Әдебиет теориясы: кіріспе



Pdf көрінісі
Дата14.03.2024
өлшемі187.68 Kb.
#495477
Феминизм



17-дәріс
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ: КІРІСПЕ
Әдебиеттегі феминистік бағыт
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
17. Әдебиеттегі феминистік бағыт
2
Мақсаты: ізденушілерге феминизмнің туу, қалыптасу және даму кезеңдері туралы толық-
қанды ақпарат беру, әдебиеттегі феминистік қозғалыстардың негізгі тұжырымдарымен та-
ныстыру.
Кілт сөздер: гендер, феминизм, әйелдер бейнесі, бірегейлік.
Бүгін біз феминизмнің әдебиетке әсері туралы баяндаймыз. Феминизм дегеніміздің өзі не? 
Оның әдебиетге тигізген әсері қандай, деген сұрақтарға толыққанды жауап іздейтін боламыз. 
Феминизмнің ғылыми ұстанымдары мен терминдер жүйесі, бұл теорияның тарихы, сондай-ақ 
жиырмасыншы ғасыр философиясының ағымдарымен өзара байланысы сынды мәселелер 
бүгінгі дәрісімізде қамтылмақ.
Феминизм латынның «femina», яғни «әйел» деген мағынасын білдіретін сөзінен шыққан. 
Қоғамдағы әйелдердің құқығын кеңейтіп, салмағын арттырып, рөлін күшейтуді көздейтін 
және ерлермен тепе-тең деңгейдегі жағдайлар жасауды талап ететін қоғамдық қозғалыс 
әрі рухани ағым болып саналады. Феминизм деген терминнің өзі ең алғаш француздың 
экономисі әрі философы Шарль Фурьенің еңбектерінде кездеседі. Феминизм ұғымын екі 
түрлі түсінуге болады. Ол, бір жағынан, әйелдердің өз құқығы мен бостандығын қорғау үшін 
бастаған қоғамдық қозғалысы болса, екінші жағынан, әйелдің қоғамдағы орнын анықтайтын 
әлеуметтік-философиялық, психологиялық және мәдениеттанулық ілімдердің жиынтығы 
болып табылады.
Феминизм әдебиеттану ғылымына өткен ғасырдың жетпісінші жылдары ғана енді. Оның 
тууына түрткі болған басты фактордың бірі ретінде адамзат тарихындағы әр кезеңдерде 
не үшін әйел баласы екінші орынға қойылып, үнемі бағынышты күн кешкен деген сұраққа 
жауап іздеу болды. Феминизм өткен уақыттар аралығында әйелдер қауымының қалайша 
өзгергенін, олардың талабы мен тілегінің қалайша құбылғанын, сонымен бірге ер адамдардан 
ерекшелеп тұратын қасиет-бітімін таразыға салуды көздейді. Ал әдебиеттану ғылымында 
бұл мәселе көркем мәтіндер арқылы жүзеге асады. Көркем әдеби мәтіннің жазылуында әйел 
психологиясының көрініс табуы, оның өзіне тән ерекшеліктері мен ондағы әйел кейіпкерлер-
дің бүтін бітімі – бәрі де аталған ғылыми пәннің зерттеу нынасына ілігетін мәселелер болып 
саналады.
Кейбір феминистердің пікірінше, әйелдердің мәселелері өзіндік бірегейліктің онтология-
лық және биологиялық айырмашылықтарының нәтижесі болып табылады. Бұл пікірге 
кейбір феминистер келіспейді. Олардың пікірінше, мұның бәрі де әйелдер қауымын ерлерге 
бағынышты етіп ұстап тұру үшін әдейі жасалған тарихи-әлеуметтік құрылымның нәтижесі екен.
Осы орайда, әйелдер қауымы өздерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты өзгеше 
әрекет етіп, басқаша ойлайды және ерлердің бағын асырған қоғамдардың басқару жүйесінің 
себебінен табиғаты өзгерген деген екі түрлі пікір алға шығады.
Феминистік әдебиеттану әйелдер әдебиетін олардың әйел табиғатын қалайша ашып бергені 
тұрғысынан зерделейді. Сонымен бірге, ер жазушылардың қалыптастырған канондарына әйел 
кісінің қалайша ұсынылғанын да зерделейді. Гейл Рубин секілді феминистік антропологтардың 
пікірінше, әйелдердің ерлерге бағыныштылығы мәселесі ерте заманғы қоғамдарға пайда 
болыпты. Оның ойынша, ежелгі дәуірлерде әйелдер әртүрлі кландар арасындағы айырбастау 
тауары секілді қолданылған. Инсайтқа қарсы ереже эндогендік некеге тыйым салады, ал 
олардың отбасынан шыққан экзогендік некелер жанжалға ұшырауы мүмкін топтар арасында 
бейбіт қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік туғызды.
Осы секілді ежелгі дүниенің сарқыншақтары біздің қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымызда 
әлі күнге дейін сақталып қалған. Саяси немесе экономикалық тұрғыдан көшбасшы бола 
білген әйелдер кейде бизнес, өнеркәсіп және үкіметтің өзін басқарып отырған көптеген ер 
азаматтардан асып түсіп жатады. Ерлерге қарағанда білімді әрі епті, тәжірибелі әрі тапқыр 
келеді. Африка, Таяу Шығыс, Американың «орта тұсы» мен Азияның көптеген дәстүрлі 
қоғамдарында әйел кісілер ішкі шаруаларға жауапты болды да, ер кісілер көбіне-көп сыртқы 
үлкен қоғамдық жұмыстардың басы-қасында жүрді, яғни олардың атқаратын міндеттері де 
біркелкі болған жоқ. Сонымен бірге, Адриенн Рич айтқан «мәжбүрлі гетеросексуалдық» ұғымы 
әйелдердің экономикалық тұрғыдан айрықша ықпалды адамдарға бағынудан басқа жолы 


3
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
17. Әдебиеттегі феминистік бағыт
жоқ екенін білдіреді әрі соған кепілдік береді. Оның пайда болуына қатысты бірдей ұстаным 
орнықпаған. Табиғат арқылы ма, әлде қоғамның ықпалынан ба, мұның бәрі де, жалпы гендерлік 
теңсіздік мәселесі мәдениеттердің өзіндік ерекшелігінен де болуы мүмкін. Көптеген дәстүрлі 
діндерде, мысалы, католицизм, фанатистік протестантизм, ислам және православиелік иудаизм 
сынды діндерде әйелдерге екінші қатардағы рөлдер беріледі. Ал осылардың ішіндегі кейбір 
діндерде қоғамдық-әлеуметтік қызметте әйелдердің ерлермен бірдей жұмыс істеуіне тыйым 
салынады. Мифология мен философияда, әйелдер көбінесе қауіп-қатермен тікелей қатысы бар 
жаратылыс ретінде суреттеледі. Шашы ұзын, ақылы қысқа, өз-өзін басқара алмайтын, сезімге 
бой ұрған мәжнүн секілді де сипатталатыны жасырын емес. Ал ерлерге қатысты түсініктер 
мен көзқарастар бөлектеу. Әйелдерге қатысты негативті түсініктемелер беріліп жатса, ерлер 
көп жағдайда еркін әрі тәуелсіз, суық ақылмен жүретін және батыл да ержүрек адам ретінде 
суреттеледі. Тіпті кино сияқты қазіргі мәдениеттің формаларында да мұндай сипатталамалар 
аз кездеспейді. Не үшін дейсіз ғой? Өйткені, киноиндустрианы бақылауында ұстап отырған 
алпауыт құрылымдардың тізгіні ер кісілердің қолында көрінеді әрі алдағы уақытта да 
әйелдердің бағыныштылығы мәселесіне қатысты болжамдар жасап, жоспар құратын әрі 
оның бәрін бекітетін ер кісілер екен. Қолында билігі бар, батыл әрі құзыреті күшті әйелдердің 
бейнесін әлі де болса кинематография мәдениетінен табуға қиналуыңыз кәдік, ал оның орнына 
сайқал, қу әйелдердің бейнесі киноларда өріп жүр. Мұның себебі жоғарыда айтылған алпауыт 
ұйымдардың қолында аса үлкен күш бар екенін көрсетеді.
Француз феминисі, философ Люс Иригарэй суреттердің қорқынышты күшті екенін, сонымен 
бірге ондай әйелдердің қазіргі ерлер үстемдік ететін мәдениетте өте жиі ұшырасатынын, себебі 
адам баласы дүние есігін аша салысымен бірінші болып анасымен қарым-қатынас жасайтынын 
айтады. Ана ол кезде аса ауыр жағдайда әрі арнайы қамқорлықты қажет етеді. Ал ер кісілер 
осы бастапқы кездегі әлсіздікті еңсеруге мүмкіндік береді.
Ер кісі жеке әрі билік етуші тұлға болуы үшін анасы бағынышты болуы керек және онымен 
байланысты барлық нәрсе жамандық ретінде сипатталуы тиіс көрінеді. Мұндай символикалық 
нысан өмірде, әрине, тұтастай алғанда әйелдерге беріледі. Бұл дәстүрлі қоғамда өмір сүретін 
елдерде әйелдердің бәрі дерлік не үшін ер кісілердің бақылауында болатынын түсінуге жол 
ашады. Олар көзден таса, жабықтау үй-жайларда тұруға және күйеуінің меншігі екенін көрсетіп 
тұратын киімдер киюге мәжбүр болады. Көптеген әйелдер мұндай бағыныштылыққа өз 
еркімен көнеді. Америкалық феминист ғалымдар Сандра Гилберт пен Сьюзан Губар өздерінің 
«Шатырдағы Мадонна» деген кітабында аталған аргументке қатысты маңызды ақпаратты 
қоса кетеді. Олар мынадай қызықты құбылысты байқайды. Әйелдер ер жазушылардың 
қаламынан туған әдеби көркем шығармаларда сұрқия құбыжық ретінде немесе пәк періште 
ретінде суреттеледі екен. Әйелдер көбінесе қорқыныштың нысаны ретінде сипатталатыны 
да жасырын емес. Адамның физикалық әлемді бақылауда ұстау қабілетіне кепілдік беретін 
таза ментальді абстракциясының аймағы рухпен немесе идеалдылықпен ауыстырылады. 
Гилберт пен Губар зерттеген періштенің иедалдылығы әйелді физикалық жаратылыстан рухани 
жаратылысқа айналдырып жібереді екен.
Жоғарыда біз феминистік әдеби сынның өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылда-
рынан бастау алатынын тілге тиек еткен едік. Әрине, оның басында әйелдердің мүддесін 
қорғаған әртүрлі қозғалыстардың жатқаны белгілі. Феминистік сын тұрғысынан жасалған 
алғашқы ғылыми еңбектер, әдетте, Вирджиния Вульфтың атымен тікелей байланысты. Вульф-
тың шығармашылығын зерделеуге арналған еңбектер феминистік әдеби сынның бастауы 
ретінде мойындалған. Алайда соңғы он жылдықта феминистік әдеби сынның аясы кеңейіп, 
пәнаралық зерттеулер дейгейіне көтерілді деуге болады. Сондай-ақ аталмыш ғылыми 
зерттеулердің бағыты тек қана әдеби сынмен, әдебиеттің теориясымен ғана шектеліп қалған 
жоқ. Қайта тұтас бір ғылыми салалармен, атап айтқанда, психоанализ, постструктурализм, 
этникалық зерттеулер, постколониалдық және гендерлік теориялар сынды ғылыми пәндермен 
қабысып, өзара тығыз байланысты қарастырылатын болды.
Егер өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы әдебиеттің курсынан дәріс алып жүрген 
ізденушілер: «Не үшін феминистік сын жоқ?» – деген сұрақ қоятын болса, қазіргі ізденушілердің 
қояр сұрағы өзгерген. Олар: «Неліктен феминизмнің өзіне қарсы сын жоқ?!» – деп сұрақ қоюы 


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
17. Әдебиеттегі феминистік бағыт
4
мүмкін. Мұндай өзгерістер бұған дейінгі феминистік зерттеулердің дамуына жол ашып, басқа 
қырынан қарастыру қажеттілігін көрсетеді.
60–70-ші жылдардағы әйелдер қозғалысы үшін феминизм тақырыбы әйелдердің өз пікір-
көзқарастарын ашық айтуға мүмкіндік бермеген, олардың әлеуметтік және ішкі өміріне теріс 
әсердегі жағдайлар туғызып, әйелдер мәселесін екінші орынға ысырып қойған патриархат 
жағдайы болды. 1970 жылы Қазіргі заманғы тілдер ассоциациясының мәжілісінде Адриенна 
Рич есімді әйел былай деді: «Біз өлгенде ғана оянамыз». Оның бұл сөзі тұтас бір феминистік 
бағыттың қалыптасуына түрткі болды. Бұл бағыт зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдердің 
талайлы тағдыры мен мұндай сынақтарға амалсыз ғана бас иген көнбістіктерін, оның бәрінің 
нақты себептері мен әдеби-мәдени мәтіндерде ашып айтылмайтынын, өздеріне ғана тән үнін, 
жалпы айтқанда, осындай қиын жағдайға тап болған әйелдер қауымының әлемін арқау етті. 
Әйелдер қауымының теңдігін жақтайтын ғалымдар басында мектепте оқытылатын мәдени 
«канондар» «әмбебап» деп жарияланған ерлердің көзқарасын білдіретініні туралы нақты 
қорытындыға келді.
Феминизмнің ұстанымдарын ту еткен зерттеушелір: «Әйелдердің өз дауысы қайда?» – деп 
сұраулы ұран тастады. Джордж Элиот пен Джейн Остин, Уилла Катер мен Эмили Дикинсон
сынды нәзік жанды жазушылардан басқа қандай әйел қаламгерлер бар? Элейн Шоуолтер 
әйел жазушылардың тарихын қайта қарастыруға бел буды. Ал Джудит Феттерли әйелдер 
қауымының «ұлы» деп сипатталатын америкалық әдебиетте қалайша көрініс тапқанына 
назар аударды. Санда Гилберт пен Сьюзан Губар болса ер жазушылар басымдыққа ие болып 
саналатын әдебиеттегі салаларға әйел жазушылардың ұмтылысын бағамдауға тырысты. 
Оқырманы көп жанрларға әйелдердің де қалам тербеу мәселесі бөлек қарастырылды. Олар 
білім беру саласы мен жалпы қоғамдық өмірден аластатылған әйелдердің дәстүрлі түрде 
күнделік, хат және сентиментальді әдебиет секілді шағын ғана әдеби формалардың төңірегінде 
жүретінін анықтайды. Осы секілді қалыптасып қалған дәстүрлер мен канондық негіздермен 
феминизмнің өкілдері қалайша күресті? Мұндай зерттеулер аз уақыттың ішінде этникалық 
және гендерлік шекара-шеңберден асып кетті.
Мэри Хелен Вашингтон, Барбара Смит және Белл Хукс сынды афро-америкалық ғалымдар 
жыныстық және нәсілдік тұрғыдан кемсітушілікке тап болған афро-америкалық әйелдердің 
тауқыметтері туралы баяндап берді. Бонни Циммерман мен Сьюзан Гриффин сияқты феминист 
сыншылар әдебиеттің мәтіндерінен бір жыныстылықты қолдаушы адамдардың мүдделірін 
іздестіріп, шығарманы талдау барысында бұрын айтыла бермейтін басқа да жайттарға назар 
аударуға шақырды. Феминистік зерттеулердің осы бастапқы кезеңін шартты түрде екіге жіктеп 
көрсетуге болады. Оның біріншісі ерлер әдебиетіндегі әйел кісілерге деген жеккөрініштілікті 
жоюға, осы сынды жағымсыз стереотиптермен күресуге бағытталған болса, екіншісі жоғалған 
дәстүрді қайта жаңғыртып, қалпына келтіруге арналған ұмтылыстар болды.
Зерттеушілер нәсіл, тап, ұлт пен жыныстық мәселелерді ескерусіз қалдыратын гендерлік 
талдаулардың зерттеу тақырыбын едәуір қысқартатынын және мұның бәрі де оның 
нәтижелеріне кері әсер етеді деген қорытындыға келді. Мысалы, «француз феминизмі» деп 
аталып кеткен саланы негіздеген ғалымдарды алайық. Оның құрамында болған Юлия Кристева, 
Люс Иригарэй және Элен Сиксу сынды көрнекті әдебиеттанушылар феминистік әңгімелердің 
символы болып табылатын әйелдердің болмыс-бітімін, жан дүниесін, қуанышы мен қайғысын 
интерпретациялау мәселесі басты орынға шығуы тиіс деген көзқарасты жақтады. Көп өтпей-ақ 
біршама жұмыс тәжірибесін жинақтап, феминистік зерттеулердің аясын кеңейткен ғалымдар 
феминизмнің өзін дербес қозғалыс ретінде де, ғылыми ізденістердің жеке бағыты ретінде де 
дамыту мәселелеріне бас қатыра бастады. Феминистік әдеби сынның даму бағыты біз үшін 
маңызды болғандықтан, оған қатысты пікірталастардың жалпы екі бағытта өрбігенін айта кету 
керек. Бұл кез өте маңызды кезең болды. Өйткені гуманитарлық зерттеулердің жаңа бағытының 
бастапқы сатысы осы кез етін. Ол гендерлік мәселелерді қаузады және гендер бойынша 
ерлер мен әйелдердің арасындағы айырмашылықтарды анықтауға қызмет ететін әлеуметтік-
мәдени құбылыс болып саналады. Бірақ айырмашылықтар биологиялық белгілері бойынша 
сипатталмайды. Оның бәрі еркектік пен әйелдік, басқаша айтсақ, маскулиндік пен фемининдік 
деп аталатын мінез-құлықтық тәжірибеде көрінеді, яғни бұл жыныстардың әлеуметтік рөлі мен 
гендерлік сәйкестігіне қатысты айтылып отыр.


5
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
17. Әдебиеттегі феминистік бағыт
Тағы да талқы-таласқа оралайық. «Конструктистер» деп аталатын бірінші топтағылар 
гендерлік айырмашылықты адамзат мәдениеті мен қоғамының даму тарихының жемісі 
деген идеяны алға тартады. Ал «эссенциалистер» деп аталатын екінші бағыттың өкілдері 
гендерлік айырмашылық мәселелерін ерлер мен әйелдердің арасын бөліп тұратын табиғи 
ерекшеліктерден іздеді. Психология немесе өзіндік ерекшелігі, олардың пікірінше, жынысына 
байланысты және әйелдің ана болу қабілетімен, қамқорлығымен тікелей қатысты боп келеді. 
Мұның бәрі әйел баласына этикалық сипат дарытады. Гендердің ішкі мәнін таратып түсіндірудегі 
әртүрлі ұмтылыстар феминизмнің бірнеше бағытының пайда болуына түрткі болды. Аталған 
екі бағыт та өздерінің аргументтерін растау үшін әртүрлі теориялық еңбектерден дәлел-дәйек 
келтірді. Бірақ, таң қаларлығы сол, екеуі де француз постструктурализмі тарапынан ерекше 
қолдау тапты. Эссенциалистер феминист психоаналитигі Нэнси Чодоровтың, философ Карол 
Гиллиган мен Люс Иригарэйлердің еңбектеріне арқа сүйеді әрі ерлерге қарағанда физикалық 
айырмашылықтар әйелдер қауымын материамен немесе физикалық әлеммен көбірек 
жақындатады деген пікірді ұстанды. Ал конструктившілдік ұстаным болса, постструктуралистік 
және марксшілдік теориялардың идеяларымен сусындап, тіл жазады, бірақ жеке даралығын 
танытпайды деген көзқараста болды.
Конструктивистер эссенциалистердің әйелдер бағыныштылығын олардың табиғатында 
бар қасиеті ретінде түсіндіре бастағанына қатты алаңдады, өйткені, мұндай көзқарас олардың 
тап қазіргі жағдайын өзгерту мүмкіндігінен айыратын еді. Конструктивтердің ойынша, бұл 
мәселе әйелдердің жеке басына қатысты бұрмалаулар мен теріс түсініктер туғызатын мәдени 
қақпандарда емес, әйелдерге де, ерлерге де қатысты түсініктердің бәрін қайта қалыптауда 
екен.
Феминизмнің басты идеяларының бірі қазіргі әлемнің патриархалды, маскулинді, тек ер 
кісілердің мүддесіне қызмет істейтіндігін, әдебиет пен өнерден бастап, бұқаралық ақпарат 
құралдары мен білім беру саласына дейінгі барлық салада тек қана ер кісілердің құндылықтарын 
насихаттау ісі басым түсіп жатқанын дәлелдеу болып табылады. Ал әйелдер мүддесі, әйел 
образы көп жағдайда екінші орынға ысырылады немесе өз деңгейінде бағаланбай, елеусіз 
ғана қалдырылады екен. Тіпті кей жағдайда әйел кісілердің мұраты мүлдем ескерусіз қалып, 
шеттетіліп жатады. Қысқаша айтқанда, әдебиеттегі феминизмнің басты арналары, негізгі 
зерттеу нысандары мынадай бағыттар арқылы көрінеді. Біріншіден, феминистік сын әдеби 
мәтіндердегі маскулиндік мәдениеттің стереотиптерін әшкерелеуді көздейді. Бұл бағыттағы 
зерттеушілер көркем әдебиеттегі құндылықтар жүйесінің бәрін дерлік тек ерлердің көзқарастар 
жүйесі негізінде жазылғанын және әйелдерге олардың үнемі үстемдік етіп келетінін таратып 
түсіндіруді мақсат етеді. Екіншіден, феминистік әдебиеттанудың назарда ұстайтын ең маңызды 
мәселелерінің қатарына әйел кісінің өзіне ғана тән жазу мәнері мен машығын анықтау да 
кіреді. Ер кісілердің жазу машығына қарағанда әйел кісілердің жазуында, олардың қаламынан 
туған көркем шығармаларда айтарлықтай айырмашылықтардың болуы заңды. Ең алдымен, 
баяндау жүйесінде айтулы ерекшеліктер көрініс табады. Әдеби канондар тұрғысынан алып 
қарастыратын болсақ, әйел қаламгерлердің шығармашылығында мағыналық белгісіздік, 
баяндау жүйесіндегі толымсыздық, өзіндік ритмика мен өзгеше лексика сынды белгілер 
кездеседі. Әрине, феминистік әдебиеттанудың бұдан басқа да толып-тасқан зерттеу нысандары 
бар. Дегенмен, ең басты зерделейтін мәселелері ретінде біз жоғарыда аталған екі мәселені айта 
аламыз. Басқа көптеген жайттар осы екі бағыт аясында арнайы зерттеу нысанына алынады. 
Жалпы, бүгінгі феминизм төңірегіндегі дәрісіміз осымен тәмам. Келесі дәрісімізде біз этникалық 
зерттеулер жайын сөз ететін боламыз. 
Тақырыпты пысықтау үшін қойылатын сұрақтар
1. Феминизм дегеніміз не? Оның тууына қандай факторлар әсер етті?
2. Әдебиеттану ғылымындағы ең алғашқы феминистік зерттеулер ретінде кімнің еңбектері 
аталады? Оның қандай ерекшеліктері болды?
3. Феминистік әдеби сын тарихындағы басты дау-талқылар туралы баяндап беріңіз.


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
17. Әдебиеттегі феминистік бағыт
6
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Феминизм с Запада на Восток. 10 лет вдохновенного диалога между женским движе-
нием Германии и Центральной Азии / Под ред. С.М. Шакировой. – Алматы, 2008. – 216 б. 
2. Жеребкина Ирина. Прочти мое желание... Постмодернизм, психологизм, феминизм / 
Жеребкина, Ирина. – М.: Идея-Пресс, 2000. – 256 с. 
3. Антология гендерной теории: Сб.. пер. / А. Дворкин, Н.Чодору, Д. Хубер и др.; Сост. коммент. 
Е.И. Гаповой, А.Р. Усмановой. – Мн.: Пропилеи, 2000. – 384 с. 
4. Феминизм: Проза, мемуары, письма / Пер ред. М.Шнеир. – М.: Прогресс. Литера, 1992. – 
1992. – 474,1 с. – Перевод изд.: Feminism. The essential historical writings (New York).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет