Баланың даму үрдісінде диалогтың әлеуметтендіру рөлі



бет1/3
Дата02.01.2022
өлшемі28.86 Kb.
#454395
  1   2   3
balany-damu-rdsnde-dialogty-leumettendru-rl


Баланың даму үрдісінде диалогтың әлеуметтендіру рөлі
Қазіргі заманда қарым – қатынас жүйесінде диалогтық сөйлеу тілі ерекше орынға ие. Л. С. Выготский сөйлеу тілінің бастапқы функциясы – қарым – қатынас, яғни сөйлеу тілі әлеуметтік қарым – қатынас құралы, айтылған сөздер мен сол сөздерді түсіну құралы болып табылады. Тап осы қарым – қатынас және диалог арқасында адам әлеуметтік тәжірибені тани және өңдей бастайды, өзiн көрсете бiле бастайды. Бірінші тарауда айтылып кеткендей, өз ойын анық, қолжетімді түсіндіре білу, қарым – қатынасқа түсе алу дағдылры, өз позициясын ауызша түсіндіре білу – осының бәрі баланың қазіргі заманға әлеуметтенуіне үлкен ықпал етеді.

Дүниеге келгенінен бастап, бала адам және тұлға болып табылады, бірақ ол жеке тұлға болып табылмайды, ол үшін бала биологиялық және психикалық күрделі даму үрдісін өтуі керек.

Л. С. Выготскийдің пікірінше, бала туыла салысымен әлеуметтік мәні бар тұлға. Дүниеге келгеннен бастап, баланы күрделі құрылымды әлеуметтік әлем қоршайды.

Әлеуметтену үрдісінің мәселесін зерттеу, жеке тұлғаның дамуының әр түрлi теорияларымен детерминантын тапты: биогенетикалық (Ч. Дарвин, Э. Геккель, Г. Спенсер, Ст. Холл), интеракционистикалық (Ч. Кули, Дж. Мид), когнитивистикалық (Ж. Пиаже), бихевиористикалық (В. М. Бехтерев, Н. Миллер, И. И. Павлов, Б. Скиннер, Э. Толмен, Д. Уотсон, К. Халл), гуманистикалық бағыттары (А. Маслоу, Г. Оллпорт, К. Роджерс). Жеке тұлғаның дамуы және әлеуметтенуі қарым – қатынас дағдыларына байланысты. Диалогтық қарым – қатынас тәуелсіз, творчествалық және дені сау жеке тұлғаның дамуының қалыптасуында үлкен рөлге ие.

Жеке тұлғаның әлеуметтену үрдісінде диалогқа түсе білу дағдысы қандай рөл атқартынын түсіну үшін, назрымызды әлеуметтену құрылымына аударайық. Бұл мәселені көптеген зерттеушілер (Г. М. Андреева (1997), А. А. Бодалев (1995), А. В. Мудрик (1997), Н. Смелзер (1999), Н. И. Шевандрин (1995) және т.б.) зерттеді.

Зерттеушілердің жұмыстарында құрылымның келесі компоненттері анықталып отыр: әлеуметтену мазмұны (жеке тұлғаның әлеуметтену үрдісі кезінде қалыптасатын әлемнің шарттары, құндылықтары), әлеуметтену механизмдері (теңестiру, имитация, сендiру, ұялу және т.б.), әлеуметтік институттар (отбасы, мектеп, әр түрлі мекемелер және т.б.), әлеуметтену кезеңдері (еңбекке дейінгі, еңбектік және еңбектен кейінгі) және әлеуметтену факторлары (мегафакторлар – ғарыш, ғаламшар; макрофакторлар – ел, қоршаған орта, этнос; мезофакторлар – өмір сүру шарттары, субмәдениет және т.б.; микрофакторлар – отбасы және әулет, көршілестік және т.б.).

Біз берілген компоненттерді, жеке тұлғаның әлеуметтену үрдісінде диалогтық қарым – қатынастың және оның мағынасының орнын схемада

(1 сурет) көрсеттік.





Әлеуметтену мазмұны

(жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибесі бар адамдармен қарым – қатынасы)





Әлеуметтену механизмдері

(теңестiру, имитация және т.б. Механизмдер диалог арқылы жүзеге асады)



Әлеуметтену факторлары

(этнос, отбасы және т.б.қарым – қатынас үрдісі барысында жеке тұлғаға әсер етеді)







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет