Тақырыбы: Темперамент, оның түрлері



бет1/3
Дата28.04.2023
өлшемі94.5 Kb.
#472945
  1   2   3
ref -temperament-onyn-turleri


Тақырыбы: Темперамент, оның түрлері
Жоспары:

  1. Темперамент түрлері: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолиг

  2. Мінез

  3. Ес

  4. Дұрыс ұйқының шарттары

Қорытынды

Тақырыбы: Темперамент, оның түрлері


Темперамент (латын тілінен аударғанда- “қоспа, сәйкестілік” ) деп, әдетте, адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды.
Темперамент жеке тұлғаға тән ең тұрақты маңызды ерекшеліктерден құралады. Ол адамның жүріс-тұрысынан, оның өзіне және қоршаған әлемге деген қатынасынан білінеді. Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты. Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз:

  1. Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.

  2. Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді

  3. Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.

  4. Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.

Мінез деп- әдетте, адамның айқын көрінетін бір екі белгісін айтады. Мінез- адамның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер оның жүріс тұрысымен іс әрәкетінен көрінеді. Мінез адамға қайталанбас ерекшелік береді, жеке тұлғаның маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Адамның мінезін ерік ерекшеліктері, сонымен бірге эмоционалдық, темпераменттік және интеллектуалдық ерекшеліктерін айқн көрінеді. Мінез белгілері- тұлғаның тұрақты қасиеттері болғанмен, өзгеруіде мүмкін.


Мінез- бұл жеке тұлғаның жүріс-тұрысынан, оның іс-әрекетінен, табиғатқа, достарына, ата-аналарына, қоғамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін тұрақты және айқын белгілерінің үлесі. Мінез- әлеуметтік жағдайдың, білім алудың және тәрбиенің әсерінен біртін деп қалыптасады.
Ес- адамның интеллектуалдық қабілетінің негізі. Сенің тұлғалық қасиеттерің есті жаттықтырып, дамуына, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыруыңа байланысты. Тарихтағы көптеген кеменгер адамдар өздерінің есте сақтау қабілетімен таң қалдырған. Біреулері бейнелерді, екіншілері- сөздерді, сандарды немесе түстерді немесе көңіл күйді және т.б. есте сақтай алумен ерекшелінеді.
ЕС- қоздырғыштың әсерінен жүйке жүйесінде қалған процестер. Бұл- өткен тәжірибенің санадағы көрінісі. Адам басынан өткенді кезінде ми қабылдады, кейінгі уақытта оның, адам танып, есіне түсіреді.
Естің 3 типін бөледі:

  1. Көрнекі- бейнелі тип- адамдардың беттерін, дыбысты, нәрселерді, құрылыстарды, түстерді және тағы басқа жақсы есте сақтауға көмектеседі

  2. Ауызша- логикалық тип- сөз тіркестері, терминдер, кестелер, ормулаларды және басқаларды жақсы есте сақтайды.

  3. Эмоционалдық тип- бастан өткен сезімдер, көңіл күй, ашу, ыза және басқалары жақсы сақталынады.

Ес анализаторларға сәйкес былай жіктеледі:

  1. Көргенді

2. Естігннді
3. Иіскеп сезгенді
4. Сипап сезгенді

Ес сонымен қатар механикалық жане логикалық болып екіге болінеді. Механикалық жаттау көп уақытқа сақталмайды, ал логикалық жаттау үзақ сақталады және жақсы есте қалады.


Қазіргі заманғы көзқарас бойынша ес келесі түрлерге бөлінеді.
-кенет- мұнда материал тез арада, бір минутқа дейін есте қалады
-қысқа мерзімді- материал көп уақытқа емес. бірнеше сағатқа дейін есте қалады.
-ұзақ мерзімді- ұзақ уақыт, көп жылдарға дейін есте қалады және жақсы нәтиже береді.
Есті сақтауды белгілі бір тәсілдері арқылы нығайтып жаттықтыру керек. Бұл кезде есте сақтаудың әлсіз түрін- көру, есту, қозғалыс және эмоциялық есте сақтауды нығайту керек. Түрлі шынығу тәсілдері, салқын душ, белсенді дене жүктемелері, күн тіртібін сақтау, еңбек пен демалысты дұрыс алмастыру, психогигиенамен психикалық жағдайлардың алдын алу шаралары- осылардың бәрі есте сақтаудың жақсаруына және дамуына септігін тигізеді. Есте сақтауды жаттықтыру 10-20 екі мәнді сандарды орналасу тәртібі бойынша немесе осынша көлемдегі түрлі аттарды есте сақтау арқылы жүргізіледі.
Адамдар мен жануарлар ұйқының қанбауынан гөрі тамақ пен судың жеткіліксіздігін жеңіл көтереді. Ұйқыны ештемемен алмастыруға болмайды. Ұйқы адамның биорритмдерінің ең маңыздыларының бірі, сондықтан бір уақытта ұйқыға жатқан өте маңызды, ұйқыға жатар алдында бір сағат бұрын таза ауада серуендеу пайдалы. Жылы ванна қабылдау, бетті, қолды, аяқтарды, жылы сумен жуу пайдалы. Ұйқыдан 1,5- 2 сағат бұрын көп тамақ ішуге болмайды, оның орнына бір стакан жылы сұт немесе айран ішкен дұрыс . ұйқының ұзақтығы төменгі сынып балалары үшін 10-10 сағат 30 минут, орта сыныптарда- 9-9 сағат 30 минут, жоғарғы сыныптарда- 8-9 сағат болуы керек. Үнемі ұйқының қанбауы жүйке жүйесінің түрлі ауруларына және кһбіне ішкі мүшелер жұмысының нашарлап, еңбек ету қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет