Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Музыка
(музыка жетекшінің жоспары бойынша)
|
Дене шынықтыру
"Біз текшені жинаймыз".
балаларды текшелермен ойындар алдында саусақтарын жаттықтыруға ынталандыру; қолдардың ұсақ моторикасын, ойлау қабілеттерін дамыту; достыққа тәрбиелеу.
|
|
Дене шынықтыру
"Өз орныңды тап" қимылды ойыны балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру;
|
Дене шынықтыру
"Шеңберден шықпа" жаттығуы.
балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу
|
2-ші таңғы ас
|
2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау Тамақтану кезінде алаңдамауға шақыру.
Сөйлеуді дамыту
Қол жуу туралы:
Қатарға біз тұрамыз,
Ретімізбен барамыз.
Қолымызды жуамыз.
Сүртінеміз, шығамыз.
|
2-ші таңғы ас алдында өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.
|
2-ші таңғы ас алдында ойыншықтарды реттеу, кезекшілікті орындау.
|
2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау, бір біріне ойыншық жинауға көмектесу.
|
2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау, үстелде дұрыс отыруын қадағалау.
|