Акция шығарылымының



Дата25.02.2016
өлшемі204.95 Kb.
#23890
«Казтеплоизоляция» Акционерлiк қоғамының
«Казтеплоизоляция» АҚ

АКЦИЯ ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ


АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Мәлiмделген акциялардың шығарылымын уәкiлеттi органның мемлекеттiк тiркеуден өткiзуi анықтамалықта сипатталған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бiр ұсыныстардың жасалуын бiлдiрмейдi. Мәлiмделген акциялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден өткiзген уәкiлеттi орган осы құжатта мазмұндалған ақпараттың растығына жауап бермейдi. Акциялар шығарылымының анықтамалығы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгi жөнiнде ғана қарастырылды. Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғалары осы анықтамалықта мазмұндалған ақпараттың растығына жауап бередi, онда ұсынылған бүкiл ақпарат шынайы және инвесторлардың қоғам мен оның орналастыратын акциялары туралы пiкiрiн шатастырмайтын мәлiмет болып табылатынын растайды.


1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәлімметтер

2. Акционерлiк қоғамның атауы.



«Казтеплоизоляция» акционерлік қоғамы, «Казтеплоизоляция» АҚ.

«Казтеплоизоляция» АҚ 01.04.1994 ж. тіркелген. 08.02.99 ж. атауының өзгеруіне байланысты қоғам «Казтеплоизоляция» ААҚ болып қайта тіркелді. Қоғам қайта аталуына және жарғысын «Акционерлік қоғамдар туралы» 13.05.2003 ж. Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтірумен байланысты 27.07.2004 ж. «Казтеплоизоляция» АҚ болып қайта тіркелді.

3. Акционерлiк қоғамды мемлекеттiк қайта тiркеу туралы мәлiметтер.



Мемлекеттiк қайта тіркеу туралы 27.07.2004 ж. № 167-1943-АҚ куәлігін Маңғыстау облысының Әділет департаменті берген.

4. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi: 430 600 000 095.

5. Акционерлiк қоғамның орналасқан жерi, байланыс телефоны мен факсiнiң нөмiрi, электронды поштасының мекен-жайы туралы мәлiметтер.

466200, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өнеркәсіп аймағы,

тел./факс: (3292) 51-16-63, е-mail: kti_aktau@mail.online.kz

6. Акционерлiк қоғамның банктiк деректемелерi.

«ТұранӘлем Банк» АҚ Маңғыстау филиалындағы е/ш 1467603,

«Қазкоммерцбанк» АҚ Ақтау бөлімшесіндегі е/ш 7467911.

7. Акционерлiк қоғамның қызметi түрлерi.


  • құрылыс материалдары мен бұйымдарын (терезе және есік блоктарын қоспағанда) – желдету, санитарлық-техникалық, электромонтаждық жабдықтарды өндіру;

  • ішкі инженерлік жүйелерді орнату жөніндегі жұмыстар: желдету, ауаны салқындату, пневматикалық көлік және аспирация, жылумен жабдықтау;

  • сылау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, жауапкершіліктің ІІ және ІІІ деңгейіндегі үйлер мен ғимараттарды салған, қайта құрған, күрделі жөндеуден өткізген кезде сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары;

  • технологиялық жабдықты: жарылыстан қорғайтын электротехникалық жабдықтар мен технологиялық металл құрылғыларды монтаждау;

  • технологиялық жабдықтарды: мұнай өнеркәсібінің, технологиялық труба құбырларының, химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын іске қосу-жөнге келтіру жұмыстары;

  • сылау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, жауапкершіліктің ІІ және ІІІ деңгейіндегі үйлер мен ғимараттарға күрделі жөндеу кезінде: үйлер мен ғимараттардың тірек және қоршау құрылғыларын (есептік схеманы өзгертпестен), төсеніш қабаттары мен құрылғыларын, құрылғылар мен жабдықтардың (изоляциялық, тотығуға қарсы, химиялық және басқа) қорғаныс қабаттарын жөндеу-құрылыс жұмыстары;

  • сауда-саттық қызметі;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген қызмет түрлері.

8. Акционерлiк қоғамға немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттiктерiнiң тағайындаған рейтингтерi туралы мәлiметтер.

Акционерлiк қоғамға немесе ол шығарған бағалы қағаздарға рейтингтер тағайындалмаған.

9. Акционерлiк қоғамның бүкiл филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атаулары, тiркелген күнi, орналасқан жерi және почталық мекен-жайлары.

Акционерлiк қоғамның филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

10. Акционерлiк қоғамның қаржы есептiлiгiне аудиттi жүзеге асыратын (асырған) аудиторлық ұйымның толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, бар болса – әкесінің аты). «Каспий - Аудит» ЖШС, К. Тұяқбайұлы.

2. Қоғамның органдары және құрылтайшылар (акционерлер)


11. Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi.

1) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты:

Директорлар кеңесінің Төрағасы:

Өмірзақ Нұрмақұлы Мұқанов, 1951 жылғы 20 ақпанда туылған;

Директорлар кеңесінің мүшелері:

Арзанбай Құжанов, 1950 жылғы 6 сәуірде туылған;

Есенғұл Қуанышұлы Мәуленбаев, 1954 жылғы 9 қарашада туылған;

Мурман Макарович Пиртахия, 1950 жылғы 21 қыркүйекті туылған;

Елизавета Петровна Журавлева, 1950 жылғы 14 шілдеде туылған.

2) осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген тұлғалардың соңғы үш жыл ішінде және қазіргі кезде атқарған лауазымдары, хронологиялық тәртіппен, соның ішінде – қоса атқарған қызметтері:



Ө.Н. Мұқанов – 04.05.2004 жылдан қазірге дейін – қоғамның өндірістік-экономикалық бөлімінің бастығы; 01.01.2002 жылдан 04.05.2004 жылға дейін – қоғамның өндірісін басқаруды жүргізу жөніндегі инженер;

Е.П. Журавлева – 01.01.2002 жылдан қазірге дейін – қоғамның бас бухгалтері;

А. Құжанов – 01.02.2002 жылдан қазірге дейін – қоғамның президенті;

Е.Қ. Мәуленбаев – 01.02.2002 жылдан қазірге дейін – қоғамның вице-президенті;

М.М. Пиртахия – 01.02.2002 жылдан қазірге дейін – қоғамның бірінші вице-президенті;

3) директорлар кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың акционерлік қоғам орналастырған акциялардың жалпы санына проценттік қатынасы:



Ө.Н. Мұқановқа қоғамның орналастырылған акцияларының 2,86% тиесілі;

А. Құжановқа қоғамның орналастырылған акцияларының 30,85% тиесілі;

Е.Қ. Мәуленбаевқа қоғамның орналастырылған акцияларының 4% тиесілі;

М.М. Пиртахияға қоғамның орналастырылған акцияларының 5% тиесілі;

Е.П. Журавлеваға қоғамның орналастырылған акцияларының 1,27% тиесілі.

4) еншілес және тәуелді ұйымдардағы директорлар кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестердің) осы ұйымдар орналастырған акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестердің) жалпы санына проценттік қатынасы: қоғамда еншілес және тәуелді ұйымдар жоқ.

5) директорлар кеңесінің құрамында алдыңғы жылдың екі жылдың ішінде өзгерістер болған жоқ.

12. Акционерлiк қоғамның алқалық (жеке дара) атқарушы органы.

1) акционерлік қоғамның алқалық атқарушы органының әрбір мүшесінің, соның ішінде басқарма төрағасының тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, туылған жылы:

Акционерлік қоғамның алқалық атқарушы органы болып Басқарма табылады, оны Президент басқарады.

Қоғамның президенті: Арзанбай Құжанов, 1950 жылғы 6 сәуірде туылған.

Басқарма мүшелері:

Владимир Иванович Гапоненко, 1953 жылғы 4 қарашада туылған;

Серкебай Жайлығараев, 1950 жылғы 9 қарашада туылған;

Ақтанбай Егізбайұлы Чаненбаев, 1960 жылғы 20 қазанда туылған;

Мақтымгүл Наурызбайұлы Балмұханов, 1969 жылғы 31 қаңтар;

Эдуард Станиславович Обатнин, 1963 жылғы 4 қарашада туылған;

Елизавета Петровна Константинова, 1947 жылғы 30 сәуірде туылған.

2) осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген тұлғалардың соңғы үш жылда және қазiргi кезде атқарған, соның iшiнде қоса атқарған қызметтерiн хронологиялық тәртіппен, өкiлеттiктерiн көрсете отырып:



А. Құжанов – 01.02.2002 жылдан қазірге дейін – қоғамның президенті;

Е.П. Константинова – 01.01.2002 жылдан қазірге дейін қоғамның кадрлар бөлімінің жетекші инженері;

В.И. Гапоненко – 01.01.2002 жылдан қазірге дейін қоғамның № 1 учаскесінің бастығы;

С. Жайлығараев – 01.01.2002 жылдан қазірге дейін қоғамның бас механигі;

М.Н. Балмұханов – 18.04.2002 жылдан қазірге дейін қоғамның прорабы; 01.01.2002 жылдан 18.04.2002 жылға дейін қоғамдағы учаске шебері;

А.Е. Чаненбаев - 01.01.2002 жылдан қазірге дейін қоғамның шебері;

Э.С. Обатнин - 04.05.2004 жылдан қазірге дейін қоғамның прорабы; 01.01.2002 жылдан 04.05.2004 жылға дейін - қоғамның № 2 учаскесінің шебері;

3) осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестердің) акционерлік қоғам орналастырған акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестердің) жалпы санына проценттік қатынасы:



А. Құжановқа қоғамның орналастырылған акцияларының 30,85% тиесілі;

Е.П. Константиноваға қоғамның орналастырылған акцияларының 1% тиесілі;

В.И. Гапоненкоға қоғамның орналастырылған акцияларының 2,5% тиесілі;

А.Е. Чаненбаевқа қоғамның орналастырылған акциялары тиесілі емес;

С. Жайлығараевқа қоғамның орналастырылған акцияларының 1% тиесілі;

М.Н. Балмұхановқа қоғамның орналастырылған акцияларының 0,5% тиесілі;

Э.С. Обатнинге қоғамның орналастырылған акциялары тиесілі емес.

13. Қоғамның лауазымды тұлғаларына соңғы қаржы жылы iшiнде төленген сыйақы мен жалақының жалпы сомасы.

2004 жыл үшін Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және еңбекақы сомасы – 8 647 мың теңге.

2004 жыл үшін Басқармаға сыйақы және еңбекақы сомасы – 5 330 мың

теңге.

14. Акционерлiк қоғамның ұйымдық құрылымы.



1) акционерлiк қоғамның құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;

2) акционерлiк қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны (акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктері жоқ): 100 адам;

3) акционерлiк қоғамның акцияларына иелiк ететiн акционерлiк қоғам қызметкерлерiнiң жалпы саны және орналастырылған акциялардың жалпы санындағы олардың проценттiк үлесi: қоғамның 51 қызметкері қоғамның орналастырылған акцияларының 79,42%-не иелік етеді;

4) акционерлiк қоғамның бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, туылған жылы): акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшілері жоқ;

5) акционерлiк қоғамның филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары туралы мәлiметтер (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, туылған жылы): акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
15. Қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi.

Бір акционер қоғамның орналастырылған акцияларының он проценттен астамына иелік етеді, атап айтқанда: Арзанбай Құжанов, 1950 жылғы 6 сәуірде туылған, оған қоғамның орналастырылған акцияларының 30,85% тиесілі.

Акционерлік қоғам оның дауыс беретін акцияларына опциондар жасасқан жоқ.

16. Оларда акционерлiк қоғам iрi акционер - ұйымның орналастырылған акцияларының он және одан астам (халықтық акционерлiк қоғамда – бес және одан астам) процентіне (жарғылық капиталдағы үлесiне) ие болатын ұйымдар туралы мәлiметтер.

Акционерлiк қоғам iрi акционер болып табылмайды - ұйымның орналастырылған акцияларының он және одан астам (халықтық акционерлiк қоғамда – бес және одан астам) процентіне (жарғылық капиталдағы үлесiне) ие емес.

17. Қоғам қатысатын өнеркәсiптiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.



«Казтеплоизоляция» АҚ өнеркәсiптiк, банктiк, қаржылық топтарға, холдингтерге, концерндерге, қауымдастықтарға және консорциумдарға қатыспайды.

18. Акционерлiк қоғамның басқа да аффилендiрiлген тұлғалары туралы мәлiметтер.

1. Муканов Умирзак Нурмагулович 1951 т.ж:


  • Ата – анасы қайтыс болды;

  • Қарындасы Муканова Батима Нурмагуловна 1953 т.ж.

  • Қызы Муканова Сауле Умирзаковна 1974 т.ж.

  • Қызы Муканова Динара Умирзаковна 1978 т.ж.



2. Кужанов Арзанбай Кужанович 1950 т.ж.


  • Ата – анасы қайтыс болды;

  • Әйелі Мауленбаева Кулсин Куанышевна 1950 т.ж.

  • Қызы Кужанова Қарлыгаш Арзанбаевна 1984 т.ж.

  • Баласы Кужанов Серик Арзанбаевич 1986 т.ж.

  • Ағасы Жолмағанбетов Тұрғанбай 1927 т.ж.

  • Апасы Майлыбаева Қанша 1940 т.ж.

  • Апасы Бектаева Бақыт 1942 т.ж.

  • Әйелінің әкесі Мауленбаев Қуаныш 1927 т.ж.

  • Әйелінің шешесі Таджикбаева Ақтөре 1930 т.ж.

  • Әйелінің сіңлісі Мауленбаева Қалия Қуанышевна 1952 т.ж.
  • Әйелінің інісі Мауленбаев Есенқұл Қуанышевич 1954 т.ж.


  • Әйелінің інісі Мауленбаев Аманжол Қуанышевич 1967 т.ж.

  • Әйелінің сіңлісі Мауленбаева Меруерт Қуанышевна 1973 т.ж.

3. Мауленбаев Есенқұл Қуанышевич 1954 т.ж.


  • Әйелі Чегебаева Құрал Джанабиловна 1954 т.ж.

  • Баласы Мауленбаев Берік 1987 т.ж.

  • Әкесі Мауленбаев Қуаныш 1927 т.ж.

  • Шешесі Таджикбаева Ақтөре 1930 т.ж.

  • Апасы Мауленбаева Кулсин Қуанышевна 1950 т.ж.

  • Апасы Мауленбаева Қалия Қуанышевна 1952 т.ж.

  • Інісі Мауленбаев Аманжол Куанышевич 1967 т.ж.

  • Қарындасы Мауленбаева Меруерт Куанышевна 1973 т.ж.

  • Әйелінің сіңлісі Дюсенбаева Нағия Джанабиловна 1966 т.ж.

  • Әйелінің сіңлісі Жулумова Табиға Джанабиловна 1962 т.ж.

  • Әйелінің інісі Чегебаев Бақытжан Джанабилович 1964 т.ж.



4. Пиртахия Мурман Макарович 1950 т.ж.


  • Ата – анасы қайтыс болды

  • Әйелі Пиртахия Лидия Николаевна 1952 т.ж.

  • Қызы Пиртахия Ольга Мурмановна 1975 т.ж.

  • Баласы Пиртахия Макар Мурманович 1983 т.ж.

5. Журавлева Елизавета Перовна 1950 т.ж.



  • Шешесі Литянфу Нина Григорьевна 1926 т.ж.

  • Баласы Журавлев Андрей Юриьевич 1974 т.ж.

6. Гапоненко Владимир Иванович 1953 т.ж:



  • Әйелі Гапоненко Наталья Нагимовна 1955 т.ж.

  • Баласы Гапоненко Павел Владимирович 1977 т.ж.

  • Шешесі Гапоненко Анна Филипповна 1929 т.ж.

  • Апасы Житникова Любовь Ивановна 1951 т.ж.

  • Апасы Гапоненко Тамара Ивановна 1960 т.ж.

  • Әйеліеің шешесі Чурова Любовь Васильевна 1929 т.ж.

7. Жайлигараев Серкебай 1950 т.ж.



  • Әйелі Жайлыгараева Галина Оразалиевна 1952 т.ж.

  • Қызы Манабаева Айгүл Серкебаевна 1975 т.ж.

  • Қызы Жайлигараева Нұргүл Серкебаевна 1977 т.ж.

  • Қызы Жайлигараева Бактыгүл Серкебаевана 1981 т.ж.

  • Баласы Жайлигарев Жасұлан Серкебаевич 1990 т.ж.

  • Қызы Жайлигарева Дәметкен Серкебаевна 1986 т.ж.

  • Ағасы Жайлигарев Жаңбырбай 1941 т.ж.

  • Әйелінің шешесі Джалмуханова Фаузия 1923 г.р

  • Әйелінің сіңлісі Байболат Түзел Оразалиевна 1955 т.ж.

  • Әйелінің інісі Кушманбаев Марат Оразалиевич 1960 т.ж.

8. Чаненбаев Ақтанбай Егизбаевич 1960 т.ж.


  • Шешесі Чаненбаева Акбала 1928 т.ж.

  • Әйелі Сарсенбекова Айнаш Қалмухановна 1962 т.ж.

  • Ағасы Чаненбаев Аманша Егизбаевич 1956 т.ж.

  • Қызы Чаненбаева Акжан 1985 т.ж.

  • Қызы Чаненбаева Маржан 1986 т.ж.

  • Қызы Чаненбаева Райхан 1988 т.ж.

  • Қызы Чаненбаева Жаныл 1990 т.ж.

  • Қызы Чаненбаева Толкын 1995 т.ж.

  • Баласы Чаненбаев Нурберген 2005 т.ж.

  • Әйелінің шешесі Кусемова Оңай 1942 т.ж.

  • Әйелінің сіңлісі Сарсенбекова Майра Қалмухановна 1970 т.ж.

  • Әйелінің сіңлісі Сарсенбекова Анаргүл Қалмухановна 1975 т.ж.

9. Балмуханов Мактымқұл Наурызович 1969 т.ж.



  • Шешесі Сагидикова Жамал 1942 т.ж.

  • Апасы Балмуханова Ақболық 1969 т.ж.

  • Апасы Балмуханова Ақерке 1962 т.ж.

  • Апасы Балмуханова Ақторе 1967 т.ж.

  • Ағасы Балмуханова Қайрат 1964 т.ж.

  • Ағасы Балмуханов Мади 1971 т.ж.

  • Ағасы Балмуханов Қурмангазы 1974 т.ж.

  • Ағасы Балмуханов Галел 1977 т.ж.

  • Әйелі Байжуманова Гүлмира 1971 т.ж.

  • Қызы Орынгалиева Ботагоз 1992 т.ж.

  • Баласы Орынгалиев Жолжан 1994 т.ж.

  • Баласы Нурызов Айбек 1999 т.ж.

  • Әйелінің шешесі Жанғалиева Рахима 1946 т.ж.

  • Әйелінің апасы Байжұманова Назым Тоқтарбековна 1967 т.ж.

  • Әйелінің сіңлісі Байжұманова Венера Тоқтарбековна 1973 т.ж.

  • Әйелінің інісі Байжұманов Мейрамбек Тоқтарбекович 1978 т.ж.

10. Обатнин Эдуард Станиславович 1963 т.ж.



  • Шешесі Обатнина Римма Александровна 1940 т.ж.

  • Апасы Обатнина Ольга Станиславовна 1970 т.ж.

11. Константинова Елизавета Петровна 1947 т.ж.



  • Қызы Константинова Елена Николаевна 1973 т.ж.

  • Баласы Константинов Валерии Николаевич 1985 т.ж.

  • Сіңлісі Кононова Надежда Петровна 1953 т.ж.

18-1. Қоғамның аффилендiрiлген тұлғаларымен жасалған мәмiлелер.



«Казтеплоизоляция» АҚ қоғамға белгілі аффилендiрiлген тұлғалармен мәмiлелер жасаспаған.

3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаттамасы

19. Акционерлiк қоғамның негiзгi қызмет түрлерiнiң қысқаша сипаттамасы, акционерлiк қоғамның бәсекелестерi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер.



«Казтеплоизоляция» АҚ қызметінің негізгі түрлері болып табылатындар:

  • құрылыс материалдары мен бұйымдарын (терезе және есік блоктарын қоспағанда) – желдету, санитарлық-техникалық, электромонтаждық жабдықтарды өндіру;

  • ішкі инженерлік жүйелерді орнату жөніндегі жұмыстар: желдету, ауаны салқындату, пневматикалық көлік және аспирация, жылумен жабдықтау;

  • сылау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, жауапкершіліктің ІІ және ІІІ деңгейіндегі үйлер мен ғимараттарды салған, қайта құрған, күрделі жөндеуден өткізген кезде сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары;

  • технологиялық жабдықты: жарылыстан қорғайтын электротехникалық жабдықтар мен технологиялық металл құрылғыларды монтаждау;

  • технологиялық жабдықтарды: мұнай өнеркәсібінің, технологиялық труба құбырларының, химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын іске қосу-жөнге келтіру жұмыстары;

  • сылау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, жауапкершіліктің ІІ және ІІІ деңгейіндегі үйлер мен ғимараттарға күрделі жөндеу кезінде: үйлер мен ғимараттардың тірек және қоршау құрылғыларын (есептік схеманы өзгертпестен), төсеніш қабаттары мен құрылғыларын, құрылғылар мен жабдықтардың (изоляциялық, тотығуға қарсы, химиялық және басқа) қорғаныс қабаттарын жөндеу-құрылыс жұмыстары;

Акционерлік қоғамның бәсекелестері болып табылатындар:

«Мұнара» ЖШС

«Дешевых и К» ЖШС

«Арыстан-1» ЖШС

«Вита ХХІ» ЖШС

«Химзащита» ЖШС.

20. Акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатудың (жұмыстың, қызметтiң) табыстылығына жағымды және жағымсыз ықпал етушi факторлар.



Қоғам табысына жағымды ықпал ететін фактор акционерлік қоғам қызметкерлерінің кәсіпқойлығы болып табылады.

Қоғамның табысына жағымсыз ықпал ететін фактор қоғам өз қызметінде материалдар, қызметтер мен жабдықтар құнының ұлғаюы болып табылады.

21. Соңғы екi жылда өткiзiлген өнiмнiң (орындалған жұмыстың, қызметтiң) көлемi:

2003 ж. – 178 612 мың теңге;

2004 ж. – 181 225 мың теңге.

2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы акционерлік қоғамның өткізілген өнімдерінің (орындалған жұмыстарының, қызметтерінің) көлемі елеусіз ғана өсті.

22. Акционерлiк қоғамның өз өнiмдерiн (жұмыстарын, қызметтерiн) сату жөнiндегi қызметi.



01.02.2005 ж. қоғам орындаған жұмыстардың (көрсеткен қызметтердің) жалпы көлеміндегі бес және одан астам процентін тұтынатын тұтынушылар туралы мәліметтер.
Тұтынушылардың атауы:

«МАЭК Казатомпром» ЖШС 7%

«Казполмунай БК» ЖАҚ 15%

«Толкыннефтегаз» ААҚ 15%

«Проммонтаж КиВ» ЖШС 7%

«Қаражанбасмұнай» АҚ 10%
Жеткізушілердің атауы:

«УРСа Мангистау» ЖШС 70%

«Вита ХХІ» ЖШС 20%

23. Акционерлiк қоғамның қызметiне ықпал ететiн факторлар.

1) Маусымдық сипаттағы қызмет түрлерi, акционерлiк қоғамның жалпы табысындағы олардың үлесi.

Құрылыс құрылғыларын және жабдықтарын тотығудан қорғау жөніндегі қызметтің маусымдық сипаты бар, оның акционерлік қоғамның 2002, 2003, 2004 жылдардағы жалпы табысындағы үлесі – 38,66%;

2) Акционерлiк қоғамға жеткiзiлетiн (көрсетiлетiн) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызметтердегi) импорттың және акционерлiк қоғам экспортқа өткiзетiн өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өткiзiлетiн өнiмдердiң жалпы көлемiндегi үлесi

Қоғам шикізат (жұмыс, қызмет) импорттамайды және өнімін (жұмысын, қызметін) экспортқа өткізбейді.

3) Акционерлiк қоғамның сот процестерiне қатысуы туралы мәлiметтер.

Қоғам 01.02.2005 ж. жағдай бойынша сот процестерiне қатыспаған.

4) Акционерлiк қоғам мен оның лауазымды тұлғаларына уәкiлеттi мемлекеттiк орган және (немесе) сот соңғы жылдың ішінде салған барлық әкiмшiлiк өтемдер туралы мәлiметтер.

ҚҚС есептеу және төлеу дұрыстығына жүргізілген құжаттық салық тексеруінің нәтижесінде акционерлік қоғамға 98 039 теңге, лауазымды тұлғаларға – 73 520 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

5) Тәуекел факторлары.

Акционерлік қоғам жүзеге асыратын қызметке, демек оның биржадан тыс рыноктағы акцияларына әр түрлі топтағы тәуекелдер ықпал етеді.

Экономикалық факторлар.

Ел экономикасының тұрақсыздығы мен инфляцияға байланысты тәуекелдер корпорациялық шығыстардың ұлғаюына, яғни салықтардың көбеюiне алып келедi, мұның өзi қоғамның қаржылық жағдайына жағымсыз ықпал етедi.

Банк процентiнің өзгерiсi тәуекелi қоғамның қаржылық жағдайына ықпал етеді, себебi қоғам өз қызметiнде өзiнің меншiктi капиталын ғана пайдаланбайды, сондай-ақ банк кредиттерiн де тартады.

Бәсекелестiктің ықпалы.

Қызметтiң осындай түрлерін көрсететiн компаниялардың арасында бәсекелестiк өсе түсуде. Қоғам тұрғысының нығайылығын:

- мониторингтiк және маркетингтiк саясат;

- iшкi және халықаралық нарықтағы бедел;

- баға саясаты;

- сервис пен өнім, жұмыс, қызмет сапасы анықтайды.



Елдегi саяси жағдайдың және заңнаманың өзгеруi.

Елдегi саяси жағдайдың нашарлауы, салық заңнамасының (салық ставкаларының өсуi бөлiгiнде) және қоғамның қызметiне тiкелей немесе жанама ықпал ететiн өзге заң актiлерiнің өзгерiсi қоғамның қаржылық жағдайын едәуiр нашарлатып, қоғамның беделi мен ол шығаратын өнімдерге, орындайтын жұмыстар мен қызметтеріне сұранысқа жағымсыз ықпал етуi мүмкiн.



Әлеуметтiк факторлар.

Қоғам қоғамның қызметiне жағымсыз ықпал етуге қабiлеттi әлеуметтiк факторлардың едәуiр ықпалын сезiнедi, өйткенi жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi мамандардың сұранысы ұсынысқа қарағанда өсу үрдiсi байқалады.


4. Қаржылық емес ұйымдардың қаржылық жағдайы

24. Инвестициялар.

Қоғамда ұзақ мерзімді инвестициялар жоқ.

25. Дебиторлық берешек.



Қоғамда 01.06.05 ж. жағдай бойынша активтерінің баланстық құнының 5 % және одан астам болатын дебиторлық берешегi:

«Казтепломонтаж» ЖАҚ (Атырау қ., АМӨЗ өнеркәсіптік аймақ); берешек сомасы – 7367 мың теңге; өтеу мерзімі – 2005 жылғы 2-тоқсан;

«Aktal Ltd» ЖШС (Ақтау қ., өнеркәсіптік аймақ); берешек сомасы (күмәнді борыш) – 17 839 мың теңге; өтеу мерзімі – 2003 жылғы желтоқсан;

«Мұнайгазқұрылыссервис» ЖШС (Жаңаөзен қ., Маңғыстау облысы); берешек сомасы – 3960 мың теңге; өтеу мерзімі – 2005 жылғы 2-тоқсан;

«Вита ХХІ» ЖШС (Алматы қ., Достық даңғылы, 278/4); берешек сомасы – 6 495 мың теңге; өтеу мерзімі – 2005 жылғы 2-тоқсан;

25-1. Активтер.

Қоғамның оның активтерiнiң баланстық құнынан бес және одан астам процент болатын мүлкі:

Ақтау қаласындағы жер, құны 2 175 мың теңге өнеркәсіптік аймақ;

Ақтау қаласында орналасқан ғимарат, құны 2 353 мың теңге өнеркәсіптік аймақ;

Ақтау қаласында орналасқан қоймалар, құны 2 360 мың теңге өнеркәсіптік аймақ;

Ақтау қаласында орналасқан гараждар, құны 2 500 мың теңге өнеркәсіптік аймақ.

26. Қоғамның жарғылық капиталы.



«Казтеплоизоляция» АҚ төленген жарғылық капиталының мөлшері 22 469 920 (жиырма екі миллион төрт жүз алпыс тоғыз мың тоғыз жүз жиырма) теңгені құрайды.

27. Заемдар.

Қоғам облигация шығармаған.

Теңгелік кредиттік желі «ТұранӘлем Банк» АҚ Маңғыстау филиалында жылдық 19%-пен 2,5 млн. теңге сомаға ашылған, өтеу мерзімі – 2005 жылғы маусым. Пайыздарды өтеу кестесі: 2005 жылғы 1-тоқсан – 58301 теңге;

2005 жылғы 2-тоқсан – 249862 теңге.

2005 жылғы 3-тоқсан – 62466 теңге.

28. Қоғамның негiзгi қызметтi жүзеге асыруымен байланысты кредиторлық берешегі (жеткiзушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар).

Қоғамда 01.05.05 ж. жағдай бойынша активтерінің баланстық құнының 5 % және одан астам болатын кредиторлық берешегi:

Тексако Норс Бузачи ИНК (Маңғыстау облысы, Северные Бузачи ықшам ауданы); берешек сомасы – 13 090 мың теңге; өтеу мерзімі 2005 жылғы ІІ тоқсан.

«Урса Мангистау» ЖШС (Ақтау қ., 11-ші ы/а); берешек сомасы – 3173 мың теңге; өтеу мерзімі: 2005 жылғы ІІ тоқсан – 3173 мың теңге.

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер.


43. Бағалы қағаздардың барлық тiркелген шығарылымдарына қатысты көрсетіледі:

1) Бірінші шығарылым:



жай атаулы акциялардың жалпы саны: 121 234;

артықшылықты акциялардың жалпы саны: 10 942;

акцияның атаулы құны: 170 теңге;

шығарылым түрі: құжаттамалықсыз.

Бірінші шығарылымды мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы жүзеге асырды (24.01.1996 ж. № 03-2-8/585 куәлік). Эмиссия бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А1027 нөмірмен енгізілді.

2) бағалы қағаздарды орналастырудың басталған және аяқталған күндері.

Бірінші шығарылым:

басталуы: 24.01.1996ж.

аяқталуы: 12.05.1998ж.

3) қоғамның бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өзінің міндеттемелерін орындамау, облигациялар бойынша сыйақы төлемеу (төлемді кешіктіру), орындалмаған міндеттемелердің мөлшерлері және оларды орындау мерзімдерін кешіктіру күні туралы ақпараттарды қоса алғанда, жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер төлемеу (төлеудің кешігуі) фактілері.

қоғамның бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өзінің міндеттемелерін орындамау, акциялар бойынша дивидендтер төлемеу (төлеуді кешіктіру) фактілері болған жоқ. 2005 ж. 1 маусымда дивиденд төлеудегі қоғамның қарызы 6 686 098 теңгені құрайды, осыған байланысты қоғамның акция шығарылымы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, акционерледің арыздарына сәйкес оларға акциямен төленеді. Қоғам облигациялар шығарған жоқ.



4) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналдыру тоқтатылған жоқ, бағалы қағаздардың шығарылымы жүзеге аспады деп танылмады;

5) өтеу күні және облигациялар бойынша төлемдердің жалпы мөлшері.

Қоғам облигациялар шығарған жоқ.

6) бір акцияға (жай, артықшылығы бар) келетін дивидендтің сомасы және соңғы екі қаржылық жылдың әрқайсысы үшін акцияның әр түріне келетін дивидендтердің жалпы сомасы.

Бір жай және артықшылығы бар акцияға келетін дивиденд сомасы: 2003 жыл үшін 53 теңгені құрайды. 2004 жыл үшін бір жай және бір артықшылығы бар акция дивидендтерінің сомасы - 74 теңгені құрайды.

Дивидендтердің жалпы сомасы:

- Жай акциялар бойынша 2003 жыл үшін – 6 425 402 теңгені, артықшылығы бар акциялар бойынша – 579 926 теңгені құрайды, дивидендтердің барлық сомасы – 7 005 328 теңге, олардан ұсталған салық – 15% - 1 050 799 теңге, акционерлерге төленетін сома 5 954 529 теңге. 2004 жылы – 120 157 теңге, 2005 жылы – 892 073 теңге төленді.

- Жай акциялар бойынша 2004 жыл үшін – 8 971 316 теңгені, артықшылығы бар акциялар бойынша – 809 708 теңгені құрайды. Дивидендтер, акционерлердің жазбаша түрдегі арыздарына сәйкес оларға акциямен төленеді. 2004 жылға дивиденд төлеудегі шешім 31.05.2005ж. қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданды, сондықтан 2004 жылдың дивидендтері 2005 жылдың маусым айында есепке алынады.

7) саудан ұйымдастырушылардың атауларын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарының саудасы жүзеге асырылатын негізгі рыноктар

Қоғамның акцияларымен сауда биржадан тыс рынокта жүзеге асырылады.


7. Мәлiмделген акциялардың шығарылымдары

туралы мәлiметтер


44. Акциялар туралы мәлiметтер:

1) акциялардың саны, түрлері

259 648 жай акциялар және 10 942 артықшылығы бар акциялар.

2) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың саны, түрлері



121 234 жай акциялар және 10 942 артықшылығы бар акциялар.

3) құрылтайшылар төлейтiн бiр акцияның номинал құны



170 теңге.

4) артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтің кепiлдiк берiлген мөлшерi: Акцияның атаулы құнының 30%.

45. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары.

Айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылмайды.

45-1. Төлем агенті туралы мәліметтер.



Қоғам төлем агентімен шарт жасаспаған.

46. Акционерлiк қоғамды тiркеушi туралы мәлiметтер.



«Центр ДАР» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, «Центр ДАР» ЖШС, Алматы қ., Сәтбаев көшесi, 35 А-үй, т. 433311, 433341, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған 06.10.2000 жылғы № 0406200162 лицензияны Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы берген. Тіркеушімен 10.08.2004 ж.жасалған шарт № 228.
8. Қосымша ережелер
47. Акцияларды шығаруға жұмсалған шығындардың сомасы.

2003 жыл үшін қаржы есептілігіне аудит жүргізгені үшін «Каспий - Аудит» ЖШС-не төленген сыйақы мөлшері 430 мың теңгені құрады.

48. Инвесторларға арналған ақпарат.

Инвесторлар жарғының көшiрмесiмен және қоғамның акциялар шығарылымының анықтамалығымен мына мекен-жайда таныса алады: 466200, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өнеркәсіптік аймақ.

49. Акциялар шығарылымының анықтамалығына қол қою кезінде қоғамда ішкі аудит қызметі болған жоқ.



«Казтеплоизоляция» АҚ

Президенті А. Құжанов
Бас бухгалтер Е.П. Журавлева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет