« ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Р еферат
«Балалардың зәр шығару жүйесін диагностикалау
Зертханалық және аспаптық тексеру»
Орындаған: Торежанова Г.Д.
Тобы: 3-018 ЖМ
Тескерген: Сарманкулова Г.А.
Қарағанды 2022
Жоспар:
Кіріспе
Балалардағы зәр шығару жүйесі негізгі зеттреулер
Зәрдің сапалық, сандық көрсекіштері
Диагностикалық мақсатта лабороториялық зеттеу
Инструментальы зрттеу
Қолданылған әдебиеттер
Зәрді сапалық зерттеу. Зәрді жинау ережелерін білу керек. Бір жастағы қыз балаларда зәрді былай жинайды: резиналық түтікшенің бір жақ ұшын кең колбаға түсіріледі , ал басқа ұшы шат аралыққа жабысқақ пластырьмен жабыстырылады. Ұл балаларда зәрді жинауы пробирка арқылы іске асады. Үлкендеу балаларда зәр жинау қиындық туғызбайды. Ішті ашық ұстау және қуықты саусақтармен басу арқылы зәр жинау жеңілденеді. Зәрді жинау алдында сыртқы жыныс мүшелерін тазалап алу керек.
Зерттеу үшін таңертенгі біріншілік порциясы алынады, себебі, түнгі уақытта зәрдің көлеміне әсер ететін факторлар азаяды. Жалпы зерттеу кезінде зәрдің тығыздығы, мөлшері, түсі, иісі, реакциясы, ақуыздың (белок), лейкоциттердің, эритроциттің, цилиндрдің бар-жоғы анықталады.
Мөлдірлігі мен түсі. Дені сау адамның зәрі – мөлдір, сабан-сары түсті. Зәрдің түсі онда еріген заттар концентрациясына байланысты (урохромоген, уробилиноген) болады
Әр түрлі факторларға байланысты зәр түсінің өзгеруі
Салыстырмалы тығыздығы. Зәрдің құрамында суда еріген тұздар мен тығыз заттар ерітіндісі кездеседі. Олар судан ауыр. Сондықтан зәрдің салыстырмалы тығыздығы судан жоғары болады. Дені сау балаларда ол жасына, қабыдаған тағам ерекшеліктріне, ішкен сұйықтығына байланысты. Зәр тығызды нәрестелерде 1006-1018 кейін 1003-1005-ге дейін түседі, 2 – 5 жастағы балаларда 1009 –1016. Салыстырмалы тығыздық, әдетте сұйықтық ағзада аз мөлшерде болғанда немесе қалдығанда және аз уақыт ішінде көп мөлшерде сұйықтық жоғалту кезінде 1020 – 1030 және одан жоғары болады (гиперстенурия). Бұл рационда сұйықтық мөлшерінің аз болуы, көп терлегенде, құсу, зәрде көп мөлшерде ақуыз бен қанттың болуына байланысты.
Пиелонефрит, бүйрек поликистозы, қантсыз диабет сияқты дерттермен сырқаттанғанда айқын рН зәр тығыздығының төмендеуі тәуліктік сұйықтық алмасуының өзгеріс диапазонының төмендеумен бірге жүреді, 1,010, ол изогипостенурия деп аталады. Бұл бүйректің концентрациялық әсерінің төмендеуін көррсетеді.
Иісі. Дені сау баланың зәрінің әлсіз иісі болады. Бұл оның құрамында май қышқылдары және басқа да анықталмаған (идентификацияланбаған) субстанциялардың болуымен байланысты. Бұл иіс, зәрдің ұзақ уақыт тұрған кезінде аммиак иісіне ауысады. Қант диабетінде, ацетон қоспасының болуынан, шіріген алма иісіне ұқсас болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |