіпте жүргізуге аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар.

4. Аккредиттеуге өз қызметін көрсетілген салада аккредиттеу туралы өз мемлекетінің аумағында өтініш түскен кезде кемінде он жыл бойы жүргізіп жатқан агенттіктер (бұдан әрі — агенттіктер) жатады.

5. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің саны бір мемлекеттен үш агенттіктен көп емес құрайды.

6. Аккредиттеу бөлімшенің немесе өкілдіктің (бұдан әрі — бөлімше) есептік тіркелуіне дейін жүргізіледі. Агенттік өз бөлімшесін Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің бірінде құрады.

7. Бөлімшелердің есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Бөлімшенің қызметкерлері уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметкерлері, олардың жұбайларын және жақын туысқандарын қоса алғанда, бола алмайды.


2. Аккредиттеуді жүргізу тәртiбi
9. Агенттіктерді аккредиттеу, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту мәселесін уәкілетті орган қарайды.

10. Аккредиттеу үшін агенттіктің сенімді өкіліне уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) құрылтайшы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

2) агенттік орналасқан жер бойынша мемлекеттің құзыретті органы берген тиісті салада қызмет атқаруға өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін;

3) агенттіктің өкілеттігін растайтын мемлекеттің құзыретті органының немесе Қазақстан Республикасының аумағында тиісті қызмет атқару мүмкіндігі жайлы агенттіктің қызметіне бақылау жасайтын ұсыным хатын;

4) агенттіктің бала асырап алудан үміткерлерге ұсынылатын қызметтердің тізімін;

5) асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайы мен тәрбиеленуіне бақылау жасау және белгіленген тәртіппен тиісті есептерді және ақпаратты ұсыну жөніндегі кепілдеме хатын;

6) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде асырап алынған баланың бала асырап алушылардың өздерінің тұратын елдеріне келгенінде есепке қоюды бақылау бойынша кепілдеме хатын;

7) агенттіктің сенімді тұлғаға берген нотариалды расталған сенімхатын қоса отырып өтініш беру қажет.

Осы Ереженің 10-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар берілген күннен бастап алты ай бойы жарамды. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын қосымша сұратады.

11. Барлық ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерде көзделген тәртіпте заңдастырылуы қажет.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде берілген құжаттар тиісті шет елдің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуға тиіс.

12. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді уәкілетті орган өз құзыреті шегінде аккредиттеу мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсынатын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрліктерімен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) келісу бойынша қабылдайды.

Уәкілетті орган жеті күн ішінде осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды, олар агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытындыны уәкілетті органнан құжаттар мен сұраным түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

13. Агенттікті аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган бас тартылған жағдайда оны қабылдған күннен бастап негіздемемен он жұмыс күні ішінде береді.

Аккредиттеуден өткен агенттікке уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсатты осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес береді.

14. Агенттiкті аккредиттеу туралы сенімді тұлғаның өтінішін уәкілетті орган осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап отыз күнтізбелік жұмыс күні ішінде, сондай-ақ мемлекеттiк органдардыңагенттіктерді аккредиттеу мүмкіндігі туралы қорытындылары болан жағдайда қарайды.

15. Агенттiкті аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде өкіл оның телқұжатын уәкілетті органда тиісті өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде алады.

16. Агенттіктер бір жыл мерзiмге аккредиттеледі. Аккредиттеу туралы шешiм иелiктен айрылмайтын болып табылады және ол басқа тұлғаға берiлуге жатпайды.

17. Агенттіктерді аккредиттеуден бас тарту, оның қызметін ұзарту және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтатудың негіздері:

1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2) өзінің бала асырап алу жөніндегі құжаттарында толық емес мәлiметтерді ұсынуы;

3) шетелдік мемлекеттің құзыретті органдарынан, сонымен бірге осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан агенттік немесе оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметі туралы түскен жағымсыз ақпараттың болуы;

4) агенттік орналасқан мемлекеттегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық жағдай, соғыс қимылдарының жүргізілуі;

5) агенттік филиалы және (немесе) өкілдік қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы;

6) агенттіктің өзінің асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларына бақылау жасау және белгіленген тәртіпте тиісті есеп берулерді және ақпаратты ұсыну жөніндегі міндеттемелерін бұзуы;

7) агенттіктің өзінің асырап алынған баланы белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне қоюға бақылау жасау жөніндегі міндеттемелерін бұзуы;

8) агенттік қызметінің өз мемлекетінің аумағында тоқтатылуы;

9) ұсынылған құжаттарда толық емес, бұрмаланған, жалған ақпараттың болуы болып табылады.

18. Қызметін аккредиттеуден бас тарту туралы шешім алған агенттік балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органға алты ай өткен соң қайта жүгінеді.



3. Бөлімшелердің қызметін ұзарту,

уақытша тоқтату және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату
19. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін ол балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мерзімді ұзарту туралы өтінішті аккредиттеу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.

20. Аккредиттеу мерзімі осы Ереженің 16-тармағында көзделген мерзім аяқталысымен автоматты түрде, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған жағдайда, агенттікті бірінші аккредиттеуден кейін бір жыл мерзімде ұзартылады.

21. Аккредиттеу туралы шешiмнiң қолданысын балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мынадай:

1) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң нормаларын сақтамаған;

2) агенттiктiң қызметiне балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және (немесе) өзге де мемлекеттiк органдарға негiзделген шағым жасалған жағдайларда тоқтата тұрады.

22. Агенттіктерді аккредиттеу туралы шешiмнiң қолданысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған бұзушылықтарды бір ай, бірақ алты айдан аспайтын мерзімде жойған кезде, оның қолданылуын балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган қалпына келтiредi.

Егер белгіленген мерзімде агенттік қызметінің уақытша тоқтатылуына әкеп соқтырған кемшіліктер (жағдайлар) жойылмаған болса, уәкілетті орган агенттік қызметінің әрекет етуін тоқтату туралы шешім қабылдайды.

23. Бөлімшенің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату, оның қызметін ұзарту туралы шешімді уәкілетті орган ол қабылданған күннен бастап негіздемемен он жұмыс күні ішінде қабылдайды.

24. Бөлімшенің қызметі мерзімінен бұрын мынадай:

1) агенттiктiң құрылтай құжаттары сәйкес бала асырап алу жөнiндегi қызметiн жүзеге асырмаған;

2) куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соқтырған бұзушылықтарды бiр айдың iшiнде жоймаған;

3) аккредиттелген агенттiк қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

4) агенттiк шешiмнiң қолданысын ерiктi түрде тоқтату туралы өтiнiштi ұсынған;

5) оның қолданылу мерзiмi аяқталған және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаған жағдайларда тоқтатылады.

25. Бөлімшенің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерi он жұмыс күнi iшiнде қаралады.

26. Қызметін тоқтата тұру немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бөлімшені бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.

27. Бөлімшенің қызметін тоқтата тұру немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы таралады.
4. Қорытынды ережелер
28. Агенттік басшысының тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) атауы, заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген агенттiктер аккредиттеу туралы рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті органға осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мәліметтерді және құжаттарды растайтын құжаттарды қоса отырып өтініш береді.

29. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде агенттiктерді аккредиттеу туралы рұқсатты қайта ресімдейді.

Бұл ретте, агенттiктерді аккредиттеу туралы бұдан бұрын берілген рұқсат күші жойылды деп танылады және уәкілетті органға аккредиттелген агенттiктердің деректер банкісіне тиісті ақпаратты енгізумен қайтарылады.

_________________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет