Әкесі(басынан сипап отырып). Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді.
Әкесі. Кімнің баласысың?
Бауыржан. Мен Момыштың ұлымын.
Әкесі.Момыш кімнің баласы?
Бауыржан. Момыш - Имаштың баласы.
Әкесі. Жарайсың, балам! Ер жігіт ата-тегін білуі керек. Еліміздің болашағы жастар, мына сендердің қолдарыңда.
2-көрініс. 1-акт. (Бақта серуендеп келе жатқан Бауыржан мен әйелі, алдынан көрші жас жігіт кездеседі) Әйелі. Неге сонша соғысқа асықтың, мұндағы әскери қызметің де маңызды ғой.
Бауыржан. Әскерге адам дайындауда маңызды шаруа деп, сен тура біздің военком құсап айттың ғой. Көршілерге қарауға бетім жоқ, жылы орынды тапты ғой, мына ез деп жүрген болар.
(Сол кезде алдынан көрші бала Мәулен шығады). Мәулен.Бауыржан аға, ассялам алейкум!
Бауыржан. Әлейкүм салам, Мәулен! Қайдан келесің?
Көрші бала Мәулен.Военкоматтан.
Бауыржан. Қалай? Ата-анаң медицина саласына барады демеп пе еді?
Көрші бала Мәулен. Соғыс емес пе! Сіз сияқты командир болғым келеді.
Достарыммен Ташкенттегі әсери училищеге түстік.
Бауыржан. Ал, намысты қолдан берме! Мен саған сенемін.
(Мәулен кетеді, әйелімен орындыққа отырады. Сол уақытта табтан бір әскери адам келеді) Әскери адам.Аға лейтенант Момышұлы, сізді штабқа шақыртуда. Әйелі. Неге шақыртты екен?! Тыныштық па...(үрейлене Бауыржанға қарайды) Бауыржан (әйелінің қолын алып). Уайымда, сен командирдің әйелісің! Қазір соғыс уақыты. Мен тез барып, жағдайды білейін!
(Екеуі жүгіре басып, штабқа кетеді).(Полковник генерал-майор Панфиловқа штабты таныстырып жатады. Сол уақытта Бауыржан кіріп келеді) Бауыржан. Шақырттыңыз ба, жолдас... (жалт бұрылып генерал-майорға қарайды).Саулығыңызды тілеймін, генерал-майор! Полковникке айтуға рұқсат етіңіз. Аға лейтенант Момышұлы! Сізді шақыртуыңыз бойынша келіп тұр!