Ережесіне қосымша «robo aq suiek» категориясы бойынша роботтар сайысының ережесі



бет1/11
Дата08.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#485977
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Регламент KAZ ROBO SPORT 2023 (1)


KazRoboSport-2023 ережесіне қосымша
«ROBO AQ SUIEK» КАТЕГОРИЯСЫ БОЙЫНША
РОБОТТАР САЙЫСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
1. Сайыстың шарты
1.1.“Robo Aq suiek” сайысына қатысу үшін әр команда 2 автономды робот құрастырулары қажет.
1.2. Сайыс бірнеше турдан тұрады.
1.3. Тур 4 команданың роботтары арасында өтеді.
1.4. Тур ұзақтығы – 3 минут.
2. Сайыс алаңы
2.1. Сайыс алаңы екі бөлікке бөлінеді:
- Сары түсті «А» алаңы – сүйекті іздеуге алаң. Алаңда роботтар орналасуға арналған 4 старт зонасынан және өлшемі 18х18 см болатын 48 қара шаршыдан құралған, әр шаршы қиылысы белгілі бір тұрақты координатаға ие болады. Бұл алаңда №1 Робот коорданата арқылы берілген сүйекті тауып, №2 Роботқа сигнал беруі қажет. - Көк түсті «В» алаңы, алаңда “А” алаңында орналасқан №1 роботтан сигнал қабылдайтын №2 роботтар орналасуға арналған 4 старт зона бар. Сигнал қабылдаған №2 робот алаңда көрсетілген сызықтар арқылы жүріп отырып жасыл аймақтың ішіне толықтай еніп тоқтауы тиіс. Жасыл аймаққа бірінші жеткен робот жеңімпаз болып саналады.
2.2. Алаңның өлшемі: А бөлігі: 220 х 320 см В бөлігі: 220 х 220 см
3. Робот талаптары
3.1. Роботтар автономды болуы қажет.
3.2. Робот құрастырылған платформа - шектеу жоқ.
3.3. Роботтың максималды ұзындығы 200 мм.
3.4. Максимал ені – 200 мм.
3.5. Роботтың салмағына шектеу жоқ.
3.6. Сайыс кезінде роботтың салмағы мен өлшемі өзгеріссіз болуы қажет.
3.7. 1-ші Робот қозғалысын іске қосқан сәттен 5 сек. кейін бастауы қажет.
3.8. Робот құрылысында сайыс алаңын бүлдіретін жасақтар болмауы керек. Төреші шешімі бойынша әдейі қарылас роботқа зиян тигізген немесе бүлдірген және сайыс алаңын бүлдірген немесе ластаған робот сайыс аяқталғанша алаңнан қуылады.
3.9. Робот құрылысында болмауы тиіс:
- Дөңгелекке немесе денесіне жабысқақ сұйықтықты қолдануға.
- Қарсылас роботқа қандай бір зақым тигізетіндей механизм қолдануға. - Қарсылас роботқа және электрондық жабдықтарға инфрақызыл немесе басқада датчиктер арқылы кедергі келтіруге.

Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған робот сайысқа қатыспайды.


3.10. Сайыс басталар алдында көрсетілген ережелер бойынша техникалық байқау өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет