«Оралман мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) оралман мәртебесін салуға алғаш рет жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысанын: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін
сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-на жүгінген кезде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін беру туралы өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды және оларды тіркелуін жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды 5 (бес) жұмыс күн ішінде қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін рәсімдейді.
Нәтижесі – куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде куәлікке қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 20 (жиырма) минут ішінде куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекетік қызмет нәтижесін береді.
Нәтижесі - куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекетердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушымен қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 20 (жиырма) минут ішінде қабылдап, оларды тіркелуін жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды 5 (бес) жұмыс күн ішінде қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 20 (жиырма) минут ішінде куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекетік қызмет нәтижесін береді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. ХҚКО жүгіну тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу, әр үдерістің (іс-әрекеттің) ұзақтығын сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және қажетті құжаттарды ХҚКО инспекторына тапсырады, ХҚКО инспекторы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күн ішінде ХҚКО жинақтаушы бөліміне көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін жолдайды немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы алынған құжаттарды 20 (жиырма) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды 5 (бес) жұмыс күн ішінде қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді.
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 20 (жиырма) минут ішінде куәлікті тіркейді және 1 (бір) жұмыс күн ішінде ХҚКО курьеріне жібереді;
7) ХҚКО инспекторы 15 (он бес) минут ішінде куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға береді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Оралман мәртебесін беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынған қажетті құжаттарды қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды,
20 (жиырма) минут ішінде.
Кіріс құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды,
10 (он) минут ішінде.
Келіп түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді,
5 (бес) жұмыс күн ішінде.
Куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді,
20 (жиырма) минут ішінде.
Куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды,
10 (он) минут ішінде.
.
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік; көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-әрекеттері;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-әрекеттің) және (немесе) ҚФБ
атауы;
- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |