Балалардағы зәр шығару жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері



бет4/7
Дата15.05.2024
өлшемі2.23 Mb.
#501154
1   2   3   4   5   6   7
Балалардағы бүйрек АФЕ

Балалардың зәр шығару ерекшелігі

Балалардың зәр шығару ерекшелігі

Балалардағы зәр шығару жиілігі мен көлемі

Жасы Зәрдің тәуліктік мөлшері (мл) Тәуліктік зәр шығару жиілігі (саны) Зәрдің түрлі көлемі (мл)

6 айға дейін 300-500 20-25 20-25

6 ай-1 жыл 300-500 15-16 24-45

1-3 жас 750-820 10-12 60-90

3-5 жас 900-1070 7-9 70-90

5-7 жас 1070-1300 7-9 100-150

7-9 жас 1240-1520 7-8 145-190

9-11 жас 1520-1670 6-7 220-260

11-13 жас 1600-1900 6-7 250-270

Зәр жүйесінің ең негізгі ақпаратты көрсеткіші зәр анализі болып табылады. Қалыптыда зәр түсі сары, ол зәр құрамындағы элементтерге байланысты. Зәр түсі метилен көгін, рибофлабинді,тағам пигменттерін қабылдағанда өзгеруі мүмкін.

    • Зәр жүйесінің ең негізгі ақпаратты көрсеткіші зәр анализі болып табылады. Қалыптыда зәр түсі сары, ол зәр құрамындағы элементтерге байланысты. Зәр түсі метилен көгін, рибофлабинді,тағам пигменттерін қабылдағанда өзгеруі мүмкін.
    • Жаңа шыққан зәр мөлдір болады. Лайлылығы зәрдегі тұз мөлшеріне, қышқыл элементтеріне, бактерия, май және шырышқа тәуелді.
    • Зәр әлсіз қышқыл реакциялы, жасанды тамақтандыру кезінде – әлсіз сілтілі.
    • Зәр тығыздығы шамамен 1002-1030. Ол ішкен сұйықтыққа, тамақ рационына, тер бөлінуіне байланысты. Ерте жастағы балаларда зәр тығыздығының төмендеуі байқалады (37-ші кесте). Зәр тығыздығы 1002—1030 деңгейде ауытқиды.

Зәрдің салыстырмалы тығыздығы

Зәрдің салыстырмалы тығыздығы

Жасы Салыстырмалы тығыздығы

Өмірінің 1-ші күні 1008-1018

6 айға дейін 1002-1004

6 ай-1 жас 1006-1016

3-5 жас 1010-1020

7-8 жас 1008-1022

10-12 жас 1011-1025

Зәр тығыздығының көлеміне құрамындағы ақуыз, глюкоза және басқа да заттар әсер етеді. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, гипофизарлы жеткіліксіздікте және басқа ауруларда байқалады. Зәр тығыздығының жоғарылауы көп сұйықтық жоғалтқанда дамиды.

    • Зәр тығыздығының көлеміне құрамындағы ақуыз, глюкоза және басқа да заттар әсер етеді. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, гипофизарлы жеткіліксіздікте және басқа ауруларда байқалады. Зәр тығыздығының жоғарылауы көп сұйықтық жоғалтқанда дамиды.
    • Зәр тұнбасында қалыптыда 1-2 жалпақ эпителий анықталады. Қабыну үрдістерінде бұл көрсеткіш өседі.
    • Цилиндрлі эпителий жасушалары бірен-саран кездеседі.
    • Эритроциттер: көру алаңында 0-1, қыз балаларда 2-ге дейін болады.
    • Лейкоциттер де қалыпты зәрде көру алаңында 5-6. Гиалинді және воск тәрізді цилиндрлер сау адамдарда физикалық күштеме кезінде анықталады.
    • Ақуыз зәрде физикалық күш түскенде, қабынулы және созылмалы бүйрек ауруларында, мембраналық фильтрдің өткізгіштігі жоғарылағанда анықталады.
    • Глюкоза зәрде көмірсу алмасуы бұзылған кезде анықталады. Кетонурия жиі құсу кезінде, зат алмасу бұзылғанда байқалады. Зәр мөлшерінің көбеюі (полиурия) қант диабеті, созылмалы нефриті бар науқастарға, ісіну қайтқанда, қызба ауруларынан кейін байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет