Балғожина Айман Рүстемқызы Ақмешіт ауылы, №15 орта мектеп мм психолог маманы,сынып жетекшісі



Дата28.06.2016
өлшемі149.56 Kb.
#163432
Балғожина Айман Рүстемқызы

Ақмешіт ауылы, №15 орта мектеп ММ

Психолог маманы,сынып жетекшісі
Тақырыбы: Ұлт көшбасшысы

Мақсаты: Бүғінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет- қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру, Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.



Кіріспе сөз. Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті.Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас- тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды. 1991 жылғы 16-желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды.

Балалар, енді сұрақтарға жауап берсеңдер.

1) Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)

2) Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?(Астана)

3) Қазақстан Республикасының Президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)


Темірлан: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қаскелен аданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету ерек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішінде қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын мандағы теміржол станциясына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы білім алды. Ата-анасына қатты құрмет қтұтты.

Мирас: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург- жұм ысшы мамандығын меңгерді. Бұл щойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Алуа: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Темиртау қалалық, Қарғанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Әділбек:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.1991 жылы 1- желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Мұғалім:Сын сағаты соқты. Осы жойқын халық қаһарынан қаймықпауға бола ма? Қолы от кесеген, еңбекпен көсегесі көгерген, халықтың өз ішінен жарып шығып, Абылай бабасының арманын арқалап, Тәуелсіздіктін көк жебесі болып Н.Назарбаев тарих сахнасына шықты. Әлем назары Қазақстанға ауды. Жеке мемлекет болып көрмеген, жеке саясатын жүргізбеген кешегі Ресейдің колониясы. Кеңестер Одагының «соқыр ішегі» болған қазақ елі егемендіктің тізгінін ұстай алар ма екен деп сырттан сынап қарағандар да болғаны жасырын емес-ті. Бірақ дос сүйсінді, «жау» күрсінді. Қазақ ел бола алады екен! Қазақ бір Көк Тудың астына жинала алады екен. «Қазақтың бүкіл тарихы- бірігу тарихы» деп Н.Назарбаев қадап айтқандай. Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды.

Н.Назарбаев мемлекеттіктің өркениет жолын ұсынды. Президентік саяси институт енгізілді.. Осылай қазақтың түңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Ата-Заңға сүйеніп, халық алдында Ант берді. Міне, содан бері Тәуелсіздік туын шайқалтпай, берік ұстап, Көк Байрағымыз әлемдік тулардың қасында қатар желбіреп тұр. 21 жылға жетер-жетпес уақытта Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Қазақстан Президентінің ұсынымтары жаңа әлемдік тәртіпті орнықтырудың көзіне айналды. Осылай қазақ халқының етектегі басы төрге шықты. Н.Назарбаев жаһандық саясаттың мінберінен сөз алды. Дауысы Алатаудан асып, Сарыарқадан шығып, кәрі Каспийден өтіп, Алтайды айналып Біріккен ұлттар Ұйымының мінберінен бір-ақ шықты. Ғасырға бергісіз жиырма жылдың іщшінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті кәрі Европа да, мұхиттың арғы жағындағы АҚШ та, көрші Ресей мен Қытай да мойындап, стратегиялық әріптестікке қол қойды.

2-оқушы: Біздің Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша, ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз,әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы-біздің мемелекеттің Тәуелсіздігінде.

3-оқушы: Тәуелсіздік халқымыздың талай ғасырлардан бергі ата-бабаларымыздың ежелден көксеген арманы болғаны-тарихи шындық.Сондықтан бұл тарихи шындықты әрбір қазақ жүрегімен түсінетіні хақ.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміз үшін сарабдал басшылығымен жасап келе жатқан зор еңбегін қазақ халқы жақсы біледі.Тіпті өзімізді былай қойғанда әлемнің көптеге озық елдерінің басшылары осы тарихи шындықты мойындап,қазақ елін құрметтейтінін көріп отырмыз.

4-оқушы: Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі көрген жақсылығымыз,дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев жаһанның жаңа кезеңінде қазақ елінің жаңа дәуірін, ұлт рухының шарықтап қайта өркендеп өркениетке ұмтылуын кемеңгерлікпен ұйымдастыра білді.

5-оқушы:Елбасы қазақ елінің әлемдік бәсеке дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып,қиын да күрделі,ауыр да абыройлы жолын ғасырлар тоғысында бастады және мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білді.Бұл-қазақ халқының мандайына біткен бақыты мен мақтанышы,елдің бүгінгі жарқын өмір сүруіне жасалып отырған нақты кепілі.

6-оқушы: Ғасырлар тоғысында Елбасының арқасында мың құбылған, сан алуан толқындардың жетегіне ілеспей, ерекше дараланып алға оза шыққан бүгінгі қазақ елі өзіндік қалыптасқан сара жолы бар іргелі мемлекеттердің біріне айналып отыр. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл толайын деп отыр. Осы кезенде өмірге келген өскелен ұрпақ азамат болды. Олар есейіп, егемен еліміздегі әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда өз орнын тауып, бірі білім бұлағынын сусындап оқу оқыса, енді бірі еңбекке араласа бастады. Темірлан:Қазақстан Респуликасының Президенті, экономика ғылымының докторы, Халықаралық инженерлік академиячының академигі,Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының және Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Құрметті мүшесі,Әбунасыр әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Құрметті профессоры,М.В.Лосоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры,Қазақстан халқы Асамблеясының төрағасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы, "Нұр Отан" халықты» демократиялық партиясының төрағасы, Орталық Азия және Қазақстан Халықтар достығықорының Құрметтітөрағасы, Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті.

Темірлан: Ту тіккен, еңсе тіктеп елдігің ғой,

Өзгемен терезесі теңдігің ғой.

Елетміш, Ататүрік даңқыменен

Елбасы ұғымының орны бірдей.


Тоқтамас ғасырлардан озған дәуір,

Тынысын сезінесің жазғанда жыр.

Кеңестік көсемдерді мансұқ етіп,

Кетті ғой көсем деген сөзден қадір.

Әр сөздің астарына осы арада,

Ағайын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара!


Толғанай:Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

Елбасы – Назарбаев егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!


Нұр ағам өзі салған нұр қаланың,

Сәулеті бағын ашты бұл даланың!

Азаттық, Елбасыны, Астананы,

Белгілі «Бәйтеректе» жырлағаным!


«Бәйтерек» біреулерге ұнамайды,

«Билікті мақтадың»деп кінәлайды.

Жырласам Елбасыны айып па екен,

Көтерген төбесіне ұлы Абайды!


Жоламан:Жырладым Абылайды, Қабанбайды,

Наурызбай, Бердіқожа, Бөгенбайды.

Хан Кене, Ақмоланың шежіресін

Ту жайлы, теңдік алған заман жайлы.


Жырлаймын тілім барда таңдайымда,

Астана, еркін өмір, ел жайында.

Тұрғанда күнім туып аспанымда,

Биікке мен – дағы бір самғайын да!

Тірішілік жайнағанда таңғы аспандай,

Жарқылдар жырым менің алдаспандай.

Көрмесек басымызға қонған бақты,

Болмай ма екі көзді шел басқандай...


Айнура:Құлпырып, құбылмайды күн де босқа,

Мінезі бұл заманның мүлде басқа.

Тұлғасы Кемеңгердің арқа-тірек,

Түбі бір, тілегі бір күллі Алашқа.


Азаптың артта қалды сан ғасыры,

Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.

Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді,

Төрінде көш бастаған Елбасыны!


Дананың жүзеге асып ойлағаны,

Дәуірдің қайнап жатыр тайқазаны.

Елбасы, Астананың туған күні,

Әр қазақ жүрегінде тойланады.



Әділбек:Жұлдызды жыр тумаса жарқылдаған,

Қайтеді құлақ түріп халқым маған.

Көк байрақ құдіретті Ер қолында,

Қыранын күннің нұры алтындаған.


Бабасы көрмегенді көрді қазақ,

Қанатын кең жаһанға керді қазақ.

Атынан Ақорданың билік айтып,

Төраға Еуропаға болды қазақ!


Шығындап, қиыр шеттің танып бәрін,

Уа, жұртым, шартарапқа шарықтадың.

Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,

Қазақтай жер бетінде халық барын?


Мирас:Табынған ата – бабаң көкбөріге,

Алысып ат үстінде өтпеді ме?!

Шығады Нұрсұлтаның тайсалмастан,

Тәкаппар Еуропаның қақ төріне!

Аспандап атақ – даңқы көкке өрлеген,

Бүгінді салыстырма өткенменен.

Төрінде төрелік қып отырған жоқ,

Бабалар Еуропаға жеткенменен.


Бетіне берекенің шаң жұқтырмай,

Көп болып қуанайық тарлық қылмай!

Қазаққа дүниені жалт қаратқан,

Болған жоқ бұрын – соңды ерлік мұндай.


Алуа:Жаңылып жүрер жолдың жүлгесінен,

Өрт шықты талай елдің іргесінен.

Дауысы сайыпқыран Нұр ағамның,

Әлемнің саңқылдайды мінбесінен!


Сан ғасыр осы сәтті елім күтті,

Талайдың тіккен туын Тәңір жықты.

Батыры, Бейбітшілік көшбасшысы

Данаға басын иді небір мықты.


Қаншама қасіретті жер көтерді,

Қаһарман өз ұлына ел де сенді.

Аждаһа полигонның аузын жауып,

Ғаламдық тұншықтырды зор қатерді.


Жоламан:Елбасы – төбеңдегі бақ жұлдызың,

Қаратты өз аузына жердің жүзін.

Сұңғыла саясатпен сара тіліп,

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.

Көп ұлтты Қазақстан ерді Ұлыға,

Ұрпаққа ер еңбегі-мәңгі мұра.

Бір жерег баолық діннің басын қосып,

Әлемнің ықпал етті тағдырына.


Тудырған қайталанбас алып тұлға,

Қазақтай бақыты зор халықтың да.

Самғайды алып топшы Самұрығы

Қанатын болашаққа қағып тура.



Мирас:

Ұлт барда ынтымағы бұзылмаған,

Тарихтың өшіре алмас ізін заман.

Жел ескен айдарыны ел-жұртымды

Тіл-көзден аман сақта, Қызыр бабам!

Адаспай салтымыздан халық тұтқан,

Елдіктің қасиетін таныттық сан.

Жеткізген осы күнге, уа, қазағым,

Өз ұлың өзегіңді жарып шыққан.
Секілді заңғардағы тау барысы,

Нұсұлтан-ел тірегі, ел намысы!

Адамның бұл өмірде арманы жоқ,

Халқының бола білсе қорғанышы!


Темірлан:

Ел мен Ердің ақ тілегі бір екен,

Елі – дархан, Ері-жайсаң, дүр екен.

Қиын өткел, тар жол, тайғақ кешуден

Қазақ көшін қыр асырған – Нұрекең!
Алып дала туған дана ұл екен,

Арманы асқақ, мақсаты ұлы екен.

Қала салған, егін еккен, мал баққан,

Дәулетті елдің нар тұлғасы-Нұрекең!


Жерұйығым! Жампозыңды жыр етем,

Аты да оның, заты да оның нұр екен!

Темірқазық – адастырмас Алашты,

Дана басшы, дара басшы – Нұрекең!


«Президенттің қанатты сөздері»
Әділ:1-оқушы: Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге лайық.

Алуа:2-оқушы: Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі- бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнелеген бұл алаң-еліміздің басты алаңы!
Темірлан:3-оқушы: ... Тәуелсіздік – ата – бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман – аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Айнура:4-оқушы: қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар,ол-бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.
Толғанай:5-оқушы:Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі, Жаратқан иенің жасаған әділдігі. Ата- бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса ,мұндай ел де болмас еді.
Мирас:6 – оқушы: Тәуелсіздіктің негізгі мәні тарихтың жаңа бетін өз еркіңмен, өз шешіміңмен бастауда болса керек. тәуелсіздік бізге жаңа жолымызды, өзіміздің соны соқпағымызды табуға зор мүмкіндік ұсынды.

7 – оқушы: Тәуелсіздіктің алғашқы жемістерін көргенге дейін Қазақстанға мемлекеттің өзін танытудың тар жол, тайғақ кешуінен өтуге тура келді.


Жоламан:8-оқушы: Тәуелсіздіктің бізідң бәрмәзге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін.

Бүгінде Қазақстан-әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптес, Орталық Азияның шешуші елі.


Барлығы: Біз-жігерлі халықпыз. ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін.

Мұғалім:«Жалғасын тап» ойын .Н.Ә.Назарбаев армандаған болашақ Қазақстан қандай?

(көрермендермен )

- Ол-ана тілінде еркін сөйлейтін,орыс тілін игерген, ағылшын тілін білетін ұрпақтың Қазақстаны.

--Ұлты тату, этникалық толерантты Қазақстан!

--Кез- келген Қазақстан азаматы кез-келген әлем еліне барып жұмыс істей алатын, таласқа жарайтын ұрпақ тәрбиелеген Қазақстан!

--Индустриалды- инновациясы өркендеген Қазақстан!

--Терезесі тең, керегесі кең - Өркениетті Қазақстан!

--Ауылы мен қаласы қатар өскен-қуатты Қазақстан!

Мұғалім: Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік.


Жоламан:1-оқушы: Барак Обама, АҚШ Президенті:

«Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын.»


Алуа:2 – оқушы: Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

«Мен Сізге алғыс білдіремін. Маған көрстекен бүгінгі қошеметтеріңіз біздің елдеріміз арасындағы айрықша сенімге негізделегн қарым-қатынастардың дәлелі болып табылады. Біздің халықтарымыз ғасырлар бойы бірге өмір сүрді. Соғыс кезіндегі және тың игеру кезіндегі барлық қиындықтарды тең көтерді. Достық, түсіністік, сыйластық тіні- міне, осында.»


Темірлан:3-оқушы: Ху Цзинтао, ҚХР Төрағасы:

«Тәуелсіздік жылдары Сіздің басшылығыңызбен еңбексүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді. Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр. Соңғы жылдары Қытай-Қазақстан қатынастары белсенді дамуда.»



Әділбек:4-оқушы: Пан Ги Мун, БҰҰ Бас хатшысы:

«Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру бастамаңызбен Солтүстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғанын зор ризашылықпен айта аламын.»


Айнура:5-оқушы: Абдулла Гүл, Түрік Республикасының Президенті:

«Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз.»


Толғанай:6-оқушы: Ангела Меркель, ГФР Канцлері:

«Жауапты міндеттерді одан әрі атқаруыңызда Сізге зор табыстар мен сәттілік тілеймін.

Экономикалық, қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапынан болатын қолдауға сенім арта алатын болады.»
«Менің Президентім немесе жас ұрпақтың арманы мен арнауы»

Бөлімі
Акпаров Мирас: Құрметті Президент, біздің еліміз Сіздің арқаңызда қарқынды түрде алға жылжып келеді.

Сіздің жыл сайын халыққа арнайтын Жолдауыңызда ең өзекті де маңызды мәселелер айтылады. Шынында да көптеген нәрселер орындалып жатыр. Мектептер, жаңа үйлер, ел аумағындағы тас жолдардың жасалынып жатқанын, әл-ауқаттың жақсара бастағанын баса айтуға болады.


Іскендір Толғанай: Егемен ел атанып, әлемге танылған Қазақстан бүгінгі жетістіктерге Сіздің тікелей бастамаңызбен жетті. Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығының бірі-ұлтаралық ауызбірлік. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт те тыныш заманды аңсаған. Сол заман орнаған кең байтақ елімізді көптеген ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл да Сіздің саясатыңыздың жетістігі.
Сағынбаева Алуа: Мен шынында да Нұрсұлтан атамдай білімді, өнерлі, кез келген қиын жағдайдан жол тауып шыға алатын ақылды азамат болғым келеді. Теледидардан Елбасымыз жайлы хабарды жиі көремін. Қазақ тілінде тамаша сөйлеп, мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді қалай тауып айтатынына таңғаламын. Ол кісінің бойында ұлтымыздың барлық жақсы қасиеттері бар. Шешен десең-шешен, батыр десең – кең байтақ жерімізді қорғап қалған бабаларымыздай батыр. Мен Сізге ұқсағым келеді.
Олжабаев Жоламан: Жастардың болашағы жақсара түсуіне көптеген мүмкіндіктер жасадыңыз. Ел болашағы-жастар. Біз келешекте Қазақстанның көркейіп дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысамыз. Бұл мақсатқа жететініміз де ақиқат.

Абай айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!» деп Сіздің үмітіңізді ақтап, дүниеге бір кірпіш болып қаланғым келеді.
(Оқушыларға сауалғы сұрақтар беріліп, нақты жауап алынды.)
1) Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды?

Жауабы: Түркия астанасы – Анкарада.

2) «Ұлт көшбасшысы» туралы заң қай кезде қабылданды?

Жауабы: 2008 жыл, 7 – қаңтар.

3) Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер түсірілді?

Жауабы : «Жаңа тарих – жарқын тұлға»

«Нағыз жігіт, нағыз дос»

«Теміртау көктемі» т.б.

4) Елбасының анасынан кейінгі тілеулес, тілеуқор ең жақын адамдарының бірі кім?

Жауабы: Қарындасы Әнипа.

5) Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері қай жер?

Жауабы: Алматы іргесіндегі Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы.

6) «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұран ретінде қай жылы қабылданды?

Жауабы: 2006 жыл, 7 – қаңтар.


Қорытынды: Сөзжұмбақ

Сұрақтар.

1.Астананың орталық даңғылы?

2. Жануар, Қазақстанның символы

3.Тәуелсіздік

4.Қазақстанның байырғы халқы

5.Астананың назар аударарлы ойын-сауық орталығының бірі

6.Елордадағы 30 мың орындық жабық спорт кешені

7.Астанадағы этнобаты атауы

8.Басталамыздық бұрынғы атауының бірі

9.Астананың символы




Мұғалім: «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей. Елбасы мәртебесін бекіту шын мәнінде дұрыс болды. Халықтың жүрегінен шыққан бұл шешімді мен ұлт болып ұйысуымыздың, жұрт болып жұмылуымыздың , ілгерілеуіміздің , ел ретінде жаңа деңгейге көтерілуіміздің көрінісі деп қабылдадым.

Елбасы – туған халқын, сайын даласын жанындай сүйетін кісі. Мұнысын Нұрекең сөзімен де, ісімен де, жүрегін жарып шыққан әндерімен де, өлеңдерімен де дәлелдеп келеді.

«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін туған жеріне, халқына арнайды:
Әділбек:Тәуелсізбін! Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамым.

Өркені өссін қазақтың,

Осы-менің арманым!



Мирас:Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын,

Қала болсын Астана,

Осы-менің мұратым!



Толғанай:О, Ақорда, Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр!

Баянды болсын Азаттық,

Осы-менің мақсатым!


Темірлан:халқым менің-тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!


Атымыз озсын бәйгеде,

Осы-менің тілегім!



Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

әң « Елім менің » (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет