Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау
Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшін ХҚКО-ға жүгініп, қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет: өтініш, жеке басын куәландыратын құжат
(Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі, алдыңғы балаларының туу туралы куәліктері, көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік (некеге 2008 жылғы 1 маусымға дейін тұрған жағдайда), балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат, мекенжай анықтамасы, шот нөмірі және өзі болмаған жағдайда – сенімхат.
Аталған құжаттарды тапсырған күннен бастап 7 жұмыс күнінде жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама дайын болады.
Электронды санды қолтаңбаңыз болған жағдайда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжатыңызды ресімдеуге болады.
ХҚКО Арал аудандық
бөлімінің инспекторы
Г.Медеталиева
Достарыңызбен бөлісу: |