«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата05.07.2016
өлшемі102.15 Kb.
#179052
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1559 қаулысымен     
бекітілген        
«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      бала асырап алуды тіркеу – 1 (бір) жұмыс күні;
      Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу туралы өтініштің электрондық нұсқалары болған кезде күнтiзбелiк 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) бала асырап алуды тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште бала асырап алу туралы куәлікті беру не қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап;
      2) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға енгізілген өзгерістер, толықтырулар және түзетулермен құжатты берген уәкілетті адамның қолы қойылған жаңа куәлік беру.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының азаматтарына бала асырап алуды тіркеу ақысыз көрсетіледі.
      Бала асырап алуды тіркегені үшін шетелдік азаматтардан 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
      Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
      Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі құжаттарды ұсынады:
      бала асырап алуды тіркеу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
      2) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін);
      3) бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін;
      4) баланың туу туралы куәлікті;
      5) егер 2008 жылға дейін неке қиылған болса, бала асырап алушылардың, сондай-ақ шетелдік азаматтар үшін де неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы куәлігінің көшірмесін;
      6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты;
      7) шетелдіктер үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты;
      8) шетелдіктің тұруға ықтиярхатын;
      9) шетелдіктер жеке бастарын куәландыратын құжатпен бірге оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі мәтінінің нотариат куәландырған аудармасын ұсынады;
      бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
      2) туу туралы куәлікті, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – тууды тіркеу туралы анықтаманы;
      3) бала асырап алу туралы куәлікті, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – бала асырап алуды тіркеу туралы анықтаманы;
      4) бала (қыз) асырап алуды жою немесе жарамсыз деп тану туралы соттың шешімін;
      5) өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу қажеттігін растайтын құжаттарды;
      6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсеткенде қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
      1) өтінішті қабылдау күні;
      2) қоса берілген құжаттардың саны;
      3) құжаттардың берілген күні, уақыты;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
      10. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.
      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 74-07-37, 74-07-68.
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымдарды қабылдауды растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қолдану үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін
мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті алушының www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы 1414.
«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына  
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына          
1-қосымша              
_____________________________________________
(тіркеуші органның атауы)         
_____________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын         
_____________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)         
жеке куәлік № _______________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы
ӨТІНІШ
Азамат ______________________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Азаматша ____________________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен жері _____________________
_____________________________________________________________________
Бала туралы _________________________________________________________
                      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_____________________________________________________________________
        (бала асырап алынғаннан кейінгі баланың туған күні)
_____________________________________________________________________
          (асырап алынғаннан кейінгі баланың туған жері)
мәліметтерді көрсете отырып, бала асырап алуды тіркеуді сұраймыз.
Тіркеуші органға ____________________________________________ сотының
                                 (соттың атауы)
заңдық күшіне енген сот шешімі ұсынылды.
Балаға ______________________________________________________________
         (баланың асырап алынғанға дейінгі аты, әкесінің аты, тегі)
Баланың туған күні 20__ жылғы «___» _________________________________
Баланың туған жері __________________________________________________
Баланың тууы 20__ жылғы «___» _______________________________________
__________________________________________________________ тіркелген.
                (тіркеуші органның атауы)
Бір мезгілде ата-анасы туралы мәліметтер енгізуді (егер соттың
шешімінде көрсетілген болса) және жаңа куәлік беруді сұраймын.
Өтініш берушілердің қолы ____________________________________________
Өтінішті берген күні ________________________________________________
Жалған мәліметтер хабарлағаным үшін жауапкершілік туралы маған
ескертілді
                                           20__ ж. «___» ____________
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдап алған лауазымды адамның аты, әкесінің аты, тегі)
Журнал бойынша № ______
---------------------------------------------------------------------
                            (қиып алу сызығы)
20__ жылғы «___» _____________ өтініш қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
Қараудың нәтижелері 20__ жылғы «___» __________ хабарланады.
Құжаттарды қабылдаған
Маман _______________________________________________________________
                                   (Т.А.Ә.)
«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына  
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына          
2-қосымша              
_____________________________________________
_____________________________________________
(тіркеуші органның атауы)          
_____________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын          
_____________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)          
жеке куәлік № _______________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы
(қажеттісінің асты сызылсын) ӨТІНІШ
___________ ж. № ______________ «___» туралы __________ акт жазбасына
өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізуіңізді сұраймын:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Өзім туралы мыналарды хабарлаймын:
1. Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері _______________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасы жағдайы ___________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
туған күні және жері ________________________________________________
8. Жеке басты куәландыратын құжат ___________________________________
9. Қайда, кім болып жұмыс істейді ___________________________________
10. Әскери қызметке қатыстылығы:
а) қайда есепте тұр _________________________________________________
б) қызмет ететін әскери бөлімінің атауы _____________________________
11. Тұрған уақытын көрсете отырып, тұрған жерлерінің толық тізбесі
_____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сотта тұрған не өтелмеген соттылығы немесе заңда
белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болған жағдайда, ол туралы
атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініштің қабылданғаны
туралы мемлекеттік органдарға тиісті хабарлама жіберу үшін көрсету
_____________________________________________________________________
13. Бұрын аты, әкесінің аты, тегі ауыстырылды ма ____________________
14. Өтінішке өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін
растайтын мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) _______________________________ 3)________________________________
2) _______________________________ 4)________________________________
Жалған мәліметтер хабарлағаным үшін жауапкершілік туралы маған
ескертілді
                                       20__ жылғы «___» _____________
_____________________________________________________________________
            (өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
журнал бойынша № ____
_____________________________________________________________________
                            (қиып алу сызығы)
20__ ж. «___» ______________ азаматшадан ____________________________
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар және
түзетулер енгізу туралы өтініші қоса берілген ___________ құжаттармен
қарауға қабылданды.
Қарау нәтижелері 20__ ж. «___» _________________ хабарланатын болады.
Маман _______________________________________________________________
                                (Т.А.Ә.)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет