Мұғалім – оқушы – ата-ана : бала тәрбиесінде сенімділік білдіру, қолдау көрсету. (Ата-аналармен жұмыс) «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», — деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, білім беруде тәрбиенің сабақтасы зор. Ал тәрбие ошағы – әрине отбасы. Тәрбие тамыры ата-анадан екені сөзсіз. Ал білім бастауы ұзтаздан. Оқушыға саналы тәрбие мен сапалы білім беруде мұғалім мен ата-ана үздіксіз өзара байланыста жұмыс жасау керек. Мұғалім мен ата-ана болып, әркім өз міндетін дұрыс көздесе, мақсатқа жетіп, жақсы нәтиже берері анық. Әрине оқушы да тыс қалмауы керек. Оқушы – мұғалім мен ата-ананың басты нысаны.Сапалы білім алған, тәрбиесі саналы тұлға қалыптастыру үшін мұғалім оқушының барлық танымдық үрдістерін бақылап, анықтап, оны зерттеу жұмыстарымен айналысады. Ата-ана өз тарапынан алдын-алу, түзету, дамыту жұмыстарына ат салысуы тиіс. Тәжірибелі, білікті ұздаздардан білім алып, үлгілі, өнегелі ата-аналардан тәрбие сіңірген жастарымыз, елімізге қызмет жасап, болашағымыздың жарқын болары өз қолымызда.
Мақсаты: ата-ананың , мұғалімнің бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Міндеттері:
- Шағын дәріс арқылы ата-аналарға,мұғалімдерге бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
- Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;
- Ата-аналардың, мұғалімдердің баламен қарым-қатынасында, баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.
Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды.Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді.Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек.Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек.Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек.Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді.Бірақ, ол басқа бала.Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек.Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.