Тақырып: Жер бедері қалыптасу факторлары. Жер бедері қалыптасудың планетарлық және ғарыштық факторлары. Жер бедері қалыптасудың физикалық –географиялық факторлары. Жоспар



Дата21.05.2024
өлшемі23.96 Kb.
#501594
3 дәріс


Тақырып: Жер бедері қалыптасу факторлары. Жер бедері қалыптасудың планетарлық және ғарыштық факторлары. Жер бедері қалыптасудың физикалық –географиялық факторлары.


Жоспар:
1. Жер планетасының жер бедері.
2. Күн мен Айдың тектосферадағы эндогендік қозғалыстарға ықпалы.
3. Жердің өзінің осі бойымен айлануын және оның эндогендік және экзогендік процестеріне тигізетін әсері.
Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.
Бедер- көрінісі, мөлшері, пайда болуы, жасы және даму тарихы жағынан әр түрлі жер беті пішіндерінің жиынтығы. Қыраттарды түзетін оң пішіндерді және ойпандардан тұратын теріс пішіндерді құрайды.
Масштабына карай мынадай топтарға бөледі: планеталық (материктер мен мұхит шарасы), мегапішіндер (таулы жүйелер, жазық өңірлер), макропішіндер (тау жоталары, тауаралық ойпаңдар), мезопішіндер (төбелер, өзен аңғарлары, сайлар), микропішіндер (эрозиялық жырмалар, карст шұңқырлары), нанопішіндер (шалғындық томарлар, кеміргіштердің індері, жел иірімдері).
Жер бетінде эндогендік және экзогендік процестер бірге әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Эндогендік процестердің (тектоникалық, жанартаулық және тағы да басқалары) жетекші рөлінің басым болуына сәйкес көбінесе ірі бедер пішіндері — заңғар тау жоталары, тауаралық жазықтар, мұхит қазаншұңқырлары (морфоқұрылымдар) қалыптасады. Олардың қалыптасуы сыртқы ғарыштық күштермен, яғни Жердің айналуымен, Күннің және Айдың тарту күштерімен және тағы да басқалары байланысты болады. Күн сәулесінің энергиясына байланысты экзогендік процестер (ағын сулартеңіздік соқпа толқындаржел және мұздықтар әрекеті) жер бетінде кішірек пішіндерді (морфомүсіндерді) құрады. Қандай да бір экзогендік факторлардың басым болуына байланысты флювийлік, мұздықтық, тоңдық, эолдык, карстык және тағы да басқалары түрлерін ажыратады. Бедердің мынадай түрлері бар: альпілік, жанартаулық, биіктаулы, қазынды, денудациялық, карстық, мореналық, аласа таулы, көмілген, су асты, мүсіндік, төрткіл, құрылымдық, сатылы, контрастық.
Эндогендік процестер. Жердің беті ешкашан тыныштык қалпында болмайды. Жер бетінің бір бөлігі баяу көтеріледі де, баска бөлігі баяулап ойысып төмен түседі, ал үшінші жерде карқынды катпарлы процестер жүріп жатады.
Тектомикалык козғалыстардың негізгі кайнар көздері - жер айналуының механикалык. энергиясы, радиоактивтік заттардың ыдырауы, гравитациялык (ауырлық күші) энергия және жер қойнауындағы жылу ағындары мен әр түрлі физикалык-химиялык процестердің энергиясы.
Оеы айтып кеткен табиғи күштердің әрекетінем таулар құрылуы, жанартау аткылауы және жер сілкіну процестері бастау алады.
Жер кыртысының көтеріле даму кезінде ірі континенттік массивтер құрылады, ал ойысып темен түскен кезінде мұхит және теңіз ойпаттары түзіледі. Құрлыктық төмендеуінен трангрессия (теніздер мен мүхиттар аймағының ұлғаюы), ал көтеріле дамуымен байланысты регрессия (құрлык аймағының ұлғаюы) және теңіздердің кейін шегіну құбылыстары туындайды. Өзендердің, көлдердің және теңіздердің, терраса комплекстерінің пайда болуы жер кыртысының тербелмелі тектоникалык козғалыстармен байланысты.
Сөйтіп, эндогендік процестер түрлі тектоникалык қозғалыстармен және сонымен байланысты жер қыртысының деформациясымен тікелей байланысты. Олар жер сілкінудің, эффузивтік және интрузивтік магматизмінің және гидротермалды ерітінділер қозгалысының басты себептері. Эндогендік процестер жер кыртысы қалыптасуынын, және жер койнауындағы заттардың бөлініп жекеленуінің негізі болып табылады. Бұл процестер экзогендік процестермен қосарлана әсер етуі нәтижесінде түрлі рельеф пішіндерінің калыптасуына мүмкіндік туғызып кана коймай, көп жағдайда экзогендік процестердің қарқынын және сипатын белгілейді. Бұның барлығы эндогендік процестердің рельеф құрылуындағы ерекше рөлін көрсетеді.
Экзогендік процестер. Экзогендік рельеф құратын факторларға әр түрлі климат элементтерінің, өзендер мен көлдердің, теңіздердің, мұздықтар мен карлардың, желдін, және тағы баска элементтердің әсері
жатады.
Экзогендік рельеф құратын процестердің негізгі көзі күн радиациясы, ол жер бетімен, гидросфера және атмосферамен өзара әрекетесіп, әр түрлі климаттык жағдайлар калыптастырады. Ал климат жағдайлары бүкіл жер бетінің өзгеруінде негізігі факторлардын бірі болып саналады. Климат элементтерінің ішіндеғі аса маңызды фактор ауа температурасы. Осы ауа температурасының әсерінен әр түрлі табиғи белдемдердің климаты калыптасады. Мәңгілік мұздықтар мен кар жамылғысының пайда болуы, тау жыныстарының мүжілүі,, химиялык происстер және т.б. осы ауа температурасымен тікелей байланысты.
Климаттың екінші маңызды элементтерінің бірі жауын-шашын. Олар өзендердің, көлдердің, батпактардың және мұздықтардың пайда болуына едәуір әсерін тигізеді. Тау жыныстарының ыдырауына және олардың тасымалдануына, рельефтің көптеген пішіндерінің тілімделіп жаңа пішіндердің калыптасуына жауын-шашын өте қолайлы жағдай жасайды. Жел, бір жағдайларда құм бөлшектері арқылы тау жыныстарын бұзып, кашап, өңдеп механикалык әсер етсе, екінші жағдайларда құмның шөгуіне және жаңа жер бедерлердің (шағыл, дюна және т.с.с.) құрылуына себепші болады. Мұздықтар жоғары тау өлкелерде едәуір механикалық (экзарация) жұмыс жасап, ерекше мұздық рельефін құрады.
Жер бетінің күрылуына әрқашан әсерін тигізіп отыратын тағы да бір экзогендік рельеф құратын процестердің энергиялық көзі - гравитация немесе ауырлык күші. Бұл күштер аркылы неше түрлі опырылма, қорымдар, сырғымалар, қар көшкіндері және т.б. қиратқыш табиғи құбылыстар пайда болады.
Экзогендік процестердің жалпы энергиясының негізгі кезінің бірі - Жердің өз осі бойымен және Күннің төңірегінде айналуы, осының әсерінен жылдың төрт мезгілінің болуы және күн мен түннің ауысып тұруы. Ауа температурасының, жауын-шашын мөлшерінің және табиғи қиратқыш құбылыстардың оқтын-оқтын маусымдық өзгеруі, жалпы айтқанда рельефтің құрылуына едәуір әсер ететін бүкіл табиғи ландшафтының жаңаруы осы құбылыстармен байланысты. Сонымен қатар Жердің өз осі бойымен айналуы рельефтің әзгеруіне тікелей ыкпалын тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет