Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесiн бекiту туралы



Дата25.02.2016
өлшемі135.06 Kb.
#23330
Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 10 қазан N 401. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 29 қарашада тiркелдi. Тiркеу N 2062.


(Соңғы редакциядағы күні: 13.01.2010)

      Ескерту: Бұйрықтың атауына, 1-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 18 қазандағы N 128 қаулысымен .

      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi :
      1. Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жiберу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк


       Төрағасы

Қазақстан Республикасының


Ұлттық Банкi Басқармасының
2002 жылғы 10 қазандағы  
N 401 қаулысымен      
бекiтiлген        

      Ескерту. Жоғарғы оң жақтағы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту: Ереженiң жоғары оң бұрышында, тақырыбында, сондай-ақ бүкiл мәтiн бойынша ", жiберу" деген сөз алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 18 қазандағы N 128 Қаулысымен

Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды,
металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау
жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесi

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы , " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы " 1995 жылғы 31 тамыздағы , " Лицензиялау туралы "  2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың (бұдан әрi - инкассация жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар) қызметiн лицензиялау және реттеу тәртiбiн белгiлейдi.


       Ескерту: Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2008.11.28 N 94, 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 7-1-тармағына сәйкес банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметтi қоспағанда, өзге қызмет түрлерiмен (операциялармен) айналысуға тыйым салынады.


      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды (бұдан әрi - Инкассация жөнiндегi операциялар) жүргiзу лицензиясын осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша бередi.

      3. Инкассация жөнiндегi операцияларды жүргiзетiн заңды тұлғалар тиiстi түрде куәландырылған инкассация жөнiндегi операцияларды жүргiзу лицензиясының көшiрмесiн клиенттер онымен таныса алатын жерде орналастыруы тиiс.

      4. Ұлттық Банк банк болып табылмайтын заңды тұлғаларға инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге берiлген лицензиялардың, оның iшiнде қолданылуы тоқтатыла тұрған лицензиялардың және заңды тұлғалар айырылған лицензиялардың есебiн жүргiзедi.


      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т.қараңыз) Қаулысымен.

2-тарау. Инкассациялау бойынша операцияларды жүргiзу
лицензиясын беру талаптары және тәртiбi

      5. Инкассация бойынша операцияларды жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi тиiс:


      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4817 тiркелген, "Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптар туралы" (бұдан әрi - Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптар)  2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтың болуы;
      2) Ұлттық Банк белгiлеген талаптарға сәйкес келетiн мөлшерде жарғылық капиталының болуы;
      3) өтiнiш берушiнiң атқарушы органының бiрiншi басшысының қаржы ұйымы инкассация бөлiмшесiнде немесе қаржылық қызмет көрсету саласында басшылық лауазымда кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесi болуы;
      4) өтiнiш берушiнiң атқарушы органының бiрiншi басшысының коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтiк меншiкке, мүдделерге қарсы қылмысы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшiн жойылмаған немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығының болмауы.
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейiн жиырма бiр күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      5-1. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) осы Ереженiң 3-қосымшасында белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
      2) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
      3) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжат;
      4) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және жарғының нотариалды куәландырған көшiрмелерi;
      5) осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес атқарушы органның бiрiншi басшысы туралы мәлiметтер;
      6) үй-жайды жалдау туралы шарттың немесе меншiк құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.
      Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейiн жиырма бiр күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.28 N 94, 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т.қараңыз) Қаулыларымен.

      6. Заңды тұлғаның жарғылық капиталы тек ақша түрiнде құрылтайшылардың жарналары есебiнен қалыптастырылады.


      Инкассация жөнiндегi операцияларды жүргiзетiн заңды тұлғалар үшiн жарғылық капиталдың ең аз мөлшерiн Ұлттық Банк белгiлейдi.

      7. Инкассация жөнiндегi операцияларды жүргiзу лицензиясын беру туралы өтiнiштi Ұлттық Банк оны қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қарауы тиiс.


      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейiн жиырма бiр күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      8. Ұлттық Банктiң қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi құжаттарды қабылдайды, қарайды, Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның орнындағы тұлғаның қарауына лицензияны беру және ресiмдеу жөнiндегi материалдарды дайындап, әрбiр өтiнiш бойынша ұсынылған құжаттар негiзiнде қорытынды жасайды.


      Осы Ереженiң 5-тармағында көзделген техникалық iс-шараларды орындау туралы қорытындыны филиал Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарда көзделген тәртiппен, заңды тұлғадан Ұлттық Банкке өтiнiш түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Ұлттық Банктiң филиалға жiберетiн тапсырмасы бойынша бередi.
      Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарда белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды берiлген үй-жайдың тұрған орналасқан жерi өзгерген кезде инкассация бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде Ұлттық Банкке хабарлайды және жаңа мекен-жай бойынша үй-жайлардың Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi туралы жаңа қорытынды алу үшiн үй-жайды жалдау туралы шарттың немесе меншiк құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.01.18 N 6 , 2008.11.28 N 94, 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      9. Лицензия беруден бас тарту "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негiздемелер бойынша жүргiзiледi.


      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейiн жиырма бiр күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      10. Инкассация жөнiндегi операцияларды жүргiзу лицензиясы жоғалған жағдайда лицензиат лицензияның дубликатын алуға құқылы.


      Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның дубликатын Ұлттық Банк он жұмыс күнiнiң iшiнде бередi.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейiн жиырма бiр күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.28 N 94 Қаулыларымен .

      11. Инкассация бойынша операциялар жүргiзуге арналған лицензияларды қайта ресiмдеу "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.


      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейiн жиырма бiр күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

3-тарау. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметтi қоса атқару

      Ескерту: 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасыны#11872009.08.24. N 86 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

       12. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметтi қоса атқару үшiн инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мынадай үй-жайлардың болуын қамтамасыз етуi қажет:
      1) қойма не сейф бөлмесi;
      2) қойманың алдыңғы бөлмесi (қойма болған кезде);
      3) банкноттарды және монеталарды қайта санау кассасы.
      13. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметтi қоса атқару осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген үй-жайлардың банктердiң үй-жайларына қойылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4817 тiркелген "Екiншi деңгейдегi банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысында (бұдан әрi – Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық) белгiленген талаптарға сәйкес келуi туралы Ұлттық Банктiң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
      14. Инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi операцияларды қоса атқару кезiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1482 тiркелген "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысында белгiленген талаптарды сақтайды.

3-1-тарау. Филиалдың үй-жайларының техникалық дайындығына қойылатын талаптар

      Ескерту: 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.08.24. N 86 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

       15. Инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға филиалды құру туралы шешiм қабылдаған кезде Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) филиалды құру туралы шешiм;
      2) филиалдың қызметiн жүзеге асыруға арналған үй-жайды жалдау туралы шарттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi не заңды тұлғаның осы үй-жайға меншiк құқығын растайтын құжат;
      3) қорытынды алу үшiн филиал қызметiнде пайдалануға арналған үй-жайларға тексеру жүргiзу туралы өтiнiш.
      16. Ұлттық Банктiң инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға филиалының қызметiнде пайдалануға арналған үй-жайлардың үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкес келуi туралы қорытындысы Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта көзделген тәртiппен берiледi.
      17. Инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың филиалдары өз қызметiнде Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келетiн үй-жайларды пайдаланады.
      18. Инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға филиал Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткеннен кейiн филиалды есептiк тiркеу туралы куәлiк алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Ұлттық Банкке оның нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.

4-тарау. Инкассация жөнiндегi операцияларды
жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметiн
ұйымдастыру және реттеу

      19. <*>


      Ескерту: 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 6 қаулысымен .

      20. Инкассация жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның уәкiлеттi органының бекiтiлген есеп саясатына сәйкес олар жүргiзетiн операциялардың есебiн жүргiзедi.

      21. Инкассация жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Ұлттық Банкке қаржылық және реттейтiн есептi ұсынады.

      22. Инкассация жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар операцияларды жүргiзу шарттарын, осы Ереженiң және Ұлттық Банктiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын бұзған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген  санкциялар қолдануы мүмкiн.

      23. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейiн жиырма бiр күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      24. Инкассация жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаны қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      25. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шешiледi.

                                    

Банк болып табылмайтын заңды 
                                   тұлғалардың банкноттарды, металл
                                       ақшаны және құндылықтарды   
                                   инкассациялау жөнiндегi қызметiн
                                  лицензиялау және реттеу ережесiне
                                              1-қосымша           

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасыны#11872009.08.24. N 86 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.



Банк операциясын жүргiзуге арналған
лицензия

      Нөмiрi ____________


      Берiлген күнi ______жылғы "____" ___________
      Мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi __________________________ ____________________________________________________________________
      Осы лицензия _________________________________________________ ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________ берiлдi                      (заңды тұлғаның атауы)
және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi банк операциясын жүргiзуге құқық бередi.
      Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшiншi тұлғаларға берiлмейдi.
      Осы лицензия бiр данада берiледi.
 
      Төраға ___________________________ Аты-жөнi
                     (қолы)

Банк болып табылмайтын    


заңды тұлғалардың банкноттарды,
металл ақшаны және құндылықтарды
инкассациялау жөнiндегi қызметiн
лицензиялау және реттеу ережесiне
2 қосымша          

Банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды
инкассациялау бойынша операцияларды жүргiзуге
лицензияны беру үшiн қажеттi техникалық талаптар

      Ескерту: 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                 

Банк болып табылмайтын заңды


                                 тұлғалардың банкноттарды, металл
                                    ақшаны және құндылықтарды
                                     инкассациялау жөнiндегi
                                      қызметiн лицензиялау
                                      және реттеу ережесiне
                                            3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi


Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейiн
жиырма бiр күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

(Кiмге)      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi


(Кiмнен) ___________________________________________________________
                     (өтiнiш берушiнiң атауы)

      Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алуға арналған


                              өтiнiш
      ______________________________________________________________
                  (банк операциясының түрiн көрсету)

     банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруiңiздi өтiнемiн.

      Өтiнiш берушi туралы мәлiмет:
      1. Меншiк нысаны______________________________________________
      2. Мекен-жайы_________________________________________________
            (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй N, телефон, факс)

      Өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттар:


1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________

(Өтiнiш беруге уәкiлеттi тұлғаның лауазымы, аты-жөнi, әкесiнiң аты)


____________________________________________________________________
(Қолы, күнi)
Мөрдiң орны

                                   

Банк болып табылмайтын заңды
                                   тұлғалардың банкноттарды, металл
                                      ақшаны және құндылықтарды
                                       инкассациялау жөнiндегi
                                        қызметiн лицензиялау
                                        және реттеу ережесiне
                                              4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi


Басқармасының 2007.11.30. N 131 (ресми жарияланған күннен кейiн
жиырма бiр күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

     Атқарушы органның бiрiншi басшысы туралы мәлiмет ____________________________________________________________________


       (басшының лауазымы және ұйымның атауы көрсетiледi)

                        Жалпы мәлiметтер: 



Аты-жөнi, әкесiнiң аты (бар болса)

__________________________________________
__________________________________________
(бiрiншi басшының жеке басын куәландыратын
   құжатқа толық сәйкес келтiре отырып)

Туған күнi және
туған жерi

____________________________________________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты
орны, телефон
нөмiрлерi

____________________________________________________________________________________  (нақты мекен-жайы, ұялы, қызметтiк, үй
телефондарының нөмiрлерi көрсетiледi, елдi
       мекеннiң кодын қоса алғанда)

              Еңбек қызметi туралы мәлiметтер:

N

Жұмыс кезеңi (ай/жыл)

ұйымның атауы, атқаратын қызметi
және лауазымдық мiндеттерi, ұйымның
координаттары

                      Басқа мәлiметтер:

Коммерциялық және өзге ұйым-
дардағы қызметтiк меншiк,
мүдделерге қарсы қылмыс,
сыбайлас жемқорлыққа қатысты
қылмыстары, сондай-ақ экономи-
калық қызмет саласында жасал-
ған қылмыстары үшiн өтелмеген
немесе заңда белгiленген тәр-
тiппен алынбаған сотталғанды-
ғының болуы

Иә/жоқ
(жойылмаған соттылығы болған
кезде Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексiнiң бабын,
үкiм шығарылған күндi және
нөмiрiн көрсету)

      Мен (аты-жөнi, әкесiнiң аты (бар болса) ______________________
____________________________________________________________________
осы ақпаратты мұқият тексергенiмдi және оның шынайы және толық екенiн растаймын, ____________________ (қолы, күнi)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет