Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет21/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Нәресте реанимациясы
Асфиксия кезіндегі көмек 
 
Мақсаты: өздігінен адекватты тыныс алуы мен жүрек қызметін қалыпқа 
келтіру 
Ресурстар: 1. реанимация жүргізілетін бөлме жылы (температурасы 25
0
С 
төмен емес), жақсы жарықтандырылған, желдің болмауы керек;
2. Таза, жылы сүлгі немесе 2 жаялық; секундомерлі сағат;
4. реанимациялық шара жүргізу үшін беті тегіс, сәулелі жылу түсетін немесе 
жылытылатын реанимациялық үстел; 
5. Амбу қапшығы, №0, №1 размерлі маска; Резин балон, катетер, 
электросорғыш, оттегі; стерильді резин қолғап; стерильді кіндік кесуге 
арналған құралдар жиынтығы; 
Реанимацияны 2 медициналық қызметкер жүргізеді. 
Іс-шаралар алгоритмі 
 
«Бағала-Шешім қабылда-Әрект жаса» принципі бойынша нәрестеге 
көмек жасаңыз!!! Әрбір қадамның ұзақтығы 30 секунд.
1. Нәресте туған соң мына жағдайларды анықтаңыз 
- Мерзімі жеткен жүктіліктен бе? 
- Тыныс ала ма немесе жылағанда дауысы қатты ма? 
- Бұлшық ет тонусы жақсы ма? 

Егер бәрі қалыпты болса, анасымен қалдырып, құрғатып, тыныс 
жолдарын тазартып, жылы ұстап, динамикада жағдайын 
бағалаңыз. 



Егер 3сұрақтың біреуіне жоқ деген жауап алсаңыз, 
реанимациялық шараларды бастаңыз. 
2. Реанимациялық шаралар 4 қадамнан тұрады А, В, С, D. 
А блогы. 
3. Нәрестені жылы, тегіс беткейге, дұрыс күйде (шалқасынан, иығының 
астына валик салып, басын сәл шалқайтып) жатқызып, жылы 
жаялықпен жабыңыз. 
4. Резин балон немесе электросорғышпен бірінші ауызынан, сосын 
мұрынынан кілегейді сорыңыз. 
5. Тез арада басы мен терісін жылы жаялықпен сорықтырып, құрғатып 
алыңыз. 
6. Егер өз бетімен тыныс алу болмаса, табанына алақаныңызбен 2 рет 
соғыңыз немесе арқасынан сипаңызда, қайта дұрыс күйде жатқызыңыз. 
7. Жағдайын бағалаңыз: тыныс ала ма, ЖСЖ және тері түсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет