Балалар үйін бітірушілерге арналған білім гранты
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан республикасының әл –ауқатын жақсарту және оның дамуына алған білімдерін қолдануға ұмтылатын, жоғары білімді алуға ниеттенген, көшбасшылық қабілеттерге ие, балалар үйінің дарынды түлектерін анықтау және қолдау.
Балалар интернаттының түлектеріне арналған білім грант бағдарламасы Орталық Азияның Евразия Қорымен бірлескен инициативасы болып табылады. Білім гранттары байқаулық іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады, олар ең алдымен, үміткердің көшбасшылық қасиеттерін, оның академиялық білімдері мен жетістіктерін, сондай-ақ жеке тұлғалық дербес қасиеттерін анықтауға негізделеді
Білім гранты Қор тарапынан бүкіл оқу кезеңіне беріледі. Гранттың көлемі жыл сайын Қордың Қамқоршылық Кеңесімен қарастырылады және бекітіледі. Білім грантын тағайындау жағдайында студент, қабылдаушы Университет және Қор арасындағы үш жақты шартқа қол қойылады.
Жалпы жағдайлар
-
Білім гранты Алматы қаласының үш жоғары оқу орындарында білім алуға бекітілген.
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университет
-
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет
-
Бағдарламаға келесі критерияларға сай азаматтар шақырылады:
-
ҚР азаматы
-
Үміткер балалар үйінің түлегі болуы қажет
-
Орта білімінің болуы шарт
-
Бағдарлама бойынша іріктеу үрдісі үш турдан тұрады:
Бірінші кезең ақпан және наурыз айларының аралығында өтеді. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтардың барлық өтініштері мен құжаттары қарастырылады.
Екінші кезең үміткердің тұрып жатқан аймағына байланысты маусым айының аяғы мен шілде айының басында өтеді. Бұл кезеңге байқаудың бірінші кезеңінен өткен және Біріккен Ұлттық тестілеу (БҰТ) нәтижесі бойынша 60 баллдан жоғары жинаған үміткерлер қатыса алады. Байқаудың екінші кезеңінде үміткерге психологиялық тест жүргізіледі және сұхбатнама өткізіледі.
Үшінші кезең – шілде айында жеңімпаздардың тізімі бекітіледі.
2008 жылдың тамыз айында байқаудың жеңімпаздары туралы ақпараттар жарияланып, үміткерлерге хабар беріледі.
-
Ержан Тәтішев Қор қызметкерлерінің және Қамқоршылық Кеңесі мүшелерінің, сонымен қатар Орталық Азияның Евразия Қорының жақын туыстары байқауға қатыса алмайды.
-
Білім гранты транштармен бір оқу жылы үшін төленеді және егер де студент, яғни грант иесі, оқуда және қоғамдық өмірде үздік көрсеткіштерге жетсе, грант мерзімі ұзартылуы мүмкін.
-
Студентке академиялық демалысты беру кезінде, студентті ЖОО-нан шығару кезінде, студенттің өзге ЖОО-на, соның ішінде студенттермен алмасу аясында, кетуі/ауысуы кезінде білім грантын төлеу тоқтатылады. Грант қосымша тізімдегі үміткерге беріледі. Қосымша тізім іріктеу үрдісі кезінде негізгі тізіммен бірге әзірленеді.
-
Орталық Азияның Евразия Қоры бағдарлама Әкімшілігі болып есептеледі, және де ол ЖОО-нан қосымша мәліметтерді сұратуы мүмкін, ал ЖОО балалар үйінің түлектеріне арналған білім грант бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерге қатысты барлық өзгерістер жайында кешіктірмей хабарлауы тиіс.
-
Орталық Азияның Евразия Қоры ұсынылған ақпаратты тексеруге және ақпараттың шындыққа сәйкес келмеуі жағдайында, кез келген үміткерді бағдарламадан шығарып тастауға құқылы.
-
Бағдарлама ұлысы, жынысы, діні, сексуальды бағдары немесе әрекетсіздігі белгілері бойынша қатысушыларды кемсітпейді. Байқау артықшылықтарды бағалауға негізделген және бағдарлама критерийлеріне жауап беретін барлық тұлғалар үшін ашық
-
Қор және Ержан Тәтішев Қорының Қамқоршылық Кеңесі білім гранттарына үміткерлер бойынша қабылданған шешімдердің дәлелдері мен себептері жөнінде түсінік бермеуге құқылы
-
Оқу құны
-
Ай сайынғы стипендиясы
-
Жатақхана
-
Алматы қаласындағы бағыт - бағдарлы сессиясы
-
Алматы қаласына аймақтан келу жол ақысы
-
Алғашқы қажетті заттарды алуға байланысты біржолғы жәрдем
-
Бағдарлама бойынша әлеуметтік - психологяилық сүйемелдеу
Қатысушылардың міндеттемелері
Грант иелері, яғни, студенттері қабылдаушы жоғары оқу орындарының академиялық стандарттарын сақтауы тиіс және бағдарлама бойынша білім алудың толық курсын өтуге міндетті. Академиялық және кәсіби стандарттарға сәйкессіздік гранттық қолдауды тоқтатуға себеп болуы мүмкін
Балалар интернатының түлектеріне арналған білім грант бағдарламасы бойынша Ержан Тәтішев Қорының білім грантын алуға байланысты үміткерлерді іріктеу критериялары
Білім гранттарын алу үшін үміткерлер барлық құжаттарды жинастыра келе, бағдарлама Әкімшілігіне немесе оның аймақтық өкілдеріне (Аймақтық өкілдерінің деректемелерін қараңыз) өтініш беруі тиіс. Өтініш нысанын, құжаттар тізімін, сонымен қатар бағдарлама жайлы толығырақ ақпараттарды аталған бағдарлама Әкімшілігінен және аймақтың өкілдерінен алуға немесе Қордың www.tatishevfoundation.org сайтынан көруге болады.
Қор үміткерлердің өтініштерін қарастыру кезінде келесі критерияларға сүйенеді:
Академиялық білімдері және оқуға деген қабілеттігі
Іріктеу комиссиясы үміткердің білімін және академиялық қабілеттерін орта білімі туралы аттестатқа, Бірыңғай Ұлттық Тестілеу нәтижелеріне қарай бағалайды.
Жеке басының дербес ерекшеліктерінің сипаттама
Іріктеу комиссиясы үміткерлердің жеке басының дербес ерекшеліктерін назарға алуы тиіс, өйткені олар үміткерлердің кәсіби және мансаби мақсаттарына қалайша қол жеткізетіндігін түсінуге мүмкіндік береді. Үміткерлердің жоғары моральдық-этикалық қасиеттері болуы тиіс, айналасындағыларға сыйлы болуы тиіс.
Іріктеу комиссиясы үміткерлердің жеке басының дербес ерекшеліктерін сұхбатқа, үміткерлердің өмірлік тәжірбиесі жазылған эссеге, оқу немесе қоғамдық өмірдегі жетістіктеріне, ұсыныстарына сүйене отырып назарға алынады.
Айрықша критериялар:
-
Ынта және көшбасшылық қасиеттердің болуы (эссе және сұхбаттасу нәтижелері бойынша) – 30 балл;
-
Академиялық білімдері – 30 балл;
Салыстырмалы критериялар:
-
Жетістіктерінің болуы – 10 балл;
-
Жақсы ұсыныстардың болуы – 10 балл;
-
Қоғамдық және әлеуметтік өмірге қатысуы – 10 балл;
-
Аймақтылығы (аймақ тұрғынының Алматы және Астана тұрғындары алдында артықшылығы бар) – 5 балл;
Балалар үйінің түлектеріне арналған білім грантын алуға байланысты байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға қажетті құжаттар тізімі
-
Толтырылған өтініштің нысаны, эссе және екі ұсыну хаты
-
Жеке басты куәландыратын құжаттың бірінші бетінің көшірмесі (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік).
-
Ата –аналық құқықтан айырылған жағдайын растайтын анықтаманың көшірмесі немесе ата-анасының өлімі туралы куәліктің көшірмесі
-
Орта білім жөніндегі аттестаттың расталған көшірмесі. Егер үміткердің әлі аттестаты болмаса, онда соңғы 2 жыл ішіндегі үлгерім табелінің көшірмесін ұсынады. Құжаттардың барлық көшірмелері мектептің көк мөрімен расталуы тиіс;
-
Байқаудың 2 турынан өткен жағдайда төмендегі құжаттарды міндетті түрде тапсыру қажет:
А. аттестаттың расталған көшірмесі (табель тапсырғандар).
Б. Біріккен Ұлттық Тестілеу (БҰТ) сертификатының расталған көшірмесі. Бұл құжатты сұхбаттасу кезінде алып келуге болады.
Бағдарлама бойынша Ержан Тәтішев Қорының білім грантын алуға үміткерлерді іріктеу үрдісі
№
|
Кезең
|
Мерзімі
|
1
|
Білім грант бағдарламасының басталуы туралы хабарландыру
|
2008 жылдың 28 қаңтарынан бастап
|
2
|
Білім грантына үміткерлерден өтініштерді қабылдау
|
2008 жылдың 1 сәуірі сағат 18.00 дейін
|
3
|
Үміткерлердің алдын ала тізімін қалыптастыру
|
2008 жылдың 15 мамырыа дейін
|
4
|
Іріктеудің 2 кезеңін өткізу
|
Үміткерлердің тұрғылықты жеріне байланысты 2008 жылдың 15 маусымынан 5 шілдеге дейін
|
5
|
Қамқоршылық Кеңестің бағдарлама жеңімпаздарының ақырғы тізімін бекіту
|
2008 жылдың 20 шілдеге дейін
|
6
|
Бұқаралық ақпараттық құралдарында грант иегерлерінің ақырғы тізін жариялау
|
2008 жылдың 5 тамызына дейін
|
7
|
Жеңімпаздарды марапаттау, келісім шарттар жасасу
|
2008 жылдың 25 тамызына дейін
|
Орталық Азияның Евразия Қоры және аймақтық өкілеттіліктерінің деректемелері
Ұйымның аталуы
|
Байланысушы азаматтар, лауазымы
|
Мекен жайы
|
Телефон, email
|
1. Орталық Азияның Евразия Қоры
|
Диана Голикова, Бағдарлама бойынша ассистент
|
Курмангалиев көшесі 10,
050010
Алматы, Қазақстан
|
+ 7(727) 250 18 10 (120)
+ 7 705 255 95 66
dgolikova@efcentralasia.org
|
2. Балалардың әлеуметтік бейімделу Орталығы
|
Елена Колмогорова, Директор
|
Желтоқсан көшесі 28/1, 31 кеңсе,
Астана
|
7 (7172) 28 0056
sadkz@narod.ru
|
3. Орал тұсындағы «Үміт» Әйелдер Одағы
|
Екатерина Балгабаева, Директор
|
Достық көшесі, 194, 214 көшесі, Орал
|
7 (7112) 500710
szhp@nursat.kz
|
4. “Томирис” Әйелдер Клубы
|
Нэлли Айтжанова, Директор
|
Сатпаев көшесі 136, 321 көшесі, 140000, Павлодар
|
7 (7182) 322348
tomiris.pavlodar@mail.ru
|
5. Инициативаны қолдау бойынша Орталық
|
Гульнар Бекенова, Директор
|
Циолковский көшесі 111,
Шымкент
|
7 (7252)534 325
ljazwomen@yandex.ru
|
6. “Перекрёсток” Қоғамдық Бірлестің
|
Алексей Куликов, Директор
|
Апрель көшесі 67-5,
Қостанай
|
7 (7142) 540955
kost_vols@mail.ru
|
Достарыңызбен бөлісу: |